Ақпараттық жүйелердің клиент-серверлік архитектурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Корпоративті ақпараттық жүйе (КАЖ) дегеніміз - компьютерлік желілердің көмегімен әртүрлі қызметтегі ішкі жүйелердің интеграциясының негізінде құрылған, аймақтық және жергілікті желілердің ресурстарын пайдаланатын жүйе.
КАЖ-ді пайдаланудың негізгі концепциясы: әртүрлі АЖ-нің қызметі ретінде қарастырып, ақылдасып қолдану нәтижесінде кәсіпорынның, фирманың шешімді қабылдау стратегиясына тиімді әсер ету.
КАЖ-нің архитектурасы дегеніміз – оны құрайтын, негізгі қызмет атқаратын бөлшектерінің жиынтығымен қарым-қатынастарының сипаттамасы.

Вложенные файлы: 1 файл

клиент сервер архитектурасы.docx

— 76.22 Кб (Скачать файл)

Файл-серверлерді  қолдану - мәліметтерді өңдеудің барлығы  жұмыс станциясында орындалады, ал файл-сервер тек мәліметтерді жинақтаушы және ену құралының функциясын атқарады дегенді білдіреді.

Екі деңгейлі клиент-серверлік архитектурасы тек қана мәліметтер базасының серверін (DB-сервер) қолдану негізінде құрылған. Клиент бөлігі мәліметтерді ұсыну деңгейі болып табылады, ал серверде мәліметтер базасымен бірге МББЖ және қолданбалы қосымшалар орналасқан.   

DB-сервердің  файл-серверден айырмашылығы - оның  жедел жадысында желілік операциялық  жүйеден басқа жұмыс станцияларымен DB-сервердің сыртқы жадысында  орналасқан мәліметтер базасын  бірлесе қолдануын қамтаммассыз  ететін орталықтандырылған МББЖ  жұмыс істейді. 

DB-сервері  мәліметтер файлдарын тұтастай  желімен жіберуден бас тартуға  мүмкіндік береді, оның орнына  қолданушының сұрауын қанағаттандыратын  мәліметтер базасынан алынған  іріктемені ғана жіберу мүмкіндігі  бар. Осымен қатар қолданушы  қосымшасын екі бөлікке бөлу  мүмкіндігі бар: бір бөлігі  серверде орындалады және мәліметтер  базасынан алынған мәліметтерді  іріктеумен және агрегациялаумен  байланысты, талдау және шешім  қабылдауға қажетті мәліметтерді  ұсынатын екінші бөлігі клиент  машинасында жүзеге асырылады.  Осы арқылы, сервер және клиенттік  жұмыс станцияларының есептеуіш  ресурстарын қосу нәтижесінде  ақпараттық жүйенің жалпы өнімділігі  артады.

Мәліметтер  базасына сұрау реляциялық мәліметтер базалары үшін стандартқа айналған SQL тілінде жүзеге асырылады. Осыдан мәліметтер базасы сервері барлық реляциялық МББЖ-мен: Oracle, Informix, MS SQL Server, ADABAS D, InterBase, SyBase және т.б. сүйемелденетін  SQL сервері деп жиі аталуда. Клиенттік қосымшалар столдық МББЖ (MS Access, FoxPro, Paradox, Clipper және т.б.) тілі арқылы жүзеге асуы мүмкін. Осыдан клиенттік қосымшаның  SQL сервермен өзара әрекеті глобальдік мәліметтер базасынан мәліметтерді жіберу және оларды клиенттік қосымшалардың мәліметтер базалары құрылымына қайта құру мүмкіндігін қамтаммассыз ететін ODBC (Open Data Base Connectivity) драйвері арқылы жүзеге асырылады.

Үш деңгейлі клиент-серверлік архитектурасы API интерфейсі (Application Program Interface) арқылы клиенттік жұмыс станцияларының байланысы орнатылатын жеке сервер қосымшаларына қолданбалы программаларды орналастыруға мүмкіндік береді. Қосымшаның клиенттік бөлігінің жұмысы “сервистер” деп аталатын қосымшаның серверінің қажетті функцияларын шақыруға бағытталған. Өз ретінде қолданбалы программалар мәліметтер базасының серверіне SQL сұраулар көмегі арқылы қатынасады. Мұндай ұйымдастыру КАЖ-ң өнімділігі мен тиімділігін мыналардың есебінен едәуір жоғарлатуға мүмкіндік береді:

  • жүйелік ресурстарды елеулі үнемдеу кезінде көптеген клиенттік қосымшаларда мәліметтерді өңдеудің жалпы функцияларын көп рет қайталап қолдану;
  • қосымшалар сервері мен мәліметтер базасының серверінің жұмыстарының параллельдігі, осымен қатар қосымшалар сервері мәліметтер базасының серверімен салыстырғанда құатсыздау болуы мүмкін;
  • клиенттік орындардан қосымшалар сервері арқылы мәліметтер базасына енуді есептеуіш желіде сұраулардың орындалуын диспетчерлеу жолымен оптимизациялау.
  • біреуінің жұмыс бабынан шыққан жағдайда желіде бірін-бірі ауыстыра алатын бірнеше қосымшалар северінде программалық қамтамассыздандыруды дубльдеу нәтижесінде мәліметтерді өңдеудің жылдамдығы мен сенімділігін арттыру;
  • қолданушылардың ену өкілеттіліктерін тексеру жүйесін басқару функцияларын мәліметтер базасы серверінен қосымшалар серверіне ауыстыру;

үш деңгейлі клиент-серверлі КАЖ-і техно-жұмыстық жобалауының технологиялық желісін  қарастырайық (сур. 2.-3.). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық жүйелердің клиент-серверлік архитектурасы