2050 стратегиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2013 в 19:07, доклад

Краткое описание

Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның шығуы тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды да түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін оңай болмайтынын ескерген де ләзім. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты.

Вложенные файлы: 1 файл

2050стратегиясы.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)

19 Желтоқсан 2012, 17:31

 «Қазақстан-2050»  : Маңызды міндет - қоғамдағы әлеуметтік  тұрақтылықты нығайту

 

 АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптаның  14 желтоқсанында «Қазақстан-2050»  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап Мәңгілік Ел болудың биік межелерін айқындаған еді.

 

Оның ішінде Президент ХХІ ғасырды Қазақ  елінің алтын ғасыры болатынын болжамдады. Ал мұндай игілікті кезеңнің нақты  көрсеткіші етіп Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның шығуы тиістігін айтып, осы бағытта атқарылуы тиіс тапсырмаларды да түгендеді. Дегенмен, мұндай межелі биік асуларды еңсеру еліміз үшін оңай болмайтынын ескерген де ләзім. Олай болатын себебі Жолдау барысында Ұлт көшбасшысы жаһанға қаһары төнуі әбден мүмкін 10 сын-қатерге баса назар аудартты.

 

Сондай  сын-қатердің арасында Президент жер-жаһанда  үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық  мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. «Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік. Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз. Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.   Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет -қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

Расында, беделді  халықаралық сарапшылардың басымы әзіргі әлемдік ахуалға тоқтағанда әлеуметтік мәселе әбден ушығып тұрғанын, тіпті бұны тез тұтанатын, тұрақсыздыққа тура апаратын кесел ретінде қарастырады. Соны ең алдымен мықты мемлекеттердің қаперіне салғысы келеді. Дегенмен, бұған қайрат қылуға Еуропа елдерінің өзінде де шама болмай тұрғанын аңғару қиын емес. Ал Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметінің тұрмыс-жайы баршаға мәлім. Ендеше межеленген келешек асуларда, айқындалған жаңа мақсаттарды еңсеруде әлеуметтік сипаттан туындайтын сын-қатерге ұрынбай, оны тиімді етіп жүзеге асырып, тұрақсыздық қауіптерін қалай айналып өтуге болады?

 

Осындай маңызды  сауалдарға жауапты да сол «Қазақстан-2050»  стратегиясынан, яғни Елбасы айқындаған стратегиялық Жолдаудан әбден таба аламыз. Өйткені, дәл осы алдағы уақытта  ұстанатын әлеуметтік саясат турасында  Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «Біздің басты мақсатымыз - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл - қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу - бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс», - деді. Бұдан бөлек, Елбасы келешекте басшылыққа алынуы тиіс және оларды ескере отырып, әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне деген көзқарасқа түзету енгізе алатын қағидалар туралы пайымын баяндап берді. Мұндай қағидалар нені қамтиды?

 

«Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі  әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс. Басты міндет - кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек. Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек», - дейді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер бірқатар бағытты қамтуы шарт. Атап айтқанда, бұнда ең алдымен,  тұлғаның қажеттіліктері тізімі кеңейтіліп, оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соның ішінде, жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша әлеуметтендіру мақсатында), саламатты тамақтану және саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу көзделеді. Сонымен қатар, экономиканың өсіміне байлаулы өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңмен сапалы арттыру көзделеді. Осыған орай, Елбасы бұндай стандарттарды сақтау бүкіл әлеуметтік саланы бюджеттік қаржыландыру көлемін айқындауы тиістігін айтты. Соған орай, президент Үкіметке тиісті заң әзірлеуді тапсырды.

 

«Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған  мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс. Ол үшін не істеу керек?  Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады. Ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп отыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.  Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаңа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек. Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын  жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 

 

Президент назар аударған үшінші маңызды мәселе - өңірлерді дамытуда әлеуметтік теңгерімсіздік мәселелерін шешу. Осы тұрғыдан Елбасы қазіргі кезде бірқатар өңірлердің экономикалық баяу дамуы еңбекпен қамтудың қамтамасыз етілмеуіне алып келетінін, сол өңірлерде халықтың кірісінің деңгейі тербеліп тұрғанын да атап өтті. Осыны қаперге сала келе, Президент ең алдымен, мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіруді күшейту қажеттігін ескертті. Ондағы міндет - мемлекеттік және салалық барлық бағдарламалардың орындалуын өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін шешумен үйлестіру.

 

Тоқтала кететін  жайт, Елбасы әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері - жұмыссыздықтың өсуі екендігін айтқан болатын. Сондықтан да, Президент төртінші маңызды мәселе ретінде еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуды атады.

 

«Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та - барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыруды тапсырамын.  Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың  көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу қажет. Бұл жаңартылған бағдарламаның орындалуына жауапты ретінде мен Премьер-Министрдің жеке өзі мен әкімдерді бекітемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар, Елбасы «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға  Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақала негізінде Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы заң  әзірлене бастағанына тоқталып, бұның  аясында еңбеккерлер мүддесін ескерген еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасауды жүктеді.

 

Осылайша, жақында жарияланған Жолдаудың  және бір ерекшелігі жаңа кезеңдегі  әлеуметтік саясатты айқындайтындығында екенін аңғарамыз. Ал ондай әлеуметтік саясаттың мақсаты түптеп келгенде барлығын да қарапайым азаматтар үшін жасап, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталғанын байқаймыз.


Информация о работе 2050 стратегиясы