Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:05, курсовая работа
Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы........................................................5
1.1 Қазақ радиожуранлистикасының даму кезеңдері..........................................7
1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы......................................................................8
ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері.....................................................10
2.1 Ақпараттық міндеті.........................................................................................11
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті......................................................13
2.3 Мәдени ағартушылық міндеті........................................................................15
ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы
көзқарас.................................................................................................................18
Қортынды...............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі.........................................................................25
1. Радиохабарын
тарату ісі бір мезгілде
2. Хабар
тарату тәжірибесінде алға
3. Кез-келген
бұқаралық ақпарат құралы, соның
ішінде радиохабар таратушылар
да, әртүрлі үгіт-насихаттық
Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.
Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады.
І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.
ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары.
ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары.
Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. [8]
2.1 Ақпараттық міндеті.
Барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды.
"Ақпарат"
сөзінің бірнеше баламасы бар,
Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады,әдетте, кешкісін кешкісін қортындыларын шығарып түйіндейді. Кез-келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанцияалар жаңалықтар топтамасына баса
назар аударады, олар хабар тарату кестесінде турақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әртүрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.
Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда осыған байланысты ақпаратқа сұраныс артты. Көп адамдар шағын және орта бизнес саласында істейді, бәрі де тұтынушы болып табылады. Қазақ радиосынан басқа радиостанциялар экономикалық саясатты түсіндіру, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеуге аса көңіл бөлмейді. Мұндай ақпараттың қажеттігі сезіледі. Екінің бірінің телехабарларды ертеден кешке дейін көруге мүмкіндігі жоқ. Ал, радиоақпаратты басқа тірлікпен айналысып отырып та қағып алуға болады. Радиоақпараттың мақсат-мұраты бағыт-бағдар беру, жаңа істерге жігерлендіру, кеңесші, көмекші болу. Солай екен деп, ақпаратқа үгіт-насихаттық сипат беруге, міндеттеуге, үндеуге болмайды. Радиожурналистің басты мақсаты ақпаратты сол күйінде боямасыз, нақты жеткізу, ал оны тыңдарман өз білімі мен парасаты, тәжірибесіне сай қорытуы тиіс.
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті
Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, радио ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін радиожурналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп радионың интеграциялық міндеті туындайды. Радио қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші.
Информация о работе Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас