Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 11:36, реферат
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Негізгі бөлім
1.Еліміздің экологиялық проблемалары
1.1.Арал теңізі мен Балқаш көлінің жағдайы
Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
1.2.Радиациялық заттардың экологияға деген зияны
Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.
1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.
2.Қазақстан табиғаты – ата-бабамыздан жеткен мұра.
2.1.Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында айтылғандай, Қазақстан Республикасы жаңа тарихи белеске өтіп отыр. Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үрдістердің бірқалыптылығына – тұрақты даму кезеңіне көшу – қойылған мақсаттардың қозғаушы күші іспеттес болып отыр.
Еліміздің табиғи байлығын сақтау үшін, мемлекетімізді мекендеген тұрғындарымыздың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын көтеру үшін, табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметіне халықаралық стандарттарды ендіруіміз қажет. Осы мақсатта Министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері ұстанатын осы Экологиялық саясат қабылданып отыр. Саясат келесі негізгі міндеттерді көздеп отыр:
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің ең негізгі әлеуметі, қазақстандық қоғамның барлық қызмет түріне тұрақты даму қағидаларын енгізу, елдің барлық аймақтарының экологиялық жағдайын жақсарту, қазақстандық өнеркәсіпті экологиялық-техникалық жабдықтармен қайта қамсыздандыру, алдыңғы қатарлы, қол жеткізерлік, «озат» технологияларға көшу ісіне демеу көрсету. Қоршаған ортаны жақсарту ісіне елдің барлық мемлекеттік басқару органдарының барынша араласуына ықпал ету. Орнықты даму жөніндегі кеңестің жұмыс органы қызметін белгілеуде Министрліктің ролін жоғарылату.
ИСО 14001:2004 халықаралық стандартының қағидалары мен ережелерін қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жұмысына енгізілуін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайды жақсарту ісінде нақты нәтижеге қол жеткізуде Министрліктің әрбір қызметкерлерінің жауапкершілігін белгілеу, мамандарды үнемі және жүйелі түрде оқыту, басшылық тарапынан барлық бөлімшелердің ішкі аудиті мен қызметін талдау жоспарлаудың сапасын арттыру. Министрлік қызметінің «тұрақты жақсару» қағидасын қадағалауға қол жеткізу, жақсы мәндегі өзгерістерді бақылап, талдау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарының енгізілуіне ықпал ету
Экологиялық, ең алдымен энергия мен ресурстарды үнемдеу мәселесі, ұқсас энергия көздерін біртіндеп енгізу мәселесі, тұрмыстық қалдықтарды қолдана білу мәселесі, көлік шығарындыларын азайту мәселесіндегі Министрліктің қызметін ұйымдастыру барысында экологиялық аспектілерді есепке алу мәселесінде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарына үлгі болу.
Министрлік қызметінің ұйымдастырушылық аспектісінің сапасын арттыру, біртіндеп «бір терезе» қағидасына өту арқылы ішкі сыртқы қарым-қатынастың неғұрлым эргономикалық және тиімді модельдерге өтуді қамтамасыз ету, қажетсіз ішкі құжат айналымын қысқарту, құжаттарды дайындау, құжатпен жұмыс жасау барысында халықаралық стандартарды ескеру.
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің қоздыру тетігін дамыту. Таңдау барысындағы экологиялық қағидаларды ескере отырып, экологиялық жобаларды таңдаудың қазіргі заман талабына сай қағидаларды енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өткізілетін шаралардың тиімді жоспарлануын қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесінің шешілуіне қоғамның қатысуын жоғарылауына ықпал ету, қоғамдық экологиялық сараптама мен қоғамдық экологиялық бақылаудың құралдарын барынша белсенді түрде қолдану, көпшілікті экологиялық түсінікті дамыту.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарын мұқият сақтау, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы, сонымен бірге экологиялық заңнаманы жетілдіре түсу арқылы жүйеленуіне, халықаралық стандарттар мен нормаларға жақындай түсуіне ықпалдасу.
Рұқсат етілетін жүйе мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың одан әрі жетіле түсуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әдістемелік негіздерін дамытып, жетілдіре түсу. Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерін бағалау бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе жұмыс жасау.
Тиімділігін, жеделдігін, қазіргі заман талабына сай техникалық қатылуын, нақты мәселелер мен проблемаларға деген бағытталуын қамтамасыз ете отырып, Министрліктің ақпараттық жүйесі мен қоршаған ортаға мониторинг жүйесінің әлеуетті дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық ақпараттың белсенді түрде тарауы мен барлық мүдделі тұлғалармен ақпаратпен алмасудың орнауына ықпалдасу.
Экологиялық бақылау құралып, оның ішінде алдын алу шараларын қолдану арқылы, өндірістік экологиялық бақылау жүйесімен барынша мол ақпарат алмасу арқылы, сонымен бірге тәуелсіз кәсіби экологиялық инспекция ретінде экологиялық аудитті жүргізу арқылы дамыта түсу.
Негізгі үйлестіру орталықтарға Қоршаған Ортаны қорғау министрлігімен қызметтесетін мәртебесін беру арқылы олардың көмегімен Қазақстан Республикасында экологиялық ғылымдарды дамыту бойынша шаралар қолдану, Министрлік қызметінің тәжірибесіне ғылыми әзірлеу қорытындыларының барынша толық енуін қамтамасыз ету.
