Жаза туралы тусінік және оның белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 10:12, реферат

Краткое описание

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаза жүйесі. Мақсаты.docx

— 34.48 Кб (Скачать файл)

Еуразия ұлттық университеті

Жаза жүйесі, мақсаты

 
 
 

 

 

 

 

                                                                             Орындаған: Нысанбаева Перизат

                                                                             Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

                                                                    2013 оқу жылы      

Жаза туралы тусінік  және оның белгілері

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
  • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
  • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың  әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

  • а) рудан қуып жіберу;
  • ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
  • б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
  • в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
  • г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
  • ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Жазаның мақсаты

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:

  • а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
  • ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;
  • б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.

Жаза тән азабын шектіруді  немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.

Жазаның турлері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.

Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.

Айыппұл тағайындағанда сот  жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін  және адамның мүліктік жағдайын ескеруі  тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған  адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.

Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.

Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.

Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы — бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді.

Жаза жүйесі деп – қолданыстағы қылмыстық заңда белгіленген  соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі бір  тәртіпте орналасқан жаза түрлерін айтамыз.

Заңда жаза түрлерінің және олардың көлемі және қолданылу ретінің көрсетіп орнықтырылуының сотталғандарға жаза тағайындау және оны жекешелеу кезіндегі  негізгі қағидаларды жүзеге асыру  үшін аса маңызды мағынасы бар. Жазалар толық тізімінің мағынасы сот сотталушыға осы тізімде көрсетілмеген жазаны тағайындай алатындығында жатыр.Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырылмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде жаза жүйесі 39-баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар. Әдістемелік мәні -әрбір жазаның қолданылу тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген толық тізімнің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заңдылық қағидаттарының сақталуына  ықпал ететігінде. Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні –жаза түрлерінің бірізді орналасуында.

Бұл – сотқа бұған дейін сот  жұмысының тәжірибесін, қоғамдық-құқықтық сана мен ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, сотталушыға заң негізінде  ықпал ету шараларын орынды әрі мүмкіндігінше тиімді қолдануға жол ашады. Заң жүзінде бекітілген жазалар жүйесінің мәні –осы жүйеге сүйене отырып, жазаның қайсысы –ең қаталы, ал қайсысы –жұмсақтау екендігін анықтап білуге болатындығында. Ал оның жаза тағайындау үшін ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдеу жаза түрінде ауыстырған кезде де пайдасы бар. Жаза түрлерінің тұтас жүйесі де, жеке алғандағы әрқайсысы да, сотталушыға ықпал жасаушы кешендер тәсілдерінен тұрады. Бұл – сотқа қылмысқа қарсы күрес жүргізу үшін ең ұтымды шараларды таңдап алуға мүмкіндік жасайды. Сонымен, жаза түрлерінің салыстырмалы көптігі –жасалған қылмыспен қатар, оны жасаған қылмыскердің де қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, оның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін әсер ететін әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар  қылмыстылыққа қарсы күрес тәсілдеріне  қатысты қоғамда қалыптасқан  көзқарастарды да білдіреді. Тарих  –жаза түрлері мен тәртібінің сан-алуан бостандығының куәсі. Адамның өмірі, денесі, бойындағы абыройы және оның мүлкі –жазалау объектісі болып келсе, -өлім, мертіктіру, күш көрсетіп қорлап-зорлау, қамау, қудалау,мүлкінен айыру, масқаралау –мұның барлығы жаза қолданудың салдары болды.

Айта  кетерлік жайт –жазаның әрқашанда қылмыскерді мемлекет атынан айыптаумен қоса, жүретіндігі. Қылмыстық жаза қоғамда көпшілік қолдайтын, яғни қоғамда үстем саналатын және қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттарымен үйлесетін көзқарастарға сәйкес келіп отырды және қазіргі кезде де солай болып отыр. Қазіргі заңнамаға ескірген жазаларды кіргізу қоғам үшін тарихи анахронизм болып қабылданып, олардың еш ықпал ету күші болмас еді. Бұған керісінше, қоғамдық, саяси, адамгершілік тұрғыда қабылдауға әлі де пісіп –жетілмеген жазаларды заңға кіргізу де осындай ахуалға ұшыраған болар еді. Жаза жүйесі –ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, сот үшін міндетті болып табылатын мемлекеттік қылмыстыұ заңда белгіленген, бекітілген жаза түрінің түпкілікті тізімі. Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Жүйеге енетін жаза түрлерінің барлығы үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және әрі негізгі әрі қосымша қолданылатын жазалар. Жзалардың неізгі және қосымша болып бөлінуінің тәжірибелік маңызы бар.

Атап  айтқанда,  қосымша  жазаларды  қолдану – жазаның  жекелену  қағидасын  іске  асыру  тәсілдерінің  бірі. Жазаның  қандай  түрлерінің  негізгі,  ал  қандай  түрлерінің – қосымша  екендігін  дәл  атап  көрсету  заң  талаптарына  толық  жауап  береді. Негізгі   жазалар -жазаның  дербес  түрі  ретінде  ғана  тағайындала  алатын  түрлері,  оларды  басқаларына   қосымша  ретінде  біріктіруге  болмайды,  және  де , жазаның  мақсаттарына  жету  негізінен,  осы  негізгі  жазалармен  байланыстырылады.  ҚК – тің  39- бабына  сәйкес  жазаның  негізгі  түрлері  мыналар  болып  табылады: 1.қоғамдық  жұмыстарға  тарту;

2.түзеу  жұмыстары;

3.әскери  қызмет  бойынша  шектеу;

4.бас  бостандығын  шектеу;

5.қамау;

6.тәртіптік  әскери  бөлімде  ұстау; 

7.бас  бостандығынан  айыру;

8.өлім  жазасы. Қылмыс  жасаған  тұлғаға  Қылмыстық  кодекстің  Ерекше бөлімінің  нормаларының  аясында  тағайындалатын  негізгі  жазалардың  тек  біреуі  ғана  қолданыла  алады.

Мысалы, түзеу  жұмыстары  бас  бостандығынан  айырумен  қатар   тиісті  санкцияда   қарастырылғанымен,  бас  бостандығынан  айыруға  қосымша  еш  жағдайда  да  тағайындалмайды. Қосымша  жазалар – негізгі  жазаға  қатысты  көмекші  сипатқа  ие  жаза  түрлері.  Жазалардың  бұл  түрі  негізгі  жазаларды  ғана  қолдану  жазаның  мақсаттарын  қамтамасыз  етпейтін  жағдайда  қолданылады.

Қосымша  жазаларды  қолдану  кезінде  белгілі  бір  талаптар  сақталу  тиіс. Қосымша  жазалар  өздері  ғана  дербес  түрде  тағайындалмайды,  олар   жазаның  негізгі   түрлеріне  біріге  алады.  Жаза   негізгі  түрлеріне  оның  қосымша  түрлері  аса  ауыр  қылмыс  жасалған  немесе  заңда  көрсетілген  жағдайларда   қосылады. Тұлға заң бойынша қолдануға болмайтын қосымша жазалардың тағайындалуына жол берілмеуі тиіс; мысалы, шартты түрде соталған тұлғаға мүлкін тәркілеу жазасы қолданылмайды. Қосымша жаза негізгі жазадан қатал болмауы тиіс, әйтпесе негізгі және қосымша жазалардың үйлесімділік қағидатының өзі іске аспай қалады.

Сол сияқты, қосымша жазаның үйлесімділік қағидатының өзі іске аспайды. Сол сияқты қосымша жазаның түрі негізгі жаза түрімен бірдей болмауы керек, себебі мұндай жағдайда орын алса, қандай да бір жазаның заңда рұқсат етілгеннен көбірек мерзім мен мөлшерге асып кетуіне әкеліп соқтырар еді. Ең бастысы жазалаушы элементтері негізгі жазаның элементтерімен сәйкес келетін қосымша жазаны да тағайындауға болмайды. Егер жасалған қылмыс сараланатын заң бойынша міндетті түрде қосымша жаза тағайындалуы тиіс болса, ҚК-тің 55-бабында қарастырылған жағдайлар болса ғана, ондай жаза қолданбау мүмкіндігі орын алады.

Қосымша жазалардың қатарына жазаның екі  түрі ғана жатады: 1.арнаулы әскери немесе құрмет атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемелекеттік наградаларынан айыру; 2.мүлікті тәркілеу.  Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың неізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

 


Информация о работе Жаза туралы тусінік және оның белгілері