Ақша қаражаттарының басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 12:01, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
•кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
•ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
•зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Содержание

КІРІСПЕ

1.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Ақша қаражаттарының мәні және түрлері
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және
есептеу әдістері
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын басқару
2. «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық ақша ағымына талдау жүргізу
2.1 «ӨзенМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын талдау
3.Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау
3.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы
3.2 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру әдістері

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 521.50 Кб (Скачать файл)

 

 

КІРІСПЕ

1.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША  ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Ақша қаражаттарының мәні және түрлері    

1.2 Кәсіпорынның  ақша қаражаттарын бөлу механизмі  және

есептеу әдістері

1.3 Кәсіпорынның  ақша қаражаттары ағымын басқару

 

2. «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының шаруашылық ақша ағымына талдау жүргізу

2.1  «ӨзенМұнайГаз» АҚ қаржылық жағдайын талдау

    1. Ақша қаражаттары ағымын басқаруды талдау

 

3.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3.1 «ӨзенМұнайГаз» Өндірістік Филиалы Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы  

3.2 Кәсіпорынның  ақша қаражаттары ағымын оңтайландыру  әдістері 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ     

 Қазіргі  таңдағы шаруашылық шарттарында  көптеген кәсіпорындарда өз дамуының  стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады.     

 Кәсіпорын  қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің  негізі болып табылады, себебі  кәсіпорындар халық шаруашылық  кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады. 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. «Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл – рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар. 

Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың  басты мәселесі – энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы  секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз», - деп елбасы жолодауында нақтылап көрсетдендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен  бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына кәсіпорынның тез бейімделіп, қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды /1/.

Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады.    

 Кәсіпорынның  белгілі бір уақытқа алынған  жалпы капиталы тұрақты, алайда  уақыт өте келе ол өзгеріске  ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет /2, 49-50б./     

 Ақша қаражатының  негізін, бөліну механизімін,  оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.      

 Ақша қаражаттары  – бұл кәсіпорынға жоғарғы  өтімділікті қалыптастыратын және  қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы /3, 79б./ . 

Дипломдық жұмыс  мақсаты – қарастырылған кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.     

 Зерттеу объектісі – «ӨзенМұнайГаз» АҚ ақша қаражаттарының қозғалу процесі. Зерттеу пәні – кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.     

 Курстық жұмыста қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

    • кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
    • ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
    • зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

 

 Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 

Бірінші бөлімде, ақша қаражаттары түсінігіне қатысты  теориялық сұрақтар, кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының маңызы мен атқаратын  қызметі, олардың бөліну механизмі, есептеу әдістері, ақша ағымын басқару және болжауға қатысты мәселелер қарастырылды. 

Екінші бөлімде, нақты кәсіпорынның қаржы - шаруашылық жағдайын, ақша қаражаттарының қозғалысын талдау, ақша қаражаттарының айналымын  бағалау, олардың қозғалысының негізгі  көрсеткіштері талданды.

Үшінші бөлімде, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және оларды бөлу механизмін жақсарту жолдары мен оңтайландыру әдістері қарастырылған. 

    Курстық жұмыста ақша қаражаттарының қозғалысы, оларды басқару аясындағы отандық және шетел әдебиеттері мен әдістемелері, сондай-ақ кезең бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды.  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

1 КӘСІПОРЫННЫҢ  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1Ақша қаражаттарының мәні және түрлері 

 

 

  Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша  - қаражаттары, сондай-ақ  фирма қарекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.  

Кәсіпорынның  белгілі бір уақытқа алынған  жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт  өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.

Ақша қаражаттары  – бұл кәсіпорынға жоғарғы  өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы. 

    Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.

  Пайда алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын  талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.

Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді .

Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі  берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады. 

  Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы,  ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.  

 Германиядағы  ғалымдардың түсіндірмесінде бұл  термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар  ағымы) деп қолданылады. Олардың  айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық  шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады /5,246б./. 

     Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»  атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.  

Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында  белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны  пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.  

Ақша қаражаттарының пайдадан айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.  

Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.

Кәсіпорындағы жүйелік  есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы  мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты – кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету /7,238б./.

Кәсіпорынның қызметін бағалау  үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:

  • тауарды (өнім, қызмет көрсету) сатудан түскен түсім;
  • пайда;
  • ақша қаражаттарының ағымы.

Осы көрсеткіштердің  шекті көлемі және жыл ішіндегі өзгеру динамикасы белгілі уақыт аралығындағы (жыл, тоқсан, ай) оның жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Алайда, төлемсіздік шарттарында, кәсіпорынның түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы маңызды орынға ие. Төлемдер бойынша ақша қаражатының түсімі артық болған жағдайда кәсіпорын ағымдағы және болашақ даму үшін бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Яғни бұл артықшылықтар, кәсіпорынның бос ақша қаражаттарын қосымша пайда табу мақсатында, өзге де кірісті бизнес аясына немесе қызмет түріне салудан көрінеді. Сондай-ақ, қажетті сомадағы тұрақты ақша қаражаттарының бар болуы ағымдық төлемқабілеттілікті қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Ақша қаражаттарының басқару