Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 22:13, лекция
Қазіргі кезеңдегі қоғам ақпараттық қоғам деп аталады. Мұның өзінде қоғамның елеулі бөлігі ақпаратты, сондай-ақ оның ең жоғарғы нысаны – білім шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады екен. Ал қоғамның ерекшелігіне ақпараттың үздіксіз алмасуы жатады.
Компьютерлік техника мен телекоммуникациялардың кеңінен дамуы бұрынғымен
«Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» республикалық заңда ақпарат деп адамдар, заттар, фактілер, оқиғалар мен процестер жөніндегі берілген түріне қарамастан мәлімет аталады. Әр түрлі теориялар мен тұжырымдамаларда, мысалы, экономист Фрэнк Найттың пайда теориясында, сондай-ақ инженер және математик Клод Шенноның ақпарат теориясында ақпаратқа белгісіздік пен тәуекелді төмендететін құрал деген анықтама беріледі.
Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) деп АТ-дың жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың (ақпарат жинау, тіркеу, жіберу, өңдеу, көрсету, көбейту техникалық құралдары, оргтехника және т.б. ) техникалық құралдар кешені аталады. Осы техникалоық құралдардың ішінен ДК мен байланыс құралдары негізгі рөл атқарады. Техникалық құралдармен қатар техникалық қамтамасыз етудің құрылымдық элементіне әдістемелік және басшы материалдар,техникалық құжаттама мен оларға қызмет көрсет көрсететін қызметкерлер жатады.
Программалық қамтамасыз етуге (ПҚ) АЖ-дің қызметтері мен міндетін іске асыратын және техникалық құралдар кешенінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалар жиынтығы кіреді. Программалық қамтамасыз етудің құрамына жалпы жүйелік және арнайы (қолданбалы) программалар, сондай-ақ программалық қамтамасыз ету құралдарын қолдану жөніндегі нұсқамалық-әдістемелік материалдар мен АТ-ды әзірлеумен және оның өміршеңдік циклының бүкіл кезеңінде оны және сүйемелдеумен айналысатын қызметкерлер кіреді.
Математикалық қамтамасыз ету (МҚ) – жобалау жұмыстарын автоматтандыру процесінде атқарымдық мәселелерді шешу кезінде пайдаланылатын ақпаратты өңдеудің математикалық әдістердің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық қамтамасыз етуге басқару процестерін модельдеу құралдары, басқарудың үлгілік мәселелерін шешу әдістері мен құралдары, зерттелетін басқару процестерін оңтайландыру мен шешім қабылдау әдістері (көп өлшемді оңтайландыру, математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет көрсету теориясының әдістері және т.б.) кіреді. АТ қамтамасыз етудің осы түрі бойынша техникалық құжаттамада есептердің сипаттамасы, алгоритмдеу жөніндегі тапсырмалар, экономикалық-математикалық әдістер мен есептерді шешу үлгілері, оларды шешудің бақылау мысалдары бар. Қызметкерлер объектіні басқаруды ұйымдастыру саласының мамандарынан, атқарымдық мәселелерді қоюшылардан, математиктерден – басқару процестерін үлгілеу және есептеу әдістері жөніндегі мамандардан, АТ жобалаушылардан құралады.
Ұйымдастыруды қамтамасыз ету (ҰҚ) деп АЖ жобалау процесінде құралған, бектіліп, пайдалану негізін қалайтын құжаттар кешені аталады. Құжаттар, нұсқаулықтар АТ, АЕАЖ және ШҚҚЖ жұмыс істейтін жағдайдағы АЖ қызметкерлерінің қызметін реттейді. Басқару мәселесін шешу процесінде қамтамасыз етудің осы түрі басқару қызметі қызметкерлері мен технологиялық қызметкерлердің өзара ықпалдасу ретін анықтайды. Ұйымдастыруды қамтамасыз ету әр түрлі әдістемелік және басшы материалдарда АЖ, АТ, АЕАЖ және ШҚҚЖ әзірлеу, енгізу мен пайдалану сатылары бойынша іске асырылады. Атап айтқанда, ол жобалау алдындағы зерттеу жүргізгенде, жобалаудың техникалық тапсырмасы мен техникалық-экономикалық негіздемесін жасау кезінде, жобалау процесінде жобалық шешім әзірлегенде, автоматтандырылатын есептерді, үлгілік жобалық шешімдер мен қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) таңдағанда, қалыптастырылады және техникалық-жұмыс құжаттамада көрсетіледі, ал жүйені енгізу мен пайдалану процесінде нақтыланып, шешілетін мәселелердің ауқымының кеңею шамасына орай толықтырылады.
Құқықтық қамтамасыз ету (ҚҚ) деп АЖ мен АТ құру мен енгізу кезіндегі құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы аталады. АЖ мен АТ әзірлеудің осы сатысында құқықтық қамтамасыз етуге осы процестің барысындағы әр түрлі ауытқуларды құқықтық реттейтін, сондай-ақ әр түрлі ресурстар түрімен АЖ менАТ әзірлеу процесін қамтамасыз ету қажет болуына орай әзірлеуші мен тапсырыс берушінің шарттық міндеттемелерімен байланысты нормативтік актілер кіреді. АЖ мен АТ жұмыс істеуінің осы сатысына олардың мәртебесін, құқықтық жағдайы мен ұйымдағы АЖ мен АТ-дың буындарының құзыреттерін, қызметкерлердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, АЖ-де ақпаратты қалыптастыру, пайдалану мен қорғау тәртібін, оны тіркеу, жинау, сақтау, тарату мен өңдеу процедураларын, есептеу және телекоммуникациялық құралдарды және басқа да техникалық құралдарды, сатып алу мен пайдалану тәртібін, математикалық және программалық қамтамасыз етуді сатып алу мен пайдалану тәртібін анықтау кіреді.
Эргономикалық қамтамасыз ету (ЭҚ) АЖ мен АТ әзірлеу мен олардың жұмыс істеуінің әр түрлі сатысында пайдаланылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы ретінде адамның жоғары сапалы, жоғары тиімді және қатесіз жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдай жасауға арналған. АТ-ны эргономикалық қамтамасыз ету құрамына жұмыс орнына, ақпараттық үлгілерге, қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайына қойылатын эргономикалық талаптар бар құжаттар кешені, сондай-ақ осы талаптарды жүзеге асыру мен олардың іске асырылу деңгейін эргономикалық сараптауды жүзеге асыру жиынтығы; қызметкерлерді даярлау деңгейіне, сондай-ақ АТ қызметкерлерін іріктеу мен даярлау жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды негіздеу мен қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік құжаттамалар мен техникалық құралдардың әдістер жиынтығы; АТ-ғы қызметкерлердің қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер мен әдістемелердің кешені кіреді.
Жүйелелік қағидасы АЖ құруда, қолдану мен дамуда ең маңызды болы болып табылады. Ол зерттелетін экономикалық объектіні (ұйымды) біртұтас ретінде қарастырып, осының арқасында жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін әр түрлі байланыс түрлерін анықтауға, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің бағыттары мен ол іске асыратын нақты қызметтерді анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелілік қағидасында ұйымда макро- және микроталдау деп аталатын екі аспектілік талдау ұйымдастыру қарастырылады.
Даму қағидасында АЖ жүйенің қызметтері мен оны қамтамасыз ету түрлерін ұдайы толықтыру мен жаңарту мүмкіндігі ескереріліп құрылады. Аталмыш қағидада экономикалық объектілердің өндірістік және басқару процестері дамиды, олардың ұйымдастыру құрылымдары күрделінп, қайта құрылыды деп қарастырылады, сол себептен оларды АЖ—дің есептеу қуатын өсіріп, шешілетін мәселелерді ұдайы толықтырып, жаңарту, сонымен бірге дерекқор мен дерек қоймалар, білім базасы түрінде құрылатын ақпараттық қорды кеңейтуге арналған жаңа техникалық және программалық құралдармен жарақтандыру қажет.
Ақпараттылық қағидасында экономикалық объектіні басқару процесімен қатар жүретін ақпарат пен ақпараттық процестерді егжей-тегжей әрі жан-жақты зерттеу қарастырылады, яғни ақпарат семантикалық (мазмұны), синтаксистік (белгі) және прагматикалық (пайдалылық) жағынан зерттеледі. Ақпарат теориялық тұрғымен қатар мәліметтердің көлемі, мазмұны негіз қалаушы болып табылатын АЖО-ды, ақпарат тарату, сақтау мен өңдеу жүйесін жобалау үшін зерттеледі. Үйлесімділік қағидасында экономикалық объектілердің жұмыс сітеу процесінде әр түрдегі, деңгейдегі АЖ-дің өзара ықпалдасу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылады. Сондықтан жобалау процесінде жаңадан құрылатын және пайдалануға берілетін басқару АЖ-дің ақпараттық, техникалық, программалық үйлесімділік мәселелерін шешетін әдістемелік тәсілдемелердің жүйелік біртұтастығы қамтамасыз етілуге тиіс. Әдістемелік тәсілдемелердің біртұтастығы АЖ әзірлеу, құжаттау, пайдалануға қабылдау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарда іске асырылады. Бұған халықаралық және отандық стандарттар (Гостстандарт), салалық және ведомстволық нормативтік материалдар, ұйымның регламенттері, хаттамалары, стандарттары жатады.
Стандарттау
мен сәйкестендіру
Бөлшектеп байланыстыру (декомпозиция) қағидасы элементтер мен жалпы жүйенің де ерекшеліктерін, сондай-ақ жаңа ақпараттық-технологиялық базада АЖ құрған кезде зерттеуде пайдаланылады. Қағида жүйені бөліктерге бөлуде және жеке жұмыстар кешенін жеке бөлуге негізделеді. Ол басқару қызметінің қазіргі жай-күйін неғұрлым тиімді талдауға, басқару қызметінің нақты аспектілерін кейін үлгілеу үшін атқарымдық мәселелерді шешудің ерекшеліктерін зерттеп, оны автоматтандырылған технологияға көшіру үшін жағдай жасайды.
Тиімділік
қағидасында АЖ құру мен ол жұмыс істеген
кездегі мақсатты нәтижеге жұмсалатын
шығынның арасындағы ұтымды арақатынасқа
жету қарастырылады.Бизнес-
Бизнес-инжинирингтің мақсаты
өндірістің тиімділігіне жету, жобаланатын
жұмыстардың өзіндік құнын
Дәріс № 3. Тақырыбы: АЖ-НЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ақпараттық қамтамасыз ету басқарылатын объектінің жай-күйін сипаттайтын ақпараттарды көрсетуге арналған және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
Ақпарат – ақпараттық қамтамасыз етудің негізі. Машиналы өңдеу теориясында ақпарат басқару мақсатында оны жаңғырту технологиясына қатысты, яғни жинау, беру, сақтау және өңдеу объектісі болып табылатын мәліметтер жиынтығы ретінде қарастырылады. Ақпарат құжаттар мен компьютерлерде белгіленуі мүмкін; еңбек құралы мен заты болып табылады.
Жіктеуіш – бұл жіктелген белгілері (номенклатурасы) мен олардың кодтық мәндері бойынша объектілердің, заттардың, құбылыстардың біртекті атауларының жүйеленген жиынтығы.
Код – кодтау жүйелерімен белгіленген белгілі бір ережелер бойынша объектінің сандық немесе алфавиттік-сандық белгілермен белгіленген шартты белгісі.
Кодтау – шартты белгілерді (кодтарды) номенклатура позицияларына тағайындау үдерісі. Кодтар сандық, әріп және аралас (мысалы: сандық код – 21325, әріп – АБС, аралас – АБ180) болуы мүмкін.
Кодтаудың негізгі мақсаты
– объектілерді бірмәнді белгілеу.
Кодтаудың көмегімен
Экономикалық ақпаратты
жүйелендіру әр түрлі жіктеуіштерді
қолданудың: халықаралық және ҚР аумағында
ғана әрекет ететін жіктеуіштердің қажеттігін
туындатады. Халықаралық жіктеуіштер Халықа
ҚР аумағында ғана әрекет ететін жіктеуіштер 1970 жылы үкімет қаулысымен құрылған Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне (ЖКБЖ) кіреді.
ЖКБЖ жіктеуіштердің келесі тобынан тұрады:
Есептік және қаржы-кредит ақпаратын өңдеген кезде жалпыресейлік және жергілікті жіктеуіштер кең қолданылады.
Банк ақпаратын автоматты өңдеу жүйесі кодтық белгілермен белгіленген номенклатуралардың міндетті түрде қолданылуын қарастырады. Дербес шоттың коды ең күрделі болып табылады. Оның құрылымы 1998 жылдан бастап есептердің жаңа жоспары мен халықаралық стандарттарға сәйкес құрылып келеді.
Мемлекеттік банкінің нұсқауымен аралас жүйе бойынша құрылған және 11 топтық белгіні қамтитын дербес шоттың күрделі құрылымы ұсынылып отыр. Кодтың мәні: есептер жоспарының банктік тарауының номерін (3 белгі); бірінші ретті шот номерін (2-3 белгі); екінші ретті шот номерін (4-5 белгі); валюта кодын (6-8 белгі); қорғаныс кілтін (9 белгі); банк филиалының, бөлімшесінің номерін (10-13 белгі); банк клиентінің дербес шотының номерін (14-20 белгі) қамтитын 20 белгіден тұрады.
Қажет болған жағдайда белгіні 25 разрядқа дейін ұлғайтуға болады.
Жергілікті кодтар осы ұйымға тән номенклатураларға жасалады. Мұнда басқарудың түрлі бөлімшелері мен қызметтері (қызметкерлер, бөлімшелер, өнімдер және т.с.с.) пайдаланатын номенклатуралардың үлкен тобы кіреді. Жергілікті кодтар әр түрлі экономикалық міндеттерді шешкен кезде бірыңғай болуы керек. Ақпараттық технологиялар бойынша мамандармен қатар, пайдаланушы-экономистер де жіктеуіштерді жасауда маңызды роль атқарады.
Сериялы жүйе реттік жүйені толықтырады, онымен бір немесе оданда көп белгілі номенклатураларды кодтауға болады. Номенклатуралардың үлкен белгілерінің әрбір тобына номерлер сериясы тағайындалады, ал номенклатураның кіші белгілерінің әрбір позициясы реттік номермен кодталады. Сериялы жүйе номенклатураның үлкен белгілерінің резервтік номерлерін қарастырады.
Кодтаудың позициялық жүйесінде әрбір белгі нақты көрсетіледі және оған оның мәнділігіне байланысты бір немесе бірнеше разряд беріледі. Кейін әрбір белгі 1, 01, 001-ден бастап белгінің мәнділігіне байланысты ары қарай жеке кодталады. Бұл код көрсетілген белгілерге сәйкес барлық қажетті қорытындылардың машинада автоматты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Информация о работе Экономикадағы ақпараттық процестер және оларды автоматтандырудың қажеттілігі