Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 20:45, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.
Сондай ақ Г.Смағұлова: «...Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», – дейді.
Ағылшын және қазақ тілдері арасындағы ұқсастықтар да, ерекшеліктер де санаулы емес. Әсіресе идиомаларды, мақал-мәтелдерді және фразеологизмдерді аудару кезінде қиыншылықтар көп туындайды. Сол себепті қазіргі ғылым жүйесі оқушыларға ағылшын тілін үйретуде фразеологиялар мен мақалдар арқылы сөздік қорын жетілдіру және тілге машықтандыру амалын пайдалануда. Аудармашылардың да негізгі міндеті болып ағылшынша-қазақша фразеологизмдерді мағыналық сәйкестігін сақтай отырып жеткізу. Мұнда қостілділік мәдениеттің дамуының ролі өте зор деп айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері