Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2014 в 14:42, реферат

Краткое описание

Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыруда тұлғаға бағдарланған тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді, жобалау және зерттеу іс-әрекетін пайдалану арқылы жүзеге асыру көзделеді.
Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:
Бейнелеу іс-әрекетінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарының қарастырылуы;
Нәтижеге жетуде бірлескен іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға бағыт-бағдар беру;

Вложенные файлы: 1 файл

сурет.docx

— 121.67 Кб (Скачать файл)

Бейнелеу іс –  әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану

    Мектепке дейінгі  ұйымдарда бейнелеу іс-әрекетін  ұйымдастыруда тұлғаға бағдарланған  тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде  интерактивті әдіс-тәсілдерді, жобалау  және зерттеу іс-әрекетін пайдалану  арқылы жүзеге асыру көзделеді.

Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Бейнелеу іс-әрекетінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарының қарастырылуы;
  2. Нәтижеге жетуде бірлескен іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға бағыт-бағдар беру;
  3. Балалардың өздігінен дербес әрекет етуі үшін таңдалған тақырыпқа сәйкес іс- әрекеттің орындалу ретімен таныстыру: ең алдымен нені орындау, одан кейін неге көңіл бөлу, үлкен бөліктер мен ұсақ бөліктерді үлестіру, жалпы мазмұнның дұрыс шығуына мән беру (жеке, жұппен және топпен жұмыстар);
  4. Жобаның (іс-әрекеттің) мазмұндық бөлігінің құрлымын жүйелеу (нәтижеге жетудің кезеңдерін нақтылу);
  5. Зерттeу әдістерін тиімді пайдалану: мәселені анықтау, оның мақсаты мен міндеттерін нақтылау, оны шешудің болжамын жасау, зерттеу әдістерін талдау, соңғы нәтижені безендіру, алынған мәліметтерді өңдеу түзету қортынды жасау; 

 

Жобалау әдісінде оқытуға қойылатын мақсат:

- бейнелеу іс-әрекетімен  айналысу үшін балаларға  жағдай  жасау, алуан түрлі дерек көздерінен  білім дағдыларын өздігінен ынта-ықыласпен  жинақтай білу дағдыларын қалыптастыру;

- танымдық және тәжірибелік  міндеттерді шешу дағдысын  қалыптастыру;

- әртүрлі шағын топтармен  жұмыс жасай отырып, коммуникативтік,  дағдылырын қалыптастыру, шығармашылықпен  жұмыс жасай білуге үйрету;

- өздерінің зерттеу дағдыларын  дамыту (мәселені анықтау, ақпарат  жинақтау, бақылау, эксперимент жүргізу,  талдау жасау, болжам құру, тарату  т.б.);

- жүйелі ойлау дағдысын  қалыптастыру, көркемдік талғамын  дамытып, эстетикалық тәрбие беру;

 

Жобалау әдісінің теориялық позициясы:

-балаға басым назар  аударылып, оның шығармашылық  қабілетін дамытуға басым көңіл  бөлінеді;

- білім беру үдерісі  оқу пәнінің логикасына ғана  емес, іс- әрекеттің логикасына құрылады (бала үшін жеке тұлға ретінде  қарау және баланы оның қызығушылығын ояту) бала үшін жеке ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;

- жеке жұмыс жасау барысында  жобалау әдісі арқылы әрбір  баланың өзіндік даму деңгейін  қамтамасыз етеді;

- жобалау әдісі баланың  физиологиялық психикалық дамуын  кешенді тұрғыдан қарастырады;

- алуан түрлі жағдаяттарды  пайдалану арқылы баланың білімінің  тереңдігі қамтамасыз етіледі;

- алуан түрлі бейнелеу  іс-әрекетіне қажетті құралдармен  жұмыс жасай білудің техникасымен  танысады және оны орындауды  меңгереді;

 

Жобалау әдісінің маңызы:

    Бала жұмыс  барысында шынайы объектімен  және процеспен толық танысады. Ол баланың нақты жағдаяттарды  шешуге, құбылыстарды терең танып  білуге және жаңа объектілерді  құрастыруға жетелейді. Жобалау  әдісін жүзеге асыру үшін және  оның мазмұнын ашу үшін ерекше  оқытудың формаларын пайдалану  қажет. Олардың ішінде жетекші  түрі еліктеу (имитация) ойыны  деп аталады. Имитациялық ойын  бұл еркін, адамды шынайы және  табиғи қалыпта ұстауға ықпал  ететін балалардың өзіндік «мен»  түсінігін қалыптастыратын шығармашылық, белсенділік, өздігінен дербес  әрекет етуге бағыт беретін   ойынның түрі. Бұл ойында әрбір  бала рольдерді өз еркімен  таңдап алады және баланың  танымдық іс-әрекеті олардың қызмет  ету құрлымының барысында орындалады. Олар үшін бұның маңызды зор  болып табылады.

 

Ойынның қызметі:

- психологиялық - балаға  түсірілген күшпенен эмоционалдық  көңіл - күйді үйлестіру;

- психотерапиялық - мұнда  балаға көмектесе отырып өзіне  және өзгелерге деген қатынасын  өзгерту, қарым - қатынас тәсілдерін  өзгерту, психикалық көңіл - күйлеріне  қарау;

- технологиялық - баланың  ойлауы мен қиялын шындыққа  жақындату;

    Ойында бала  өзін қауіпсіз сезініп, психологиялық  тұрғыдан еркін және өзінің  дамуына ықпал ету қажет. Әдістемелік  нұсқауларда сипатталған дәстүрден  тыс техникаларды тиімді пайдалану  балалар үшін өте қызықты әрі  шығармашылыққа жетелейтін жол  болғандықтан оны жобалау әдісінде  топтық және ұжымдық жұмыстарда  пайдаланған маңызды болмақ. Бейнелеу  іс–әрекетінде–жобалау әдісін  пайдаланудың маңыздылығы баланың  өзінің шығармашылық зерттеу  ізденісіне, танымдық қабілеттерін  дамытуға жол ашатындығында. Сондай-ақ, тәрбиешінің бейнелеу іс-әрекетін  ұйымдастыруына бағыт беретін  төмендегідей үлгіні ұсынамыз:

 

Бейнелеу іс–әрекетінде жобалау әдісін орындау үлгісі

Жобалау кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1 кезең

1. Тақырыпты анықтау. Мақсат қою және нәтижені айқындау.

2. Бейнелеу іс–әрекетіне қажетті құралдарды, әдіс –тәсілдерді таңдау.

3. Қандай міндеттерді  шешу қажеттілігін анықтап алу.  Таңдану сәтіне сәйкес кейіпкерлер  таңдау оған көмек көрсетуге  балаларды тарту.

1.Мәселені анықтау, тақырыпты  келісіп, бірге таңдау.

2.Балалар өздеріне қажетті  құралдарды дайындап алады. (бояу, қылқалам, қағаз, қайшы, желім  т.б)

3. Міндеттерді шешу үшін  жекелей, жұппен немесе топтарға  бөлінеді.

2 кезең

4. Тәрбиеші балаларға міндеттерді шешуге көмектеседі.

5. Іс–әрекеттерді жоспарлауға  көмектеседі, орындалу ретін нақтылап  алады.

6. Іс–әрекеттерді ұйымдастырады.

5.Балаларды жұмыс топтарына  бірігеді.

6.Балалардың рөлдерін  және қызметтерін бөлу, сурет  салуға (мүсіндеуге, жапсыруға) кіріседі.

3 кезең

7. Тәжірибелік көмек көрсету. (қажет болуына қарай)

8. Жобаны жүзеге асыруға бағыт береді және бақылау жасап қадағалайды. Шығармашылықпен жұмыс жасауға, дербес әрекет етуге бағыт беріледі.

7.Іс–әрекетке қатысты  өзіндік білім, білік, дағдыларды  пайдалану. Іс әрекеттің техникасын  дұрыс орындауға баса назар  аудару.

4 кезең

9. Жұмысты қорғауға дайындалу.

10.Қорытындылау және талдау  жасау балаларға рухани ләззәт  алатындай, әсер қалдыратындай  болуы шарт.

8. Салған суреттерін сипаттау, жетістіктерін атап өту. Ұжымдық  жұмыс нәтижесіне бірлесіп жетуге  жұмылдыру.

9.Жобаға тұсаукесер жасау.


 

Осы сызбадағы үлгіні пайдалана  отырып тәрбиеші технологиялық карта  жазуда, яғни сабақтың  құрылымын  нақты айқындай алады.

 

Зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері

    Бейнелеу өнері  сабақтарын ұйымдастыруда зерттеу  іс-әрекетінің негізгі құрамына  енетіндер – мәселені айқындап, тақырып таңдау, өздері салатын  сурет немесе жапсыру іс –әрекетіне  сәйкес алдын–ала бақылау жасап,  оған жан–жақты талдау жасап  алып, оны қалай салу керектігі  жөнінде орындалу ретін айтып  алу арқылы өз іс–әрекетінде  бейнелей білуге үйренеді. Қарапайым  тәжірибелер, жасап көріп осылардың  негізінде пайымдау мен қорытынды жасауға үйренеді. Мысалы: бояу түстерін араластыру арқылы басқа түс алуға болатынын, бояуды үрлеу, кляксаграфия, майшаммен сурет салу, түрлі-түсті борлар мен көмір қарындаштарды пайдалану, сулау тәсілдерін қолдану, бояуды шашыратып сурет салу, жіппен сурет салу, бастырма әдісін пайдалану арқылы баланың ой қиялы дамып, өзінің қарапайым тәжірибелерінің нәтижесіне жетуге талпынады. Бейнелеу іс-әрекетінде дәстүрден тыс әдіс – тәсілдерді пайдалану да зерттеу жүргізуге және баланың ой-қиялын шарықтатуға, іс-әрекеттің нәтижесі сапалы болуына ықпал етеді

Ересектер мен  мектепалды  тобында – бейнелеу іс-әрекеті бойынша зерттеу  жұмыстарын жүргізу әдістері. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі кезеңдерден тұрады:

- зерттеу тақырыбын таңдау;

- пікірлерді іздеу және  мүмкін нұсқаларды шешу;

- ақпараттарды жинау;

Оларды талдап қорыту;

Зерттеу кезіндегі ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау, әңгімелеу, көрнекілік, макет және т.б.

 Қарапайым тәжірибелер  мен зерттеу жүргізу әдіс – тәсілдері:

 «Дербес ойлану». Бұл тақырыпта суретті қалай салуға болады? Қандай құралдарды пайдалану тиімді? Бояу түстерін таңдау. Қағаз бетіне қалай орналастыруға болады.

   – «Басқа адамдардан сұраймыз». Сурет салу үшін ұсынылған тақырып туралы өзі не біледі, құрдастарынан, ата –аналарынан, іні, қарындастарынан, ата –әжелерінен сұрап мәліметтер жинақтайды. Сол зат жайында жалпы мағлұмат алу сурет салуға үлкен көмегін тиізеді.

 

«Кітаптардан  қараймыз». Салатын суреттің тақырыбына сәйкес кітаптардағы суреттерді тәрбиеші топта, ата–аналары үйінде көрсетеді, бейненің сипаты, құрылымы, пішіні, кеңістікте орналауына, түр–түсіне көңіл бөледі. «Теледидардан қараймыз» (бейне таспадан қарау). Осы тақыпқа сай бағдарламаларды қарау және оның орындалу жолдарымен таныстыруға мән беру.

–  «Эксперимент жасау». Бояуларды араластырып басқа түс алу, бояуларды шашыратып сурет салу, жіппен, майшаммен, саусақпен, бормен, ретуш қарындаштармен, үрлеу тәсілімен, монотопия тәсілімен сурет салып көрсету балалардың ой қиялын дамытуға ықпал етеді.

– «Компьютерден  ақпарат алуға болады». Мұнда сурет салып, мүсін жасап, жапсыру іс–әрекетін қатысты суреттерді қарап, оның мазмұнына, эстетикалық әсемдігі мен көркемдік сұлулыған баса назар аударылады. Компьютерден көрген материалдар балаларадың есте сақтау қабілеттерін дамытып, сурет салуда зейінін шоғырландыруға, ойлануға, көз алдына елестетуге ықпал етеді. Бірақ, суреттерді ұзақ қарауға болмайды, 10-15 минөттен артық отыруға болмайды.

бақылау жаса, байқап қара.

Қылқалам шеберлерінің өнер туындыларын қарап көру, оның әсемдігі мен бояу түстері, мазмұны жайында  қарапайым түсініктер қалыптастыру. Сәулет ғимараттары мен монументалды ескерткіштерге саяхаттар ұйымдастыру, жыл мезгілдерінің маусымдық  өзгерістеріне сәйкес белгіленген  орындарға саяхат жасап, бақылау  жүргізу де табиғат көрнісін бейнелеуде баланың ой қиялын ұштап, бейнелеу іс–  әрекетінде оны бере білуге көмектеседі. Бақылау жасау жаңа білімді алудың ең қызықты және лайықты, әдісі. Бақылауға  арналған әртүрлі құралдарды пайдалануға  болады:

 Лупа, бинокль, телескоп, микроскоп, түнде көретін приборлар  т.б. Дыбысты ажырататын құралдарды  пайдалануға болады. Бақылау жасауда  қандай құралдарды пайдаланатыныңды  алдын – ала ойланып ал.

–«телефон арқылы достарыңнан, таныстарыңнан, туыстарыңнан сұрап, біл» Телефон арқылы сұрау да балалардың іс –әрекетке қызығушылығын оятып, жауапкершілік, ұқыптылыққа баулиды. Сол сияқты, үн таспалар тыңдау, іс– әрекет барысында баяу музыка ойнап тұруы да балалардың көркемдік тәрбиесіне ықпал етері сөзсіз.

    Әдістердің таңдалуы  тәрбиешінің шеберлігіне және  нақты мүмкіншіліктерге тәуелді  болады. Көбірек мүмкіншіліктер  болса, анағұрлым бейнелеу іс–әрекетінде  зерттеу жұмысы қызықты болады..

 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ БОЙ СЕРГІТУ СӘТІ

     Баланың айнала  қоршаған ортадан алған әсерлерін  қабылдауы, оның жақсы қасиеттері  мен заттың жалпы бейнесі туралы  түсініктері негізінде қиялдау  қабілеті, мінез-құлық ерекшеліктері,  бояулардың, сызықтардың әсерлілігін  игеруі, сурет салуы, мүсіндеуде, жапсыру мен құрастыруда ойлағандарын  нақтылы түрде бейнелеуге бейімдейді. Соған сәйкес бала бейнелеу  іс-әрекетімен шұғылданып отырғанда  оған кедергі жасауға, көңілін  аландатуға болмайды. Ал, белгіленген  уақытта шаршағандық сезілсе,  бой сергіту сәтін өткізу тиімді. Бірақ, өткізілетін сергіту сәті  іс-әрекеттен, мазмұннан, сабақ  тақырыбынан алшақ болмау керек.  Керісінше, айналысып отырған істі бекітетін, тиянақтайтын, қайталап еске түсіретін, қимыл-қозғалыс жасау арқылы денесін, қол, аяқ, саусақ бұлшық еттерін икемге келтіру барысында баланың бастапқы ойы бұзылмай, бастаған жұмысын аяғына дейін аяқтап шығуға көмегін тигізетіндей жағдайға өткізілгені жөн. Сабақ тақырыптарына сәйкес жүргізілетін бірнеше бой сергіту сәттерінің мәтінін ұсынамыз.

Ерікті тақырыпта сурет  салуда қолданылатын бой сергіту  сәттеріне арналған жаттығулар:

а).Ал балалар тұрайық               (орындарынан тұрады)

Алақанды ұрайық     (алақан соғады)

Оңға қарай иіліп               (қолын беліне қойып, оңға иілу)

Солға қарай иіліп      (солға иілу)

Бір отырып, бір тұрып              (қолды алға созып, отырып тұру)

Біз тынығып алайық   еңкейін екі қолын сілкілеп, дем алып тыныстау)

ә). Орнымыздан тұрайық   (орындарынан тұру)

Белімізді жазайық  (қолдарын белге қойып, айналдыру)

Информация о работе Бейнелеу іс – әрекетін ұйымдастыруда жаңа технологияны пайдалану