Инвестициялық жобалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 16:39, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция сөзі латын тілінен «invite» - салу деген мағынаны білдіреді. Инвестициялар дегеніміз – табыс алу мақсатымен кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері объектілеріне салатын ақша қаражаттары, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілер, несиелер және тағы да басқа мүліктер мен мүліктік құқықтар, интелектуалды қ құндылықтар.

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық жобалар тиімділігін анықтаудың жалпы әдістері.docx

— 16.99 Кб (Скачать файл)

Инвестициялық жобалар  тиімділігін анықтаудың жалпы әдістері 

 

Инвестиция сөзі латын  тілінен «invite» - салу деген мағынаны білдіреді. Инвестициялар дегеніміз – табыс алу мақсатымен кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері объектілеріне салатын ақша қаражаттары, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілер, несиелер және тағы да басқа мүліктер мен мүліктік құқықтар, интелектуалды қ құндылықтар.

Инвестицияның мақсаты – табыс, игілік, пайдалылық алу. Инвестициялау мағынасы келешекте табыс, пайда алу мақсатында кез – келген қаражаттарды салу.

Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.

Кез-келген инвестор белгілі  бір жобаға өз салымын инвестиция ретінде салу барысында, оның тиімділігін  анықтауы қажет. Себебі инвестор тәуекелділікке барады. Инвестицияны есептеу кезеңінде  жоспарланып отырған жобаның  толық бейнесі мен көрінісі байқалады. Осы мақсатта инвестициялық есептеулер жүргізіледі. Олар ұзақ кезеңдерді қамтиды  және күрделі салымдар табыстылығын анықтауды қамтамасыз етеді. Инвестиция туралы шешімдер инвестициялық есептеулерге сүйене отырып қабылданады.

Инвестициялық есептеу әдістерін  бірқатар белгілері бойынша саралауға  болады. Инвестициялық есептеуде  уақыт факторын ескеру факторы бойынша  әдістер мына түрге бөлінеді :

  • статикалық, мұнда әр түрлі уақыт мерзімінде пайда болған ақша    табыстары мен төлемдері тең бағалы деп бағаланады;
  • динамикалық әдісте әр түрлі уақыт кезеңінде пайда болған ақшалай табыстар мен төлемдер жинақтау арқылы біртұтас уақыт мерзіміне келтіріледі, сөйтіп олардың салыстырмалығынқамтамасыз етеді. 

Инвестициялардың экономикалық тиімділік өлшемінің түрінде  көрінетін жалпылама көрсеткіші бойынша инвестициялықесептеу әдістерін  былай бөлуге болады:

  • абсолюттік, мұнда өлшем ретінде нивестициялық жобадан түскен ақшалай табыстар мен сәйкесінше төлемдер арасындағы айырымдық көрсеткіштер пайдаланылады;
  • салыстырмалы, бұл әдісте жалпылама көрсеткіштер жобаның қаржылық нәтижелерінің құндық мөлшерінің оларды алуға жұмсалған құндық шығындарының жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады;
  • мерзімдік, мұнда инвестицияның қайтарымдылық кезеңі бағаланады.

Инвестициялық есептеудің барлық әдістерін екі топқа бөлуге болады:

Белгісіздік пен тәуекелділік жағдайында инвестициялық жобаларды  негіздейтін әдістер.

Алынатын нәтиженің толық  анықтылығы жағдайда инвестициялық  жобаның іске асыру мақсатына  сәйкестігін анықтайтын әдістер.

Инвестициялық тиімділігін  бағалау әдісін таңдау көп жағдайда инвестордың мақсатына, қаралатын  инвестициялықжобалар ерекшеліктеріне  және оларды жүзеге асыру жағдайына  байланысты болады.

Инвестициялық жобалар қысқы  мерзімді сипаттамада болатын болса, онда оларды есептеу үшін статистикалық  әдістер қолданылады. Егер инвестициялық  шығындар кезееңнің басында жұмсалатын болса, ал олардан алатын нәтижелер  тек кезеңнің аяғында белгілі  болады.

Көбінесе жобаның тартымдылығын  тез, әрі жуық түрінде бағалау  керек болса инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалаудың статикалық әдістері пайдаланылады және инвестициялық  жобалар сараптамасының алғашқы  сатыларында қолдануға ұсынылады. 

Инвестициялық жобаның тиімділігін  анықтаудың статистикалық және динамикалық  әдістеріне мысал келтірейік,

«ХХХ» инвестициялық жобаға 1000$ қажет. Жобалау бойынша түсетін табыс 1-ші жылы 200, 2-ші жылы 500, 3-ші жылы 600, 4-ші жылы 800 5-ші жылы 900$ түседі. Дисконтты мөлшер – 15%.

 

Ағым

Кезең

0

1

2

3

4

5

Ақшалай

1000

200

500

600

800

900

Дисконтты ақшалай

1000

174

385

400

471

450

Жинақталған дисконтты

-1000

-826

-441

-41

+430

 

 

Салымдарды қайтару мерзімі  = Салымдарды қайтару жылының алдындағы жылдар саны + (қайтару жылының алдындағы жыл қарызы / қайтару жылының ішіндегі  қаражаттар ағымы)

 

 Салынған инвестицияның  қайтару мерзімін анықтау үшін:

  1. дисконтты мөлшерді есепке ала отырып, жобаның табысын дисконтты ақшалай ағымын есептеу;

                         Дисконтты ақшалай ағым=  Ақша ағымы / ( 1 + I )n

Мұндағы - I - дисконтты мөлшерлеме

                    n- жыл мерзімі

  1. жоба бойынша табыстар ағымын есептеп жинақталған дисконтты анықтау;
  2. жоғарыда жазылған формула бойынша қайтару мерзімін табу.

 

 

          Қайтару мерзімі =3 + (41 / 430 )= 3,1 жыл

               


Информация о работе Инвестициялық жобалар