"Даму" кәсіпкерліктің даму қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

2 - Курсовой.doc

— 1.40 Мб (Скачать файл)

Кіріспе:

Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының Қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.  Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді.

Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты. Орта және кішібизнес субъектілерінің саны күн сайын артып келеді, соның ішінде жеке кәсіпкерлер үлесі тез қарқынмен өсуде. Алайда, қызмет етуші орта және кіші бизнестің жартысына жуығы ғана белсенді болып отыр. Дамыған елдердің статистикалық мәліметтерін қарастырсақ, бұл елдерде орта және кіші бизнес субъектілерінің өндірген өнімі 60-70 %-ға дейін үлес салмақты иеленсе, біздің елімізде бұл көрсеткіш 15,7 % деңгейінде көрініс табады. [1]

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Орта және кіші бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және т. б. көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.

Сондықтанда мемлекет тарапынан, осы саланы жетілдіру  үшін қолдау көрсетуде. Қолдауының бір бейнесі, «Даму кәсіпкерліктің даму қоры АҚ – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қоры» атты бағдарлама болып келеді. Сол себепті осы қор орта және кіші кәсіпкерлікті дамытуға бет алды. Курстық жұмыс мақсаты: Осы «Даму кәсіпкерліктің даму қоры» атты бағдарламаны зерттеу. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, дамыту жолдары мен қазіргі позицияларынан қарастыру. Зерттеу жұмысының обьектісі: «Даму кәсіпкерліктің даму қоры» атты бағдарлама. Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды: Алдымен, шағын және орта кәсіпкерлікті зерттеп, олардың дамуына кедергі болған мәселелерді талдау. Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  –  Даму қоры және оның мән-маңызы; Кәсіпкерлік және орта бизнес деген не; Даму қорының кәсіпкерлік және орта бизнес қолдаудағы рөлі туралы айтып кетемін. Екінші бөлім – Даму қорының атқарған іс-шараларын талдау; Даму қорының өткен және ағымдағы іс-шаралары; Қордың жұмыстеу барысындағы нәтижелері туралы талдау жүргіземін. Үшінші бөлім – Даму қорының болашақ жоспары; Даму қорының алдағы уақытта іске асыратын іс-шаралары; Алға қойған мақсатқа жету жолдарын қарастырамын.

 

 

 

  1. Даму қоры және оның экономикалық мәні
    1. Кәсіпкерлік және орта бизнес деген не

Даму қоры және оның экономикалық мәнің қарастырмас  бұрын, алдымен кәсіпкерлік және орта бизнес деген не – атты сұраққа жауаб берейік. Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген. Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент. [1]

Қазіргі уақытта  нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар – эконамика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын  номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің  жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын  және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген  зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар  жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.  Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.

Бірақ «кәсіпкерлік»  және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. « Бизнес » түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): « кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». [2]

Соған қарамастан, тәжірбиеде « кәсіпкерлік » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, « кәсіпкерлік » және « шағын бизнес » бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың  мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

1.2 Даму  қоры және оның кәсіпкерлік  және орта бизнес қолдаудағы  рөлі

Шағын кәсіпкерлікке  мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Президент Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады. Қордың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай-ШКС) қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру. [3]

«Қазына» орнықты даму қоры»  АҚ 2006 жылы Қордың акционері болып  белгіленді. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басты мақсатына қол  жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін мынадай:

  • жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу;
  • қаржы лизингін дамыту;
  • микрокредиттік ұйымдар желілерін дамыту ;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін дамыту;
  • Қордың жүзеге асыратын бағдарламалары шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету сияқты функциялар мен міндеттерді атқарды.

2007 жылдың соңынан бастап, Қорда тұжырымды өзгерістер болды:

Қор «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр. Қордың фирмалық стилі өзгерді. 2008 жылғы қазан айында, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ және «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» бірігіп, «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып өзгерді. Жаңадан құрылған қор қызметінің мақсаты өзіне тиесілі меншік құқығында  ұлттық даму институттарының ұлттық компаниялар мен өзге заңды тұлғалардың акциялар пакетін, қатысу үлестерін басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг ретінде белгіленді.

Бүгінде «Даму» Қоры 100% акциясы «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып отыр.

«Даму» Қорының миссиясы– қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдесу. [3]

ҚОРДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Қордың құрылуына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдеде қабылданған Заңы және:

  • «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» 1992 ж. 5 мамырда;
  • «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің 1994 ж. 10 маусымда қабылданған қаулылары себеп болды.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ (1997-2001 жж. )

Бірінші кезең 1997 ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдады.

  • 1997 – «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы;
  • «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысы;
  • «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Заңы;
  • «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 135-1 Заңы
  • 1999 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығы;
  • 2001 – «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығы;

Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ

  • ЕҚҚДБ;
  • АДБ-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау агенттігінің функциясын орындауымен суреттеледі.

Информация о работе "Даму" кәсіпкерліктің даму қоры