Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 08:44, курсовая работа

Краткое описание

Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ................................5-12
1.1 Әкімшілік құқықтың пәні..........................................................................5-9
1.2 Басқарушылық қатынастар.....................................................................9-11
1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары.......................................................11-12
2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ....................................................13-17
2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ....................................13-14
2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері................................................14-17
3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР............ ....................................18-23
3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері..........................................................18-20
3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі....................................................................20-21
3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны.........................22-23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24-25
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................................................26
ҚОСЫМША............................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі.doc

— 184.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ қаржы –экономикалық  академиясы

«ӘГП және құқық» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Пәні: Әкімшілік құқық

Тақырыбы: «Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі»

 

 

 

 

 

 

               Орындаған:

                                     

                               Ғылыми жетекші:

                                                           

                                                            Баға:_________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2011 ж.

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4

1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ  ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ................................5-12

1.1 Әкімшілік құқықтың пәні..........................................................................5-9

1.2 Басқарушылық қатынастар.....................................................................9-11

1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары.......................................................11-12

2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ....................................................13-17

2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ....................................13-14

2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері................................................14-17

3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР............ ....................................18-23

3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері..........................................................18-20

3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі....................................................................20-21

3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны.........................22-23

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................24-25

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ..............................................................................................26

ҚОСЫМША..........................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі  жауапты оның жинақталған анықтамасынан  табуға болады.

Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен  мемлекет атқарушы билікті нақты  жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші  кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың  мән-мағынасын анықтаумен байланысты.

Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.

Курстық жұмысымның мақсат міндеті атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын зерттеп қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.

Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі.

Курс жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқық пәнінің сипаттау.

Курс жұмысының міндеттері:

  1. Әкімшілік құқық пәнін қарастыру
  2. Әкімшілік құқық пәнін сипаттау

Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен  және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Әкімшілік құқықтың пәні.

 

Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.

Солай болғандықтан, аталған  аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [1]

Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.

Бұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады. Олай болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік - басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с. [2]

Бізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады. [3]

Басқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға «байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.

Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар әкімшілік — құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар.

Неге бұл қатынастар әкімшілік құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы — өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады, олар және де әкімшілік құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі. Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.

Әкімшілік құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыру туралы пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.

Атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.

Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады. Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын «алаң» болып табылады. Не азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері болмайды. Баяндалған жағдайлар «мемлекеттік басқару аясы» деген ұғымның мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеуге әкімшілік құқықтың пәнінен де көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік — басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік - мәдени және әкімшілік — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған сәйкес, әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі әкімшілік құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде де қызмет атқарады, т.с.с. Әкімшілік-құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: әкімшілік құқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы айтылып отыр.

Информация о работе Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі