Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т.б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.[2]

Содержание

Кіріспе..............................................................................

І Халықаралық инвестициялардың теориялық аспектілері
1.1 Инвестиция түсінігі және оның мазмұны............................
1.2 Шетелдік инвестициялардың ерекшелігі
1.3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі..............

ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау.....
2.1 Қазакстандағы инвестициялық қызметтің бүгінгі тандағы жағдайы.......
2.2. Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары

ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру........

Қорытынды..................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..........................

Вложенные файлы: 1 файл

econ_148.doc

— 254.50 Кб (Скачать файл)

1986 жылы азиялық ЖИЕ  Үлыбританиядан жалпы сомасы 166 млн. $ қарыз бен несие алды, олардың 91%-і Малайзияның үлесінде болды.

1986 жылғы халықаралық  ұйымдар тарапынан Оңтүстік Ко-рея 8,9 млрд. $, Таиланд - 6,2 млрд. $, Малайзия - 3,3 млрд. $ болатын несие мен қарыз  алды.

ЖИЕ экономикасына кәсіпкерлік капитал салатын жетекші инвестор - АҚШ болып табылады.

Қазба өнеркәсібі (негізінен мұнай шығару), өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер саласы - американдық капиталды са-лудың басымды салалары болып табылады.

1981 жылдың аяғында таман  барлық ЖИЕ-дегі күрделі қаржылар  көлемі 26,5 млрд. $-ға тең болды, олардың 36,2%-і азиялық ЖИЕ-дің үлесінде болды.

Кәсіпкерлік капиталды шығарудың екінші орнын Жапония алды.

1987  жылдың басында  ЖИЕ-ге салынған күрделі қаржылар  көлемі 11,3 млрд. $-ға тең болды.

Өндеуші және шикізат өнеркәсіптері - жапондық транс-ұлттық корпорациялар үшін басым салалар болып табылады.

Тікелей инвестициялар көлемі бойына Үлыбритания үшінші орынды алады.

80-жылдардың ортасында  күрделі қаржылар 5,3 млрд-қа тең  болды, ағылшын ТҮК-ның күрделі  қаржыларының көп бөлігі (52,5%) өңдеуші өнеркәсіпке (химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, қызметтер саласы мен сауда) бағытталған.

1987 жылдың аяғында азиялық  ЖИЕ экономикасындағы тікелей  инвестициялар көлемі 29,3 млрд. $-ды  құрады.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы (ОША) Қытай капиталының рөлін ерекше атап өту керек. Капитал салу үшін жедел және тиімді қайтарымдылықты беретін салаларды мұқият тандай отырып, ОШАМА елдерінде ЖҮӨ-нің 60%-ке жуығын Қытай кәсіпкелері өндіреді.

Бұл кездегі экономикалық дамудың айырықша құбылыстарының бірі - қытайлық үш этникалық ошақтарының (Гонконг, Синапур, Тайвань) атқарған рөлі, сонымен бірге, осы

ошақтардан тыс жерлерде өмір сүретін Қытай диаспорасы бо-лып табылады.

Ұлттық экономиканың қытайлыққа қарсы бағытталуына жауап бере отырып, жеке меншік фирмаларды, акционерлік компанияларды қолдануға мөлшерлеме жасайды.

Қытайларға тән ерекше қасиет (үнемділік, ұқыптылық, есептілік) Қытай капиталының орасан ұдайы өндірісін дамытты, ол елдердің бүтіндей өнеркәсіп салаларын өзіне бағындырды.

Көптеген қытай зертеушілердің айтуынша, жетекшілер эко-номиканы саясаттан жоғары етіп қойған, ал идеология саясат мүддесіне тәуелді болып келеді.

Қытайлық бизнестің дәстүрлі белгісі - Қытай қауымының өзі. Халықтық нығаюдың жоғары деңгейі, қауым ішіндегі бай-ланыстар және іскерлік мүдделердің тоғысуы рулық қауымнан тыс жерлерге таралады. Салынған елдегі Қытайлық капиталдың қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі - жергілікті, қытайлық емес биліктің іскерлік белсенділігіне әсер ету немесе бағындыру ниеті (мақсаты) болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, салынған елдегі қытайлық капитал, мысалы, Индонезияда үкімет шараларын ашық түрде менсінбейді.

Өйткені капиталдың қызметі бір орталықтың біртүтас басқаруымен жеңілдетіледі, ол қызметті сауда өнеркәсіптік па-латалар табысты орындайды.

70-жылдардьщ ортасында олардың саны Малайзияда -^479, Филиппинда - 368, Сингапурда - 179, Таиландта - 59.

Оңтүстік-Шығыс Азия нарығындағы өз позициясын нығайту мақсатында қытайлық компаниялар тікелей мемле-кеттік құрылымдармен және жергілікті капиталмен ынты-мақтасады.

Экономикасы өтпелі кезендегі елдердің капитал тарту саясаты.

Шығыс Еуропа елдерінің дамудың жаңа моделіне көшу тұжырымдамасы өз күштеріне сену және шетел капиталын бел-сенді тарту идеяларына сүйену еді. Соңғы онжылдық тәжірибесі көрсеткендей, оны енгізудің әлеуметтік-экономикалық салдары сан алуан болып келеді.

Оның позитивті аспектілеріне мыналар жатады:

- экономикалық дамуына  ықпал ету;

- жүмыспен қамтамасыз  ету;

- жаңа технологиялар базасына  көшу;

- білікті мамандарды дайындау.

Өз ресурстарының жеткіліксіздігі әсерінен бүкіл экономи-каны реформалау үшін Шығыс Еуропа мемлекеттері шетел ка-питалын импорттап алуға мәжбүр болды. Капиталдың өсуінің жоғары қарқындары 90-жылдардан бастап белгіленді, 1990 жылға қатысты келесі 5 жылға қойылған инвестициялар көлемі 43 есеге ұлғайды және бірнеше млрд. $-ға жетті.

Инвесторлардың өз капиталын салу мынандай себептерге байланысты болды:

- тауарлар мен қызметтер  нарығының толығуы;

-  білікті жұмысшы күші, шикізат пен энергия ресурстары-ның  төменгі құны.

Бұл шетел инвесторларына инвестициялар мен тұтыну тау-арларын өткізуді кеңейтуге мүмкіндік берді, аймақтың ынғайлы географиялық жағдайы елеулі түрде оның ұйымдастыруы мен техникасын жеңілдетті.

Дамыған елдер халқының қоршаған ортаны қорғау норма-ларын қатаңдатуға қатысты ұлғайып бара жатқан белсенділігін ескере отырып, дамушы елдер территориясындағы бірінші реттік қайта жасау өндірістерінің көбін қайта орналастыру қажет болып отыр.

Қабылдаушы жақтың шарттары есебінен пайданы жоғарылатудың және технологиялық өндірістер құрылымын үйлестірудің қолайлы мүмкіндіктері жасалды.

Бірақ шетел инвестицияларының барлық формаларының ішінде Шығыс Еуропа капиталдың тікелей салынуына көңіл аударды. Өйткені, бұл форма бағалы қағаздар нарығындағьі тәуекелділікті жойды, қаржыландыру шарасын жеңілдетті және капиталды тарту мен пайдалану шығындарын төмендетті. Со-нымен бірге Шығыс Еуропаға тартылған барлық тікелей инве-стицияның 90%-ке жуығы Венгрия, Польша мен Чехияның үлесінде, бұл жерлерде бір тұрғынға шаққанда инвестициялана-тын капитал сомасы тиісінше 692$, 342$, және 142$ болды. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш бірнеше ондаған долларды ғана құрайды.

Капиталды тартудың мұндай сандық параметрлері төмендегідей:

- әлеуметтік және саяси  жағдайдың тұрақтылығы; -жекешелендіру  процесінің үлкен демократиялығы;

- «ашық есік» саясатын  ертерек қолдану.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру қарқыны төмен, экономика мен саяси жағдайдың тұрақсыздығын туында-татын тәуелділіктердің болуы бар елдерде (Болгария, Словакия, Румыния) капиталдың динамикалық ағымының болуы мүмкін емес.

Шетел капиталы ағымының елдік векторы ең алдымен Ба-тыс Еуропа елдеріне сүйенеді, ал олардың 1/3-і ғана АҚШ-тьщ үлесінде.

Шығыс және Орталық Еуропа, Ресей бұл кезде елеусіз па-раметрлерге ие.

Шетел капиталын басқарудың институционалдық құрылымы кеп қырлы және онда маңызды рөлді халықаралық қаржылық ұйымдар атқарады.

Сонымен бірге, Шығыс Еуропадағы капитал ағымының барлық көлемін елдер бойынша бөлудің маңызды ерекшеліктері бар.

Мысалы, Венгрияда - АҚШ капиталы, ал Чехия мен Болга-рияда - Германия капиталының үлесі мол.

Еуропадағы шетел капиталын тартудың төмендегідей ерек-

шеліктері бар:

- салалық құрылым бойынша  шетелдік салымдарды пайда-лану палитрасы әр алуан;

-  алғашқы жылдары қаржылар  өнеркәсттщ дәстүрлі сала-ларына  салынды;

- өңдеуші өнеркәсіп сферасына  капиталды орналастырудың жоғары  үлес салмағы;

-  халық шаруашылығының  жоғары технологиялық салала-рына  тікелей шетел инвестицияларын арттыру тенденциясы;

-  өңдеуші өнеркәсіптегі  капиталдың жоғары үлесі, көлік  өндірісінің (жеңіл, жүк, көліктері, автобустар), сонымен бірге телебайланыс, сауда  және қаржылық секторы;

- жердің сауда айнальшына  кіру проблемасы, сонымен бірге  оны алу шарасы ауыл шаруашылығы сияқты салаға мұқият көңіл аударудан алыстатты.

Өзіміз білетіндей, шетел капиталы белгілі бір елге әр түрлі жолмен тартылады, бірақ Еуропада бірлескен кәсіпорын (БК) қүру сияқты жол кеңінен таралған.

Өйткені, жаңа бизнес инвесторға маңызды қосымша шығындарсыз өндірісті жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Мұнда жинақталған тәжірибе мен серіктестік іскерлік байланыстарда негізгі құралдар болып табылады.

Бірақ бірлескен кәсіпорындардың 50%-тен астамы шетел капиталын 100%-тік тарту объектісі (үлесті сатып алу есебінен толық меншіктеу) болып табылады.

Әсіресе соңғы формалар Болгария, Венгрия және Румыния сияқты елдерде кеңінен таралған.

Салыстырмалы түрдегі аз уақытқа қарамастан, капиталды тарту процесі үлттық экономика параметрлерінде маңызды түрде көрініс тапты:

- жекешелендіру процесін  жеңілдетті;

- бәсекелестік ортаны  қалыптастырды;

-  өндірістердің халықаралық  бірлесуіне елдердің қатысу дәрежесін  арттырды;

Осылайша, тарихи қысқа мерзімдерде автомобиль, компью-терлік жүйелер өндірісі және тағы басқалар едәуір өсті:

- банктік және сақтандыру  жүйелерін реформалау белсенді  түрде жүрді;

-  көптеген елдер шетелдерге  тауар шығаруда өз орнын кеңейтті.

Шетел капиталдарын тарту салдарынан туындаитын нега-тивті параметрлер санынан мыналарды атап өту керек:

•   елдің  экспорттық  саясатын   инвестор   елдің   ішкі   на-рығындағы мақсаттарға бұру;

• Шығыс Еуропа елдері территориясындағы жоғары рента-бельсіз, прогрессивті емес дәстүрлі салаларды қайта орналасты-

ру;

• елдің сауда баланысындағы пассивтің ұлғаюы;

•  экономикалық өсу қарқыны - тікелей шетел инвесторла-рын тартуға тура байланысты болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Қазақстандағы  инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау

1.1 Қазақстандағы инвестициялық қызметінің бүгінгі тандағы жағдайы

 

Техникалық көмек дегеніміз – іс жүзінде техниканы интеллектуальдық меншік түрінде беру. Ол экономикалық реформаға қатысушы министрліктер мен ведомстволар институттарын жетілдіруге, заңдық негіз жасауда кеңес көрсетуде, әлеуметтік және эколгиялық бағдарламар жасауға, ұлт мамандарын даярлауға, зерттеулер жүргізуге, ірі инвестициялық жбалардың техникалық-экономикалық негіздерін жасауға, жаңа ақпараттық технологияны игеруге жұмсалады. [16]

Мемлекеттік меншік обьектілерін жекешелендіру мен монополиясыздандыру процестеріндегі техникалық көмек ірі кәсіпорындардың ірі қала-мекемелердің құрылымын қайта жасауда монополистік қайраткерлікті шектеп, адал бәсекелестікті дамыту үшін консалтингілік  қызмет көрсетуге бағытталған.

Донорлар міндетті медициналық қамсыздандыру мен  медицинаны жаңа экономикалық қатынастарға көшіру кезеңінде адам ресурсын дамытуға үлкен көмек көрсетуде.

Білім беру саласында бұл көмек кәсіптік оқытудың жүйесін реформалауға бағытталып, жоғары оқу орындарында консалтингілік көмек көрсетіледі, студенттерді шетелде оқыту жүргізіледі. Жоғары оқу орындары мен мектептердің методикалық және техникалық жабдық талуы жақсартылады.

   Экология саласында  техникалық көмек жобалары экологиялық кризистерді болдырмау мен ядролық қалдықтардың тұрғын халыққа тигізер зардабын зерттеп, жою бағытында жасалады.

Тәуелсіздік алғашқы жалдыранда сыртқы көмек елімізге бей – берекет, көбінесе донорлардың өз ұсыныстары бойынша келіп отырды. Сондықтан оны тиімді пайдалану механизмдері де болмады. Қазір біздің комитетіміз сыртқы көмекті бір арнаға түсіреді. Донорлар біздің еліміздің мүддесін басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.

Біз көбіне келетін көмек мөлшерлерін өз мүмкіндігімізге сай болуын қалдағалаймыз. Бұл үйлестіру сыртқы көмектің өз мезгілінде келіп жетуі мен оны тиімді пайдаланудың жолдарын ашады. Сондықтан да біздің қызметімізде бір донорды екінші донордың қайталауы болып көрген емес. Алайда елімізді тұрақты даму жолына түсіргенге дейін сыртқы көмекті бақылау мен қадағалауды назардан бір сәт те тыс қалдырмау қажет. Ол үшін жергілікті жерлерде донорлармен кездесу ұйымдастыру керек. Ол жылына төрт-бес рет өткізілуге тиіс. Кездесулер сыртқы техникалық және қаржылай көмекті қалай тартып, қалай жұмсау тақырыбына арналады.

Осы жұмыстармен негізінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы министрлігінің ішкі қарыз комитеті айналысады.

Біздің бір проблемамыз қаржылық және экономикалық процедуралармен таныс квалификациялы мамандардың жетіспеуі.

Дүниежүзі қауымдастығы біздің Үкіметімізге сеніммен қарап, еліміздің дербес те, бай болатынына сенеді. [17]

 

Инвестицияларға немесе несиелерге салық үзілістерін, жеңілдетілген ставкаларды, салық шегерімдерін беруді қоса алғанда салық жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны, жеңілдікті кеден бажын және т.б. қайта қарап уақыт талабына сәйкестіру болар еді. [19]

Әрине, тым шашырау берудің  де еш пайдасы жоқ. Мәселе, философтар айтпақшы, қарапайымнан күрделіге қарай жүріп отыру қажет.

Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың тағы бір желісі инфрақұрылым обьектілері – энергетика, газ және мұнай құбырлары, әуежайлар, қонақ үйлер, байланыс құралдыры, автомобиль және темір жолдар, су құбырлары – мейлінше назар аударатын обьектілер. Бұл міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуал жасау деген сөз. Экспорт пен импорттың, жалпы іскерлік – бизнестің, инфрақұрылымның ойдағыдай жұмыс істеуінсіз, дамуы мүмкін емес. Қолайлы инвестициялық ахуал жасауда ең алдымен халықты жұмыспен қамту мәселесін ойластыру қажет. Жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі аймақтық басымдықтар (приоритеттер) жүйесімен қатан үйлестірілуге тиіс.

Басым болып табылатын салаларды (отын-энергетика, қара және түсті металлургия, тау-кен, агроөнеркәсіптік кешен) жер мен жылжымайтын мүлікке берілетін құқық түріндегі гранттар, қызметкерлерді оқытуға арналған демеу қаржы, әр түрлі алымдарды азайту түріндегі субсидиялар сияқты нысандарды да пайдалану қажет. Жоғарыда келтірілген байламдардың куәсі болғандай Біріккен Ұлттар Ұйымдардың Еуропа жөніндегі экономикалық комиссиясы өз баяндамасында Қазақстанға көп орын берген. «Бұрынғы кеңестік Қазақстанда тікелей инвестиция тасқыны тіпті күшейді» - дейді баяндамашы.

Информация о работе Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру