Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 01:45, реферат
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бұл қосымша өзге сөз таптарына да қосылып, сөйлемді тиянақтайды. Мысалы, ережесідүр – ережесі, тиұшлідүр –тиісті т.б.
III жақтық етістікте
көптік қосымшасының қосылуы
сирек болса да кездесіп
Қазақ тілінің және, я, яки, бірақ шылауларымен қатар араб-парсы тілінен енген уа, һәм шылаулары және шылауы мағынасында қолданылады да, егер екеуі қатар келсе сондай-ақ мағынасын береді.
Бірлән сөзі мен шылауының орнына да, жұмсалады. Ләкін сөзі бірақ, тек мағынасын беру үшін қолданылған.
Құжаттың синтаксистік
құрылымында қазіргі әдеби
орнына келтіру – орындау
орай қылу – жеткізу
жаһат қылу – тырысу
жаһат ету – тырысу
күманка салу – күмәндану
мойнына түсу – мойындау
айтмаққа тиұшлі – айтуға тиісті
қыларға мүмкін – қылуы мүмкін т.б.
Жоғарыда аталған іс қағаздарындағы с мен ш сәйкестігі, ш мен ч барлық жағдайда болмаса да бұл құжатта да кездеседі. Сөз аяғында б әрпін жазу (барұб, жауаб), г орнына к әрпін жазу (прикавор, бірке, ережеке), үндестік заңының сақталмауы да орын алған.
Араб графикасымен жазылған өзге материалдар тәрізді мұнда да тыныс белгілері қойылмаған. Кейбір жерде біріңғай мүшелерді ажырату мақсатында олардың арасына сызықша қойылған.
Бұл «Ереже» XIX ғасырдың екінші жартысындағы ресми іс қағаздар үлгісін көрсететін тілдік материал. Құжаттың сол кезеңде тілімізге ене бастаған терминдік лексиканы және термин ретінде қалыптаса бастаған қазақтың төл сөздерін де кездестіреміз. Сондай-ақ ресми іс қағаздар стилінің қазақ әдеби тіл заңдылығына сай біраз жетілгендігін байқауға болады. Бұл ереже 1) қазақтың ата дәстүрі, 2) шариғат жолы, 3) орыс әкімшілігі заңының қоспасы ретінде жасалған.
Келесі құжат «Дала уаләятіндегі облұсдардың тергеуі турасынан» деп аталады. Бұл құжат 1896 жылы «Дала уалаятының газетінде» жарияланған. Сот ісін жүргізу процесіне байланысты заңдылықтарды халыққа түсіндіру мақсатында жазылған. Құжатта орыс тіліндегі заң терминдері төмендегіше аударылған:
свидетель – айғақ
обвинение – айып
наказание – жаза
обвиняемый – жауабкер, жазаға кіріфтар, жазакер, істі адам, содты адам
потерпевший – даукер
присягнуть – жан беру
свидетельство – куәлік
признание – мойнына түсу, мойнына алу т.б.
судопроизводство – тергеу
обыск – тінту
публичный разбор – жариа тергеу
расход – шығын
негласно – құпия
защита – іс қорғау
обвиняется – кірледі
дело – жұмыс, іс
признан виновным – ісі қара болу
поручательство – кепіл
благонадежное лицо – сенімді адам т.б.
Саяси-әлеуметтік терминдер ретінде қазақшаға қолданылған сөздер:
қауым – общество
халық – публика
кеңес – заседание
шәкірт – учащийся
жөн – правило
рет - порядок
әйел – жещина
хатұн – жена.
Әкімшілік, заң
терминдерінің қазақшаға
закон
копиа
паспұрт
каталашке
земски сома гражданский
подписке
Баска ресми іс қағаздарында қолданылған бірлән, -мыш, -дүр тұлғалары есімшенің тұрған тұлғасы етістікте көптік жалғауының жалғануы мұнда кездеспейді.
Бұл құжатта кездесетін көне әдеби тіл формасы –һәм, уа шылауларының қолдануы.
Жоғарыда аталған құжаттар орфографиясында кездесетін ж мен й сәйкестігі, с мен ш сәйкестігі мұнда жоқ. Бірақ п орнына б, г орнына к, ш орнына ч дазу дәстүрі сақталған.
Көптік жалғаудың қатаң –тар, -тер варианттарының орнына ұяң –дар, -дер варианты актив қолданылған. Мысалы облұсдар, қазақдар, ісдер т.б.
Қорыта айтқанда
бұл құжат тілінен іс қағаздар
стилінің біраз жетілгендігін, заң,
әкімшілік терминдерінің
Қорытынды
Биыл Қазақстан мен бірқатар Орталық Азия елдері жергілікті Тілдер туралы заңдарының 20 жылдығын атап өтеді. Дәл осыдан 20 жыл бұрын, 1989 жылы Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан өздерінің ұлттық тілдерін мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізсе де, Кеңес Одағы үкіметінің қысымымен орыс тіліне «КСРО халықтарының ұлтаралық қатынас тілі» деген статусты бекітіп беруге мәжбүр болды. Бірақ тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзге де ТМД және Балтық жағалауы елдері сияқты Өзбекстан 1995 жылы тиесілі заңға өзгерістер енгізіп, «ұлтаралық қатынас тілінің» мәртебесін алып тастады.
Өзбек-қырғызда – Мемлекеттік тіл туралы заң,қазақта – Тіл туралы заң...
1989 жыл. Кеңес одағы. Тоталитарлық режимнің әлі де бұлқанып, уысында ұстап отырған халықтарды үрей мен қорқынышқа душар еткен кезең. Сол кездің өзінде Өзбекстан мен Қырғызстан жергілікті тілдерге басымдық беріп, «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарын қабылдады. Өзбекстанның «Мемлекеттік тіл туралы» заңы 1989 жылдың 21 қазанында қабылданса, Қырғызстанның «Қырғыз ССР-індегі Мемлекеттік тілі туралы» заңы сол жылдың 23 қыркүйегінде бекітілді. Әрине, қазақтар қырғыз бен өзбектен аз ғана ерте «Тілдер туралы заңын» қабылдағаны рас. Қызығы сол, «Қазақ ССР-нің Тілдер туралы» заңы 1989 жылдың 22 қыркүйегінде бекітілсе де, іс жүзінде өз күшіне 1990 жылдың 1 шілдесінен бастап енді. Сорақысы сол, біз тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл бойы «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдаймыз деп нәтижесіз мәселені созбалап көтеріп келсек, біздің қос көршіміз «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарын Кеңес одағының тұсында қабылдап кеткен. Яғни, оларда бізден гөрі бір проблема кем. Біз тіл деп басымызды қатырып жатқанда, бауырлас елдер ұлттық тілдерін тек қана күшейтумен келеді.
Әрине, бүгінгі таңда Өзбекстанның тіл саясаты қазаққа да, қырғызға да үлгі. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік тіл туралы» заңы 1995 жылы қайта редакцияланып, 2004 жылы өзгерістер мен толықтыруларға ие болды. Мәселен, аталған заңның 1989 жылғы нұсқасының 1-бабында: «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі болып өзбек тілі танылады. Өзбекстан Республикасы өзбек тілінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде жұмыс істеп, дамуын қамтамасыз етеді» дей келе: «Өзбекстан Республикасы КСРО халықтарының ұлтаралық қатынас тілі орыс тілінің дамуы мен еркін пайдаланылуы үшін бар жағдай жасайды» деген. Ал аталған заңның 1995 жылғы редакциясында бос сөздердің бәрі алынып тасталып, онда бір ғана маңызды мәселе қамтылған: «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі – өзбек тілі». Оларда біздікіндей «КСРО-ның ұлтаралық қатынас тілі» автоматты түрде «тәуелсіз республиканың ұлтаралық қатынас тіліне», мұның артынша «ресми тіл» статусына ие болмады. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» – демекші, қазірше Қазақстанның «тілдік қазанында» әлсіз қошқарды күшті қошқар сүзгілеумен келеді...
Қазақстанның
«Тіл туралы» заңына 1997 жылдың 11 шілдесінде
тиесілі өзгерістер мен толықтырулар
енгізілсе де, жалпы соңғы өзгерістер
2007 жылы толық қамтылса да, бұл заң
шын мәнінде бір қолымен
«Тіл туралы Заңның» 5-бабы «Орыс тілін қолдану» деп жеке-дара айшықталған. Біздің зиялы қауым өкілдері мен бірқатар депутаттардың наразылығын туғызып отырған да осы бап. Онда былай делінген: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады». Бұдан кейін күні кеше «КСРО-ның ұлтаралық тілі» боп келген тілге бір емес, бірнеше бапта басымдық беріледі. «Тіл туралы» заңның 8-бап, 9-бап және 10-баптарын сараптап көрсеңіз, сырт көзге мұны өз заманында Ресейге қатты жалтақтаған депутаттар қабылдаған сияқты көрінеді.
«Тіл туралы» Заңның 8-бабы. Тілдердің қолданылуы.
«Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».
9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі.
«Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін».
10-бап. Құжаттама жүргізу тілі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі».
Қарап отырсаңыз, аталған баптарда орыс тіліне «мүмкіндігінше», «қажет болған жағдайда» басымдық беру арқылы шынтуайтында мемлекеттік тілдің тынысы тарылып отыр.
Осындай «алпауыт»
баптардан кейін қалайша
Ал «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылдауды қолдаушылардың бірі Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл бізге берген сұхбатында осы күнге дейін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің бастамасымен «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның үш бірдей нұсқасының дайындалғанын жеткізген еді. Бұл орайда ол: «Үкімет басшысы Әділет министрлігі мен өзге де тиесілі құрылымдарға «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң жобасын дайындау жөнінде тиісті тапсырма берген болатын. Біздің талабымыз – бұл заң жобасының өте сапалы, толыққанды дайындалып шығуында. Біз өз кезегімізде оны қарап, толықтыруға тырысамыз» – деп мәлімдеген.
Ең сорақысы, Қазақстан биыл 1 маусымда «Тілдер туралы» заңының күшіне енгеніне 19 жыл, ал 22 қыркүйекте заңның қабылданғанына 20 жыл толуын атап өтсе де, тіл саласында 20 жыл түгілі 2 жылға татитын нәтижелермен мақтана алмайды. Тіл мәселесі – қазақтың жан жарасына айналды. Ешкім де тіл мәселесін көтергендерді «ұлтшылсың» деп айыптай алмас. Бірақ 67 пайыздан асқан қазақ ұлты тіл мәселесінің шешілуін талап етеді. Әлеуметтанушылардың айтуынша, соңғы жылдары ел ішіндегі ұлтшылдық та кең өріс алуда. Бұл тұста Қазақ мемлекетінің иесі, қожасы – қазақ халқы өз ана тілінде сөйлеп, биліктен қазақша заңдар мен есеп алуға құқылы. Тіл жанашыры Мұхтар Шаханов айтпақшы, биліктен тілге қатысты таңертең бір ауыз тапсырма берілсе, түс қайта бүкіл Қазақстан, әкімдіктер мен министрліктер, құзырлы орындар мен қоғамдық салалар мемлекеттік тілде сөйлеп-ақ кетеді. Тек қазақ тіліне тұңғыш рет мемлекеттік тіл статусын сыйлаған «Тілдер туралы заңымыздың» 20 жылдығын нәтижесіз, өкінішті жағдайда қарсы алып жатқанымыз – елдігімізге сын.
Осы туралы
айтатын болсақ бұл мен жасаған
мекемеде құжаттарды қазақ тілінде
жүргізуге көп көңіл
Мен тәжірибеден өткенде көптеген құжаттармен жұмыс жасадым. Келісім шарт, бұйрық, акт, сұраныс, өтініш хаттары және т.б. Жалпы бұл хаттардың 50 пайызы қазақ тілінде ал қалған бөлігі өзге орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Жалпы айтқанда қазақ тіліне көп көңіл бөлінеді және мемлекеттік тілде жұмыс жасауға тырысамыз. Мұның айғағы ретінде келісім шарттарды қазақ тілінде және орыс тілінде жасаймыз. Қорыта айтқанда қазақ тілі бір қалыпты дамып келеді.
Пайдаланылған әдебиет:
Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы