Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 13:39, доклад

Краткое описание

Инвестициялық пай қоры жеке тұлғалардың инвестициясына негізделген коллективті салымдар тәсілі ретінде пайда болған. Жеке инвесторлар тарапынан бұл құралға сенім деңгейі берілген қаржылық құрал нарығының дамуына әсер ететін маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметін 2004 жылдан бастаған инвестициялық пай қорлары: ашық, аралық және жабық болып бөлінеді. Мұндай бөліну пай ұстаушылардың басқарушы компаниядан пайды сатып алуды талап ету критерилеріне тәуелді болады. Соңғы жылдары инвестициялық пай қорларының саны қарқынды жоғарылауда.

Вложенные файлы: 1 файл

51.docы.doc

— 79.00 Кб (Скачать файл)

5.3. Инвестициялық қорлардың  проблемалық мәселелері және  оларды дамыту перспективалары

 

Қазіргі қаржылық нарықтар үшін негізгі тәуекел несие нарығындағы  тұрақсыздық болып табылады. Қаржы секторының дамуына кері әсер еткен негізгі оқиға АҚШ-тың ипотека нарығының дағдарысынан болған әлемдік нарықтағы тұрақсыздық болды. 

Бүгінгі таңда сырқы нарықтың ағымдағы турбуленттілігі, шетелдік қарыз алудың шектеулілігі  салдарынан ҚР-ның  банктік жүйесінің өсу қарқыны  төмендеуде. Сондықтан екінші деңгейлі банктер қарызданудың ішкі нарығына, сондай-ақ неғұрлым көп мөлшерде депозиторлар мен институционалды инвесторларды тарту үшін өзінің өнімдерін кеңейтуге және жақсартуға үлкен көңіл бөлуде. Осыған орай, ағымдағы нарықтық үрдістерді қолдау мақсатында инвестициялық пай қорларының қызметін кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Инвестициялық пай қоры жеке тұлғалардың  инвестициясына негізделген коллективті  салымдар тәсілі ретінде пайда болған. Жеке инвесторлар тарапынан бұл құралға сенім деңгейі берілген қаржылық құрал нарығының дамуына әсер ететін маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметін 2004 жылдан бастаған инвестициялық пай қорлары: ашық, аралық және жабық болып бөлінеді. Мұндай бөліну пай ұстаушылардың басқарушы компаниядан пайды сатып алуды талап ету критерилеріне тәуелді болады. Соңғы жылдары инвестициялық пай қорларының саны қарқынды жоғарылауда (сурет 3).

 

 

  Сурет 3 – Инвестициялық пай қорларының саны

Келтірілген диаграмма  бойынша инвестициялық пай қорларының, оның ішінде жабық инвестициялық пай қорларының санының елеулі қарқынмен жоғарылағанын байқауға болады. 2004 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ашық инвестициялық пай қорының өсу қарқыны 8,5; жабық инвестициялық пай қорының өсу қарқыны 14,6 құрады. Жалпы инвестициялық пай қорларының саны 12 ден 183 ке дейін жоғарылап, өсу қарқыны 15,3 құрады. Инвестициялық пай қорларының санының жоғарылау тенденциясы оның қызметіндегі проблемалардың болуын жоққа шығармайды. Сондықтан бүгінгі таңда жалпы инвестициялық қорлар проблемалары:

-         қаржылық сауаттылықтың төменділік деңгейі;

-         қатысушылар,  сондай-ақ инвесторлар үшін кең  ақпараттық қамтамасыз етудің  жетіспеушілігі;

-         заңнамалық  кемшіліктер;

-         инвестициялық  пай қорларына кірудің жоғары  сомасы;

-         аймақтарда  нашар дамуы;

-         биржалық  сауданың дамымауы және т.б.

Инвестициялық  пай қорлары  қазіргі кезде  ең танымалы  инвестициялық  қорлардың түрінің   бірі  болып  саналады (дүниежүзінде  50000 астам 15 трл. АҚШ доллар активімен  инвестициялық  қорлар бар), алайда   Қазақстанда  инвестициялық пай қорлардың қызметі туралы  халық жақсы ақпаратталмаған.  Бұл  ең алдымен  инвестициялық  қорлар туралы заңның кеш  қабылдануы. Екіншіден, бұл  жалпы  қазақстандықтардың   инвестициялық  мәдениетінің  төмендігімен байланысты. Инвестициялық мәдениеттің денгейі төмен болуы қазіргі кезде  инвестициялық қорлардың  ерекше проблемалардың бірі болып табылады. Инвестициялық  мәдениеттің болмауы, алғашқы немесе  жаңадан инвестициялайтын  инвесторларға өз ықпал етеді, өйткені жаңа инвестор  нарыққа келгенде ең бастысы пайдаға, жарналарға және қор рейтингісіне  көп көңіл бөледі, ал нарықтағы туындайтын тәуекелдер туралы ақпарат алмайды. Сол себептен нарықтағы ұсыныс төмен деңгейде  болады, инвесторларға пайда аз түседі немесе мүлдем жоқ болады, оның басты себебі  мемлекеттімізде инвестициялық мәдениеттің жоқтығынан. Бұл  проблеманы  шешу үшін жүйелі түрде  мемлекетпен  ұйымдастырылған  түсіндірмелі ақпараттық  жұмыс  өткізу қажет. Инвесторлар белгілі бір шешім қабылдаған кезде, сапалы  немесе жоғары денгейдегі көрсеткіштердің  қолданып отыруы керек.

Тәуекелмен инвестицияланатын  жабық  инвестициялық пай қорлар  туралы  бұқаралық – ақпаратқа  мәліметтер беруі шектелген . Инвестициялық  қорлар туралы заңының  45 бабына сәйкес  тәуекелмен  инвестициялық пай қорлар туралы  ақпаратты бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялауға, жарнама жасауға тиым салынған. Алайда  Қазақстанда  жұмыс істеп жатқан  инвестициялық пай қорларының басым бөлігі тәуекелмен  инвестициялық  пай қорлары  болып табылады. Ал бұл қорларға өзінің атауы туралы, қорға инвестициялау шарттары  туралы және т.б ақпараттарды жариялауға тиым салынған. Сондықтан тәуекелмен  инвестициялық пай қорларының  даму  деңгейі қазіргі кезде төмен болып отыр. Көптеген қазақстандықтар бұл  қорлардың  қызметтері туралы, табыс деңгейі туралы мәліметтермен  таныс емес. Бүл проблеманы шешу  үшін «Инвестициялық  қорлар» туралы ҚР Заңына сәйкес  өзгертулер мен толықтырулар  енгізу керек .

Екінші реттегі нарықтың  жоқтығы  проблемасы.  Салық  заңдылықтары  екінші  ретті  нарықтың  дамуына  жол  бермейді.Салымшы өзіне  тиісті  пайды  басқарушы  компанияға  емес,үшінші  тұлғаға  сатқан жағдайда,пай  үшін  қосылған құн  салығын  төлеу  керек.Сонымен бірге   «Инвестициялық  қорлар туралы» ҚР Заңының  12,21-ші  баптарына сәйкес  тәуекелмен инвестицияланатын және ашық  инвестициялық пай қорларын  және акционерлік инвестициялық қорлардың пайларын  сауда жүйесінде орналастыруға жол берілмейді. Сондықтан екінші ретті нарықта тек қана аралық және жабық инвестициялық  пай қорларының   пайлары айналыста бола алады. Осы себептен пайларды  үшінші  тұлғаға  сатқанда  өсімге  салынатын  салықты  заңнамалық  негізде төмендету немесе  мүлдем  алып  тастаудың жолдарын  қарастырған жөн. 

Инвестициялық  қорлар туралы  заңында  сәйкессіздік. «Инвестициялық  қорлар туралы» ҚР Заңының 9 бабына сәйкес  акционерлік инвестициялық  қорлар еншілес ұйымдарды құруға құқығы жоқ. Бірақ та  акционерлік инвестициялық  қор бұл  активтер құрамында  ұзақ мерзімді активтермен бірге   өтімділігі  төмен  активтерімен   болуы, мұндай  инвестициялық  қорлар  басқа қаржы құралдарына  инвестициялай отырып, басқа заңды тұлғаның   үлесіне  жарғылық капиталына инвестициялау мүмкін. Сол жоба арқылы   жобаның  жұмыс істеуін бақылай отырып, қор басқарушы компания арқылы  бақылау пакетін  сатып  алып  еншілес ұйымды  құруға мүмкіндік туады. Бір жағынан бұл жағдай заңмен шектеулі,   ал бір жағынан  тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық  қорлар мұндай шектеулер жоқ. Қорыта айтқандай заң  акционерлік инвестициялық қорларға қарама-қайшы   келеді.

Инвестициялық  қорлар туралы заңында   акционерлік  инвестициялық қорларға  бақылау  шектеулілігі  қарастырылмаған. «Инвестициялық  қорлар туралы» ҚР Заңының 2 бабының 3 пунктінде  «егер осы заңда  өзгеше белгіленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы  туралы және  акционерлік қоғам туралы заідарының  инвестициялық қорларға  қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей  басқа заңдардың қолданылуы  инвестициялық қорлар туралы заңның кемшіліктерін көрсетеді. акционерлік қоғам  туралы  заңның  пайдалануы, мысалы акционерлік инвестициялық қорлар ірі мәмілелерді жасасуды және  инвестициялық  қорларды  еншілес ұйымдарды құру туралы шешімдерді  директорлар  кеңесі қабылдайды. Осындай көптеген  шешімдер қабылдау үшін   акционерлік инвестициялық  қорлар     басқа заңдарды қолдана отырып  шешімдерін қабылдайды  сондағы  инвестициялық  қорлар туралы заңның  көптеген кемшіліктерінің болуы және заңда  акционерлік инвестициялық  қорларға  бақылау жөнінде анық анықтама берілмеген.

Акционерлік  инвестициялық  қорлар мен  акционерлік қоғам  арасында айырмашылық жоқтығы. Акционерлік  қоғам  өзінің ақшалай қаражаттарын  әр түрлі инвестициялық  жобаларға  инвестициялау  заңды түлғаның үлесін сатып алу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл жағдайда  басқарушы компания, кастодиан, инвестициялық  декларацияның керегі  шамалы. Осындай жағдайды қарастыра отырып  акционерлік инвестициялық  қорлардың  шектеулілігі  болғанын көреміз. Осындай аз шамалы проблемаларды қарастыра отырып   инвестициялық қорларға  салық жеңілдіктердің болғанын көруге болады, ал бұл жеңілдіктерді алып тастаса,  онда  акционерлік инвестициялық қорларды құруға қажеттілік тумайды.

«Инвестициялық пай  қорлары туралы» заңның  қабылданғанына 3-4 жылдай болғанымен осы кезеңде заңдық тұрғыдан шешілетін бірқатар проблемалар туындап отыр. Мысалға, жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайды сатып алуды талап етуге құқылы емес. Соған қарамастан,біраз қызмет етіп жатқан және құрылған инвестициялық пай қоорлдарында пай ұстаушылар қордың активтерінен салған қаражатын алып жатады. Акционерлік инвестициялық қордың тәжірибесінде басқарушы мен жалпы жиналыстың өкілеттіктері сәйкес келетін жағдайлар кездеседі. Басқарушы үшін «инвестициялық пай қорлары туралы» заңға сәйкес тәукелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиым салынуы үлкен қатер туғызып отыр. Осы мәселені талқылай отырып  инвестициялық  қорлар туралы заңына өгерістер мен толықтырулар енгізу  қажеттігі туындайды. Мысалы, қор ережесінде белгіленгендей жабық инвестициялық пай қорларының пай ұстаушыларының басқарушы компаниядан  пайларын сатып алуды талап ету құқықтарының болуы, пай ұстаушылардың инвестициялық пай қорынан шығу мүмкіндігінің болуы.  Егер  басқарушы компания  инвестициялық қорды шығынға ұшыратпай пай ұстаушыларына пай стып алуға мүмкіндік тудырса онда басқарушы компаниялардың активтерінің өтімділік денгейін көруге болады. Бір жағынан  пайды сатып алушылар саны көбейетін болса, онда  инвестициялық  қордың өтімділік денгейінің  пайыздық көрсеткіші жоғары болады. Осындай шектеулер тек қана  тәуекелмен инвестициялайтын  инвестициялық қорлардан  алып тасталынған, бірақ  акционерлік инвестициялық қорлардан осындай шектеулер жойылу керек. Инвестициялық  қорлардың  түрлеріне қарамастан  олардың басты мақсаты ол  ақшалай қаражаттарды тарту,  белгілі бір обьектіге инвестициялай отырып  пайда алу болып табылады. Тікелей инвестициялармен байланысты болып  инвестициялық қорлар  еншілес ұйымдарды  құруға және  акционерлік инвестициялық қорлардың активтер құрамында  басқа заңды тұлғалардың  үлесі  30%  болу керек. Жалпы айтқанда акционерлік инвестициялық  қорлардың және  акционерлік қоғамның жалпы жиналысының қызметі бірдей болу мүмкін. Жоғарыда айтылғандай акционерлік инвестициялық  қордың  акционерлердің жалпы жиналысында   немесе  директорлар кеңесінде    қордағы  активтердің  дивиденттер  төлеумен байланысты, ірі мәмілелерді  туындайтын   мәселелерді акционерлік қоғамдар туралы  заңның  байланысты қолдануы кейбір проблемалар туады. Кейбір мамандардың айтуы бойынша  инвестициялық  қорлардың активтер құрамын талқылаған кезінде акционерлік қоғам туралы заңды қолдануын ең алдымен басқарушы компаниядан  рұқсат сұрау қажет.

Жоғарыда айтылған  заңмен байланысты проблемалармен  қоса   инвестициялық  қорларға  қаражаттарды инвестициялау кезінде  мүмкін болатын тәуекелдер туралы  ұмытпау керек. Инвесторлар  инвестициялық  қорларға  ақшалай қаражаттарын салған кезде мүмкін болатын тәуекелдерді білу керек. Біріншіден жеке инвесторлардың  ақшалай салымдарын Қазақстан Республикасының экономикасына салатындығына ойланып көру керек. Жеке инвесторлар  елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістер,  экономикалық көрсеткіштер  туралы ақпаратпен қамтамасыз етілген болуы қажет. Еліміздегі  экономикалық  конъюнктураға  әлемдік қаржылық нарықтағы болатын  өзгерістермен байланысты болатын тәуекелдер пайда болу мүмкін. Әлемдік коньютураға: саяси тұрақтылық, өнеркәсіп жағдайы, және елдің пайдасы жатады. Егер мемлекеттің  экономикалық жағдайы жақсарып, өнеркәсіп денгейі жоарыласа  және жалпы ішкі өнімнің көрсеткіштері өссе  ал елдің пайдасы жоғарласа, әлемдік нарықтағы  бағамдар көрсеткіштері жоғарланып, бағалы қағаздар нарығына жақсы әсерін тигізеді,  әсіресе акциялардың  саны көбейеді. Экономикалық жағдай нашарласа  инвесторларға әсіресе инвестициялық пай қорларынның салымшыларына үлкен әсерін тигізеді. Экономиканың  әрбір секторларының нашарлауы  акциялардың бағамдардың құлауына әкеледі. Мысалға, 1998 ж Ресейде болған  қаржылық дағдарыс банктерді банкроттықа ұшыратып, қор нарығының көрсеткіштерін құлатты, бірақта инвестициялық  қорлар  бұл жағдайда тұрақты болып қала берді. Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығын экономикалық тәуекелдер деп атауға болады.

Тағы бір  тәуекелдің болуы ол бағалы қағаздар нарығында  мүмкін болатын тәуекел ол нарықтық тәуекел. Егерде  нарықтық  конъюктураның көрсеткіштері төмендесе  инвестициялық пай қорларды активтер денгейі төмендейді, бағалы қағаздар бағамдары төмендеген жағдайда  салымшылардың пайларын  сату шығынға ұшырайды. Нарықтық тәуекелдер көбінесе акциялармен облигациялар қатынасына байланысты болады. Акциялардың бағамдары нарықтық тәуекелдерге байланысты болады облигацияларға қарағанда. Нарықтық тәуекел болған жағдайда акциялардың бастапқы орналастыру 30% шығынға ұшырады. Нарықтық тәуекел  компанияның өнеркәсіп  және қаржылық жағдай қызметіне байланысты болады,  бағалы қағаздар инвестициялық қорлардың  қоржынында болатын қатынасына тең. Нарықтық тәуекелді жою  мүмкін емес  бірақ оның денгейін төмендетуге болады. Сол себептен  басқарушы компаниялар  нарықтық тәуекелді азайту үшін  инвестициялық  қорлардың активтерін әр түрлі  қаржы құралдарына инвестициялайды – экономиканың түрлі секторларына акциялар және облигациялар. Тәуекелді бұл тәсілмен шектеу – диверсификация деп атуға болады. Егер инвестициялық қорлардың қоржында тек қана бір ғана қаржы құралы болса немесе бір компанияның акциялары болса онда  тәуекел жоғары болады. Бұл тәуекелді болдырмас үшін  мемлекет инвестициялық пай қорларды түрлі қаржы құралдарға немесе бағалы қағаздарға активтерін инвестициялауға міндеттейді [17].

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі агенттіктің 2009 жылға  мәліметтеріне сәйкес 2008 жылмен салыстырғанда инвестициялық пай қорларының саны төмендеуде. Төмендегі 3 кестеде келтірілген. Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай инвестициялық пай қорының санының төмендеуі белгілі мөлшерде нарық қатысушыларының санының төмендеуімен байланысты болды. Жыл ағымында бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметті көрсетуге 12 лицензия және инвестициялық портфельді басқаруға 7 лицензия қайтарылып алынды. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сәйкес 2009 жылы қызмет еткен 10 ашық ИПҚ және аралық ИПҚ инвестициялық қорлардың активтеріне қойылатын минималды мөлшері бойынша талаптарға сәйкес (50 мың айлық есептік көрсеткіш) қызмет еткен.

 

 


Информация о работе Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары