Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 08:05, реферат
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 – 1703) енгізген.
Кіріспе.
Шеттік қаңқаның онтогенезі.
Дене жасушаларының микроскопиялық құрылысы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Пәні: жануарлар морфологиясы
Тақырыбы: Шеттік қаңқаның онтогенезі; Дене жасушаларының микроскопиялық құрылысы.
Тексерген: Тугелбаева А.Д
Орындаған: Кенжебаева Т.Х.
Тобы: ТЖ-405
Семей қаласы 2014ж
Жоспар:
Кіріспе
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0, 1 – 0, 25мкм - ден (кейбір бактерияларда) 155мм - ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Клеткасының диаметрі 10 – 100мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның организмінде – 1014 Клетка болса, организмнің кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген био полимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды
Шеттік қаңқа немесе алдыңғы аяқ қаңқасы (кеуделік) және артқы (жамбастық) аяқ сүйектерінен құралған. Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі ( жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады.
Аяқ сүйектері қол сүйектеріне сәйкес келеді. Оларға жамбас белдеуі, ортан жілік, сирақ және аяқ басының сүйектері жатады. Жамбас сүйегі қимылсыз байланысқан үш бөліктен түзілген: мықын, шонданай, шат сүйектері. Осы үш сүйектің біріккен жеріндегі ойысты ұршық ойысы деп атайды. Оған ортан жіліктің ұршық басы енеді. Ортан жілік адам сүйегінің ішіндегі ең ұзын, ең ірісі. Оның денесі –диафизі және екі шеті – эпифизі болады. Жоғарғы басын проксимальды, ал төменгі жағын дистальды эпифизі деп атайды. Сирақ сүйектері екі сүйектен түзілген: асық жілік, шыбық сүйегі,табан сүйектері ұзынша келген бес сүйек. Әрбір табан сүйегінің орта бөлігін денесі, арт жақ тегіс келген жерін негізі, ал алдына жұмырлана біткен бөлігін басы дейді.
2. Аяқ сүйектері
екі бөлімнен құралады: 1/ еркін
қозғалмайтың бөлім немесе иық
жамбас белдеу; 2/ еркің қозғалатың
бөлім. Иық белдеуге жаурын жатады.
Жаурынө жалпақ келген, үшбырышты
сүйек. Оның латеральдік және
қабырғалық беттері, дорсальдік, краниальдік,
каудальдік жиектері және үш
бұрышы болады. Жамбас белдеуі- бірөбірімен
шеміршек арқылы жартылай
Шеттік қаңқаның онтогенезі
Шеттік қаңқа немесе аяқ қаңқасы алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралған.
Кеуделік аяқ қаңқасы.
Малдың кеуделік аяғы екі бөлімнен құралады:
1.Еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі.
2.Еркін қозғалатын бөлім (тоқпан жілік, білек, тізе, жіліншік және басқа сүйектері)
Жауырын- жалпақ келген үшбұрышты сүйек. Оның латеральдік және қабырғалық беттері дорсальдік, краниальдік, куадальдік жиектері краниальдік, каудальдік, вентральдік ұштары болады. Жауырынның латеральді беті оның қыры арқылы қыр алды және қыр арты ойықтарға бөлінеді. Жауырынның қыры жауырынның дистальді бөлігіне дейін созылып келіп, акрамион өсіндісімен аяқталады. Қырдың орта тұсында қырдың төмпегі орналасады. Жауырынның қабырғаға қараған медиальды бетін жауырын асты ойысы алып жатады. Ойыстан жоғары жауырынның дорсальдык жиегіне жақын бұдырлы бет деп аталады. Жауырынның вентральды бұрышында тоқпан жіліктің ұршық басы мен байланысатын буындық ойыс орналасады. Бұрыштың краниальдік жиегінде бұрыш үсті төмпешік, ал бұл төмпешіктің медиальды бетінде құстымсық тәрізді өсінді болады. Вентральды бұрышқа қарама қарсы жауырынның жалпақтанып келген табанына жауырын шеміршегі бітеді. Жылқыда және шошқада жауырын қырында акромион болмайды. Ірі қара малда акрамион өсіндісі жақсы жетілген. Итте жауырын қыры буындық ойысқа дейін созылып жатады. Акромион өсіндісі айқын білінеді.
Тоқпан жілік іші қуыс, ұзын жіліктер сүйектеріне жатады. Оның орта тұсын сүйектің диафизі, ал жоғарғы және төменгі жілік бастарын проксимальдік және дистальдік эпифиздер дейді. Сүйектің проксимальды эпифизінде пішіні шар тәрізді келген ұршық басы болады. Одан төменірек жіліктің жіңішкерген жерін оның мойны деп атайды. Жоғарғы жілік басының екі қапталында төмпешікаралық сай арқылы бөлінген кіші және үлкен төмпешіктер болады. Дистальды эпифизде білек сүйектерімен байланысқан шынтақ буынын құрайтын тоқпан жіліктің шығыршығы көлденең орналасады. Тоқпан жіліктің дистальды эпифизінің пальмарлық бетінде шынтақтық шұңқыр орналасады. Жылқыда латеральдік және медиальдік төмпешіктердің арасында үшінші орталық төмпешік болады. Осының нәтижесінде төмпешікаралық сай екеу. Итте тоқпан жілік жіңішке де ұзын болып келеді. Дистальдік шығыршықтың үстіне айдаршық үсті тесік көрінеді.
Білек қаңқасын кәрі жілік пен шынтақ сүйектері құрайды.
Кәрі жілік денеден, проксимальдік және дистальдік эпифиздерден тұрады. Проксимальды эпифизді кәрі жіліктің басы түзеді. Онда тоқпан жіліктің шығыршығымен байланысатынын жілік басының шұңқыры орналасқан. Дистальдік эпифизде айдаршығы орналасқан. Ондағы тізелік буындық беті екі бүйірінен латеральдік жіне медиальдік үшкір өсінділермен шектелген. Шынтақ сүйек үй жануарларында әртүрлі дәрежеде дамыған. Оның проксимальды бөлігінде жақсы жетілген шынтақ сүйектік өсіндісі болады. Бұл өсінді шынтақ сүйектік өсіндіні төмпегімен аяқталады. Шынтақ сүйектік өсіндісінің дорсальдік бетінде тоқпан жіліктің шығыршығымен буынды байлыныс түзетін шығыршықтық ойық болады. Ол ілмек тәрізді өсіндімен жабдықталған. Дорсальдік бағытта шынтақ сүйегі жіңішкеріп, буындық ойыстармен аяқталады. Жылқыда кәрі жілік жақсы дамыған, шынтақ сүйегінің тек проксимальды бөлігі ғана қалған. Ірі қара малда шынтақ сүйек пен салыстырғанда кәрі жілік жақсы жетілген. Екі сүйектің аралығында проксимальдік және дистальдік сүйекаралық саңылаулар болады. Итте кәрі жілік пен шынтақ сүйек бір бірімен қозғалмалы байланысады. Кеуделік аяқ басы қаңқасы, білезік, алдыңғы жіліншік пен саусақ сүйектерінен тұрады. Білезіктің проксимальды қатарына медиальдік жағынан бастап төрт сүйек орналасқан: кәрі жілік тізе сүйек, ортаңғы тізе сүйек, ортаңғы тізе сүйек, шынтақтың тізе сүйек, қосымша тізе сүйек. Тізенің дистальдік қатарына І, ІІ, ІІІ, ІV, V тізе сүйектері орналасады. Сүйектердің қатар саны медиальды жағынан басталады. Алдыңғы жіліншік I-V жіліншік сүйектерінен құралған: проксимальдік тура немесе тұсамыс, орталық топай және дистальдік тұяқ сүйектері. Тұра немесе тұсамыс сүйек ұзын, жілік сүйек, оның проксимальды бөлігінде сагитальдік сай арқылы бөлінген буындық беті, ал дистальды бөлігінде осы сияқты шығыршық болады. Тұяқ сүйегінің жылқыда айқын бөлінетін қабырғаралық ұлтандық және буындық беттері болады. Ірі қара мал мен шошқада тұяқ сүйегінің пішіні үшбұрышты келеді. Оның екі бүйірлік, буындық, ұлтандық, ұлтандық беттері және жазылдырғыштық өсіндісі бар доральдік жиегі болады. Итте тырнақ сүйек деп аталады. Тырнақ сүйектін дистальды ұшы үшкірленіп иіліп тұрады.
Жамбас аяқ қаңқасы
Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, сирақ аяқ басы сүйектерімен құралған. Жамбас белдеуі бір бірімен шеміршек арқылы байланысқан қос жамбас сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер құйымшақпен байланасып жамбас қуысын түзеді. Жамбас сүйегі мықын, шат және шоңданай сүйектерінің тұтаса байланысының туындысы. Аталған сүйектердің біріккен жерінде жамбастық ұршықтық шұңқырға жақын жатқан тұсын денесі, ал жалпақтанып келген бөлігін қанаты дейді. Қанаттың алдыңғы жиегі мықын қыры латеральдік бағытта мықын төмпешігіне, ал медиальдық бағытта құйымшақ төмпегіне барып жалғасады. Мықын қанатының сыртқы немесе бөкселік бетінде доға тәріздес бөкселік сызық жақсы көрінеді. Ал, қарама қарсы құйымшақ жамбастық беті доғалық сызық арқылы жамбастық құлақ тәрізді беттерге бөлінеді. Мықын сүйегінің денесі оның қанатының дорсомедиалдік жиегімен қосылып үлкен шоңданай ойығын түзеді.
Шоңданай сүйек, денеден және екі бұтақтан құралған. Сүйектің денесі жалпақ болып келеді. Оның латеральдік бүйіріне шоңданай төмпегі болады. Оң және сол жағында мұндай аттас төмпектердің аралығын шоңданай доғасы байланыстырады. Шоңданай сүйегі денесінен краниальдік бағытта оның ұршықтық бұтағы жатады. Ол ұршықтық шұңқырды жасауға қатысады. Ал, денеден медиальдік бағытта бұтақ орналасқан. Бұл бұтақ пен шоңданай төмпешігінің аралығында кіші шоңданай ойығы болады.
Шат сүйегі денеден және екі бұтақтан тұрады. Оның ұршықтық бұтағы жамбаста көлденең орналасып, латеральдік ұшымен ұршықтық шұңқырға келіп түседі. Бұтақтың алдыңғы жиегңнен шат қыры көрінеді. Оның бойында шат мықын денесі көрінеді. Екі жақтың шат сүйектерінің біріккен жерінде шат төмпешігі болады. Ол әсіресе еркек малдарда ерекше байқалады. Шат және шоңданай сүйектерінің бұтақтары бірігіп, жапқыштық тесікті түзеді. Жылқыда шоңданай төмпегі жалпақтанып келеді. Онда дорсокраниальдік жіне вентрокаудальдік бағытта орналасқан екі төмпешік болады. Ірі қара малда шоңданай төмпегіндегі олардың саны үшеу. Шошқада шоңданай төмпегінің латеральді бетінде кішкене төмпешігі болады. Шоңданай доғасы терең. Итте кіші шоңданай доғасы таяздау, шоңданай төмпегі жалпақтанып келген.
Ортан жілік ұзын іші қуыс сүйек. Оның проксимальды бөлігінде шұңқыры бар жартылай шар тәрізді жілік басы болады. Жілік басының латеральдік жағында жақсы жетілген үлкен ұршық жатады. Ол ортан жіліктің басынан мойны арқылы ажырап тұрды. Мойнынан төменгі сүйектің медиальді бетнде кіші ұршық орналады. Үлкен және кіші ұршықтарды бір бірімен ұршық қыры жалғастырады. Ортан жілік денесінің плантарлық беті бұдырлы келеді. Бұл бұдырлар негізінен латеральдік және медиальдік ернеулер түрінде көрінеді. Ортан жіліктің дистальді эпифизінде айдаршықаралық шұңқыр, латеральді және медиальды айдаршықтарды бөліп тұрады. Эпифиздің алдыңғы бетінде тобық сүйегіне арналған айдаршық болады. Оның латеральдік және медиальдік қырлары аттас айдаршықтар қырларымен бірігеді. Жылқыда жілік басындағы шұңқыр ойықпен алмастырылған. Үлкен ұршық ойық арқылы ортаңғы ұршық бөледі. Сүйек десінің латеральдік бетінде кіші ұршыққа қарама қарсы үшінші ұршық орналасады. Ұршықаралық қыр болмайды. Айдаршықүстілік шұңқыр терең. Ірі қара малдың ортан жілігі қысқалау келеді. Үлкен ұршық пен жіліктің мойын жақсы жетілген. Айдаршықүстілік шұңқыр таяз. Шошқада ортан жілік қомақты, қысқа болады. Денесінің дистальдік бөлігі төрт қырлы, онда айдаршықүстілік төмпешігі болады.
Сирақ сүйектері асықты жілік пен шыбық сүйегінен құралған. Асықты жілік, кеңейіп үшқырлы болып келген, проксимальді эпифизі латеральдік және медиальдік айдаршықтан тұратын қуысты ұзын сүйек. Бұл айдаршықта орналасқан сүйектің проксимальді буынды бетінде латеральдік және медиальдік төмпешіктермен шектелген айдаршықаралық дөңес болады. Жіліктің дорсальдік бетінде айдаршықтар өзара жазылдырғыштық сай, ал плантарлық бетінде тобықастылық ойық арқылы бөлініп тұрады. Асықты жіліктің денесінің дорсальдік бетінің краниальдік жиегі алға қарай шығыңқы, әрі бұдырлы болып жазылдарғыштық сай үстіне қарай иіліп тұрады. Асықты жіліктің дистальдік эпифизінде буындық беті қыр арқылы екі сайға бөлінген шығыршық орналасады. Ол екі медиальдік және латеральдік қайшылықтармен шектелген. Жылқының асықты жілігі дистальдік шығыршығының буындық бетіндегі қырлар мен сайлар қиғашталып орналасқан. Латеральдік айдаршықта шыбық сүйегінің басныа арналған бұдыры болады. Медиальдік айдаршықта шыбық сүйегінің басына арналған бұдыры болады. Медиальдік айдаршықаралық төмпешік жақсы жетілген. Ірі қара малда медиальдік қайықша жеке сүйек түрінде болып, шығыршықпен буын арқылы байланысады. Сондықтан да айдаршықтың буындық бетінде оған арнлаған ойыс болады. Шошқаның асықты жілігі қысқа қомақты келеді. Сүйектің проксимальді және дистальді эпифиздерінің латеральдік беттерінде шыбық сүйектері бекитін бұдырлар болады. Иттің асықты жілігі S тәрізді иілген. Шыбық сүйек үй жануарларындағы әр түрлі дәрежеде дамыған. Жылқыда шыбық сүйектің проксимальдік бөлігі жалпақтанып, бұдырлы болып келеді. Дистальды бағытта ол жіңішкеріп, үшкірлене келіп байламға айналады. Латеральді қайықша түрінде сүйектің дистальдік бөлігіне бекиді.
Дене жасушаларының микроскопиялық құрылысы
Тірі организм құрылысының ең ұсақ құралымы, қызмет бірілігі басты негізі жасуша болып табылады. Жасушалар прокариотты, эукариотты, әртүрлі, және жыныс жасушалары деп бөлінеді. Дене жасушалары әдетте қосарланған жыныс жасушалары хромосома жиынтығын сақтайды. Жасушалардың бәрінде ішін сыртқы ортадан, көрші жасушаларлан бөліп тұратын сыртқы қабығы, гиалоплазмасы, цитоплазма және хроматин, ядрошық, қабық, шырын, белоктық негізі сақталатын ядросы болады. Организмде жасуша туындалары – жасушысыз құрылымдарда кезедеседі. Оларға симпластар, синцитийлер, жасуша аралық заттектер және өз қызметін аяқтап, енді оны жалғастыра алмай басқаттқызметке бейімделе бастаған жасуша туындылары жатады. Жасушаның жалпы құрылыс ерекшеліктерін, қызметін зерттейтін ілімді цитология немесе жасуша биологиясы деп атайды. Цитология жасушаның құрылымын, өтетін физиологиялық процесстерген қатысуын, реттеу жолдарын, құрамбөліктер өндіруін, орта жағдайына орай жасушалардың бейімделуін түрлі өзгерістерге реакция жасауын, жасушалардың дерттанулық өзгерісін зерттейді. Цитологияның ветеринария, ауыл шаруашылығы, медицинаға қосатын үлесі зор. Өйткені организмдегі барлық ауру қандай болмасын ағзадағы жасушалардың зақымға ұшырауынан, әрі атқаратын қызметінің бұзылуынан басталады. Жасуша анықтамасын алғаш рет 1861 ж неміс ғалымы Макс Шультце «жасуша ішінде ядро жататын протоплазма кесегі. Жасуша толық тірішілік қызметін атқаруымен сипатталады. Тіршілік ортасы протопалзма болып келгенімен, онда айтарлықтай, әлі белгісіз рөлді ядрода атқарады» деп берді.
Цитоплазма қоршап тұрған ортадан плазмолеммамен шектеліп, құрамы гиалоплазма, тұрақты және тұрақсыз қосындылардан тұратын жасуша құрамбөлігінің бірі. Гиалоплазма немесе цитозоль, жасуша шырыны, матриксі жасуша құрамын біріктіріп, бір бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін, күрделі коллоид жүйесі, тірегі. Элоктронды микроскопта бір текті, төмен электронды тығыздығы бар ұсақ түйіршікті заттар ретінде байқалады. Құрамында биополимерлер: белок, нуклейн қышқылдары, полисахаридтер сақталады. Жалпы белоктар құрамының 20-25 пайызы глобулярлық белоктар болып келеді. Гиалоплазма ферменттеріне қанттар, азот негіздері, амин қышықылдары, май басқа қосындылары кіреді. Бұл жүйенің сұйықтықтан сірен күйге және қарама қарыс күйге ауыса алатын қабілеті болады.
Тұрақты қосындылар арнайы қызметтер атақаратын, құрамында әртүрлі молекулалар саны бар мөлшері 20-10 мкм дейінгі жарғақшалы, жарғақшасыз құрылым. Жарғақшалы қосындыларға цитоплазмалық тор, тақташалар кешені, митохондрий, лизосома, пероксисома, жарғақсасыздарға, рибосома, полирибосама, жасуша орталығы, цитоқаңқа элементтері, аралық өскіндер жатады.
Информация о работе Шеттік қаңқаның онтогенезі; Дене жасушаларының микроскопиялық құрылысы