Модульдик технология бойынша окыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:20, реферат

Краткое описание

Модульдік технология бойынша оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жөмыс істеуге үйрету.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны. өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеләктерән ескерәп, оларды өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

Модульдік технология бойынша оқытудың негізгі мақсаты.docx

— 8.03 Кб (Скачать файл)

Модульдік технология бойынша оқытудың  негізгі мақсаты – оқушының  өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жөмыс істеуге үйрету. 
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны. өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеләктерән ескерәп, оларды өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. 
Модульдік оқыту жеке тұлғанаң ақыл-ойын, танымдылығын және шығармпашылық қабілеттерін дамытуға, шешуге алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар дағдыларды оқушы бойына қалыптастырады. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамстан 1-2 сағат теория бөлігіне беріледі, қалғанын практикалық жұмыстарға пайдалануға болады. 
Тәжірибеде модульді – блокты жүйе бойынша оқытуды тақырып бойынша модуль құрудан бастаймын. 
Модуль бес бөліктен тұрады: 
І бөлігі. Тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің анықтамаларын беру және алған білімдерін бекіту. 
ІІ бөлігі. Теория бойынша сынақ өткізу. 
ІІІ бөлігі. Сынақ, практикум өткізу. 
ІV бөлігі. Тереңдетіп білім беру және оқушылырдың қабіліттерін дамыту. 
V бөлігі. Бақылау жұмысы (деңгей бойынша).

Уақыт талабын ескерсек,оқытудың жаңа технологиялары түрлерін меңгеру және оны ендіруге әрбір мұғалім жауапты.Өйткені, қолданылып жүрген қай технологияны алсақ та,дүниежүзілік білім деңгейінде қалыптасқан азамат,тұлға тәрбиелеуге бағытталған.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. 
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным - белсенділігін арттыру.

Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс - әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді.  
 
«Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. 
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. 
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. 
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7 - 12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. 
Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1 - 2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. 
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10 - 20 минут ішінде) презентация, сызба, кесте және т. б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік беред

Модульдік оқыту технологиясы ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді,өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуге көмек көрсетеді.

Оқу модулі, негізінен үш құрылымды кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модуліне сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы(блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру. ММұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы(белгілер жүйесі,сызбалар,кестелер және т.б негізінде).Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір щқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі-мұғалімнің даярлық жүйесі.Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алған соң,оның мақсатын,мазмұнын және нәтижелерін,сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып,оқу модульін құрады.  Оқу модулінің өзгешелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, өз бетімен білімін жетілдіруге баулып, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік стандарттық деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Модуль дегеніміз –қандайда бір жүйенің, ұйымның нақты біршама дербес бөлігі.  
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өзі бақылай білуге үйренеді.  
Модульдік оқытудың құрылымы  
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.  
Оның мазмұнына:  
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;  
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;  
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:  
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;  
5. Нәтижені бағалау:  
Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:  
• Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)  
• Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)  
• Қорытынды бөлім(бақылау)  
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.  
Бұл технология  
-бала тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:  
-танымдық процестерін дамытуға;  
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;  
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:  
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.  
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модульдің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру арқылы, әр балаға оқу материалымен жұмыс істете отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады.  
Сөйлесу бөлімінде балалардың танымдық қызметі артады, әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.  
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрастырады. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекіту үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін біледі, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.  
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, іс жүзінде бәріне де беруге болады.  
Қорытынды бөлім. Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын, соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл сонында әр баланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар.  
Біріншісі, міндетті – диогностика өткізу. Екіншісі, мұғалімнің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы немесе диктант алынады.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.  
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау,яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ф.Ш.Оразбаева өзінің « Тілдік коммуникация негіздері»атты еңбегінде: «Коммуникация – қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді»,- деп атап өтті.  
Ал осы коммуникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды игерген жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу жағдайында жүзеге асатын,тиянақты ойды хабарлау және қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні бар бірліктер».  
«Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері: зерттеу,оқыту,баға» стандартында бұл «қатысымдық тұлғалар» - тілдік дағдылар деп аталған.Тілдік төрт дағды (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.  
Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.  
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады.Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.  
Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.  

 


Информация о работе Модульдик технология бойынша окыту