құқық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 12:06, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісім шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Бағалы қағаздар құқығы
1.1 Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері
1.2 Бағалы қағаздарды есепке алу және тіркеу
1.3 Бағалы қағаздардың жасайтын нормативтік құқықтық базасы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

АК 3 БАЯНДАМА.doc

— 81.00 Кб (Скачать файл)

Бағалы қағаздармен  куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда көзделген тәртіп негізінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:

1) Қазақстан  Республикасы резиденттерінің —  ұйымдарының мемлекеттік емес  эмиссиялық бағалы қағаздары;

2) Қазақстан  Республикасының резиденті емес - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің  заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік  емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) Қазақстан  Республикасының резиденттері —  ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің  заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік  емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) халықаралық  қаржылық ұйымдардың Қазақстан  Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;

5) мемлекеттік  эмиссиялық бағалы қағаздар;

6) туынды бағалы  қағаздар;

7) өзге де  қаржылық  құралдар жатады.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар  Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногына қызметтер көрсету барысында  тиісті тұлғаларға бағалы қағаздар сатып алуға қажетті банктік кредиттер береді, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығару бойынша банктік кепілдік береді; эмитенттердің төлемдік агенттері функциясын орындайды; кепілге қойылған бағалы қағаздарға орай банктік кредит береді;

бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының банктік  шоттарын жүргізеді; бағалы кағаздар рыногындағы  операциялардың қорытындысы бойынша  ақшалай есеп айырысуды жүзеге асырады.

Екінші деңгейлі банктер бағалы қағаздар рыногындағы  тиісті (кәсіби) операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия (лар) негізінде жүзеге асыра алады.

Бағалы қағаздар рыногындағы банктер өз клиенттеріне қызметтер көрсету процесінде аталмыш  рынокка байланысты коммерциялық және операциялық кызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына, сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын камтамасыз етуге міндетті.

Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын түрлі операциялары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 129—134, 136,139-баптарымен, 715-бабының 3-тармағымен, 716-бабының 2-тармағымен; «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабынына), б)-тармақшаларымен, 27, 28-баптарымен, 33-бабымен, 35-бабымен, 36—2-бабымен, 36-3-бабымен, 52— 1-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6)-тармақшаларымен, 54-бабының тиісті ережелерімен, 56-бабының а), б), в)-тармақшаларымен, 57-бабының тиісті ережелерімен, 58-бабының тиісті ережелерімен; 42-бабының 1-тармағымен; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабының 1, 2, 4-тармақтарымен, 11-бабының 1-тармағымен, 12, 13-баптарымен, 16-32-баптарымен; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабымен, 4-30-баптарымен, 44, 45- баптарымен, 50-бабымен, 55-бабымен, 63-бабымен, 65-бабымен, 69-бабымен, 73, 74-бап-тарымен, 83, 84-баптарымен; «Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабымен, 12-бабымен; Қазақстан Ұттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерімен, кейбір операциялар бойынша тиісті шарттармен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  

 

Бағалы қағаздар рыногының мәні өндірістің құлдырауына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандырылуында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдык сұранысқа сәйкес келеді. Бағалы қағаздарды щығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары болғанда ғана пайда табады, өндірістің эмитентпен кеңейтілуі және кәсіпорын табыстылығы дәрежесінің жоғарлауы осы кәсіпорынның, бағасы күнделікті өсіп отырған акцияларын иеленетін инвестор үшін тиімді болып табылады.    

 Сонымен,  бағалы қағаздар нарығы ұлттық  экономиканы дамытуда қолданылатын  өте қуатты да икемді құрал  екені белгілі. Сонымен қатар,  бұл өте өткір құрал, оны  дұрыс падалана білу қажет.  Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..

Қазақстанның  болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы  өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады. 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. Қазақстан  Республикасының Конституциясы,

2. Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексі  27 желтоқсан 1994ж.

3.   "Құнды қағаздар және қор биржасы туралы" №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы 1995 жылғы 21 сәуірде. Оған: 1995ж. 12.05. №2672; 1995ж. 12.23. №2720 - заңдарымен өзгерістер енгізілген.

4.  "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы. 30 наурыз, 1995 ж.

5.      Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы – 2001


Информация о работе құқық жүйесі