Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 16:53, курсовая работа
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.
Кіріспе
1. Ақшаның шығу тегі
1.1.Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғы шарттары
3. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
1. Ақшаның шығу тегі
1.1.Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғы шарттары
3. Қазақстан
Республикасының ақша
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және басқа кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан қорғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарынан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г., яғни ескі 10 сомдық алтын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды жою туралы " қаулысында: "Ақша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып алуына мүмкіндік қалдырылмады. Ақша реформасы мен карточка жүйесінің жойылуының экономикалык маңызы зор болды, шаруашылықта ақшаның мәні көтерілді, кеңес сомының кұны толығынан қалпына келді. 1961 жылы "Баға масштабын өзгерту және ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы" қаулы қабылданғаннан бастап, ескі ақша жаңа акшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Төл теңгеміз дүниеге келген күні бәріміздің аса қуанғанымыз рас. Оған да міне, жиырма жылдың жүзі болыпты. Осы орайда ұлттық валютамыздың туу тарихын еске түсіру орынды.
І.Ақшаның шығу тегі
1.1. Ақшаның пайда болуы және мәні
Қазақ
ұлысы Жібек Жолымен керуен
тартып келген саудагердің әр
теңін бір теңгеге балап, ақша
шығаруға бел байлады. Теңгенің
тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан
басталады. Қазақстанның аумағында
ақша дегеніміз мыңдаған
X ғасырдың
ортасымен XIII ғасырдың бас шені
– бұл қараханит мемлекетінің
құрылуымен өмір сүру кезеңін
қамтиды. Осы мезгілде тарихшылардың
топшылауынша, қалалар қанат жайып,
тауар өндірісімен сауда
XIV ғасырдың
аяғында Қазақстанда Әмір
Тарихшылардың айтуынша XVII ғасырдың ортасынан жоңғар шапқыншылығынан туындаған саяси және экономикалық себептер салдарынан қала тіршілігі мен сауда – саттығының құлдырауы басталады. Сонан кейін XVIII ғасырдың ортасынан қазақ жерінде Қоқанның, Ташкен хандарының ақша белгілері және орыс мәнеттері пайда бола бастайды. Ал XIX ғасырда барлық сауда операциялары тек қана орыс ақша белгілермен жүргізілді.
XVI-XVII ғасырларда
Қазақстанда 1655-1663 жылдары Александр
патшаның тұсында аса зор
Теңгенің жасырын жағдайда жасалынуы мен Қазақстанның рубль аймағында қалуға мүдделік танытуы туралы әңгіме қозғағанда, оның экономикалық, саяси жіне техникалық себептерін жіктегенді дұрыс деп есептеймін.
Бірінші- экономикалық себебіне тоқталсақ. Бұл тұрғыда кеңестік жүйе бойынша Ресейден басқа одақтас республикалардың түгелге жуығы шикізат шығаруға бағытталып,соңғы өнімді өндіретін негізгі өнеркәсіп орындары мен зауыттардың барлығы ұлы көршіміздің еншісінде болды. Біз сыртқы және ішкі сауда айналымын жүзеге асыруда Ресейсіз түк бітіре алмайтын мүшкіл халде едік. Мұны сол жылдары еліміздегі экспорт пен импорт операциялары тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.
Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.
1992 жылдың
қаңтарында Елбасының тікелей
тапсырмасымен ұлттық валютаны
дайындауға кіріскенімізде, бірінші
кезекте жаңа ақшаның аты
Біз осы
үш атаудың қайсысы ұлттық
нышанымызды дәл айқындап, негізге
сай бола алатыны туралы
Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі және жүздің сыртындағы валюталар елдің экономикалық деңгейінің көрсеткішінің анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да елде инфляция болған жағдайда олардың айналымнан шығып қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп классикалық негіз ретінде алынған 1 теңгеліктің нұсқасы қалдырылды. Әрі Әл-Фараби бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.
Теңгені шығарар алдында біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден негізгі валютамызды шығаруға тәуекел еттік. Дизайн жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген валюталардың қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз үшін теңгені басу басты шаруа емес еді. Теңге Лондондағы кәсіпорында небәрі 4 айда басылып шығарылды. Мемлекет басшылығымен оны 1 қыркүйекте шығару тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді бітіріп алуға тиіс едік.
Егер ақша дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек, онда оның қоғамда үш түрлі негізгі қызмет атқаратынын айтқан жөн. Біріншіден, теңге айналым құралы болып табылады, яғни тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен қайта сатуда пайдаланылады. Бұл базардағы ресурс иелері мен өндірушілердің кез-келген тауар мен қызметті сатып алуға пайдалануына мүмкіндік беретін өте қолайлы әлеуметтік құрал. Теңге айырбас құралы ретінде қоғамды баспа бас айырбастың қолайсыздығынан құтқарады. Тауар айырбасына қолайлы жағдай туғыза отырып , ақша қоғамға географиялық мамандану және адамдар арасындағы еңбек бөлінісі жемістерін пайдалануға мүмкіндік туғызады. Яғни теңгенің арқасында біз әлемнің көптеген елдерінен тауар ала аламыз.
Екіншіден, теңге бағаның өлшемі болып табылады. Қоғам ақшаны түрлі байлық пен ресурстар бағасының салыстырмалы өлшемі ретінде пайдалануды қолайлы көреді. Жолды шақырыммен, салмақты килограммен өлшейтініміз сияқты байлық пен қызмет құнын ақшамен өлшейміз. Мұның артықшылығы айқын. Ақша жүйесінің арқасында біз бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасқа жүретін басқа тауарды іздестіріп жатпаймыз. Мәселен, малдың бағасын астықпен, мәшинемен, шаймен немесе басқа заттармен өлшеп шығарып жатудың қажеті шамалы. Ақшаны жалпы атау ретінде пайдалану, кез келген өнімнің құнын ақша арқылы бағалау деген сөз. Оны бұлайша пайдалану адамдарға түрлі тауарлар мен ресурстардың салыстырмалы бағасын оңай бағамдауға мүмкіндік туғызады. Мұндай салыстыру дұрыс та тиімді шешім қабылдауды жеңілдетеді. Яғни ақшамен жалпы ұлттық өнім мөлшері және басқа да экономикалық көрсеткіштер, барлық төлемдер мен қарыз, несие міндеттемелері өлшенеді.
Үшіншіден, теңге салым құралы ретінде қызмет етеді. Ақша тауар ретінде пайдалануға әлдеқайда қолайлы, ол арқылы байлықты салым ретінде сақтау ұтымды. Бұл тұрғыдан алғанда ол қозғалмайтын мүліктер (жеке меншік) және бағалы қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар байлықты молайту құралы болып табылады. Әдетте, ақша деп қолда бар, айналыста жүрген металл және қағаз ақшалар, сонымен қатар чектік салымдар, яғни банктегі , түрлі сақтық мекемелеріндегі чектер түсініледі. Металл және қағаз ақшалар мемлекет міндеттемесі болса, ал ағымдағы есеп шоттар коммерциялық банктер мен сақтық мекемелерінің міндеттемелері болып табылады. Сол сияқты ақшамен қатар түрлі қаржылық міндеттемелер формасы ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар тікелей қарым қатынас құралы қызметін атқармағанымен , жедел қолма қол ақшаға немесе чекке айнала алады. Нарықтық қарым қатынастың келешек дамуына орай мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі өсе түсетін болады. Ақшаның бағасы немесе сатып алу пәрмені дегеніміз сол ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен қызмет көлемі.
Информация о работе Қазақстандағы ақша реформалары себептері және нәтижесі