Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:03, контрольная работа
Жұрнақ - жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз (сөз тудырушы жұрнақ: сушы, қойшы, т.б.) , бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін (сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді: сула, қызылырақ т.б.) сөз бөлшегі.
Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін мағыналық бөлшегі.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз.
Жалғау - сөз бен сөзді, сөйлемдерді байланыстаратын қосымша.
Түбір, жұрнақ
Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін мағыналық бөлшегі.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз.
Жұрнақ - жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз (сөз тудырушы жұрнақ: сушы, қойшы, т.б.) , бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін (сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді: сула, қызылырақ т.б.) сөз бөлшегі.
Жалғаулар
Жалғау - сөз бен сөзді, сөйлемдерді байланыстаратын қосымша.
Көптік жалғау көптік мағынаны береді:
-лар, -лер,- дар,- дер, -тар,- тер.
Мысалы: балалар, көшелер, аттар, мектептер, қыздар, гүлдер.
Тәуелдік жалғау: бір заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді, меншікті екендігін көрсетеді.
№ |
Дауысты дыбыстан соң |
Дауыссыз дыбыстан соң |
I |
-м, -мыз, -міз әкем, апамыз, әкеміз |
-ым, -ім, -ымыз, -іміз қызым, келінім, қызымыз, келініміз |
II |
-ң, -ңыз, -ңіз әкең, апаң, әкеңіз |
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз қызың, келініңіз |
III |
-сы, -сі әкесі, апасы |
-ы, -і қызы, келіні |
(ортақ тәуелдеу) (оңаша тәуелдеу)
Менің анам Біздің анамыз анамыз
Сенің анаң Сендердің аналарың анаң
Сіздің анаңыз Сіздердің аналарыңыз анаңыз
Оның анасы Олардың аналары анасы
Септік жалғау сөз бен сөздің арасын байланыстырады.
Септіктер |
Сұрақтары (Тәуелдік жалғаудан кейін) |
Септіктердің жалғаулары |
Атау |
Кім? Не? Кімдер? Нелер? (Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі?) |
жалғауы жоқ бала, шеге (балам, шешем) |
Ілік |
Кімнің ? Ненің? (Кімімнің? Немнің? Кіміңнің? Неңнің? Кіміңіздің? Неңіздің? Кімінің? Несінің?) |
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің баланың, шегенің (баламның, шегемнің т.б) |
Барыс |
Кімге? Неге? Қайда? (Кіміме? Неме? Кіміңе? Неңе? Кіміңізге? Неңізге? Кіміне? Несіне? |
-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е балаға, шегеге (балама, шегеме т.б) |
Табыс |
Кімді? Нені? (Кімімді? Немді? Кіміңді? Неңді? Кіміңізді? Неңізді? Кімін? Несін?) |
-ды, -ді,-ты, -ті, -ны, -ні, -н баланы, шегені (баламды, кітабын) |
Жатыс |
Кімде? Неде? Қайда? (Кімімде? Немде? Кіміңде? Неңде? Кіміңізде? Неңізде? Кімінде? Несінде?) |
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде Балада, шегеде (баламда, шегемде т.б.) |
Шығыс |
Кімнен ? Неден? (Кімімнен? Немнен? Кіміңнен? Неңнен? Кіміңізден? Неңізден? Кімінен? Несінен?) |
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан,-тен, Баладан, шегеден (баламнан, шегемнен т.б.) |
Көмектес |
Кіммен? Немен? (Кіміммен? Неммен? Кіміңмен? Неңмен? Кіміңізбен? Неңізбен? Кімімен? Несімен?) |
-мен, -бен, -пен баламен, шегемен (баламмен, шегеммен т.б) |
Жіктік жалғауы жалғанғанда сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан байланысады.
Етістік |
Зат есім |
Сын есім |
Сан есім |
Есімдік | |
Мен |
Тұрмын |
Студентпін |
Үлкенмін |
Біріншімін |
Кіммін? |
Сен |
Тұрсың |
Студентсің |
Үлкенсің |
Біріншісің |
Кімсің? |
Сіз |
Тұрсыз |
Студентсіз |
Үлкенсіз |
Біріншісіз |
Кімсіз |
Ол |
тұр |
студент |
үлкен |
бірінші |
Кім? |
Қосымшалардың орын тәртібі
Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді: үй-ші-лер-іміз, үй-шік-тер-іміз-ге.
Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыратын, қарым-қатынасқа түсіретін қосымшалар болғандықтан, сөздің соңында келеді.
түбір |
жұрнақ |
көптік жалғау |
тәуелдік жалғау |
септік жалғау |
жіктік жалғау |
Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер 9 сөз табына бөлінеді:
1.
Зат есім
2.
Сын есім
3.
Сан есім
4.
Есімдік
Зат есім
Зат есім сөйлемдегі Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағынада жұмсалатын сөз табы.
Түрлері |
Мысалдар | |
Мағынасына қарай (по значению) |
Жалпы |
бала, адам, қала, үй |
Жалқы |
Болат, Семей, Ертіс | |
Деректі |
қалам, оқушы, су, Әлібек | |
Дерексіз |
арман, ой, мінез, сыр | |
Тұлғасына қарай (по способу образования) |
Негізгі |
ел, жер, дала, мектеп |
Туынды |
елші, жерсіз, далалық, мектепішілік | |
Құрамына қарай (по составу) |
Дара, жалаң |
сынып, тарақ, ауыл |
Күрделі: біріккен |
||
тасбақа, бәйтерек, Ақсу | ||
қосарлы |
ата-ана, ел-жұрт, жауын-шашын | |
тіркесті |
аяқ киім, сары май, балалар бақшасы | |
қысқарған |
ҚР, ҚазМҰУ, пединститут |
Зат есімге барлық жалғаулар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғанады.
Сын есім
Сын есім заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер. Қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Түрлері |
Мысалдар | |
Мағынасына қарай (по значению) |
Сапалық |
ақ, үлкен, жеңіл |
Қатыстық |
тұзды, ақшалы | |
Тұлғасына қарай (по способу образования) |
Негізгі |
жақсы, әдемі, кең |
Туынды |
қысқы, таулы, өткір | |
Құрамына қарай (по составу) |
Дара |
кішкентай, нәзік, мол |
Күрделі |
жаман-жақсы, қызыл ала, ұзын бойлы |
Cын есімнің шырайлары
Шырай түрлері |
Жұрнақтары |
Мысалдыр |
Жай шырай (положительная степень) |
- |
әдемі, жақсы, ақ, қызық |
Салыстырмалы шырай (сравнительная степень) |
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек |
жақсырақ, ағырақ, көгірек |
-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу |
үлкендеу, ақтау, жеңілдеу | |
-қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -қылтым |
қызғылт, ашқылтым | |
-шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім |
көкшіл, көкшілтім | |
-ілдір |
көгілдір | |
-аң, -қай, -ғыш |
қартаң, сарғыш, сұрқай | |
Күшейтпелі шырай (превосходная степень) |
Күшейткіш буын арқылы |
жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары |
Асырмалы шырай (превосходная степень) |
өте, тым, аса, тіпті, нағыз, ең, нақ, бек |
өте үлкен, тым аласа, аса құрметті, тіпті жақын |
Көмекші есімдер
Көмекші есімдер жеке тұрып, дербес, толық мағынаға ие бола алмайтын және сөйлемнің өз алдына мүшесі болу қасиеті де жоқ сөздер.
Атау- сырты, үсті
Ілік- сыртының, үстінің
Барыс- сыртына, үстыне
Табыс- сыртын, үстін
Жатыс- сыртында, үстінде
Шығыс- сыртынан, үстінен
Көмектес- сыртымен, үстімен
Көмекші есімдер қосарланып та келеді: жан-жағы, үсті-басы, басы- қасы т.б.
Көлемдік қатынасты білдіретін көмекші есімдер көбінесе барыс, жатыс, шығыс, септіктерінде тұрады: Тау басында тұрмыз. Тау басынан түсып келеміз. Тау басына шықтық.
]
Сан есім
Cан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Түрлері |
Мысалдар | |
Тұлғасына қарай |
Негізгі |
Екі, төрт, қырық |
Туынды |
Бірінші, екеу, елудей | |
Құрамына қарай |
Дара |
Үш, бес, мың |
Күрделі |
Он сегіз, екі мың он | |
Мағынасына қарай |
есептік |
Бір, екі, үш, |
Реттік |
Бірінші, екінші, үшінші | |
Жинақтық |
Төртеу, бесеу, алтау | |
Топтау |
Бесбестеп, мыңнан, оннан | |
Болжалдық |
Елудей, бірер, жүздеген | |
Бөлшектік |
Үштен бір, екі бүтін оннан екі |
Сан есім септеледі, көптеледі, тәуелденеді, жіктеледі.
Есімдік
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүреді. Небары 60-70- тей сөз.
Түрлері |
Мысалдар | |
Тұлғасына қарай |
Негізгі |
Мен, сен, не, кім |
Туынды |
Біреу, мынау, қандай, | |
Құрамына қарай |
Дара |
Ол, ана, қанша |
Күрделі |
Бірнеше,кейбіреу, ешкім | |
Мағынасына қарай |
Жіктеу |
Мен, сен, сіз, ол |
Сілтеу |
Бұл, сол, мына, осы, анау | |
Сұрау |
Кім? Қалай? Қайдан? | |
Өздік, |
өз, өзім, өзіңіз | |
Белгісіздік |
Біреу, бірдеңе, әркім, әлдене | |
болымсыздық |
Ешкім, ешқашан, дәнеме, ешқайсысы | |
жалпылау |
Бәрі, бүкіл, барлық, түгел, бүткіл |
Етістік
Заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын етістік деп атайды. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.
Түрлері |
Мысалдар | |
Тұлғасына қарай |
негізгі |
оқы, жаз, бар, кел, бер |
туынды |
тұзда, гүлде, ойна, ойла, кешік, тазар | |
Мағынасына қарай |
Негізгі: мысалы: (алып еді) |
алып, қал, көр, сөйле, әкел |
көмекші |
еді, ет, де бол, әкет, тұр, шық | |
Объектіге қатынасына қарай |
салт |
бар, кел, отыр, жүр, тұр |
Сабақты (табыс септігімен тіркеседі) |
жаз, ал, бер, айт, аш, жап | |
Іс-әрекеттің орындалуына қарай |
болымды |
бар, кел, оқы, жаз |
болымсыз |
барма, барған жоқ, келген емес | |
Құрамына қарай |
дара |
жаз, оқы, ойна, гүлде |
күрделі А) құрама: етістік+етістік |
барып кел, кіріп шық, келіп кет | |
ә)құранды: есім+етістік |
көмек ет, қызмет қыл, адам бол | |
Б) қосарлы |
алдап-сулау, арып-ашып, ойланып-толғану, шаршап-шалдығу | |
В) біріккен (кіріккен) |
апар, әкел, әпер, бүйт, сүйт, өйт | |
Г) тұрақты |
ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек жалғау, жігері құм болу, опық жеу | |
Д) аналитикалық (етістік+көмекші етістік |
барып еді, айта сал, оқи бер, жазып бер, алып жібер |
Етістіктің түрлері
Көсемше негізгі қимыл, амалды білдіріп, кейде сол қимыл, амалды айқындап тұратын, жекеше, көпше болып бөлінбейтін, және көбінесе күрделі етістіктің құрамында келетін етістіктің түрі.
Ауыспалы шақтық көсемше: -а, -е, -и жұрнақтары қосылуы арқылы: сала салды, сөйлей бастады, келе жатыр.
Өткен шақтық көсемше: -ып, -іп, -п.
Келер шақтық: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
Есімше әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады.
Өткен шақтық есімше: -ған, -ген, -қан, -кен
Ауыспалы шақтық: -а, -е, -и
Келер шақтық: -ар, -ер, -р
Тұйық етістік у жұрнағы қосылу арқылы жасалады, тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді: Қайталау оқу анасы. Жастар техника тілін үйренуде. Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті.