Қазақ публицистикасының бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста қазақ публицистикасының бастаулары болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштері, батырлар жыры, жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын қарастырылады.

Содержание

I. Кіріспе..............................................................................................1-3
II. Негізгі бөлім
Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4
1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6
1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7
Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9
2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14
3. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын......14-17
3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19
3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20
3.3. Доспамбет жырау............................................................20-22
3.4. Шалкиіз Тіленішұлы.......................................................22-23
III. Қорытынды.............................................................................24-26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 65.24 Кб (Скачать файл)

Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бұрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының алдында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нұрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғаута публицистикалық тұрғыдан әсер етті. Бұл, әрине, әлдеқайда кешірек пайда болған, кәсіби публицистика емес. Бірақ бүгінгі публицистиканың бастау алған тұстары - сол кездер деп айта аламыз. Дәлірек айтқанда публицистиканың бастауы – фольклорда жатыр. 
Ауыз әдебиетінің бір үлкен саласы – батырлық жырлар. Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлықты аңыздап жырлайды 
[8,2946.].

Эпос  туралы салмақты ой айтқан академик Мұхтар Әуезов қазақ халқында батырлар жайындағы поэмалардың мол екендігін. Бұл поэмалар көбіне, нақты, тарихи оқиғамен байланысып, қатарласып келетінін, мәселен, қазақ пен ноғайлының аралас рулары XVI ғасырда тізе қосып, жау шапқыншылығына қарсы біріге күресуінің нәтижесінде, "Алпамыс" жыры туғандығын атап көрсетеді.

Академик  Әлкей Марғұланның тұжырымынша, қазақ эпосы нақты тарихи шындықты ақындық тілмен — өлеңмен жырлап беретін әңгіме іспеттес. Ел есінде қалған, ертедегі халықтың хал-ахуалын көне тұрмысын ұрпақтан-ұрпаққа ауыздан-ауызға ауыстырып келе жатқан шежіре сиякты. Ә.Марғұлан эпоста тарихи шындықтың елесі бар деп есептейді. 
Батырлар жырында ой орамдарының поэзиялық шұрайлы тіл кестесінің үзілген жерлері әдетте қара сөзбен жалғастырылады. Осы қара сөздер бір оқиға мен екінші оқиғаны, бір кезең мен екінші кезеңді, бір шайқас пен екінші шайқасты жалғастыратын дәнекерлік рөлін атқарады. Батырлар жырындағы публицистикалық белгінің біріншісі - Батырлардың өмірде болған адам екендігі, екіншісі -тарихи шындық оқиғалардың баяндалуы; үшінші қазақ ру-тайпаларьшың, жер аттарының айқын көрінуі. Осымен коса, біз публицистикалық сарынды батырлар жырындағы қара сөздерден іздестердік.

2.1.Батырлар жырындағы публицистикалық сарын

Публицистикалық сарын дегеніміз - екінші сөзбен айтқанда көне замандарда жазылған шығармалардағы публицистикалық белгілер жиынтығы екенін айта кетуіміз керек. "Қобыланды батыр", "Алпамыс", "Ер Тарғын" жырларында публицистикалық сарынды көруге болады. Бұл жырларда нағыз қазақ тіршілігі, өмірде бар құбылыстар қамтылып, оқиғалардың тарихи шындыққа негізделгені айқындалады. Ежелгі қазақ даласындағы болған тарихи шайқастар, өмірде болған адамдар туралы деректер, қазақ, даласындағы жер-су аттары, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін көрсететін тұтас эпизодтар батырлар жырларының публицистикалық сипатын аңғартады. Біздің пікірімізше, белгілі бір дәуірдің шындығын көз алдымызға әкелетін батырлар жырындағы қара сөздер үлгісін публицистиканың ауызша сөйлеу тілі ретіндегі пішініне жатқызуға болады. Басқаша айтқанда, батырлар жырындағы дәнекерлік рөл атқаратын қара сөз стилі - публицистикалық стилдің ауызекі түрі. Олай дейтініміз, біз талдап, таразылаған батырлар жырындағы қара сөздердің мазмұны халық өмірінің шындығына құрылатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге батырлар жырындағы қара сөз үлгілері көпшілікке мына бағыттарда әсер етеді: 
Біріншіден, кара сөздер тыңдаушылардың ақыл-ойына тікелей әсер етіп, оларды белгілі бір қимылға шақырады, іс-әрекетке үндейді. Бұл ең алдымен - ел қорғау, туған жерді сүю, ата-ананы қадірлеу, әділдік үшін күресу, әлеуметтік теңдік мәселесі, бірлікке, ынтымаққа, бейбіт өмірге үндеу; 
екіншіден, тыңдаушылар үшін кара сөз анағұрлым түсінікті болады; 
үшіншіден, публицистикалық баяндау тәсілі қолданылады, сөз қайталаушылық көп кездеспейді. Мұның өзі ауызша айтқандықтан болса керек; төртіншіден, батырлар мен басқа да кейіпкерлер өмірде болған адам екендігі де жырдағы публицистикалық сарынды күшейтеді; 
бесіншіден, қазірге дейін сақталған жер-су, тау аттары кездеседі; 
алтыншыдан, казақ халқының бүгінгі күнде сақталған әдет-ғүрып, салт-дәстүр, діни наным-сенімдерінің нақтылы көріністері орын алады; 
жетіншіден, белгілі бір нақты тарихи кезеңде болған саяси оқиғалар тізбегі кездеседі; сегізіншіден, тындаушылардың күш-жігерін негізгі айтылатын әлеуметтік ойға бағындырып, оларды белсенді іс-қимылға біріктіріп, қатаң бақылауға алып отыру байқалады. Барлық жырларда да өз елін терең сүю сарыны басым. Сондай-ақ жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік, жалпыхалықтық мүдде алдыңғы шепке шығады. Тыңдаушыға сол кездегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді карапайым да түсінікті тілмен, жылдам, тез арада жеткізуге ұмтылу да - публицистиканың басты белгілерінің бірі. Сонымен бірге, ел аузына караған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдык пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде белгілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдык пікір қалыптастырудың өзі - публицистиканың негізгі ерекшелігі екендігі белгілі. Орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші, академик Б.А. Рыбаковтің: "...жылнама да, батырлар жыры да шындық өмір" [9,83 б.], - деген пікірі ойымыздың дұрыстығына тіреу болады. Сонымен өз заманында ауызша айтылып, ел өміріндегі көкейтесті мөселелерді сөз еткен батырлар жырындағы қара сөздерді публицистиканың ауызша пішіні деуге батыл негіз бар. "Ауызекі публицистика", яғни өмірдің өзекті мәселелерін арқау етіп, сол заман адамдарын белгілі бір әлеуметтік ой, идея төңірегіне топтастыра білген батырлар жыры - қазіргі публицистиканың нағыз бастау, бұлақтарының бірі деп батыл айта аламыз.

2.2. Қобыланды батыр жырындағы публицистика белгілері

"Қобыланды  батыр" жырының бастауында-ақ Қобыландының өмірде болған адам екендігін, Тоқтарбай атты бай әкесінің болғандығын, қалың қыпшақ елінің жаз жайлауы - Көзді көл, қыс қыстауы — Қараспан тауының баурайы екендігін көрсететін жолдар бар. Айқаста жеңіп шыққан Қобыланды ер әкесі Тоқтарбайдың қасына келіп отау тігеді. Сонда:

"Әлқисса, Қобыланды батыр әкесі Тоқтарбайдың жанына отауын тігіп жатып әкесіне келіп:

- Мен кеткелі жылқыдан біраз  айлар болды.

Сонан бері тоқсан құл мен малдан хабар бар ма? — деп сұрады.

— Жоқ, шырағым, құлдан да, малдан да хабар жоқ, -деді. Құйған шайдан ішпей, ашытқан балдан ішіп, "мен малдың хабарын біліп келейін", — деп жүріп кетті . Осы үзіндінің өзінен бірнеше публицистикалық белгілерді аңғару қиын емес. Қобыланды өмір сүрген уақыт — жаугершілік заман болғандығы, көшпелі қазақ тіршілігі, малға қараған қазақ тұрмысы - жырдағы әлеуметтік ойды, публицистикалық сарынды байқатады. Ал Қобыландының сауал қоюы, оған әкесінің жауап беруі, яғни сұрақ-жауап, диалог пішіні де публицистикалық сұхбаттың шағын көрінісі іспеттес. Жырдағы публицистикалық пафос бәсеңсімей, айтушының атынан келесі қоғамдық маңызы зор оқиғаны жеткізеді: "Әлқисса, ол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып жатып алды дейді". "Қызылбастың елінен, Қазан деген ер шықты" — деген Қазанның өмірде болған адам екендігіне Әлихан Бөкейханов мынадай дәлелдер ұсынады: "Қобыланды жырындағы қалмақ ханы Қазан Жошыдан төрт-ақ ата төмен. Бұл Қобыландыдан бұрын болған. Хазіргі Түркияның ескі патшасы Ғұсманмен замандас. Ғұсман 1299-ыншы жылы патша болған. Шыңғыс ұлы Толыға алты ата, орысты алған тағы екінші Қазан хан бар.  Бұ да Қобыландыға замандас болатыны көрінбейді. Қобыландыны Қазанмен ақын соғыстырып қойса керек. Шағатай ұлысында Шағатайға алты ата бір Қазан хан болған. Бүл 1332-інші жылы таққа отырды. Бұл мықты, қатты, жұртқа зәбірлі болған. Шағатай үлысын жалғыз қаратып алам деп, көп жаһид қылған. Шағатай, Жошы ұлысы жанжалсыз болған емес. Қыпшақ Жошы ұлысында, Қобыландымен соғысқан Қазан хан осы болуы ықтимал. Бұл Қазан опат болған 1347-ші жылы". Ә.Бөкейхановтың бұл дерек, болжамдары Қазан ханның ғана емес, Қобыланды батырдың да өмірде болған жан екендігі туралы ойға жақындата түседі. Ал шындық ауылына жақындаған сайын, батырлар жырындағы публицистикалық белгілер де молая түседі.

Жырдың басынан аяғына дейін  қазақ даласындағы жер, су, тау аттары кездесіп қалып отырады. Бұл жырдағы оқиғаның қазіргі қазақ даласының ауқымында өткенін дәлелдейтін-бұлтартпайтын айғақтар. Дәл осы мөселеге Ә:Бөкейханов та ерекше көңіл бөлген: "Қара қыпшақ Қобыландыда" мынау жер-су аттары бар: Қараспан тау, ЬІндулы тау, Алалай һәм Сың-Сылам өзендері, Жүнтөбе, Арыс, Азулы, Елек өзендері, Есенбай, Борсықбай, Аманбай (Тікен), Күдері, Қара дөң, Ембе, Жем, Темір өзендері, Тобылғылы Нұра, Барлы-барлы, Барлы тау, Қарлы тау, Алатау, Атасу, Манасшы, Күнгилі, Азулы көл, Сары өзен, Есіл, Ақсай, Мүштан (қала), Балалы тау, Жайық..

"Қобыланды"  қайта басқанда мұндағы жер,  су һәм кісі аттары әліпби тәртібімен кітаптың аяғына басса һөм олар шыққанда кітаптың қайсы бетінде сөз бар екені көрсетілсе, бірінші — кітап тәрбиелі болар еді, екінші — бұл жырдан қазақ тарихына жем іздеген адамдарға оңай болар еді",— деп көрсетеді. Шын мәнінде осынша географиялық атаулардың кездесуі де — "Қобыланды" жырындағы публицистикалық сарын деуге негіз бар.

"Қалмақтың  ханы Алшағыр// Аламын деп тұр екен.// Қалмақтың ханы Алшағыр// Алтынды таудың алдында,// Тастан соққан қорғанды,// Бүгін үш күн болады.// Шауып кетті елінді,// Сындырып кетті белінді..." — деген жолдарда да қазақтың қалмақпен соғысқан дәуірінен, Алшағыр атты ханмен Қобыландының ұрысқандығынан белгі береді. Ал Алтынды тау — Алтай тауы екендігі тарихтан белгілі

Қобыландының өмірде болған батыр  екендігі туралы жорамал, болжамдар аз емес. Әсіресе Ә.Бөкейхановтың мына пікірінің мәні зор: "Едіге би Тоқтамыс ханға өкпелеп, Еділдің күншығыс жағына өткен... Сондағы Тоқтамыс ханның тоғыз батырының біреуі қара қыпшақ Қобыланды.  Тоқтамыс хан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы нәсілінен. Бұл Ақсақ Темірмен соғысып, жеңіліп қашқан. Бұл Қобыландының ісі XIV ғасыр ортасы болуға лайық (Шәкәрім шежіресінен) Тоқтамысқа болысқан Литва князі Витовты Воркесла өзені бойында Ақсақ Темірдің қолбасшысы Едіге алған. Бүл соғыс 1399-ыншы жылы болған. Бұған қарағанда Едіге Тоқтамыстан кеткен соң Ақсақ Темірге қолбасшы болған болса керек. Мұнан көрінеді: Қобыландының Тоқтамыс, Едігелермен замандас екендігі".

Қобыландының өмірде болғандығы туралы деректерді Мұхтар Әуезов те келтіреді: "Орынбор архив комиссиясының мағлұматы бойынша, Елек қорғанынан Ойылға қарай жүретін қара жолдың үстінде, Қобыланды деген бекет бар. Соның жанында Қобыландының бейіті деген бейіт бар дейді. Сол маңайдың қазағы Қобыланды жайынан ескілікті әңгіме айтады. Бұл Қобыландының болған адам екеніне бір дәлел. Екінші, Шәкәрім ақсақалдың шежіресінде, ескіліктен қалған әңгіменің ретінде Қобыланды батыр Жәнібек пен Әбілқайыр ханның тұстасы делінеді... .Әбілқайырға Қобылаңдымен қадірі тең түсіп жүретін арғын Дайырқожа деген ел жақсысы болады. Қобыланды мен Дайырқожа кектесіп жүргенде далада кездесіп, батыр Дайырқожаны өлтіріп кетеді... Қобыланды өлтірген Дайырқожаның әкесі-Қыдан тайшы (ақын) өлеңі деп мына өлең айтылады:

"Қара  қьшшақ Қобыландыда

Нең бар еді, құлыным?". Бұл сияқты ескілікті сөздер Қара қыпшақ Қобыландының болған адам екенін анық, айқын білдіргендей болады".

Сонымен Қобыланды батыр жырындағы оқиғалардың  тарихи шыңдықпен қабыса өрілуінің өзі — жырдың тұтас публицистикалық сарынға құрылғандығын, ақиқат өмір құбылыстарынан бастау алғандығын айғақтайды. [10,38-46]

3.Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын

Жыраулар  поэзиясындағы публицистикалык  сарын атты бөлімшеде заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі – жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды. 
Публицистиканың түп-төркінін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар: "Публицистиканың тарихына тереңінен үңілу бұл қоғамдық-саяси қызметтің тарихын карастыруға апаратын бірден-бір жол. Бұл сөз тарихы, ең алдымен ауызша (астын сызған біз. - Б.Ж.), содан соң негізінен жазбаша сөздің саяси қызметке бағышталған тарихы"[12,24 б.],- деген пікірге тоқтайды. Егер де біз кешегі өткен шешендерді, жыраулар мен айтыс ақындарын халыктың үні мен тілі болған, қоғамдық пікір қалыптастырған, қоғам кемшіліктерін сынға алған өз заманының публицистері болды десек, құлаққа тосын естілуі мүмкін. Бірақ газет-журнал жоқ кезде сол хандык дәуірдің ақиқатын елге жеткізіп, халық мұңын ханға жеткізіл отырған сол сахараның саф алтын сөзін пір тұтқан тұлғалары еді. Олардың кейбіреуі - ел билеушілерін асыра мақтап, дәріптеп, оның саясатын жұрт арасында жүргізуіне бас жәрдемші болса, енді біреулері - қарапайым халықтың жанашыры болып, солардың мақсат - мүддесін жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсады, тіпті ұлықтардың әділетсіз, зорлыкшыл, қиянатшыл әрекеттерін бетіне басып, айтып салды. Тағы бір жыраулар таразының екі басын тең ұстауға тырысып, билік өкілдері мен халық арасындағы дәнекерлік, карым-қатынас, байланыс қызметін атқарды. Мұның өзі жыраулар сөзі айтылып қана қоймай, халықты белгілі бір ой төңірегіне топтастырып. белгілі бір істі жұмыла шешуге бағыттап отыратын күшке ие болғандығын айғақтайды. "Бізге дейін жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштерінен қазір өзіміз публицистика терминімен анықтап жүрген дүниені бүгінгі қалыптасқан күйінде таба алмаймыз, бірақ қоғамдық өмірге публицистикалық ықпал ету түрі ерте кезеңдерде де болған, ол ауызекі сөзбен - шешендік өнермен жүзеге асырылған"[10,13 б.],- деген тұжырымдар да біздің ойымызды бекіте түседі. Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалык белгі - оның мемлекетті басқару құралына айналғандығы болып табылады. Жыраулар - хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһармандығын, жеңістер мен жеңілістерді, қанды шайқастарды суреттеп жырлады. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бүқар, Жанақ, Махамбет жырларында публицистикалық белгілер көптеп кездеседі. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык, сарын арқылы біз өткен ата-бабалар өмірінен, олардың әлеуметтік-саяси тіршілігінен сыр тартып. халқы үшін жанын киған батырлар ерлігімен танысамыз.Заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі - жыраулар поэзиясы. Өзінің "Ақындар" атты монографиясында профессор Е.Ысмайылов жыраулар поэзиясының өзгешелігін айқындап көрсетіп берді: "Жырау адам баласы басындағы қайғыны, зарды, ел ішіндегі ауыртпалықты толғау, әлеуметтік, елдік мәселелерді көтеру, тағы басқа әр түрлі өткен-кеткен күйлерді шерту, болашақты болжап, ақыл айтып, батагөйлік ету, шешендік түйіндер жасап, терең ой қозғайды. Бұл жыраудың дәстүрлі ерекшелігі". Осы анықтамадағы көптеген тұжырым - түйіндер жыраулар шығармаларында публицистика белгілерінің көрініс беретіндігіне айқын дәлел бола алар еді.

Көрнекті  қазақ ақыны Әбу Сәрсенбаев: "Кешеге дейін өзімізді өзіміз қоршап, біздің өткеніміз болған жоқ, тарихымыз тек Кеңес өкіметінен басталады, біздің бетке ұстарымыз болмаған, мал соңында қаңғып жүрген жабайы, меңіреу халық едік, тек ұлы орыс халқының арқасында ғана жер бетінен жойылып кетпей аман сақталдық, патша үкіметі атамекенімізді отарлап, бізді құрып кетуден сақтады деп келдік. Қазақ хандарының бәрі жауыз, қанышерлер, қазақ жырауларының бәрі керітартпалар, ал орыс патшаларының бәрі шетінен дана, шетінен халық қамқоршысы деп сандырақтадық. Бізді солай сандырақтатты" [6,88],— деп ащы да болса, ашына жазғанындай, өткенімізге бүгінгі тәуелсіз ел ұланының көзқарасы тұрғысынан әділ баға беретін күн туды.

Орта Азия әдебиетінің қайта  бас көтеру кезеңі XV ғасырлардан басталды. Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде қалыптасуына орай, оның өзіндік әдебиеті мен әдеби тілі де жаңа белеске көтеріледі. Жеке хандар мен қолбасшыларды мадақтаған туындылар көбейе бастады. Олардың ауыз әдебиетіндегі қаһармандық бейнелері сомдалды. Көсіле жыр төгіп, шешіле сөз маржанын тізетін жыраулар тарих сахнасынан орын алды. Жырау поэзиясының басты тақырыптары — қазақ хандығын құрған тайпалардың ынтымағы мен бірлігі, мемлекетті нығайту, сыртқы жаудан елді қорғау, әскери қуатты күшейту мәселелері болды. Жоқшылық атаулыдан құтылып, молшылықта өмір сүретін қоғамды аңсады. Соған жетуге ханды да, халықты да шақырды. Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалық белгі - оның мемлекетті басқару құралына айналғандығы болып табылады.

Жыраулар — хан сарайы төңірегінде  қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтарға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһармандығын, жеңістер мен жеңілістерді, қанды шайқастарды суреттеп жырлады. "Қазақ әдебиетінде ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің, фольклордың ықпалы басым болып келгені мәлім. Ақындар мен жыраулар фольклор кайнарынан сусындап, шығармаларында ауыз әдебиетінің ағынымен кетіп отырады" , — деп жазды профессор Ш.Елеукенов. Жыраулық поэзия да ауыз әдебиетінің бір үлгісі болғандықтан олардың айтқандары ел аузында тез тарап, ұрпақтан-ұрпаққа қаймағы бұзылмай жетті. Бұл туралы Ә.Кекілбаевтың мына бір ойы көкейге қонады: "Шамасы, бағзыдағы бабалар өздері тұрғызып кеткен ескерткіштерден гөрі аңыздарға көбірек үміт артқан болса керек. Өйткені, үн-түнсіз тас ескерткішке тек ғұлама ғалым ғана түсінеді, ал ауыз екі аңызға жұрттың бәрі түсінеді. Тас ескерткіш, қирап көзден жоғалады, аңызды жүрген жерде айта жүресің. Сөйтіп бір ұрпақтың тарихы екінші ұрпаққа, бір елдің тарихы екінші елге жетеді" /ЛЖ. 1968, 12 ноябрь/. Жыраулар поэзиясы да ауызша тарағандықтан, көне замандар тарихын бізге жеткізген, халық бар жерде ешқашан жоғалмайтын асыл мұра.

Информация о работе Қазақ публицистикасының бастаулары