3.Мемлекетіміздегі экологиялық мониторинг
3.1.Ұлттық бақылау мониторинг жүйесі
Қазақстан Республикасының экологиялық мониторингі негізінен мемелекеттік мекеменің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта бұл жұмысты Мемелекеттік қазыналық мекеме "Қазгидромет" атқарады. Атмосфералық ауаның мониторингісін Республикамызда 33 қала мен поселкілерде бақылау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы станционарлық бақылау бекеттерінің ішінен мауусымдық және атмосфералық ауаның ластануының көп жылдық деңгейін, сонымен қатар әртүрлі қалалардағы ластану деңгейін салыстыру үшін, 44 демеуші (опорный) бақылау беккеті жұмыс жасайды. Станционарлық бақылау бекеттерінің саны, оларды поселкіде орналастыру, халық саны мен жер бедеріне, нормативтік құжаттар бойынша ластану деңгейіне байланысты орналастырады.
Ауаның ластануын бақылау көбінесе мұнай-газ өндіру, соның ішінде Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, Өзен мұнай-газ және газконденсатты мұнай өндірілетін жерлерінде жүргәзәледә. Жылжымалы факель асты бақылау Оңтүстік Қазақстанның ірі өнеркәсіптік мекемелері орналасқан Шымкент және Тараз қалаларында жүргізіледі.
Станционарлық тұрақты бақылау бекеттерінде жергілікті уақыт бойынша 01, 07, 13, 19 сағаттарда Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған қалаларында толық бағдарлама бойынша, 07, 13, 19 сағаттарда жүргізіледі. Ауаның ластануымен баұылаумен қатар метеорологиялық бақылау, яғни қалада және поселкілердегі зиянды заттардың таралуын анықтау, ауаның ластану көрсеткіші есептеледі.
Ұлттық бақылау мониторинг жүйесі бірнеше деңгейден тұрады:
- алғашқы (төменгі) деңгей - бақылау жүргізіліп, белгілі бір мәліметтерді талдайтын және қорытатын бекеттер;
- екінші деңгей-алынған материалды талдау, анализдеу, сонымен қатар бұл орталықтар аумағына жергілікті болжам жасайтын аумақтық орталық;
- үшінші (жоғарғы) деңгей - қоршаған ортаға ұлттық көлемде болжам мен баға беретін Қазгидромет.
Табиғат ортасын ластайтын зиянды заттардың жылдамдығына байланысты барлық берілетін хабарллар 3 категорияға бөлінеді:
1.Жедел хабар (экстремалды) - табиғаттың апаттық құбылыстарын немесе теріс антропогендік әсерлер мен қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайлардың әсеріне лпстпну деңгейінің қауіпті жағдайда жергілікті және республикалық мемлекеттік органдарға, сонымен қатар барлық мүдделі мекемелерге шұғыл хабарды қауіпсіздік жағдайлар болмас үшін хабарланады.
2.Шұғыл (оперативтік) хабар - жергілікті периодты және бақылау қорытындысының сараптамасы мен басқа мәліметтер жергілікті жерде жүргізіледі, қорытынды сараптама Қазгидрометке жіберіледі, ол өзінің барысында мемлекеттік басқару органдарына болып жатқан жағдайды айтып мәлімет береді.
3.Режимдік хабар - жыл бойынша бақылауды және қоршаған ортаның ластану динамикасының жалпы жағдайын, ластанудың болу себебі мен оның пайда болуын және табиғат ортасын қорғау жөніндегі жұмыстарды, осы аймақ бойынша жалпы мемлекеттік саясатты талдау, экономиканың ұзақ мерзімді бағдарламасын (20 - 30 жыл) жасау, табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтиды.
3.2.Мониторинг сатылары
Қазақстанда жалпы мемлекеттік бақылау қызметі кезінде мониторингтің барлық: жергілікті, аймақтық және ғаламдық сатыларын қамтиды. Осы үшдеңгейдегі мониторинг сатыларының қорытындысын талдай келе, әртүрлі аймақтағы антропогендік және табиғи процестердің жағдайы туралы нақты мәлімет алады. Осы мақсатта көптеген бақылау бекеттерінде, бақылау створларында (бекеттер), тұрақты бақылау бекеттерінде, химиялық зертханаларда, ұшақтар, тік ұшақтар және ғарыштық бақылау құралдары арқылы, суға, атмосфералық ауаға, топыраққа, теңіз асты топырағына, жерге жақын алаңдарға бақылау жұмыстарын ұйымдастырып, жердің, жер қойнауындағы минералды - шикізаттар ресурстарының, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жағдайы туралы мәлімет алады.
Бақылаудың негізгі көлемңн гидрометерология және қоршаған орта мониторингісі қызметі ("Қазгидромет" РММ) атқарады.
Мемлекетімізде бақылау қызметінің маңыздылығын арттыру үшін біртұтас мемлекеттік экологиялық мониторингті бақылау жүйесі құрылды (ҰБМЭМЖ). Оның негізгі мақсаттары, соның ішінде экологиялық жағдайды сипаттайтын нақтылы банкілік мәліметті енгізу және халықаралық - экологиялық хабарлар жүйесімен байланыстылығын, сонымен қатар нысананың жағдайын болжау және бақылау мен оған антропогендік әсерлдің әдейі, қоршаған ортаға экологиялық жүйе мен халықтардың денсаулығының өзгерісі кіреді.