Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2014 в 17:56, реферат
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Кіріспе 3-6
Тарау – 1
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылымы мен мәртебесі 41-48
2.Конституциялық іс жүргізу 49-61
Қорытынды 62-63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64-65
Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 5 нормативтік қаулысында тұжырымдалған құқықтық көзқарастарды ескере отырып, Парламент 2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюдың тәртібін нақтылап, егжейлейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Конституциялық Кеңестің әркімнің білікті заң көмегін алу, соның ішінде тегін алу құқығына берілетін конституциялық кепілдіктерді күшейту, сондай-ақ адвокаттардың құқыққорғаушылық функцияларын арттыру туралы бұдан бұрынғы Жолдауда баяндалған ұсыныстары, Үкіметтің ақпараты бойынша, ол тарапынан Парламент қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасында ескерілген. Одан тыс, Конституциялық Кеңестің жәбірленушілердің мүліктік құқықтары тиімді түрде жеткілікті қорғалмайды деген көзқарасы ескеріле отырып, аталған заң жобасына, сотталушының аса ауыр қылмыс жасау арқылы келтірген зиянның орнын толтыруға жететіндей мүлігі болмаған жағдайда, жәбірленушіге мемлекет есебінен ақшалай өтемақы алу құқығы берілетіндігі туралы норма енгізілді.
Қазіргі уақытта Үкімет қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларға қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулыларына сотқа шағымдану құқығын беру (Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысын орындау мақсатында), сондай-ақ айыпталушыға (сотталушыға) алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарланған кезде ғана емес, қылмыстық іс бойынша сотта іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы тағайындалған кезеңге дейін де өз ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш жасауға мүмкіндік беру бөлігінде (Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысын орындау мақсатында) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеуде.
Конституциялық Кеңестің бұдан бұрынғы бірқатар жолдауларындағы ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында Үкімет, Конституцияны бұза отырып қазіргі уақытта қызметі заңға тәуелді актілермен реттелетін медициналық айықтырғыштарға, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына, қабылдау-бөлу орындарына және кейбір өзге де мекемелерге орналастырылған азаматтарды ұстау тәртібін регламенттеуге бағытталған заң жобасын әзірлеуде.
Республика Үкіметінің ақпараты бойынша, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы үйлесімге келтіру қажет делінген бөлігінде Конституциялық Кеңестің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 қаулысын орындау мақсатында ол тарапынан шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ Үкіметтің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 355 қаулысымен Қолданыстағы құқық жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары бекітіліп, онда, атап айтқанда, Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актілер жобаларын және заңжобалық жұмыстар жоспарларын дайындаған кезде мемлекеттік органдардың Конституциялық Кеңестің шешімдерін ескеруі міндетті екендігі туралы ережені бекітетін үкімет қаулысының жобасын дайындау тапсырылды.
Конституциялық Кеңес, өзінің қорытынды шешімдері мен жыл сайынғы жолдауларында айтылатын ұсыныстарын орындау тиімділігі артуына осы мәселенің Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесте қаралуы септігін тигізгенін атап көрсетеді.
Дегенмен, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жолдауларындағы заңнама арқылы шара қолдануды қажет ететін кейбір ұсыныстары жүзеге асырылмай отыр.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының кейбір халықаралық шарттарын, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға берудің нормативтік құқықтық базасын құрайтын келісімдерді Негізгі Заңға сәйкестендіру процесі аяқталған жоқ, бұл жөнінде Конституциялық Кеңес жолдауларында бірнеше рет көрсетілген болатын. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынан келіп шығатынындай, Қазақстан және Ресей Федерациясы Үкіметтері арасында 2006 жылғы 3 қазанда Құқық қорғау органдарының «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етуде өз ара іс-әрекеттесуі туралы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға, ал 2008 жылғы 20 ақпанда – «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Алайда, «Байқоңыр» кешені аумағында Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарына кепілдік берілуіне қатысты қол жеткізілген уағдаластық әлі күнге дейін екіжақты міндетті ратификациялау рәсімінен өткен жоқ. Ал Конституцияның 4-бабының 1-тармағынан және 74-бабының 2-тармағынан, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 қаулысынан келіп шығатыны, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты немесе оның жекелеген ережелері Конституцияға қайшы деп танылған жағдайда, мұндай шарт немесе оның тиісті ережелері орындалуға жатпайды.
Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсіндіру туралы» 1999 жылғы 3 қарашадағы № 19/2 нормативтік қаулысында баянды етілген, мемлекеттік және жеке нысандағы меншікті қорғау және қалпына келтіру үшін мемлекеттің тең мүмкіндік жасауы қажеттігі туралы құқықтық позициясы жүзеге асырылған жоқ. Атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін оларды ұстауға арнап бекітілген смета шегінде шектейтін «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2535 Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де кейбір нормативтік құқықтық актілер («Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы) осы құқықтық позицияға сәйкестендірілмеген.
Нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылданбаған, ал бұл, конституциялық бақылау практикасы көрсеткеніндей, құқық қолдану практикасында кейде олардың нормаларын түрлі мағынада түсіндіруге алып келеді. Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 және 2007 жылғы 14 ақпандағы № 2 нормативтік қаулыларынан, нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің толығымен сәйкес болуы қажет екендігі келіп шығады, ал бұл шартты сақтамау конституциялық заңдылықты өрескел бұзу деп танылып, Конституциялық Кеңес атап көрсеткеніндей, нормативтік құқықтық актінің конституциялық емес деп танылуына негіз болып табылады. Бұл орайда Республика Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2007 жылғы 30 наурыздағы Хаттамалық шешімімен Әділет министрлігіне Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге Конституцияға сәйкестігі және қазақ, орыс тілдеріндегі мәтіндерінің өзара сәйкестігі тұрғысында мониторинг жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру тапсырылған болатын, алайда бұл шешімнің орындалғаны туралы ақпарат әлі күнге жоқ.
Жаңартылған Негізгі Заңның әлеуетін толық жүзеге асыру, ондағы көзделген құқықтық институттарды уақтылы құру және ұлттық заңнаманы дамыту елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі мен өткізілген конституциялық реформаның тиімділігін білдіретін маңызды көрсеткіштер болып табылады.
Негізгі Заңның жергілікті өзін-өзі басқаруды құру және іске асырудың принциптерін, әкімдерді тағайындау тәртібін және мәслихаттардың өкілеттігін белгілейтін нормалары қағидалы өзгерістерге ұшырауына байланысты, осы саладағы конституциялық жаңалықтарды жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық актілердің тұтас бір дестесін қабылдау қажет.
Саяси партиялардың конституциялық деңгейде ролі артуын және оларды мемлекеттің қаржыландыруына салынатын тыйым алынып тасталуын ескере отырып, саяси партиялар туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы заңдар және мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекеті мәселелерін реттейтін өзге де заңнамалық актілер тексерілуге тиіс.
Негізгі Заңның өмір сүру құқығына кепілдік беретін 15-бабының жаңа редакциясы өлім жазасын іс жүзінде жояды, өйткені, оның нормаларына сәйкес, жазаның бұл түрі соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін және адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін ғана заңмен көзделуі мүмкін. Бұл деген сөз, Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінде террористік қылмыстардың тізбесі белгіленуге тиіс, ал оның Ерекше бөлімінің ең ауыр жаза көзделетін және жаңа конституциялық талаптарға жауап бермейтін баптарының санкцияларынан өлім жазасы алынып тасталуға тиіс. Тиісті заңды қабылдай отырып, Парламент оның нормаларын Мемлекет басшысының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген және осы жазаның қолданылу аясын бара-бара тарылтуға бет түзейтін Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелеріне сәйкестендіруге тиіс. Алайда, Конституциялық Кеңес, Негізгі Заңның 15-бабы өзгертілгеніне бір жылдан астам уақыт өтсе де, бұл конституциялық норманы жүзеге асыруға бағытталған тиісті заң жобасы ел Парламентіне енгізілмегенін атап өтеді.
Тұтқындауды соттың санкциялауы туралы норманың Негізгі Заңға енгізілуі және анықтау мен алдын-ала тергеуді сот пен прокуратурадан бөлетін конституциялық тыйымның алынып тасталуы, қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілуін қажетсініп ғана қоймай, сотқа дейін іс жүргізудегі сот бақылауын кезең-кезеңімен кеңейтудің болашағы туралы мәселені талқылай бастауға мүмкіндік береді.
Конституциялық Кеңес сондай-ақ, Республиканың Бас Прокурорына Конституцияға қайшы заңдарға наразылық білдіру құқығын беретін конституциялық норманың (Негізгі Заңның 83-бабының 1-тармағы) осы уақытқа дейін жүзеге асырылмай отырғанын атап көрсетеді. Іс жүзінде ол бұл құқықты пайдалана алмайды, себебі заңнамада осы өкілеттікті жүзеге асырудың құқықтық механизмі көзделмеген.
Одан әрі саяси жаңғырту бағдарламасында сот төрелігі жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және тиімділігін арттыруға бағытталған, конституциялық-құқықтық дамудың жаңа кезеңіне бара-бар және халықаралық стандарттарға жауап беретін сот реформасына маңызды орын берілуге тиіс. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, Негізгі Заңның 80-бабының соттарды қаржыландыру және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету «сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс» деген конституциялық талабы іс жүзінде жеткіліксіз орындалатынын, ал бұл судьяларды жергілікті атқарушы билік органдарына жиі тәуелді етіп қоятынын және сыбайлас жемқорлыққа бастайтынын қайталап атап көрсетеді.
Сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы принциптерін күшейткен, сол арқылы азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауының құқықтық мүмкіншіліктерін кеңейткен жөн. Әділ де тиімді сот төрелігінің негізін құрай отырып, бұл принциптер іс бойынша объективті шындықты анықтау үшін оңтайлы жағдай жасайды. Бұл алқабилер қатысуымен өтетін сот енгізілуіне орай айрықша маңызға ие болады. Конституциялық Кеңестің есептеуінше, сот актілерінің және прокуратура іске асыратын қылмыстық қудалаудың заңдылығын прокурорлық қадағалау функцияларының ара-жігін заңда нақтырақ ажырату қажет [16 б.67]
Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі көбінесе қолданыстағы заңдардың сапасы мен ұлттық нормативтік-құқықтық базаның тұрақтылығына байланысты болып келеді. Конституциялық бақылау материалдары, кейбір заңдардың тиісті түрде тұжырымдамалық дайындықсыз қабылданатынын, бір-біріне қайшы келіп жататынын, ал оларға негізсіз жиі енгізілетін түзетулер қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасының тұрақсыздығын туындататынын айғақтайды. Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне өткен жылдың өзінде Парламент 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізді, соның 7 – шілде айында. Үкімет бастамашылық жасаған жекелеген заң жобаларын қарай отырып, депутаттар олардың тұжырымдамалары шегінен шығып ғана қоймай, құқықтық нормалармен толықтырып та отырған. Бұл нормалар, Конституциялық Кеңестің есептеуінше, Конституцияда және өзге де заңнамалық актілерде көзделген барлық рәсімдерді сақтай отырып (негіздеме жасау, қаржы-экономикалық есептеу және ғылыми сараптама жүргізу, заңдық және әлеуметтік салдарына болжам жасау және т.б.) енгізілетін өз алдына бөлек заң жобасының нысаны болуға тиіс еді. Одан тыс, заң жобаларын әзірлеу және заңдарды қабылдау кезінде Парламенттің Конституцияның 54-бабы 1-тармағында және 61-бабы 3-тармағында белгіленген заң шығару өкілеттігінің шегі сақталғаны жөн. Соған орай Конституциялық Кеңес, Республика Үкіметінің, Парламентінің және заң шығару процесінің өзге де қатысушыларының өзара іс-әрекет жасау рәсімдерін жетілдіру, заң шығармашылығы қызметінің нәтижелерін және қолданыстағы заңнаманың тиімділігін ұдайы құқықтық тұрғыдан бақылаудың жүйесін қалыптастыру жөнінде заңнамалық шаралар қабылдау қажет деп пайымдайды.
Конституциялық бақылау практикасы көрсеткеніндей, қолданыстағы заңнамада жекелеген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық белгілейтін, редакциялары жетілдірілмеген нормалар әлі күнге дейін бар, ал бұл құқық қолдануда қиыншылық туғызады. Атап өтілгеніндей, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулыда Конституциялық Кеңес: «... адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиіс, яғни оның нормалары жеткілікті дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығара отырып, заңдылы мінез-құлықты заңсыздығынан мейлінше айқындықпен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемдерге негізделуге тиіс», – деп түсіндірді.
Конституциялық Кеңестің осы құқықтық көзқарасы, құқық бұзушылық құрамдарының белгілерін айқындайтын нормалардың кемшіліктерін тауып, жою мақсатында заң алдындағы жауаптылық шараларын көздейтін заңнамалық актілерге тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатыса отырып, Конституциялық Кеңес өзінің нормативтік қаулылары арқылы қолданыстағы құқық нормаларын жасайды, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтарының конституциялық негізде өзара келісіп іс-әрекет етуіне, конституциялық заңдылықты нығайтуға, адамның және азаматтың Конституциямен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары қорғалуына септігін тигізеді. Алайда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің қызметіне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады, деп белгілейтін нормасы (11-баптың 1-тармағы) осы уақытқа дейін заңнамада іске асырылмады. Конституциялық Кеңес, мұндай жауапкершілікті сотты құрметтемегені үшін белгіленген жауапкершілікпен ұқсастыра отырып енгізген жөн деп пайымдайды, ал бұл Мемлекет басшысының Конституциялық Кеңестің беделін көтеру және оның Негізгі Заңды қорғаудағы мүмкіншіліктерін күшейту қажет екендігі туралы тапсырмаларына сәйкес келеді («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының VІІ-съезінде сөйлеген сөзі)
Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалай отырып, Конституциялық Кеңес, Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес сәттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.
Сонымен, конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Республика Парламентіне конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы осы Жолдауды жібере отырып, Конституциялық Кеңес, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган, сондай-ақ Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар заңнама саласы мен оны қолдану практикасындағы аталған проблемаларды шешу үшін өз құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдайды деп сенім білдіреді. Бұл елімізде конституциялық заңдылық режимінің нығаюына және конституционализм принциптерінің орнығуына септігін тигізеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі