Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:51, лекция

Краткое описание

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Вложенные файлы: 1 файл

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯНЫҢ.docx

— 54.86 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік  мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі.

Әлеуметтік  мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің  осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.

Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай  дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше  сатылардан өтуі және бұл процестің  ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Мысалы, кеңестер Одағында  қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым  қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс  көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге  ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған.

Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының  жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі.

Алдыңғы қатарлы  дамыған елдерде халықтың үштен  екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу  бағытындағы мобильдіктің  көлемі жоғары.

Әлеуметтік  мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны  неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан  екінші бір әлеуметтік жағдайға  ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.

Американ  әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік  қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік  басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық  қоғамдарда «төменгі» және «жоғары  таптардың» үлес салмағына қарағанда  «орта таптың» үлес салмағының өсіп  отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет  АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын  бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге  болады дейді. 

Ескерте кететін  бір жағдай, вертикальды мобильдіктің абсолютті түрдегі еркіндігі  болмайды, яғни бұл тек жеке адамның  өз еркіне ғана байланысты құбылыс  емес.

П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильдік  абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда  әлеуметтік страталар да болмас еді .

Олай болса  барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды  белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде  біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі  сатылардан орын алады”.

 

3.ҚАЗІРГІ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ  МЕН МОБИЛЬДІК

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында  жаңа  таптар, топтар, жіктер пайда  болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі  таптар мен әлеуметтік топтардың  өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың  миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

Осы жағдайларды  ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.

 

 

Көпшілікке  мәлім, нарықтық экономика меншіктің  алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы  жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың  алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі  басталды. Осыларға сәйкес меншіктің  жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда  үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.

Республикада  меншік иелері табы әлі қалыптасу  үстінде болғандықтан, оның көлемін  санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен, Қазақстан  ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

 Кәсіпкерлік  – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық  құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес  қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі  ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің  экономикалық, саяси, әлеуметтік  тұрақтануында ірі, ортажәне шағын  бизнестің рөлі зор.

Академик  К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан  Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1- топқа:  номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы  өздерінің жоғары билікпен байланыстарын  пайдаланып, мемлекеттік, несиелер  алудың арқасында байлыққа, меншікке  ие болған;

2- топқа табиғатынан  бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған  қорларының және сауда-саттықпен  айналысуындағы тәжірибелердің  негізінде қалыптасқан;

3-топқа кәсіби  бизнестің өкілдері жатады. Бұлар  өз күштерімен бастапқы кезден  бастап қажымай-талмай еңбектену  нәтижесінде қалыптасқан бизнесті  негізгі кәсіпке айналдырған  адамдар;

4-топқа жаппай  бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар  қолда бар кез келген мүмкіндікті  бизнес жасауға пайдаланады. Бұл  топтағы адмдардың капиталының  болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды  тудырып отыр. Соған байланысты  олардың табыстарының өлемі де  айтарлықтай емес.

Республика  меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында  бір таптың, топтың, жіктің екінші бір  тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып  отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі  Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары  арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай  болып отыр. Бұларға қосымша әрбір  таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі  уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке  ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып  тұрады. Мұндай құбылыстардың болып  тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан  болады.

Әлеуметтік  мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе  қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа  өтуге  тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта  екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны  төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз  дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде  жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс  орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

Әлеуметтік  мобильдік өкімет мекемелерінде  де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару  ұйымдарының жиі ауысуына, саяси  реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы  түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей  байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат  болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған  Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда  бұлар 15-25 %-ға дейін  көтерілген.

Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында  жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс  орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан  олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында  еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда  дүние жүзіндегі халықтың басым  көпшілігі осы салада жұмыс істеуге  мәжбүр болатын түрі бар.

Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге  ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете  бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда  үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

Дүние жүзінің  дамыған елдерінде белгілі бір  пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде  мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды  құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы  Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық  жоқ деп жарияланды,  мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы  одақтас республикалар өз алдында  егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып  дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып  алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері  жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс  істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа  бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен  қатар қызметкерлер мен интеллигенция  өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі  шаруашылық салаларында жұмыссыздық  күн сайын өсу үстінде  болды.

1997-1998-жылдары  жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің  кейбір деректеріне сүйенсек, республика  бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен  пайызы оңтүстік аймақта  болып  отыр, бірақ, мұнда екінші бір  фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың  ауыл шаруашылығанда көп адамдар  өздерінің жеке меншік шаруашылығында  жұмыс істейді, ал, мұны статистика  мекемелері жұмыссыздық ретінде  көрсетеді. Керісінше, қала мен  ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс  орнын жоғалтса да жұмыссыздардың  қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар  уақытша жұмыс істемейді. Бұл  да есепке алынбаған. Қоғамның  әлеуметтік құрылымында әлеуметтік  қорғауды ерекше тілейтіндер  – зейнеткерлер,бұларға қоғам  және үкімет тарапынан үлкен   қамқорлық, көмек көрсету қажет.

Фердинанд Теннис (Ferdіnand T(nnіes) (1855 - 1936) - неміс социологы, немістің классикалық социологиясының  негізін қалаушы.

1855 жылы 26 шілдеде  Ольденсворт маңындағы Рип деревнясында  ата-анасының фермасында туған.  Жан-жақты білім алған: философияны,  тарихты, классикалық тілдер мен  археологияны, кейіннен Йен, Бонн, Лейпциг, Берлин, Тюбинген университеттерінде  экономика мен статистиканы оқып  зерттейді. Тюбингенде 1877 жылы ол классикалық филология саласында философия докторы атағын алды. 1881 жылы Киль университетінде философияның приват-доценті атанды. 1913 жылы экономика кафедрасын алғаннан кейін толық профессор атағына ие болды; эмеритеттенген университеттік профессоры мәртебесіне, яғни жоғарғы мектепте міндетті дәріс беруден босатылған дәрежесіне, Теннис тек 1916 жылы ғана ие болды. Сонда да ол дәріс беруді жалғастыра берді: 1921 - 1933 жылдары дейін ол Киль университетінде социологиядан дәріс оқиды. Наицонал-социализмнің өсіп келе жатқан қаупі алдында, ғалымдардың саяси күреске қатысуға болмайтын өзінің жеке принципін бұза отырып, 1930 жылы ол Германияның социал-демократиялық партиясының қатарына кіреді. Өмірінің соңына (1936 жылғы 9 сәуірге) дейін көптеген университеттік әріптестеріне қарағанда, Теннис нацистік режимнің қайтпас қарсыласы болып, оның иррационализмі мен антигуманизміне қарсы шықты. 1933 жылы нацистер ғалымды университеттен қуды.

Тенниске  табыс кеш келді. Оның басты еңбегі “Қауым мен қоғам. Коммунизм мен  социализмді мәдени-эмпирикалық  түрде қарастыру” алғаш рет 1887 жылы жарық көрді; екінші басылымда қайта  қарастырып, кеңейтіп “Таза социологияның негізгі түсініктері” деген атпен тек 1912 жылы жарық көрді. Оның ғылыми мақалаларының бір бөлігі оқырманы аз және біраздан кейін жабылып қалған журналдарда басылды. Соған қарамастан Ф.Теннис ғалым ретінде үлкен беделге ие болды. 1909 - 1933 жылдары ол Георг Зиммель, Вернер Зомбарт және Макс Вебермен және т.б. бірлесіп ашқан “Герман социологиялық қоғамының” президенті болады. Ф.Теннис - Гоббс қоғамының (Socіetas Hobbesіana) негізін қалаушылардың бірі, “Герман статистикалық қоғамының (Deutsche statіstіsche Gessellschaft)”, “Әлеуметтік саясат одағының (Vereіn fur Sozіalpolіtіk)”, “Әлеуметтік реформалар қоғамының (Gessellschaft fur sozіalr Reform)”, “Халықаралық социология институтының (Іnstіtut Іnternatіonal de Socіologіe)”, Ағылшын және жапон социологиялық қоғамдарының мүшесі, “Американ социологиялық қоғамының (Amerіcan Socіologіcal Socіety) құрметті мүшесі.

Информация о работе Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні