Мектепке дейінігі мекеме тәрбиешісінің біліктілігін арттыру мақсатындағы әдістемелік қызметінің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 17:27, лекция

Краткое описание

Әдістемелік қызметті жетілдіру қазіргі кезеңде білім беру реформасының жетістігі ретінде қарастырылады. Мектепке дейінгі білім беруді жаңартуда қойылатын талаптарды шешуде әдістемелік құрылымының алдына қойған мақсат әдістемелік жұмыстың қол жеткен деңгейі, әдістемелік қызметтің мазмұны мен мінездемесіне қойылатын жаңа талаптардың айырмашылығын меңгеру. Мектепке дейінгі тәрбие және дамудың ұлттық үлгісін құруды бағдарлау мақсатында мектепке дейінгі мекеме өркендеуінің бастапқы айқындамасы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген. Педагог тьюторға мемлекеттік стандарттың ұсынысы бойынша педагогикалық үдерісте әдістемелік жұмыстың инновациондық жаңартылуын талап етеді.

Содержание

1.Әдістемелік қызметті жетілдіру
2.Әдістемелік қызметті жетілдіру әдістерінің кешені

Вложенные файлы: 1 файл

Дәріс 2 қазақша.docx

— 20.67 Кб (Скачать файл)

Дәріс №2

Тақырып: Мектепке дейінігі мекеме тәрбиешісінің біліктілігін арттыру мақсатындағы әдістемелік қызметінің мазмұны

Жоспар

1.Әдістемелік қызметті  жетілдіру

2.Әдістемелік қызметті  жетілдіру әдістерінің кешені

 

   Әдістемелік қызметті жетілдіру қазіргі кезеңде білім беру реформасының жетістігі ретінде қарастырылады. Мектепке дейінгі білім беруді жаңартуда қойылатын талаптарды шешуде әдістемелік құрылымының алдына қойған мақсат әдістемелік жұмыстың қол жеткен деңгейі, әдістемелік қызметтің мазмұны мен мінездемесіне қойылатын жаңа талаптардың айырмашылығын  меңгеру. Мектепке дейінгі тәрбие және дамудың ұлттық үлгісін құруды бағдарлау мақсатында  мектепке дейінгі мекеме өркендеуінің бастапқы айқындамасы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген. Педагог тьюторға мемлекеттік стандарттың ұсынысы бойынша педагогикалық үдерісте әдістемелік жұмыстың инновациондық жаңартылуын талап етеді.

   Өзгерістер төмендегі екі айқындама бойынша жүргізілуі керек:

1. Тәрбиешінің жұмыс өзгерістерінің  мәні: Оқу және тәрбиелеу үдерісін  шығармашылық жағынан құрастыру  ең алдымен әріптестік, диалог, бірігу, жарыққа шығу, серіктестік арқылы  жүзеге асады.

2. Тәрбиешілердің біліктілігін  арттырудың кеңейтілімі келесі  бес сала бойынша жүргізіледі: «Денсаулық»,«Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Әдістемелік қызметті жетілдірудің мәні – бұл

  • педагогикалық ойлаудың өзгертілуі;
  • қалалық әдістемелік қызметтің мазмұнындағы біліктілікті бағдарлаудың жолдарын табу;
  • педагогтардың өз бетімен шығармашылық даму негізінде интерактивті оқытылуы.

Әдістемелік жұмыс құрылымының жаңа үлгісін құрудың жолын табудың келесі бағыттарын көрсетуге болады:

  • әлеуметтік тапсырыс беруді үйрену;
  • кадрлармен жұмыс: біліктілікті көтеру жүйесі, тәрбиешілер мен тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық тәжірибе шеберлігі және диагностикасы;
  • тәжірибелік-зерттеу қызметі;
  • вариативтік бағдарламалар мен технологиялардың жүзеге асуының мониторингі;
  • педагогтар қызметін бағдарламалық көмектермен қамтамасыз ету.

  Мектепке дейінгі  мекеме педагогтарының кәсіптік  деңгейін көтеруде оның жүйелі  мінезінің болуы және әдістемелік  жұмысты жетілдірудің мақсатты  үдерісіне көңіл бөліну керек.

   Әдістемелік қызметті қамтамасыз ететін практикалық жүзеге асудың білімдік саясатын  бөлім ретінде қарастыратын болсақ, оның жетілуінің негізі және векторы анықталады: мектепке дейінгі білім берудің білімдік  реформаларының сүйемелдеуімен оның ресурстық орталығы осыларға айналады: кадрлық, әдістемелік, информациондық, бағдарламалық және т.б.

Әдістемелік жұмысты жетілдіру кешен әдістері бойынша жүзеге асырылуы керек.

1. Әдістемелік жұмыстың  инновационды білімдік қолдауы  және ұйымы

     Оның субъектілеріне  жатады: қалалық білім беру бөлімінің  ғылыми-әдістемелік орталығы, мектепке  дейінгі ұйымдар, шағын орталықтар, жеке субъектілер - педагог - тьюторлар  және педагог – инноваторлар.

     Жұмыс үйлестіруші  қалалық (аудандық) тәжірибелік кеңес  болып табылады, оның қызметі  педагогикалық тәжірибе және  инновациялық жобалар мониторингін  өткізу жолымен әлеуметтік мәнді  педагогикалық тұлғаға қолдау  көрсетуге бағытталған.

2. Мектепке дейінгі ұйым  педагогтарының біліктілігін жоғарлатуда  инновациялық формаларды  іске  асыру оның кәсіби дамуының  ғылыми педагогикалық қолдау  құралы ретінде.

Тәрбиешінің инновациялық қызметін психо-педагогикалық қолдауының желілік қолдау бүгінгі таңдаәдістемелік қызметпен машықтанады.Берілген модель,педагогикалық зерттеу аумағында жеке инновациялық қызметте, тәжірибесі және қажетті білімі бар әр мекеме мүшесіндегі педагог-тьюторлардың  мақсатты дайындық ұйымы есебімен қамтамасыз етіледі. Әрбір тьютор белгілі жоспар бойынша таңдалған шығармашылық ұжыммен бірге жұмыс жүргізеді.

3. Педагогикалық тәжірибенің  анықталуы, үйретілуі және қорытындысы.

Әртүрлі формада жұргізіледі:

  • Мектепке дейінгі ұйымныңәртүрлі категориялыққызметкерлерінің қалалық ( аудандық) әдістемелік бірігу жұмысы арқылы;
  • Кәсіби шеберлік конкурсына дайындық шеңберінде;
  • Әртүрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар;
  • Жеке кәсіпкерлердің біліктілігін жоғарылату курстарының жұмыстарына қатысу арқылы;
  • Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәжірибесін қорытындылау арқылы.

Жеке инновациялық жобаларды жүзеге асыратын педагогтар оны жазғы демалыс кезінде жыл сайын ұйымдастырылатын конференцияларда қорғайды, конференция қорытындысы бойынша ғылыми-әдістемелік жинақтар таратылады.

4. Кәсіби шеберлік конкурстарының  ұйымы.

Педагогтардың кәсіптілігін жоғарылатуының берілген формасын қолдаушылармен қатар қарсыластар да бар, бірақ кәсіби шеберлік конкурсы – бұл педагогикалық ұйымның мерекесі екеніне ешкім таласпайды, ол қатысушылардың ішінен ең жақсысын таңдайды және олардың кәсібилігін бағалайды, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен жетекшілерінің кәсіби дамуына жағымды мотивациялық орта құрады.

Конкурстарды өткізу барысында маңыздысы мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік қызметінің қорытынды тәжірибелік жұмысына қолдау көрсету,  осы ұйымдағы сынақтан өтілген жақсы нәрсенің таралуына және сол жерде лайықты қолдануына жағдай жасау болып табылады.

5. Педагогтардың дарынды  балалармен жұмысының әдістемелік  қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау.

Мектепке дейінгі жаста шығармашылық қабілеттердің және әртүрлі таланттардың дамуы -  әдістемелік қызмет модернизациясының басымдықтарының бірі. Дарынды балаларды қолдау және анықтау бойынша жүйелік жұмысы мектепке дейінгі білім берудің әдістемелік қызметімен өткізілуі тиіс. Дарындылық түрі бойынша бұл дарынды балаларға банк құрылған. «Дарынды балалар» қалалық кешенді бағдарламасының жүзеге асуына байланысты қосымша білім беру мекемелерімен белсенді бірлестік жүріп жатыр, мұнда балалардың шығармашылық және спорттық конкурстары, үйірмелер, фестивальдар, жарыстар өткізіледі.

6. Профильді мектепке  дейінгі білім беру шеңберіндегі  оқу-әдістемелік кешендердің, оқу  бағдарламаларын әзірлеушілерге  ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық  қолдау көрсету.

Мектепке дейінгі білім беру дамуының анық білдірілген тенденцияларының бірі форма таңдау құқығына және білім беру мазмұнының баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуіне бағытталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінжоғары білім беру жүйесінен вариативтіге өту боп табылады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету және әдістемелік әдебиеттер әр түрлі деңгейдегі мектепке дейінгі білім беру бойынша үздік практика кезінде деректер банктің нормативті құқықтық ақпарат мекеме арқылы балабақшалар іске асыруды қолдайды. Авторлық құқық айнымалы бағдарламаларды өткен жарыстарға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламаларын әзірлеу керек.

7. Мектепке дейінгі ұйымдардың  қызметтерін дамыту мониторингі.

Мектепке дейінгі ұйымдардың белгіленген рейтинг бойынша белгілеген жетістіктері. Мектепке дейінгі ұйымның принципі оқу-әдістемелік жұмысын бағалау үшін көрсеткіштерді  таңдау болып табылады. Әдістемелік жұмыстың табысы сандық және сапалық сипаттамалары өлшемдерімен негізделуі тиіс. Оқытушылардың әдістемелік жеке жұмысының кешенді талдауға негізделген динамикалыұ жетістіктері ( кәсіби жарыстар тәжірибелік эксперименттік және инновациялық жұмыстар) Мектепке дейінгі мекемелер (конференциялар, семинарлар, ашық сабақтарға қатысу және т.б) және әдістемелік қызмет мектепке дейінгі мекемелердің ұжымдық нәтижесі. Республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық жұмыс өлшемдерінің саны әдістемелік қатысу деңгейіне байланысты дифференцияланып бағаланады.

             

                     Әдістемелік жұмыстың рейтингтік кестесі

Өлшемдері

Баллдар

1

Мектепке дейінгі ұйымдардың базасындағы тұрақты семинар

 

2

Эксперименттік іс ұжымдық мектепке дейінгі ұйымдардың бөлігі

 

3

Мектепке дейінгі мекеменің анықтамалық сайтының әдістемелік қызметі.

 

4

Педагогтардың кәсіби конкурстарға қатысуы

  • республикалық дәрежеде
  • аумақтық дәрежеде
  • облыстық дәрежеде
  • қалалық дәрежеде
 

5

Балалардың шығармашылық байқауларға қатысуы

  • республикалық дәрежеде
  • аумақтық дәрежеде
  • облыстық дәрежеде

     -    қалалық  дәрежеде

 

6

Семинарлардың өткізілуі

  • республикалық дәрежеде
  • аумақтық дәрежеде
  • облыстық дәрежеде

     -    қалалық  дәрежеде

 

7

Педагогикалық кадрларды және мектеп лауазымдары үшін ашық іс-шаралар

 

8

Қалалық (аудандық) әдістемелік іс-шараларға қатысу

 

9

Басылым

  • ұлттық басылымдар
  • аймақтық басылымдар
  • қалалаық (аудандық) басылымдар
 

10

 Мектепке дейінгі ұйымдарға  тиімді оқу-әдістемелік тәжірибе  синтездеу және тарату жұмыстары, қызметтері жатады.

 

11

Ғылыми конференцияларға қатысу

  • республикалық деңгейде
  • облыстық деңгейде
  • қалалық (аудандық) деңгей
 

12

Шығармашылық топтың қатысушылары БЖИ және КБЖ

 

 

8. Әдістемелік қызметтің  жетілуінің ақпараттық-қатынастығын алып жүреді.

   Ақпараттық-қатынастық жұмысқа кірер алдында слайдтар жасау тиіс.

Семинардың, мәжілістердің, әр түрлі деңгейдегі конференциялардың көп бөлігін компьютер техникасының көмегімен өткізу керек. Қатысушылар берілген шарт бойынша іс-шараларды мультимедиа арқылы таныстыру керек.

   Сөйтіп, қазақстандық мектепке дейінгі білімнің жетілуі өзінің үдерісінде әдістемелік қызметтің қайта құру алғышарттарын жетілдіру, эксперименттің нәтижесінде мектепке дейінгі мекеменің сатылық өрлеуі құрылады. Осындай әдістемелік қызметтің әрекеттестігінің қалыбы қажетті ақпараттың  бұқаралық өрлеуін қамтамасыз етеді, әдістемелік қызмет маманының біліктілігін, және оның білім алатын мекеменің әдістемелігін даярлайды.

 

Тексеру сұрақтары

    1. Білім беретін бес облысты атап шығыңыз.
    2. Әдістемелік қызметтің жетілу кешеніне шара жасау.
    3. Әдістемелік қызметтің көрсеткіш өлшемдерін атап шығыңыз.

 

Әдебиет

1. ҚР заңы «Білім беру туралы» Казахстанская правда, 1999

2. Балабақша әдіскері

3. «Балбөбек» бағдарламасы, Алматы 1999

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектепке дейінігі мекеме тәрбиешісінің біліктілігін арттыру мақсатындағы әдістемелік қызметінің мазмұны