Инновациялық процестерді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 18:50, реферат

Краткое описание

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз

Вложенные файлы: 1 файл

реферат эко.docx

— 107.80 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

      

       Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

      Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

       Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар  ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

       Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге, басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, алдыңғы қатарлы өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыратын ғылыми-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады.   

       Экономикалық қатынастың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі роль берілген, себебі оның соңғы нәтижесі: өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек пен капитал өнімділігінің өсуі, жоғары технологиялық өнімдердің көлемі, яғни елдің экономикалық қуатын анықтайтындар болып табылады. Ғылыми-технологиялық саясат инновациялық үдерістерді белсендендіруге, жаңа жоғары технологиялық салттарды енгізуге, ғылым мен өндіріс арасындағы айырылысты жеңуге, инновациялық қызметті ынталандыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. 

      Әлем елдерінің  барлығының экономикалық сипаты  мен дамуын анықтайтын маңызды  факторлардың бірі ретінде бүкіл  әлемде мойындалған ғылыми-техникалық  прогресс(ҒТП) батыс және отандық  әдебиеттерде инновациялық процес  ұғымымен байланыстырылады. Бұл  процесс жаңалық табуды білдіреді  және ғылыми идеяның туылуынан  оның коммерциялық іске асуына  дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс  ,айырбас,тұтыну қатынастарының  бүкіл жинағын қамтиды.

       Инновациялық  процестерді зертеудің маңыздылығы,  бір жағынан, қоғам экономикасын  көтеру үшін ғылым мен инновациялардың  ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан,  Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.

 Зерттеу объектісі  - Қазақстан Республикасының теміржол көлігі  мен «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ– мы болып табылады.

Зерттеу нысаны - теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті басқару үдерісі.

       Курстық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық үдерістер және кәсіпорындарда инновацияны басқарудың қандай тәсілдер мен жолдарын қолдану қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын  талдау.

       Бұл курстық  жұмыста инновация, оның түрлері,инновациялық  үдерістер, кәсіорындағы инновациялық  қызмет, инновацияны басқару тәсілдері  мен жолдары, инновациялық қызметтегі  контроллинг және «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ инновациялық қызметіне талдау жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі

1.1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары

 

    «Инновация» термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады. Алдымен тақырып маңызын ашпастан бұрын, инновация терминіне тоқталып өтейік.

     Инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін комерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновация жоғарыда аталған барлық қасиеттер де бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновацияның үдеріске кері әсер етеді.

      Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық жағдайды алдын ала көре білу, «шығындар-нәтиже» арақатынасын оңтайландыру бағытындағы іс-шараларды  жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға жету болып табылады.Алдымен тақырып маңызын ашпастан бұрын, инновация терминіне тоқталып өтейік.

         Инновация нарықта немесе өндірістік  үдерісте ендірілген жағдайда  ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес  ғылыми-техникалық инновациялар  мынадай қасиеттерге ие болуы  тиіс:

  1. Жаңалығы болуы керек
  2. Нарық сұранысын қанағаттандыру керек
  3. Өндірушіге пайда әкелуі керек

Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты  сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Осы жетістіктерге жету үшін инновацияны дұрыс басқара білу керек.

“Инновациялық басқару” экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды  білдіреді, дегенмен мақсат қою мен  оны жүзеге асыру бағытындағы  іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз  тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан  басқару - жоспарлау, реттеу және бақылау  бағытындағы іс-шаралар жиынынан тұрады. Инновациялық басқару барлық элементтерді жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға  дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру  үдерісінде оң және теріс ауытқуларды  бағалау негізінде жоспардың  орындалуы үшін қажетті жағдайлар  жасауға бағытталған.

Кәсіпорындағы инновацияларды басқаруда кәсіпорын басшылары  бірқатар басқару әдістері мен жолдары  бойынша шаралар атқарады. Сол  инновацияны басқаруда ең көп  қолданылатын шаалардың бірі контроллинг  тұжырымдамасы болып табылады.

       Контроллингтің  мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан  туындайды және ең алдымен  ұйымның қалыпты жағдайын сақтау  және оның табысты дамуына  бүкіл басқарушылық үдерісті  бағдарлауға негізделген. 

Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау  және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту  бағытындағы іс-шараларды дер  кезінде жүргізуге мүмкіндік  беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.

Контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі.

Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері  мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге  және ақпаратқа негізделген. Сол  себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді. Инновацияға негізделген контроллинг-  инновациялық жобалар бағытындағы шешімдерді қабылдау үшін басқарушылық қызметті бағыттау, инновациялық жобалардың ұзақмерзімді өміршеңдігін және үйлесімділігін қамтамасыз етуге ақпараттық-инструменталды қолдау көрсету.

Инновацияларға шаруашылық механизмнің әсері ерекше басқару  стратегиясы мен белгілі бір  әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың  жиынтығы инновацияларды басқарудың өзіндік  механизмі, басқару үдерісін басқару  жүйесі – контроллинг қызметі  арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг келесі кезеңдерден  тұрады:

  1. инновациялар үшін негіз ретінде көрінетін идеяларды іздеу;
  2. идеяларды жүзеге асыруда ақпараттық-инструментальды қамсыздандыру;
  3. берілген инновациялар үшін инновациялық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру;
  4. нарыққа инновацияларды енгізу және олардың қозғалу үдерісін бақылау.

Кәсіпорын қызметіне объективті және негізделген баға беру үшін контроллинг  қызметінде екі көрсеткіштер топтамасын, яғни басқару тиімділігі мен табыс  пайдаланылады, бұл кәсіпорынды  тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

1-сурет -  Кәсіпорынның  инновациялық қызметіндегі контроллингтің  рөлі

     Инновациялық  контроллингті стратегиялық контроллингтің  құралнамасы ретінде айқындауға  болады, себебі кәсіпорынның инновациялық  қызметі оның болашақтағы ұзақмерзімді  қызмет етуін айқындайды және  едәуір тәуекелдермен, белгісіздіктермен  байланысты келеді. Стратегиялық  контроллинг құралнамалары ең  алдымен кәсіпорынның перспективасы  мен тәуекелін, оның ұзақмерзімді  қызмет етуіне кедергі келтіретін  факторларды анықтау және үйлесімділігін  қамтамасыз ету үшін қолданылады. 

Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллингтің қалыптасу үлгісі 3-суретте келтірілген.

Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі  қаражат салымдарын талап етеді. Қосымша  пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық салымдар салу қажет.

 

 

3-сурет - Кәсіпорынның  инновациялық қызметіндегі стратегиялық  контроллинг

 

Стратегиялық контроллинг  оперативті,сонымен қатар инновациялық контроллингті қамти отырып, кәсіпорынның ұзақ мерзімді басымдықтарын, жоспарларын, ішкі және сыртқы ортасын талдай отырып, іске асыруға тиісті бағдарламаларды  әзірлеп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

 

1.2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау

 

     Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

       Өнімнің  жаңа түрін игеріп (тауарларды, қызмет  көрсетулерді) және  жаңа технологияларды  қолдануын сипаттайтын көрсеткіштердің  жинағы сонымен қатар кәсіпорынның  инновациялық  қызметін  сипаттайтын  көрсеткіштердің жинағы және  талдауы инновациялық қызметті  бақылаудың мақсаты болып табылады.

       Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің бақылауында зерттеу нысанасы ретінде инновацияның келесі түрлері  қолданылады: өнімдік, процесстік және басқарушылық. Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне және сапасының жоғарылауына басқарушылық инновациялары  маңызды роль алады, атап айтқанда ақпараттық алмасудың кеңеюі, жаңа білім мен технологияны қолдану және оқыту қабілетінің жақсаруы. Басқарушылық  инновациялары - олар құрылған жүйеге – көптеген қатысушылары және өзара қарым қатынастары бар күрделі әлеуметтік жүйеге қатысты көпшілік деңгейде ерекше.  Сонымен қатар технологиялыққа қарағанда менеджменттегі инновация күрделірек, өзінің енгізуіне дейінгі негіздемеге және одан кейінгі бағалауға жол береді.

        Кәсіпорындардың инновациялық қызметін зерттеуде инновациялық  саладағы (атап айтқанда, зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша) кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығын зерттеуге, нәтижесінде инновациялардың сапалы деңгейін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған екпін күшейтілген. Бұл білімді тарату және пайдалану процесінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін анықтау қажеттілігімен, инновацияларды әзірлеу және іске асыру процесінде ұйымдардың арасындағы білім ағындарының өзара алмасуының маңызды рөліне негізделеді. 

       Кәсіпорынның  инновациялық қызметі ақпарат,  білім, технология, тәжірибе, адамдық  және қаржылық ресурстар көздерімен  байланысының әртүрлілігі мен  құрылымына байланысты. Кәсіпорынның  инновациялық қызметін зерттеуде  зерттеулер мен талдамалардың  бірлескен жобаларын орындау  бойынша серіктестермен арақатынастың  әртүрлі нұсқалары қарастырылады:  кәсіпорын, өнімді тұтынушылар  (жұмыс, қызмет) кіретін топ құрамындағы  кәсіпорын (бірлестіктер, серіктестіктер, қоғам), құрал-жабдықтарды, материалдарды,  жинақтаушыларды, бағдарламалық  құралдарды жеткізушілер: консалтингілік, ақпараттық фирмалар, ғылыми ұйымдар,  университеттер мен басқа да  жоғары оқу орындары; даму институттары («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат  қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық  қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық  қор» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлік қоры»  АҚ, «Технологияларды инжинирингілеу  мен трансферт орталығы» АҚ  және т.б.). Осымен, экономика дамуының  тиімділігі жекелеген дербес  экономикалық құрылымдардың инновациялық  дамуының тиімділігінен ғана  емес (ғылыми ұйымдар, ғалымдар, ЖОО  және т.б.), инновациялық қызмет  үдерісінде олардың арасындағы  өзара байланыстың тиімділігіне  де тәуелді.       

Информация о работе Инновациялық процестерді