Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 21:14, реферат
ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, қой өсіру – мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.
Кіріспе.
1. Негізгі бөлім.
1.1. Қой шаруашылығы.
1.2. Қой шаруашылықтарының өсіру аймақтары.
1.3. Тарихы.
1.4. Қой қолтұқымдары.
1.5. Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі.
1.6. Жүннің физикалық қасиеттері және жіктелуі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Арқар, меринос қолтұқымы
Арқар, меринос қолтұқымы.
Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген.
Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Үй қойы.
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қаракөл қойы
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі
Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
Жүннің физикалық қасиеттері және жіктелуі
Жүннің технологиялық қасиеттерін айқындайтын физикалық көрсеткіштеріне жіңішкелігі, ұзындығы, иректілігі, мықтылығы, серпінділігі, созылымдылығы, түсі мен жылтырлығы, ылғалдылығы жатады.
Жүн жіңішкелігін эталонымен
салыстыра отырып және оның
талшықтарының диаметрін
Жүннің табиғи ұзындығын
Жүн технологиялық сапасын
Жүн созылымдылығымен
Биязы және жартылай биязы
қой жүнінің түсі ақ, ал қылшық
жүнінікі – қара, қоңыр, сұр, ақ
болып келеді. Жүн түсінің айқындығы
қабыршақты қабатының
Таза, яғни жуылған, биязы жүннің ылғалдылығы - 17%-дан, қылшықты жүндікі - 15%-дан аспауға тиіс.
Жаңа қырқылған бойдағы жүннің
салмағын оның физикалық
Қырқылған жүнді әр жүн түріне
бектітіліп, қабылданған Мемлекеттік
стандарт (МЕСТ) талаптарына сәйкес
жіктейді. Дайындау талаптарына
сәйкес бүтін жабағы жүнді
кластарға бөледі. Биязы жүнді
меринос және меринос емес
класқа жатқызады. Сапасы жоғары
меринос жүнді таза биязы
Биязы жүнді ақ, ашық-сұр және түрлі-түсті түстерге бөледі. Биязы меринос және меринос емес жүнді бір қойдан бүтін қырқылып, түгелдей штапельдерден тұратын жүнді жабағы жүнге жатқызады. Ал бүтіндігі сақталмай, жекелеген бөліктерден тұратын жүнді бөлшек (кусковая) жүнге жатқызады. Бөлшек жүн біртекті тұтас жүннің ластанбаған салмағы 150 грамнан кем емес бөліктеріен тұрады. Төменгі сортты жүнге жұлма жүн, пұшпақ немесе балақ жүн, шүйке жүн мен қи аралас сабалақтанған жүн жатады.
Меринос және меринос емес жабағы жүн жіңішкелігі (сапасы) мен жағдайына байланысты қалыпты, шөп-шалаңды, ақаулы және шөп-шалаңды-ақаулы кластарына бөлінеді.
Қалыпты жүндің қай тұсында болмасын жеңіл бөлінетін өсімдік қалдықтары, ал маңыздылығы жағынан мойын, құрсақ, сан секілді екінші реттегі тұстарында қиын бөлінетін өсімдік қалдықтары кездескенмен, бірақ олардың аумағы жалпы жабағы аумағының 10%-дан аспауға тиіс. Шөп-шалаңды жабағы жүндегі жеңіл бөлінетін қалдықтар 10-30% болып, қиын бөлінетін қалдықтар 15%-дан аспаса – 1-ші топқа, одан асса – 2-ші топқа жатқызылады. Ақаулы жүн де, өз ретінде, екі топқа бөлінеді: 1-ші тобына тұлымының түбіне немесе басына жақын тұсында, ал 2-ші тобына тұлымының ортасында немесе түп және бас тұсында бірдей "аштық жіңішреку" түріндегі бұнақылық ізі бар жүнді жатқызады.
Қорытынды
Қой (лат. Ovis aries) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан (арқар және муфлон) шыққан.
Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 – 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 – 100 сантиметр. 12 – 15 жыл тіршілік етеді. 5 – 7 айлығында жетіледі, 15 – 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 – 155 тәулікке созылады. Көпшілігі жалқы, кейде егіз туады.
Қозылар 1,5 айлығында отармен бірге бағылады, 3 – 4 айлығында енесінен айырып, еркек және ұрғашы қозыны жеке отарға бөледі. Қ-ды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағыда басқа деп атайды; төлдеген қойлар – саулық, 1 жыл төлдемеген қойлар – қысыр, бірнеше жыл төлдемегендерін – ту қой деп атайды.
Қошқарлар мен саулықтардың орташа тірідей салм. 70 – 140 килограмм; 50 – 70 килограмм тартады. Олардан тиісінше 10 – 15; 4 – 8 килограмм (биязы жүнділерінен) 7 – 10; 3 – 6 килограмм (биязылау жүнділерінен); 4 – 6; 2 – 4 килограмм (ұяң және қылшық жүнділерінен) жүн қырқылады.
Қазақстан қой өсірілетін қой тұқымдары: қазақтың етті-биязылау жүнді қойы, қазақтың оңтүстік мериносы, қазақтың арқар-мериносы, қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы, қазақтың биязылау ұзын жүнді қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, ақжайық қойы, ақсеңгір қойы, алтай қойы, еділбай қойы, дегерес қойы, кавказ қойы, цигай қойы, қаракөл қойы; тұқымдық топтары – қарғалы қойы, сараджа қойы. қойдың жаңа типтерін шығару жұмысында линкольн қойы, ромни-марш қойының тұқымдары пайдаланылады.
Қой шаруашылығы әлемнің көп елдерінде байырғы заманнан кең тараған кәсіптердің бірі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қ.Ш.Нұрғазы “Мал шаруашылығы”
2.Т.С.Садықұлов,Т.К.
3.Селекционные достижения Казахстана, Сб. К 10-летию независимости Казахстана. Кн. 2, А., 2001; Қой өсіруші фермердің шағын анықтамалығы (жинақ), А., 2002; Сәбденов Қ., Төрт түлік, А., 2002.
4. А. Ахметов, Ұ. Шайхадден, А. Шотаев «Мал шаруашылығы» - А:2007ж