Бюджеттiк инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:05, реферат

Краткое описание

Бюджеттiк инвестициялар: бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру; концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру; мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;

Вложенные файлы: 1 файл

Бюджеттік инвестициялар.doc

— 47.50 Кб (Скачать файл)

                       Бюджеттік инвестициялар.

 

Бюджеттiк инвестициялар:  бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру;   концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;  мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.  Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау  инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу; Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және iрiктеудiң тиiстi әдiстемелерi бойынша, оның iшiнде шығындар мен пайданы талдау негiзiнде (осы әдiстеменi қолдану мүмкiн болған жағдайда) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиiстi бюджет комиссияларының қарауына енгiзедi.  бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;  бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды және іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде жүзеге асырады. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады. Бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру үшін айқындалған заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі ұсынылатын шешімдердің экономикалық сараптамасының сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi. Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi. Концессиялық жобаларды жоспарлау  концессиялық ұсыныстарды әзiрлеу және іріктеу;  концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;  бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу.  Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген осы заңды тұлғаларды дамытудың стратегиялық құжаттары болған кезде жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның қызметiн дамыту немесе кеңейту мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебiнен ұлғайтуға жол беріледі. Мемлекеттiң ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтiң жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруы кезiнде аталған заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтары жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдинг акцияларының эмиссиясын төлей алады. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады. Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады. Қаржылық-экономикалық негiздеменiң мазмұнына, әзiрлену тәртiбi мен мерзiмiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы iске асырылуы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеу тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды. Мемлекеттік тапсырысты орындауда бюджеттің ролі Мемлекеттік Тапсырыс – кәсіпорынға (мекемеге‚ ұйымға) мемлекеттің атынан нақты өнімді дайындап‚ тұтынушыларға жеткізу‚ өндірістік және бейөндірістік, ғылыми-зертеу және басқа сипаттағы белгілі бір жұмысты орындау жөнінде берілетін тапсырма. Мемлекеттік тапсырыс бірінші кезектегі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатын көздейді. Осыған орай кәсіпорындарға өндірістік қуаттарды және әлеуметтік сала объектілерін орталықтандырылған мемлекет күрделі жұмсалым есебінен іске қосу жөнінде мемлекеттік тапсырыс беріледі, сондай-ақ, ең алдымен, жалпы мемлекеттік әлеуметтік міндеттерді шешу, аса маңызды ғылыми-зертеу талдауларын, ғылыми-техника бағдарламаларды орындау және елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін қажетті өнімнің кейбір түрлерін жеткізу де, ауыл шаруашылык өнімдерін республика қорға жеткізу де мемлекеттік тапсырыс негізінде орындалады. Халық тұтынатын өнеркәсіп тауарларын өндіру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс, әдетте, олардың ерекше әлеуметтік маңызы бар түрлеріне беріледі Мемлекеттiк тапсырыстың үдерісі:  Қызметтерді тапсырушылар профильді мамандармен бірігіп, барылық  салаларға қажетті қызметтерді анықтайды   Қызметтiiң толық техникалық специффикациясы жасалады   Бастапқы мәлiмдемелердi алуы үшiн хабарландырулар беріледі   Қажетті белгілердің дәл сипаттамасы беріледі   Қызығушылық Қызығушылық білдірген білдірген талапкер талапкер толығырақ толығырақ берілген берілген мәлімдемені мәлімдемені  белгіленген уақыт аралығында толтырады   Мәлімдемені қабылдау бойынша шекті мерзім бекітіледі   Комиссия қалыптасады   Комиссия мәлiмдемелердi қарастыру үшін үстiрт кездесу өткiзедi   Комиссия мөрлелген мәлiмдемелердi жарады және потенциалдық  контрактер-жеңiмпаздардың парағын қалыптастырады   Комиссия мәлiмдемелерді  талқылайды - презентация   Комиссия контрактерлердi талқылап анықтайды   Комиссия нәтижелер туралы барлық талапкерлердi құлақтандырады   Комиссия аппеляцияларды қарайды  Бюджеттен білім беру саласын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 2010 жылы желі 1 878 бірлікке арттырылған. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 446,4 мың бала баратын 6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.  Балаларды қамту 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 41,6 %-ын құрайды, оның ішінде 47,5 – қалаларда және 20,1 – ауылдарда, 2009 жылмен салыстырғанда өсім – 4,6 %. Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен ең көп қамту Қостанай облысына келеді – 90,8 %, Ақтөбе облысы – 85,3 %, Қарағанды облысы – 81,1 %. Есепті кезеңде мектепке дейінгі қамту 88,9 %-ды құрады (2009 жылы – 83 %). 6 515 жалпы білім беретін мектепте және 1 383 мектепке дейінгі ұйымда 293,7 мың баланы мектеп алдында дайындау ұйымдастырылған. 2010 жылы іске қосу жоспарланған, құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған 30 балабақшадан 19 балабақша пайдалануға берілді. Республикада 7 755 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде, 2 525 514 оқушы білім алуда. Зияткерлік әлуетті дамыту мақсатында мектептердің жаңа типтері құрылуда. Дарынды балаларға арналған әр түрлі бағыттар бойынша 115 білім беру ұйымы, дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша 8 өңірлік ғылыми-практикалық орталық жұмыс істейді


Информация о работе Бюджеттiк инвестициялар