Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік және бастау алуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 11:31, доклад

Краткое описание

Сыбайлас жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу” сияқты түсінік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Ежелгі Вавилон мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

Статья-1.docx

— 27.35 Кб (Скачать файл)

Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік және бастау алуы

 

Сыбайлас жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу” сияқты түсінік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Ежелгі Вавилон мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады. Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлық (латын  тілінен corrumpere — «бұзықтылыққа жетелеу») түсінігі - әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкілеттік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге қарама-қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінін шығады. Бағалы сыйлық адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп тұрды және оның өтінішінің орындалуына көмек болды. Сондықтан алғышқы қауымдық құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне төлем төлеу қалыпты жағдай болды. Кейіннен мемлекеттік аппараттың күрделіленуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында басшылардың ойы бойынша тек белгіленген қызметақыға шүкіршілік етуге міндетті мемлекеттік шенеуіктер пайда болды. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысты.

Сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәліметтер антикалық мұрада да бар. Ұлы ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өздерінің жұмыстарында өкілеттік қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы, Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлық мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұндай қайта туудың мысалына монрахияның тиранға айналуы жатады. Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылып, нәтижесінде Афинада әрбір азаматқа қалай өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді міндеттейтін заң дүниеге келді.

Парақорлық XIII ғасырдағы  орыс жазбаларына да арқау болған. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне мемлекеттік дәрежеде алғаш мемлекеттік дәрежеде III Иванға тыйым салды. Ал 1561 жылы Иван Грозный жергілікті басқарманың сот шенеуіктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы тағайындау туралы Жарлық шығарды. Патша А. Романов тұсында - 1648 жылы Мәскеуде екі парақор «министр» - Плещеев пен Траханиотов халық алдында қатаң жазаға тартылды. Парақорлықпен қызметін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы мәселелер 1649 жылы қабылданған құқықтық жинақтарда шешімін тапты. Оның 5 және 7 баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларына сыйлық алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал, 6-бап пара алғаны үшін жауапкершілік тартуы тиіс субъектілердің тізімін көрсеткен, яғни оларға сот шенеуіктері атқаратын қызметті атқаратын тұлғалар жатқызылған. Реформатор патша I Петр кезінде сыбайлас жемқорлық пен қатар патшаның онымен қатал күресі тәсілі де қатарласа жүргізілді. I Петр мемлекеттік қызметте ерекше қатал тәртіп енгізіп, жемқорлықты біржолата жоқ қылуға тырысты. Алайда, оның жергілікті жағдайды жете түсінбей бастаған шаралары түпкі нәтиже бермеді.

Орта ғасырларда «сыбайлас  жемқорлық» түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның азғыруы дегенді де білдірді. Жаңа уақыттың басталуы, Еуропада орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы сыбайлас жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуында жаңа кезеңді белгіледі. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық күрделі мәселе, қоғамның «ауру» белгісі ретінде қабылдана бастады.

Қазақстан Республикасының  “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы”  Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей  анықтама береді. Ол: “мемлекеттік міндеттерді  атқаратын адамдар, сондай-ақ соларға  теңелген адамдардың  лауазымдық өкілеттігін  және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда  алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген  мүліктік игіліктер мен артықшылықтар  алуы, сол сияқты бұл адамдарға  жеке және заңды тұлғалардың аталған  игіліктер мен артықшылықтарды  құқыққа қарсы яғни, заңсыз беру арқылы оларды сатып алуы”. Сондай-ақ, жалпылама түсіндірмесі сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Қазақстанның заң ғылымында  сыбайлас жемқорлықтың даму тарихынан  қазақ даласы территориясындағы  рулық қауымдастықта қабылданған  әдеттегі құқық нормалары көбінесе көшпенді мәдениет қағидаларымен белгіленген  дәстүрлермен алдын ала анықталғаны  белгілі. Өз кезегінде Монғол хандығының қоғамдық-мемлекеттік құрылымының  ережесі номад өркениетінің процесіне  ерекше ықпал жасады. Қазақстандағы құқық жүйесі негізінің бірінші кезеңін ортағасырлардың орта және кеш кезеңдеріне жатқызу қажет және датасын шартты түрде ХIVғ.- ХIХғ. бірінші жартысы деп көрсеткен дұрыс. Сол кезде оның негізгі белгісі құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесінің және монғол көшпенді мәдениетінің жай, құқықтық институтының құқықтық ережелерінің соңғыларының ықпалымен сәйкес келуі болды. Бұл қазақ феодалдық даму формациясында өмір сүрген қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік қазір біз қабылдап отырған күйде болған жоқ. Алайда, Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін сыбайлас жемқорлық сыйяпаттық нысанда көріне бастады, яғни ақсүйек өкілдеріне сый беру борышы міндетті феодалдық дәстүрге айналды. Мысалы, жәй егіншіден хандардың, сұлтандардың, билердің және де ақсүйек өкілдерінің пайдасына «ұшыр» салығы - өнімнің оннан бір бөлігі алынып отырды. Малшылар «зекет» салығын – малдың сол немесе басқа түрінің белгілі бір санын төледі. Олармен бірге феодал басшыларының пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде табиғи сыйлар жиналды. Одан басқа, ақсүйек өкілдері мен ақсақалдарға берілетін сыйлықтардың алуан түрі болды.

Сондықтан қазақтардың сый  және басқа да құрметтер көрсетуіне дәстүрлі мінез тән, ал оның тамырлары  феодализм кезінде қазақ қоғамында  орын алған әлеуметтік-саяси және экономикалық қатынастарға кетеді.

ХVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда «Қасым ханның қасқа  жолы» деп аталатын Қасым ханның заңдары әрекет етті, ол негізінен  жәй құқық нормаларынан тұрды. Қазақтың жәй құқығының нормалары ХVI ғасырдың аяғында Тәуке хан кезінде  «Жеті жарғы» деген атаумен толығымен  жаңартылып, толықтырылды. Сол кездегі дала құқығы үш қайнардан тұрды: дәстүрден, би соттарының тәжірибесінен және билер съезінің ережелерінен. Қазақстандағы сол кездегі сот міндеттері хандармен, сұлтандармен және билермен қазақи жәй құқығының негізінде орындалды. Сот даулары хандармен соңғы сот инстанциясы ретінде қаралды. Ол бұл міндетті далада жүре отырып, іске асырды. Хан жәй құқық негізінде соттады, жәй құқықтағы кемшіліктерді ауыстыру үшін өзінің құқық шығармашылық әрекетін пайдаланды. Мұндай жағдайда ханның шешімі жәй құқыққа маңызды қосымша болды және құқықтың жаңа нормаларының тууына әкелді.

Сыбайлас жемқорлық маңызының  әлеуметтік-құқықтық өзгеруіне объективті әсер еткен Қазақстандағы құқық  жүйесі дамуының келесі кезеңі Ресей  колониалдық саясатын бекіткен және империя шекарасын кеңейткен  кезден басталады. Сыбайлас жемқорлық заңды институционалдық нысанда көріне бастады және сол кездегі оның негізгі факторлары мыналар болды: қоғамның байлар мен кедейлерге әлеуметтік бөлінуі, олардың жағдайлары бойынша араларындағы қатал иерархия, сондай-ақ қазақтарда шенеуік құрметтеу психологиясын тәрбиелейтін туыстық қатынастар мен патриархалдық мәдениет. Патша үкіметі мен жергілікті сот, билердің жазалау шараларын күшейтуі қылмыс санының азаюына әкелмеді. Сондықтан Ресейде жемқорлық пен оны таратуға әсер ететін себептерді табу мен жоюды қамтамасыз ететін жаңа жолдар іздестіріле бастады. Нәтижесінде 1845 жылы парақорлық үшін жауапкершілік туралы заңнаманы және сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының басқа нысандарын өзгерткен және толықтырған қылмыстық және атқарушылық жазалар туралы Ереже қабылданды. 1917 жылы қазандағы мемлекеттік құрылым мен басқару нысанының ауысуы сыбайлас жемқорлықты жойған жоқ, бірақ жаңа әкімшілік ортадағы парақорлық пен басқа да ұйымдасқан қылмыстардың қалыптасуына алып келген екіжүзді көзқарасты тудырды. 1918 жылдың 8 мамырындағы «Парақорлық туралы» РСФСР ХКК-нің Декреті мұндай іс үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ең бірінші құқықтық акт болды. Оған сәйкес парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке мемлекеттік немесе қоғамдық қызметте тұрған тұлғалар тартылды. Ауырлататын жағдайлар ретінде «қызметкердің ерекше құзыреті және параны қорқытып алушылық» қарастырылды. Кеңес құрылысының бастапқы кезеңдерінде барлық қоғамдық құрылымдар (діни қауымдардан басқа) жалпымемлекет мүддесінде қызмет ететін ұйымдар ретінде қарастырылды. Сондықтан кез келген қоғамдық құрылымның қызметкері лауазымдық қылмыстардың субъектісі ретінді танылды. Сот тәжірибесі бұл мәселені шешуге жан-жақты қарай бастады. Осылайша, қырқыншы жылдарға қарай қылмыстық құқықтың тәжірибесінде де, теориясында да кім лауазымды тұлға болып танылатыны және оның қызметтік міндеттеріне қандай функциялар кіретіні туралы жеткілікті нақты пікір болған жоқ.

 


Информация о работе Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік және бастау алуы