Журналист- қазіргі заман тарихшысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 11:17, курсовая работа

Краткое описание

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Бүгінгі күн – ертен тарих
2. Қазіргі заман-ақпараттың заманы
3. Журналист-жаңалық жаршысы


ІІІ. Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Журналист қазіргі заман тарихшысы..doc

— 101.00 Кб (Скачать файл)

Журналистің ойы-тәжірибелік істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Материалды жазу барысында журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалыды. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай,бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары,біреуде орташа болуы да мүмкін. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Дарындылық қабілеттердің табиғи жиынтығы, ал шеберлік білімнің, істей білудің, дағдылардың шумағы-жыйыны,яғни өмір бойына мида пайда болатын уақытша байланыстардың күрделі жүйесінің оқу арқылы шыққан нәтижесі. Ал қабілеттің өзін білім, істей білу,дағды деп санауға болмайды.

         Дарын, қабілет және шеберліктің арасындағы айырманы көрсетуде, біз бір жағынан бұл үшеуінің арасындағы тығыз байланысты айта кетуіміз жөн.  Шеберлікті тез және жеңіл игеріп кету бұл дарынға байланысты,шеберлікті игеріп алу арқылы адам, яки журналист кейін өзінің қабілеттілігін ілгері дамыта береді,өйткені білімі және істі білуі жеткіліксіз болса,ондайда қабілеттің өріс алып кетуіне осылар зор бөгет болады.

      Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамның бақылағыштығы қанша күшті болғанда да яки эмоциялық қиялына қарап  қана ондай адамды жақсы журналист болады деп ұйғаруға болмайды. Музыкаға құлағы өте өткір адам музыкант болады дей алмаймыз, сол сықылды тек техникалық қиялдаумен ғана адам конструктор-инженер бола бермейді. Бірақ бұл нағыз мәселе шешетін нәрсе десек,біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені,дамытпаған дарынды өшіруге болады,ал орташа дарынды өсіруге болады.

    Әрине,жас журналистерге бұл орайда тынбай іздену,еңбектену міндеттері қойылатыны белгілі. Өйткені шын еңбектену арқылы ғана шынай жетістікке жетуге болады. Адам неғұрлым талатты,дарынды болған сайын,ол өзінің еңбегін, творчестволық тапқырлығын үстей береді,сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады...талант-«бұл жұмыс процесінің өзін»,еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әр журналист өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек. Бірақ қабілетім соншалықты  күшті деп, болмаса қандай дарынды екенмін деп,өзін-өзі көтере беруге болмайды,нендей қызметке ыңғайым бар, нендей қабілеттер менде басым деп ойлану керек.Озат,дарынды журналистің қасиетін нақты ісі көрсетеді.

    Нағыз журналист қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен,сенімді түрде,көз жеткізіп жазатын болуы керек.Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер.Ол үшін тіл,сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт,журналист қоғамдық қайраткер бола алса,тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

  Журналистің  тағы бір қасиеті-оның саяси-әлеуметтік  қызметіне,дүниеге деген көзқарасына,позициясына  байлансты.Бұл-жан-жақты білімділік  пен саяси-азаматтық тұрғыдан  өсу,кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуымен бірге,сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап,жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.

  Журналистің  өз қызметін жемісті атқаруы үшін интелектуалдық,психологиялық,шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды,әділ,батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой,эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай- ақ, журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне,себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес.Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық,жаңа мәселелерді тез аңғару,проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасын да білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып,тәжірибелік тұрғыдан ізденіп, еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Журналисттік мамандықты таңдаған соң сол салада аянбай еңбек ету керек. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман.Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен,қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен,инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Бұған қоса журналист кең пейілді,жаны жомарт,жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге  үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса,тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы,қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын,аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Осыған А.Темірбековтің мынадай сөзі дәлел: «Рухани байлығы мол...жоғары идеяларға берілген адамдар қиын жағдайлардың өзінде де қайратын жоймай, тіпті шат көңілмен өмір сүріп, жұмыс істей береді» [11,91-б]. Оған қоса журналистке сақтағыш қабілет те өте керек. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі,өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ.

Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып,барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге,осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың бірі. Журналистиканың маңызы жариялылық болса,халықты тек қана объективті түрде,жан-жақты әрі дәл де анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен  қамтамасыз ету керек. Сондықтан, ең алдымен өмірдегі жайларды де керекті фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Оқиғаны бұрмаламай,сол болған күйінше құрғақ сөзге салынбай жазу керек.Әр нәрсені дұрыс түсініп,талдау қажет.Яғни,әрқашан ақиқаттан айнымау-журналистің басты парызы.

      Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені,журналист қателессе,ол бір адамның қателесуі емес-мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист қателессе, оқырмандар мен көрермендердің,яғни,халықтың өзіне деген сенімінен айырылады. Журналистің ары бәрінен қымбат болуға тиіс. Әйтпесе, ол халықтың сөзін сөйлеп,халықтың сенімін ақтай алмайтыны түсінікті.

     Журналистің тағы бір ұстанатын принципі-жазған материалдарының нанымды болуы. Бұған жетудің жолы да оңай емес.

    Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист-өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман.Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді,мемлекеттік тәртіп бойынша,заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Журналистің заңға,адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс.

   Сондай-ақ, журналистік мамандық-басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп,есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз құқығын пайдаланып,басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп,деректер алуға ерікті.

   Журналист-шығармашылық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет. Шәкерім Құдайбердиев айтқан:

«Адамдық борыш,ат үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін»,- деген [12,91-б] сөздер әрбір журналистің ұраны болғаны абзал.

  Журналистің бойында қонақжайлық қасиеттің болғаны да дұрыс. Өйткені журналист ол ұжымның адамы. Сол ұжымның тілін тауып,жақсы қарым-қатынас жасап,қонақжайлық танытып жүруі шарт. Ертеректе шешендеріміздің айтқан сөзі осы жағдайға сәл де болса мысал бола алады. Яғни, Құрмысы шешен өлерінде балаларына: «Әке,бізге не айтасыз?»-деп сұрағанда: «Мен не айтайын,есім дұрыс кезінде айтқан сөзімді ұмытпасаңдар жетер,әйтсе де бір сөз айтайын: «Есіктен мейман келсе-тоқтатпа,өлген мені-боқтатпа!», - депті [13,63-б]. Журналисте дәл осылай келген қонақты тоқтатпауы қажет.

     Журналист өз заманының жаршысы. Өйткені ол өз уақытындағы айналасындағы болып жатқан елеулі оқиғаларды жазып, айтып, болашаққа сақтайды. Оның ескіше жазуға, ескіше ойлауға, ескіше қолтаңба қалыптастыруына хақысы жоқ. Кешегі творчестволық табыс-бүгінге өлшем емес. Ендеше журналист әркез жаңа қырынан танылып отыру тиіс. Ол заманнан артта қала алмайды. Ол-әркез алғы шепте жүретін тұлға.

  Кольцовтің мына бір пікіріне назар аударып көрейікші: «Журналист болу тек сапар шегу,көру,материал алу,жазу ғана емес-бұл ерекше өмір сүру деген сөз»,-деді [14,143-б].

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

      Е.П.Прохоров: «Журналистика-огромной важности инструмент гласности, обеспечения объективной информированности масс. Ведь для участия в работе над общим делом, по характеристике  В. И. Ленина , требуется, чтобы сначала был  показан «...общии абрис, размеры и характер этого дела...»,- деді [15,157б]

     Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазіргі заман-өзіне сенетін,арманы мен осы арманды іске асыруға ерік-жігері бар дарынды,қажырлы адамдардың уақыты». Осы айтылған сөз журналистерге де тікелей қатысты.Себебі журналистер ең алдымен өз күшіне,біліміне сенеді. Ешкімнен тайсалмай қоғамның ащы шындығын айтып, халықтың қамын ойлайды.

     Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988
  2. Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988
  3. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
  4. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
  5. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
  6. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы: Атамұра,1996
  7. Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі. - Алматы:

Қазақ университеті,2004

  1. Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы.баспа Қазақ университеті,2004
  2. Теплов Б.М. Психология. – Алматы: Қазмемоқупед, 1953
  3. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. – Алматы: Мектеп, 1978
  4. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. - Алматы : Атамұра, 1996
  5. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану хрестоматиясы. – Алматы: Атамұра, 1996
  6. Шешендік сөздер. –Алматы: Жазушы,1967
  7. Бекниязов Т. Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы: Қазақ университеті, 2004
  8. Е.П.Прохоров Введение в журналистику. – Москва: Высшая школа, 1988

Информация о работе Журналист- қазіргі заман тарихшысы