Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 08:04, реферат
Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект. Жүйелер бір-бірімен құрамы және басты мақсаттары бойынша ерекшеленеді.
Информатикада «жүйе» ұғымы кең таралған және көптеген мағыналық мәндері бар. Көп жағдайда ол техникалық құралдар және программалар жиынтығында қолданылады. Жүйе деп, компьютердің аппараттық бөлігін атауға болады. Жүйе деп, сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шығаруға арналған көптеген программаларды есептеуге болады.
XXI ғасырдың басы қоғам дамуының
индустриалдық кезеңнен
Білім жүйесі де қоғамның бір бөлігі ретінде осы болып жатқан өзгерістерге қатысады. Жоғары оқу орындарының түлектерінің білім сапасына талаптардың өсуі ғылыми-техникалық дамудың әсері болып табылады, мұндай жағдайда білім үрдісі де өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Қазіргі заманда жоғары кәсіптілікке қол жеткізу үшін, өз бетімен тиімді және нақты шешімдерді қабылдау үшін ақпаратты-компьютерлік технологиялардың әдістерін меңгерусіз мүмкін емес.
Ақпараттық технологиялар – қарқынды дамудағы бағыт ретінде, келесі тапсырмаларды алдына қояды:
«1С» фирмасы әлем нарығында технологиялық инновацияларды тасымалдаушылардың бірі болып табылады. «1С» фирмасымен әзірленген бағдарламалық өнімдер, соның ішінде «1С:Кәсіпорын» платформасы бірнеше мыңдаған кәсіпорындардың қызметін автоматтандыру үшін кеңінен қолданылуда. Инструментарийдің дамуына байланысты, «1С:Кәсіпорын» жүйесінің қолданылу аясы білімдік-ғылыми ортаның арқасында кеңейе түсті. Мұнда «1С:Кәсіпорын» жүйесін мектептердің, жоғары оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттарын, зертханалардың және т.б., қызметін автоматтандыру жайлы сөз қозғалып отыр. Бұл бағдарламалар ақпараттық технологияларды сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін, көп көлемдегі дидактикалық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген.
Бұл бағдарламалардың негізгі артықшылықтары: кеңінен қолданылуы, стандартты интерфейс, соңғы нәтижелерді алудың ашықтығы, әртүрлі өзгертулерді еңгізуге ашық болуы оны жоғары оқу орнының оқу үрдісінде қолдануға тамаша негіз бола алады.
«1С:Кәсіпорын 8» жүйесінің
бағдарламалары ұйымдардың
1С:Кәсіпорын бағдарламалар
Мұндай қатынастың басты артықшылығы
– әзірлеуді стандарттау, масштабтылықты
қамтамасыз ету және барлық қолданбалы
шешімдерге қазіргі заманғы
1С:Кәсіпорын платформасы барлық қолданбалы шешімдердің саласынан және әзірлеу фирмасынан тәуелсіз, келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
Бір технологияылқ платформа және жалпы әдістеме кәсіпорынға қажет оның жұмысын есепке ала отырып, тек қана қажетті стандартты функцияларды қосу арқылы салалық және деке шешімдерді әзірлеуге мүмкндік береді. Мұндай қатынас шешімдердің бағасының арзандығын қаржылық экономикаға кепіл береді, себебі қаржылық шығындар оны жаңадан құрудан қарағанда әлдейқайда арзан.
Барлық параметрлер стандартты бағдарламалардың функционалдық мүмкіндіктерін және әдістемелерін барынша көп қолданған кезде бағдарламалардың әзірлеудің және ендірудің жылдамдығын жоғарлатуға кепіл береді. Мұндай қатынас болашақ бағдарламалық өнімдерді қолданушыларды оқытуды жеңілдетеді, себебі, егер қызметкер 1С:Кәсіпорын жүйесі бойынша курсты тыңдаса немесе осы бағдарламалардың бірінде жұмыс істеп көрсе, онда ол салалық және жеке шешімдерді қолдануды жылдам меңгере алады. Сонымен қатар, платформаны стандарттау әкімшілік етуді жеңілдетеді, өйткені әкімшілік ету функциялары барлық конфигурациялар үшін бірдей болып табылады. Көптеген жүйелік администраторлар және автоматтандыру бойынша мамандардың барлығы 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигурациясымен жұмыс жасаған, ал кейбіреулері тек қана әкімшілік етпей ғана оны құрастырды.
Жүйенің ашықтығы.
1С:Кәсіпорын – бұл ашық жүйе бұл оның негізгі ерекшелігі болып табылады, себебі кез келген ұйымның басқарушысы бағдарламаны сатып алу және орнату туралы шешім қабылдаған кезде, бағдарламаның өзгертілмейтін қара жәшік сияқты болмайтынына кепілдік алғысы келеді. Бағдарламаны меңгеруге және қажет болған жағдайда кәсіпорынның қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге болады. Баптауларды бухгалтерлік есеп және сауда компанияларының мамандары немесе АТ-департаментінің қызметкерлері жүргізе алады. Конфигурацияға өзгертулер еңгізуді жеңілдету үшін, жеткізу жиынтығында жүйені түзету және құру құралдарын және қажетті құжаттаманы тауып алуға болады. 1С:Кәсіпорын параметрлері бағдарламаны өзгертуге және сүйемелдеуге көп уақытты жұмсауды қысқартуға мүмкіндік береді. 1С:Кәсіпорын конфигурациясы басқа шешімдер мен аппараттық құралдармен байланысу мүмкіндіктеріне ие.
Файлдармен алмасу.
Басқа бағдарламалармен мәтіндік файлдар, DBF-файлдар және XML-құжаттар арқылы жеңіл мәліметтермен алмасуға болады. Баспалық формалар Excel және HTML форматында сақталады. Платформа Microsoft Office 2000 OLE Automation, DDE диспечеріне ақпаратты экспорт жасауға мүмкіндік береді. OLE, OLE Automation және DDE сияқты құралдар 1С:Кәсіпорын қорында бағдарламалық шешімдермен бірге қолданыла алады. Бұл құралдар тілдің көмегімен басқа бағдарламаларды басқаруға, есеп берулер және Excel-де графиктер құруға, 1С:Кәсіпорын жүйесінен басқа бағдарламалық өнімдердің ақпаратына қол жеткізуге, құжаттар және есеп берулер үшін басқа бағдарламалардың объектілерін қолдануға, мысалы, есеп берулерге суреттер мен графикалық объектілер қоюға мүмкіндік береді.
Сыртқы құрауыштар технологиясы. Қосымша бағдарламалық модульдерді немесе сыртқы құрауыштарды құру, қолданушыларға 1С:Кәсіпорынмен басқа шешімдер мен құрылғылармен тығыз интеграция жасау арқылы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Осы технология құрамына қажетті ақпарат еңгізілген, сонымен қатар 1С:Кәсіпорынмен сыртқы құрауыштардың өзара әрекеттесуін қалыптастыру тапсырмалары еңгізілген. Қолданушылар өздері қосымша бағдарламалық модульдерді MS Visual С++, MS Visual Basic, Borland Delphi тілдерінде әзірлеу алады немесе тәуелсіз компанияларға қатынауға болады. 1С:Кәсіпорын бағдарламаларына қоймалық кешендер мен жеке кәсіпорындар үшін саудалық құралдар қосылады: бақылау-кассалық машиналары, POS-терминалдар, штрих-кодтар сканерлері және принтерлері, сатып алушы дисплейлері, электрондық таразы, мәліметтерді жинау терминалдары. 1С фирмасы бағдарлама мен құрал-жабдықтардың бірге жұмыс жасауы үшін сыртқы құрауыштар технологиясын және мәліметтермен алмасу механизмін қолдануды қамтамасыз етеді.
Сүйемелдеу және қызмет көрсету.
Басқарушы қандай да бір бағдарламаны ендіру тураы шешімді қабылдаған кезде, ол міндетті түрде бағдарламаның болашақта даму мүмкіндігін бағалай алуы тиіс.
Жүйенің индустриальдық сүйемелдеуі оның қорында әзірленген платформа және конфигурациялардың стандартымен кепілдендірілген. Типтік шешімдер және платформа үнемі 1С компаниясымен сүйемелденіп тұрады. Сонымен бірге, басқа компаниялардың 1С:Кәсіпорын негізінде жасалған 1С шешімдері мен бағдарламаларын, тіпті бағдарламаға жеке түзетулер еңгізген жағдайда да оны бірігіп жаңғыртуға болады. Бухгалтерлік есеп және сауда компаниясының мамандары 1С:Кәсіпорын бағдарламаларын ендіріп қана қоймай, оны сүйемелдейді және дамытады, сонымен бірге компанияның есепті жүргізу және басқару жүйесінде кеңестер береді. Бухгалтерлік есеп және сауда компаниясының мамандары типтік шешімдердің барлық түрін сүйемелдейді, және де салалық шешімді ендіруге немесе тапсырысшының талаптары бойынша бағдарламаны одан әрі қарай әзірлей алады. Ең бастысы жобаны бір маманнан басқасына ендіруге дейін жіберуге болады.
1С:Кәсіпорын жүйесі жаңа
Масштабтылығы.
1С:Кәсіпорын бағдарламалары өзі қолданылатын компаниямен бәрге өседі. 1С:Кәсіпорын бағдарламалық шешімдеріне бірқолданушылық және желілік нұсқалары, клиент-сервер архиектурасына арналған нұсқалары, сонымен қатар компанияның территориясы бойынша бөлінген кеңселері арасында ақпарат алмасу үшін қосымша құрауыш кіреді.
Конфигурацияның барлық нұсқалары функционалды түрде келісімді, сондықтан егер компания бағдарламаның қолданылу аясын кеңейткңсң келсе, ол бірқолданушылық нұсқадан көп қолданушылыққа ауысқысы келсе оны тез жүзеге асыруға болады. 1С:Кәсіпорын жүйесінің әрбір конфигурациясы бірқолданушылық нұсқадан тұрады. Бұл нұсқа бір компьютерде жұмыс істеу үшін арналған және есептеу операцияларының барлық функцияларын қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай нұсқа компанияның талаптарына сай бейімделуі мүмкін.
Желілк нұсқа. Егер компания желілік нұсқаны сатып алса, бағдарламаны бір мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бірнеше қолданушылар қолдана алады. Бір қолданушымен жүргізілген барлық түзетулер барлық қолданушыларда бірден көрінеді. Сонымен бірге, жүйе басқа қолданушылар объектілерді өзгерте алмауы үшін объектілерге шектеулер қоя алады. Әрбір қолданушының жүйедегі мәліметтерге қол жеткізу құқығы болуы мүмкін, сонымен бірге қолданушы жылдам маңызды функцияларға қол жеткізу үшін жекеленген интерфейсі болуы мүмкін.
SQL нұсқасы. 1С:Кәсіпорын жүйесінің SQL нұсқасы – бұл бағдарламның кеңейтілген мүмкіндіктері бар нұсқасы, олар мәліметер қорымен клиент-сервер режімінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Клиент-сервер технологиясы жүйенің сенімділігі мен өнімділігін арттыра түседі, әсіресе қолданушалардың саны көп болған жағдайда және мәліметтер қорының көлемі үлкен болғанда оны анағұрлым тұрақты етеді. Microsoft SQL Server мәліметтер қорының сервері ретінде қолданылады.
1С:Кәсіпорын платформасының
1С «Кәсіпорын» жүйесі
(8.1 версия) 1С жүйесі қарапайым
да күрделі бухгалтелік есеп
программасы болып саналады, ол
әр түрлі меншік формасында
және әр түрлі қызмет
Информация о работе Ақпараттық жүйе негіздері. 1C:Бухгалтерия бағдарламасына кіріспе