Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2015 в 06:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр.
Бастауыш сынып табалдырығында оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Линвистикалық негізгі обьектісі – сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу – адамзаттың іс – әрекетінің ерекше формасы.

Вложенные файлы: 1 файл

Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатыс.docx

— 60.71 Кб (Скачать файл)

2.Board race  Тақта  сайысы  ойыны

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім  оқушыларды екі  топқа  бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім  түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған  сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз  жазу керек.Келесі  оқушы әрі қарай жалғасын  жалғастырып отырады.Соңында  оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:

P-1                                                                     P-2

Red                                                                    Red

Ten                                                                               Тen

Stone                                                                  Stone

Winter                                                                Winter

Book                                                                  Book

Осылай  рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп  қай жақтын жеңгенін  айтады. Бұл ойында оқушылар  шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау  қабілеттері  артады.

3.Question Race  Сұрақтар  сайысы

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім сол сабаққа  қатысты  сұрақтар қойылады. Осы  сұрақтар  оқушыларға  таратылып беріледі. Оқушылар  сол сұрақтарға  дұрыс жауап  беру  керек. Мысалы  жыл мезгілдерін  өткен  кезде суреттер арқылы да  мынадай  сұрақтар  арқылы  қолдануға  болады.

1.How  many seasons are there in a year?

2.What  are  they?

3.How  many  months  are  there in a  year?

4.What are  they?

5.What season is it  now?

6.What month is it now?

7.How many days are  there in a week?

8.What  are they?

Осы  сұрақтар  арқылы  оқушылардың сөйлеу   қабілеттері    артып,сөздік  қорлары  молайып,сабаққа  деген қызығушылығы  арттырудың  өту  барысының  жоспарын  жасау.

 

Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағалануы қажет.

І. Алфавитті дұрыс меңгеру үшін барлық  әріпке карточкалар жасалады. Мысалы карточкалардағы сол әдіптен басталатын аңдардың суреттерін салуы. Бұл ойында оқушылар әріптермен қатар аңдарын аттарын қоса жаттап, әріптерді әліпби тәртібі, ретімен қойып үйретеді.

ІІ. Орфографияны дұрыс оқытуда алдыңғы сабақтармен байланыс ретінде «Сөздіктен сөзді тап» сөзжұмбақтары шешіледі. Тақтаға шыққан оқушы қате жіберсе, қалғандары дұрысғ керекті әрңптерді айтады. Оқушылардың тіл дамыту жұмысын осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізу. Олардың тілін дамытуда көрнекіліктің алатын орны ерекше.

ІІІ. Лексиканы меңгертуде төменгі сыныптар үшін ойынға қажетті материал: карточкада бірінші басталатын әрпі жоқ сөздер жазылады. Ойынның мақсаты-сөздің бірінші әрпін тауып жазу.

ІҮ. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. Қазіргі мектептегі негізгі мәселелердің бірі-оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Сондай-ақ бұл мәселе өздігінен білім алуға да әсерін тигізеді. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырып, ой-өрістерін дамиды. Сонымен қатар дұрыс оқуға дағды алған оқушы мәтіннің ішінен өзіне қажетті деректі материалдарды таңдап алуға мүмкіншіліктері болады. Мәтін оқумен байланысты мақсаттар қойылады: мәтіннің негізгі идеясын анықтау, мәтін не жөнінде айтылған, оқиға қай жерде болған, шығармадағы басты бейнелер. Мәтіннің мазмұнын айту үшін оқылған мәтінге жоспар құрылады, оны бөлімдерге бөледі, ат қояды, оны анықтау мақсатында жоспар құрылады.

Ү. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттырудың тағы бір жолы-грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а)сөйлем, ә)жіктеу, б)жаттығу орындау, в)суреттеу, г)осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме құру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасау үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастырып отырады және оқушылар оған белсене атсалысады. Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығуын арттыру мақсатында жұмыс әнмен түрлерін пайдалану. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б Әнмен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. тыңдау алдындағы тапсырма, 2. тыңдау кезіндегі тапсырма, 3. тыңдағаннан кейінгі тапсырма.

Мысалы, «Битлз» тобының танымал Уesterday әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдай отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындайды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.

Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген шын ықыласын қамтамасыз етуіміз керек.

Қорыта айтқанда сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді.

Мысалы, қазіргі білім беру үрдісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз.

Балалар сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізеді. Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету оқушылар мен мұғалімдер, оқушы мен оқушы арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен, әр ұстаз қандай технологияны таңдағанына қарамастан ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс.

Оқушыларды ағылшын тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:

  1. Оқушы мұғалімнің қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім оқушылармен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

  1. Ана тілі мен ағылшын тілін араластырып сөйлемеу керек. Қажет болса грамматикалық ережелерді түсіндіруде ана тілін қолдануға болады.

  1. Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оны сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Оқушылар сабақты толық меңгеру үшін төмендегі тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет:

  1. Үйге берілген тапсырманы үнемі орындау;

  1. Көрнекілік, техникалық құралдарды қолдана білу;

  1. Сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау әрекеттеріне арналған өзіндік жұмыстарға көңіл бөлу;

  1. Белсенді талдау кезінде топтасып шулауды тоқтатпау;

 

Қазаргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету.

«Тарбие басы бесіктен» демекші, егер біз мектептегі тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен іліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет

  1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж 59 бет

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж 21 бет

  1. Т.В.Рогова, Т.Е.Сахарова «Методика обчения инастранного языка в средней школе» Москва  1998г  162 бет

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж 6 бет

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №4 2008ж 27 бет

  1. Мектептегі шет тілі №3 2006ж 44 бет

  1. Иностранные языки в школе  Москва 2000г 79 бет

  1. Т.А.Китайгорская «Методические основы интенсивного обучения иностранным языком» Москва 1986г 78 бет

  1. «Ізденіс» журналы №1 2005ж 125 бет

 

 


Информация о работе Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары