Ақпараттық технология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 19:21, доклад

Краткое описание

Еліміздің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында заман талабына қарай тұлғаны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауда және шығармашылық, танымдық іс-әрекетін үйлесімді дамытуда, танымдық қажеттілігін, белсенділігін, қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының орны ерекше. Сондықтан өскелең ұрпақтың білуге құштарлығын ақпараттық ағым арқыл

Вложенные файлы: 1 файл

bajandama.docx

— 22.45 Кб (Скачать файл)

А.А. Жумабекова, М.М. Мынбаева

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА  БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Семей мемлекеттік  педагогикалық институты

071410, Қазақстан  Республикасы, Семей қаласы, Тәңірберген  көшесі, 1

тел.: (8-722-2)64-19-29; факс: ;е-mail:fmf@sgpi.kz

 

Еліміздің өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу қарсаңында заман  талабына қарай  тұлғаны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауда және шығармашылық, танымдық іс-әрекетін үйлесімді дамытуда, танымдық қажеттілігін, белсенділігін, қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының орны ерекше. Сондықтан өскелең ұрпақтың  білуге құштарлығын ақпараттық ағым арқылы ақиқатты тануға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «ғылымды дамыту үшін қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру, пайдаланушылар үшін отандық және әлемдік ғылыми-техникалық ақпараттың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, – деп көрсеткен. Бұдан, бастауыш мектептен бастап оқушылардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне қолдану әдістемесін жетілдіру көзделіп отыр. Осы тұрғыдан оқушының ақпараттың көзін іздеуі, оны алуы, меңгеруі танымдық іс-әрекеті арқылы іске асады. Мұндай іс-әрекетті туғызатын күш танымдық қызығушылық болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдары оқу әрекетінің тұтастай құрылымының бір элементі,  танымдық үдерістерді дамыту және нәтижені бақылау құралы ретінде қарастырылады. Соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдарын оқу үдерісінде қолданудың педагогикалық мүмкіндіктеріне  білімдік, дамытушылық, тәрбиелік, дербестендіру, ынталандыру, бейімдеуші, білімді меңгертуді басқару, бағдарлаушы, белсендіруші, қорытындылау, ізгілендіру қызметтері алынады. Осы  аталған педагогикалық мүмкіндіктер оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Бастауыш сынып  оқушыларының танымдық қызығушылығын  қалыптастыру кезеңін ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдарын қолдануға орай келесідей ұсынылады: әуестігі, ақпаратты білуге құштарлығы, танымдық қызығушылығы. Алайда, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы оқыту – өзінің мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ерекше әдістерді және қағидаларды қамтитын біртұтас үдеріс. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы қалыптасатын танымдық қызығушылығы – оқушының әуестігі, ақпаратты білуге құштарлығы және оқу мазмұнын меңгеруге бағыттылығы деп тұжырымдалады.

 

Сурет 1 – Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдарын оқу үдерісіне  қолданудың дидактикалық алғышарттары.

 

Мектепте  информатиканы оқыту дара бағдарламамен  жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ  тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің  негізгі мазмұны төмендегідей:

  • Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
  • Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа  ақпараттық технологияның жылдан жылға  кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы  пайдалану үшін даярлауда, олардың  компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың  сыныпта және сыныптан тыс оқу  қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру  «Қазақстан 2030»  бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.

Ғылым мен  техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан  бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының  алғашқы фундаментальді білім негіздерімен  таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру  мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда  жаңа ақпараттық технологияны пайдалану  және оның тиімді  әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика  пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен  үйлестіре отырып  түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті  дағдылармен қамтамасыз ету болып  табылады.

Жаңа  ақпараттық технологияның басты  тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі  өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе  бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен  шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының  нәтижесін көріп, өз- өзіне сын  көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен  ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы  пәнге деген бала қызығушылығын  арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте  тапшы. Сондықтан бастауыш сынып  оқушыларына информатика сабағын  жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық  және практикалық жағынан  байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы  және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

  1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.

Қолданушылық  бағыттары пропедивтикалық информатиканы  меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

  • оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
  • программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
  • программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
  1. Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
  1. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
  2. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:
    1. Проблемалық оқытуды қолдану;
    2. Алгоритмдік оқыту;
    3. Оқытуды ақпараттандыру;
    4. Пәнаралық кіріктіру.

Информатика пәнін үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.

Бастауыш  сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

  1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
  2. Ойды логикалы түрде дамыту;
  3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
  4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Бастауыш  сыныптарда  бала үшін оқудың негізгі  саласы  ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты  ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі  педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде  өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта  да  білім қажеттілігі адамның  белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан  жастардың бүгінгі білімі – болашақта  өз білімін жетілдірудің және өз бетімен  білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды –  оқушыларды үздіксіз білім алуға  дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. 


Информация о работе Ақпараттық технология