Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 19:38, реферат
Жарғанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Бал өнімдерінің фальсификациясы.
Орындаған: Шаблан Аийда ТПП-301
Ара,үй арасы, бал арасы
Жарғанаттылар отрядының өкілі. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара. (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады. Ұрғашы ара ұяда ұрпақ өсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұзындығы 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. Тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек Аралар ғана шығады.
Ара ұясы: балаңқұрттар сол жақта, ал жұмыртқалар оң жақта
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. Еркек Ара денесінің ұзындығы 15 – 17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. Омартаның негізін қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12 – 15 мм, салмағы 90 мг болады. Жұмысшы Аралар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. Жұмысшы Аралар 7 – 8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Аралардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. Қазақстанда Іле Алатауының етегінде Араның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. Ара ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады.
Жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады.
Ара балы
Табиғи бал түрлері.
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қо-ректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи бал-ға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар:
Балдың емдік қасиеттері
Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған.
Бал жинау
Балдың құрамын бұрмалау,жалған бал
Балдың сапасына қойылатын талаптар
Кейде саудаға табиғи бал емес,оның жасанды ,жалған түрлері түседі.Мұндай балды құрамы бұрмаланған немесе жалған бал деп атайды.Мұндай бал адамның қатысуыменде қатысынсыз да жасалады.Мысалы,аралардың қант шырынымен қоректендірілгенде қант балын алады.Қант шырыны гулден алынбағандықтан аралар оны қайта өңдесе де жалған бал болып табылады.
Көрсеткіштің атануы |
Сипаттама және бал үшін | ||
Барлық түрінен қараған мен мақта балынан басқасынан |
Ақ қарағаннан |
мақтадан | |
иісі |
Жағымды,әлсізден өткірге дейін бөгде иіссіз |
Жағымды,нәзік мақтаға тән | |
дәмі |
Дәмді,жағымды,бөгде дәмі жоқ | ||
Тозаңды сараптаудың нәтижесі |
- |
Ақ қарағанның тозаң түйіршіктері |
Мақтаның тозаң түйіршіктері |
Судың салмақ үлесі % |
21 |
21 |
19 |
Қанттардың салмақ үлесі % |
82 |
76 |
86 |
Сахарозаның салмақ үлесі % |
6 |
10 |
5 |
Диастаза саны |
7 |
5 |
7 |
Оксиметилфурфурол 1 кг балдағы мг |
25 |
25 |
25 |
Оксиметилфурфуролға сапалық реакция |
| ||
Механикалық қоспалар |
| ||
Ашу белгілері |
| ||
Қалайының салмақ үлесі % |
0.01 |
0.01 |
0.01 |
Жалпы қышқылдығы 100 г балдағы мл ерітінді NaOH 1 моль/дм |
4 |
4 |
4 |
Пестицид қалдықтары |
|
| |
ДДТ |
0.05 |
0.05 |
0.05 |
линдан |
0.05 |
0.05 |
0.05 |
неорон |
0.02 |
0.02 |
Экспрес балын-дәрумендірілген
қант шырынынан әртүрлі дәрі-дәрмек
қосып алады.Балдың бұл түрі де жалған
балға жатқызылады.Құрамында
Балдың ұсақ,кесек және май тәрізді түйіршектелуі ,балдың табиғи қалыпты жағдайы.Бал тек жазда ғана сұйық күйде болады.Сондықтан түйіршіктелген балға ескірген бал деп қарамау керек.
Түйіршіктелген балды 40-45 градус С температурада су моншасында қайтадан сұйылтып алуға болады.Ол өзінің емдік ,диеталық қасиеттерін жоғалтпайды.
Соңғы кезде балдың сапасын айыруға химиялық қарындашты жиі пайдаланып жүр.Бұл әдіспен жалған балды табиғи балдан айыру мүмкін емес.Химиялық қарындашпен балдағы суды ғана анықтауға болады.Пісіп жетілген бал химиялық қарындашпен ешқандай химиялық әрекетке түспейді.
Балдағы ерімейтін
заттарды оңай анықтайды.Бұл үшін пробиркаға
аздаған бал салып ,оған аздап
дистилляцияланған су қосады.Балды
еріткеннен кейін пробирканың түбінде
тұңба қалады.Балдағы
Қорытынды