Еліммен елбасымен мақтанамын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 15:24, реферат

Краткое описание

Осынау кең байтақ, ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан ғайыр даламызды ұлы ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен қорғап,бүгінгі ұрпаққа ұлы мирас етіп, сеніп тапсырды. «қазақ» деген терминнің өзін де қырық сөздің түйінін шығарып,асыл да құндылығы мол сөзге айналып отыр.Бұл тек жай ғана сөз емес,тарихи мұра,ұлттық қор.Сонау 18 ғасырдың өзінен 21 ғасыр аралығында елдің өршіл рухтың лебі сезілді.

Вложенные файлы: 1 файл

Еліммен елбасымен мақтанамын.docx

— 15.27 Кб (Скачать файл)

Еліммен елбасымен мақтанамын

Осынау кең байтақ, ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан ғайыр даламызды ұлы ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен қорғап,бүгінгі ұрпаққа ұлы мирас етіп, сеніп тапсырды. «қазақ» деген терминнің өзін де қырық сөздің түйінін шығарып,асыл да  құндылығы мол сөзге айналып отыр.Бұл тек жай ғана сөз емес,тарихи мұра,ұлттық қор.Сонау 18 ғасырдың өзінен 21 ғасыр аралығында елдің өршіл рухтың лебі сезілді.Патша озбырлығына,қанауына шыдамай көш бастап соғыс бастаған да қазақпыз.Мысал ретінде алсақ 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-революциясын алуға да мүмкіндігіміз туды,сол революцияда көш бастаған алғы шептердің басында болдық. Революционер атағында болсақ та намыс  үшін берілмей ақтық деміміз қалғанша соғыстық.Қанша ата-бабымыздың қаны төгіліп,күш жігеріміз жұмсалса да артқа шегінетін жол болмады,тек алдыға ұмтылып тәуелсіздікке жаңа қадам жасадық. Басқа да сол замандағы алпауыт мемлекеттер сияқты бізде өз еліміздің атауын,көк байрағымыздың желбіреп,өз әнұранымыздың ойнағанын қаладық.Бірақ қалау мен армандау аз болды.Әрине,ештеңеге оңайшылықпен қол жеткізу мүмкін емес,сондықтан тарихта қалған ірі батырларымыздың көтерілістері есте қалды.Мысалы ұлы Отан соғысын алсақ та жетерліктей уақиға.1939-1945 жылдар арасындағы бұл тарихи бүліктің негізгі себептері болып Совет Одағымен жасаған келісімінің ат құйрығын кесіп,шартты бұзған Германия әскер қолын бастап,КСРОға қара күшпен басып кірді.Көрнекті ақын-жазушымыз Жамбыл Жабаев әскер басының өршіл рухын көтеруге ат салысып,көптеген өлең шумақтарын арнады .  Қарулы күшіміз салын суға батпай,соңына  дейін нық тұрып жау қолына оңайшылықпен беріле қойған жоқ және ақтық демдері қалғанша,күш жігерлері сарқылсада жеңісті қолдан бере қоймады.1945 жылы бұл соғыста аяқталды.Ендігі мақсатымыз өз тәуелсіздігімізді жариялау болды.Алдыға қойылған мақсатпен,артта қалған қиын жылдар тек даму жолына түсуге ұмтылыс берді.Бәрімізге белгілі 1986 жылғы желтоқсан уақиғасы,жас  студенттеріміздің үлттық намысын оятты.Ешкім біздің басымыздан сипап,аяушылық білдірмеді қайта қыстың ызғарлы күнінде су киіммен жастарды қала шетіне апарып зорлық,зомбылықпен қара күш көрсетті.Осылайша атамыздың қанымен анамыздың жасымен келген  тәуелсіздігімізді алып берген апа-ағаларымызға мыңдаған алғысымызды білдіреміз .Желтоқсан көтерілісінің арқасында, мыңдаған жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді алдық. «Тәуелсіздік» деген бір ұғымның өзіндеде ата-бабамыздың,жас ұландарымыздың қанымен,елі үшін тапсырған жаны.

Тәуелсіздігімізді алып,көк байрағымызды көкке желбіретіп,тарихи құндылығымыз-мемлекеттік рәміздеріміз туралы  1992 жылы 4 маусымда қаулы қабылдадық.Басқа алып мемлекеттердің алдында жаңа егеменді Қазақстан Республикасы жарияланды.Тұңғыш президентіміз болып-Н.Ә.Назарбаев сайланды.Мемлекетімізді басқа мемлекеттермен тең дәрежеде теңестіру үшін көп күш қажет етілді.Себебі,экономикалық жағдайымыз нашар,көк тиінсіз мемлекет едік.Бірақ,қазір экономикасы индустриялы бағыт алған,әлеуметтік жағдайы біршама күшейген мемлекетпіз.Елбасымыздың сонау ызғары мол жылдары халық игілігі үшін еш ойланбастан «Невада-Семей» атом полигонын жабу туралы қаулы қабылдады.Осы жасалған жобаның арқасында қазақ халқы полигон радиациясынан туындаған аурулардың нышандарын біршама тоқтатылып,ауру түрлері жойылды. Келесі баста мәселе болып Қазақстанның ұлттық валютасын енгізуі болды.1993 жылы 15 қарашада «теңге» айналымын енгізді.1995 жылы 30 тамыз күні жаңа конституциямызды қабылдадық.Конституциямызда тек қана адам құқығы ғана емес,өмірге келген күннен бастап өмірден ажырағанға дейін құқықтары айқын берілген.Және де Парламент 2 бөлімнен тұрады:Мәжіліс және Сенат екені көрсетілген.Баптармен бөлімдерінде 1993 жылға қарағанда көптеп өзгерістер енгізіліп,жаңа конституция 1998 жылы қабылданды.

2010 жылдың қаңтардың 1ші  жұлдызында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.Басқа алып мемлекеттер Қазақстанға келіп ел ордамыздың қонағы болды.Әлемдік мәселелер талқыланып,барлық жағынан шешіліп,президент өкілдері өз ризашлықтарын білідіріп елдеріне қайтты.2011 жылы Қазақстанда бірінші  «7ші Қысқы Азия ойындары» да бізде өтті.Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе болды.Көптеген сауық ойындары салынды.Мысал ретінде Оңтүстік астанамызда Трамплин спорт кешені салынып, қаланың назар аударарлық орындарының бірі-Медеуге үлкен өзгерістер енгізіліп,күрделі жұмыстан өтті.2012 жылы Қазақстан «London 2012 olympic games» ойындарына қатысып 7 алтын,1 күміс,5 қола жүлдегерлері атанып,алғы шептердің бірі болды.Еліміз 204 мемлекет арасынан озып,алды болып 12 орынға иеленді.Бұл мемлекетімздің ынтымағы биік болғанын айқындап көрсетіп отыр.

Еліміздің осындай биік деңгейге жеткендігі біз үшін үлкен мәртебе,ұлы  құрмет.Біз әлі де өзімізді дамыған  мемлекттер қатарына қоса алмаймыз,себебі біз әлі де дамушы мемлекетпіз.Ендігі алдыға қойған мақсатымыз-«теңге» айналымын  әлемдік валютаға енгізу.Отанымызда әлі де болса көптеген спорттық ойын түрлері өтетініне еш күмәніміз  жоқ. «Қазақстан 2030»  стратегиялық бағдарлама ұсынылған соның бөлімдерінде еліміздің  экономикалық-әлеуметтік жағдайы,ел демографиясы және білім деңгейіне көптеп назар  аударылған.2030 жылға дейін еліміз жаңа бағытпен алдыға бет бұрыс алады  деген ойдамыз.

Қырық ой сөзімізді түйіндей келсек,Қазақстан қашанда болса  даму үдерісінде болады.Себебі,дамыған  мемлекет қана алдыға қойылған мақсатпен  болашаққа үлкен қадам жасай  алады.Әлемде 260 мемлекет бар,бірақ,оның 193 ғана бізге белгілі.Себебі,тәуелсіздігі алынып бірақ әлі күнге дейін  бізге беймәлім болып келеді.Осы 193 мемлекеттің қатарында өз тәуелсіздігін  жариялап КСРО құрамынан бөлініп  шыққан зайырлы,демократиялы мемлекетпіз.Еліміз саяси картадан қарасаң Азияның жүрегі,ортасы екені айқын көрінеді.260 елдің  жер көлемінен озып,алды болып 9 орынға иеленіп, аумағы жағынан ірі мемлекеттердің бірі болып табыламыз.Мен тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтан тұтамын!Және осы елімнің ары қарай даму жолына түсуіне елбасымен,халықпен бірге ат салысамын!


Информация о работе Еліммен елбасымен мақтанамын