Шығармашылық проектіні
құру дегеніміз оқушылардың жаңа,
тиімді, бәсекеге қабілетті, адамның
ақпратқа деген қажетілігін қанағаттандыратын және сатып алушылар жағынан сұранысқа
ие болатындай өзбетімен орындайтын жұмыс.
Проектіні орындау танымдық және тәрбиелік
функциялардың, шығармашылық мүмкіндіктерінің,
логикалық ойлаудың артуына, политехникалық
білім, білік пен дағдының тереңдетілуі
мен пысықтауға өз ықпалын тигізеді. Оқушыларда
ақпараттық мәдениетті қалыптасытыру
олардың бойында танымдық әрекетті дамыуға
бағытталады. Бұған оқу материалын игерудегі
мақсатын анықтау арқыла оқушылардың
интеллектуалды активтілігін ұстап тұру
және оқушыларды компьютердің интерактивті
жүйелік ортасына енгізу; оқу мотивациясын
оқытудың ішкі себептері мен бағалылығын
анықтау арқылы жоғарылатыу; оқыту технологияларын
қолану арқылы өзбетімен білім алу білігін
дамыту көмектеседі.
Қазіргі оқушыға білім
беруді ұйымдастырудың келесідегідей негізгі
методикалық ерекшеліктерін ұсынуға болады:
- компьютерлік сыныптарда мультимедиялық презентация-ларды қолданумен өтілетін сабақтар мультимедиялық проекторларды, резиденттік анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, бағдарламалар жұмысының барысы кескінделген видеожазбаларды қолданумен өткізіледі;
- практикалық сабқтарда әр оқушыға жеке жұмыс жасйтын комьютер беріліп, оның сынып шифрі мен оқушының фамилиясы атымен аталатын өз бумасы болуы тиіс;
- мұғалім әр білім алушыға берілетін ақпаратты жақсы қабылдауға көмектесетін жеке тұлғалық оқыту бағдарламалары мен көпдеңгейлі тапсырмалар (практикалық және лабораториялық жұмыстар) қорымен қамтамасыз ете алуы;
- берілетін білімнің көп бөлігін түрлі іскерлік ойындар көмегімен ұсыну өте тиімді; тапсырмалар есебінде өмірдегі мектеп бітіруші алдына қойылатын көпнұсқалы, әрі таңдауды қажет ететін түрлі сауалдардарды алуға болады;
- проект құру әдісі қолдану шеңберіндегі берілетін бір үлкен көлемді тапсырма келесі бір практикалық жұмыстарда және графикалық-есептегіш жұмыстарында одан әрі толықтырыла, кеңейтіле түсіп, үлкен көлемді тәмамдалған жүйелі құрылымға айналуы тиіс;
- бағдарламалардың негізгі бөлімдерін зерттеудің параллелдік және негізделген мүмкіндіктері қарастырылуы тиіс; бұл білім алушының курсты қабылдау барысында әр бөлім бойынша терең білім ала отырып, барлық талданған материалдыр бойынша жалпы тұтастығын сақтауға көмектеседі;
- танымның мақсаттығы, қабылдаудың жан-жақтығы сияқты «өткір» жүйелі-ақпараттық талдаудың өзара әрекеттесетін ұстанымдарына сүйену керек;
- білім беру барсында қолдануға болатын оқушылардың маңызды бағдарламаларды (құжаттар, кестелер, мәліеттер қоры) құруды қарастыруға негізделетін оқытудың проблемелық әдісін кеңінен қолдану керек.
Жаңа ақпараттық
технологияны қолдана отырып өткізілетін
сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар
Мультимедиалық оқыту
презентацияларын дайындауда бір жағынан
оқыту курстарын құрудың жалпы
дидактикалық ұстанымдарын, экраннан
және баспа негізінен ақпаратты
қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінің берілген талаптарын,
эгрономикалық талаптарды қарастырып,
келесі жағынан телекоммуникациялық желілердің
бағдарламалылық құралдары мен қазіргі
ақпараттық технологиялардың бізге ұсынатын
мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз
қажет. Мультимедиялық технологияларың
тиімділігі қолданылатын материалдарының
(оқыту курстарының) сапасы мен осы процеске
қатысатын мұғлімнің шеберлігіне байланысты.
Сондықтан мультимедиялық презентацияларды
мазмұнды ұйымдастырылуы (презентацияны
проектілеу және оны қолдану процесінде
де) приоритетті болып табылады. Бұдан
қазіргі мультимедиялық презентацияларды
қолдану арқылы өтілетін сабақты ұйымдастырудың
педагогикалық концептуальды ұсыныстардың
маңыздылығы көрінеді.
Мультимедиялық
презентацияларды құру барысында келесі
талаптарды есте ұстау
қажет:
Мотивация. Мотивация – сабақтың ағымының басынан
бастап, аяғына дейін ұсталатын оқытудың
қажетті құраушысы. Оқушы алдына нақты
анықталған мақсаттың қойылуының мәні
зор. Егер қойылған мақсат оқушының дайындық
деңгейіне сәйкес келмесе, мотивация тез
төмендейді.
Оқыту мақсатын
қою. Оқушы компьютерде жұмыс жасауының басынан
бастап одан не талап етілетіндігі туралы
хабардар болуы керек. Оқыту мақсаты сабақ
барысында нақты, әрі айқын түрде берілуі
тиіс.
Оқыту материалын
қабылдауға сипаттама құру. Оқыту материалын қабылдауға сипаттама
құру үшін оқулық комплекісіне енетін
немесе мұғалімнің өзі даярдаған көмекші
материалдар пайдалы болады.
Оқу материалын
ұсыну. Оқу материалын ұсынудың стартегиясы
оқыту барысында шешілетін есептерге
байланысты таңдалады. Дисплей экранына
берілетін кадрлерді көрекмдеу ең басты
проблемалардың бірі.
Бағалау. Компьютерде жұмыс істеу барысында оқушы
берілген оқыту материалымен қандай деңгейде
жұмыс істеп жатқандықтар жөнінде білулері
керек. «Оқушы-мұғалім-оқушы» коммуникациясын
ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мақсаттарда
оқушыларды жұмысын проектіде немесе
«бірлестікте оқыту», дискуссия түрінде
ұйымдастыру ұсынынылады.
Мультимедиялық презентацияларды
құруда тек классикалық дидактиканың
ұстанымдарына ғана негізделуге болмайды, сонымен қатар компьютерлік
мультимедиялық презентацияларды қоланудың
спецификалық ұстанымдарын да ескеру
керек.
Мультимедиялық
презетацияларды құрастырушы-ұстаздарға
берілетін ұсыныстыр:
- әр материалды белгілі бір деңгейде жене аяқталған кішігірім бөліктерге бөліктеңіз;
- әрбір деңгейде келесі материалдың бөлек бөліктеріне нұсқаңыз, үлкен үзілістерсіз оқушының қызығушылығын тудыратын, бірақ толық қанағаттандырмайтындай етіп бөлек мәліметтер ұсыныңыз;
- келесі деңгейде жаңа материалды зерттеуде қайта алдындағысы қайталанатындай етіп материалды ұйымдастырып, орналастыру керек.
Материал сізді қызықтыруы
тиіс. Беделді ақпарат көзі, белгі
және концепцияларды қолдану ұсынылып
отырған материалға деген үлкен
қызығушылықпен қарауды қамтамасыз
етеді. Түрлі графика, анимация мен имитацияларды қолдану
интерактивті курстардың тартымдылыған
арттыра түеді.
Электрондық материалдарды
дайындауда мультимедия-технологияларын
қолдану өз заңдарын ұсынады және
құру әдістері мен амалдарына нақты
талаптар қояды.
Мультимедиылық оқыту презентациялары мұғалімге
материалды ыңғайлы, әрі көрнекі түрде
оқушылар назарына ұсынуға көмектеседі.
Қарапайым графкалық құралдардың өзін
пайдалану өте тиімді болып табылады.
Шебер құрылған презентация
оқушының зейінінаудартуға және оқуға
деген қызығушылығын тудыруға жәрдемдеседі.
Алайда спецэффектілермен байланысты
презентациялардың сыртқы жағымен құмартуға
болмайды. Егер сіз шамадан тыс құбылтатын
болсаңыз, онда презентацияның жалпы тиімділігі
төмендейді. Беріліп жатқан материал мен
оны тартымды ететін эффектер арасында
оқушылар қызығатындай және жалықтырмайтындай
баланс табу керек. Бұл ереже барлық презентациялар
үшін ақиқат, әсіресе оқыту презентациялары
үшін.
Егер сіз мұғалім
болсаңыз, онда сіз оқушылар сізді
тыңдай отырып, сонымен қатар түсінулерін және де алған білімдерін практика
барысында қолдана алатындай жағдайда
болуын қалайсыз. Интерактивті мультимедиялық
оқыту презентациялары – осы амалды іске
асырудың бір тәсілдерінің бірі. Оқу процесінде
мультимедиялық презентациялар мен практикалдағы
зерттеуді шығармашылықпен ұштастыру
көбіне тамаша нәтижелерге қол жеткізеді.
Презентациялар
типтері
- Сценарилі. Оқу аудиториясына ақпаратты ұсынудың ең ыңғайлы түрі. Мұнай презентациямен берілген материал жақсы ұйымдастырылған және оның одан әрі тартымды бола түсу деңгейін жоғарлату үшін өзгертулер енгізу өте оңай.
- Интерактивті. Мұндай презентациялар оқу материалын ұсыну мен материалды мазмұндайдың тереңдік деңгейін таңадау және де ақпаратты оқу аудиториясының қабылдауына қарай ақпаратты адаптациалау мүміндігін береді. Интерактивті презентациялардың көмегеімен әр оқушы өзбетімен пән туралы ақпаратпен танысуды жүзеге асыратын оқу материалдары бойынша индивидуальды «экскурсиялар» жасауына болады.
- Өзібетімен орындалатын. Аяқталған ақпараттық өнімдер. Мұндай презентацияларды сайтқа немесе дискета, компакт-диск, видеокасетаға орналастыру арқылы сабақ барысында немесе үйде өзбетінше оқу үшін аудиторияға ұсынуға болады.
- Оқыту презентациялары мұғалім мен білім алушыға оқу материалын ыңғайлы, әрі көрнекі түрде ұсынудағы таптырмас көмекші. Өте қарапайым графикалық эффектердің қолданылуының өзі өте тиімді болмақ.
Интерактивті презентация
– бұл қажеттілік деңгейіне қарай
өз әрекеті арқылы адамға керекті
ақпаратты іздеп, табу мүмкіндігін
беретін компьютер мен адам арасындағы сұхбат. Қолданушы өзі үшін
қай материалдің маңыздырағына қарай
шешім қабылдап, экран бетінде таңдау
жүргізеді, яғни қажетті объектіге тышқан
нұсқағышын апарып, шерту арқылы немесе
пернетақта пернесін басу арқылы интерактивті
презентацияны басқарады. Компьютер сұраныс
жасалған ақпаратты ұсыну арқылы жауап
қайтарады.
Барлық интерактивті
бағдарламалардың ортақ қасиеті
бар: олар оқиғалар арқылы басқарылады.
Бұл дегеніміз қандайда бір оқиға
орындалса, мысалы, перненің басылуы
немесе нұсқағышты экран объектісіне позициялау, онда бағдарлама
жауап ретінда сол оқиғаға сәйкес әрекет
орындайды.
Қолданушы үшін интерактивті
презентация – бұл перзентацияны
құрушының қарастырған деңгейіне
дейін ыңғайлы, әрі қызықты формада
қажетті ақпаратты іздестіру
жүзеге асатын мүмкіндік. Мысалы, қолданушы берілген
тақырыпты зерттеуді экранда бейнеленген
берілгенді оқып, ол туралы жалпы мағлұмат
алып, сонан соң гипермәтіндік байланыста
(асты сызылған немесе басқа түспен ерекшеленген
сөз немесе сөйлем), батырма немесе пиктограммада
шерту жүргізіп, берілген материалдың
нақты сұрақтары бойынша толық ақпарат
алады.
Сапалы интерактивті
перзентацтияның белгісінің бірі –
бұл ондағы қолданушыны еліктіретін
және ұсынылып отырған материалға деген
қызығушыдлығын ұстап тұратын қасиеті.
Жақсы ойластырылған презентациялардан
қоланушының алдағы зерттеулерге деген
қызығушылығын арттыратын күтпеушілік
элементтерін табуға болады. Мультимудияның
интерактивті құраладары ақпарат алушылар
аудиториясын кеңейту және әр қолданушыға
индивидуальды қатынауды жүзеге асыуды
қамтамасыз етеді.
Сценарилі перезентацияларды
сабақ барсында қолдану
Мультимедиялық презентацияларды
қолдану арқылы өте күрделі материалды
түсіндірудің өзін еш қиындықсыз және
қызығушылықпен ұғынуға болатындай
етін оқушылар назарына ұсынуға болады.
Ұстаз материалды ұсыну
барысын басқаратын сценарилі мультимедиялық
презентациялар – бұл мектептегі
сабақта ақпраатты ұсынудың ең бір
тиімді түрі. Бұл методиканы оқытудың
қай болмасын саласында қолдануға
болады.
Шебер дайындалған оқыту
мультимедиялық презентациясы білім алушыларға
үлкен әсер етіп, қажетті нәтижелер алуға
көмектеседі.
Мультимедиялық
презентацияның сценариін әзірлеу
Мультимедиялық презентацияға
сценарий схемасын құруда және мәтіндік
көркемделуін ұйымдастыруда келесідегдей
ұстанымдарды ұстану керек:
- Презентация қысқа, қолжетерлік және компазициялық жағынан тұтас болуы қажет. Сценарилі презентацияның ұзақтығы 20-30 минуттан аспауы тиіс. Демонстрациялау үшін шамамен 20-25 слайд (бір слайдты көрсету 1 минуттай уақыт алады, бұған тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруге кететін уақытты қосыңыз) дайындалуы тиіс.
- Материалды баяндау барысында бірнеше негізгі түсініктерді ерекшелеп өту керек және демонстарациялау барысында оларға оралып отыру керек, бұл сұрақты жан-жақты қамтуға көмектеседі. Өз ойыңызды қайталаудан қорықпаңыз, егер сіз оның жақсы қабылдануын қаласаңыз.
Төменде берілген презентацияны
құру жоспары өз презентацияңызды құру
кезінде пайдалы болады:
Мультимедиялық
презентациялардың келесідегідей
қасиетері болуы тиіс:
- Презентация бойынша оңай қозғалуды қамтамасыз ететін ыңғайлы навигациялық жүйенің болуы;
- Қазіргі заман компьютерлерінің мультимедиялық мүмкіндіктері мен Интернетті қолдану (қажеттілігіне қарай графикалық кірістірулер, анимациялар, дыбыстар);
- Сабақты бірнеше кішігірім логикалық бөліктерге (слайдтарға) бөлу;
- Презентацияның әр слайдының тақырыбы болады;
- Әдебиеттерге, электорнды кітапханаларға және Интернет желісіндегі ақпаратқа сілтемелерінің болуы;
- Жылдам жүктелгіштігі.
Мультимедиялық
презентацияларды құру барысында қажет:
- сабақты кішігірім мағыналық бөліктерге – модульдерге бөлу. Әр слайдтың тақырыбы болуы тиіс.
- әр модульге сәйкес бөлім тақырыбын, мәтінді, суреттерді, кестелерді, дыбыстық және видеоқатарды және т.б. білім алушыларға ұсыну және беру формаларын құру;
- бөлімді зерттеу барысында оқушылардың танымдылық әрекетін моделдеу және оларды құруда нәтижелерді қолдану (слайдтар арасындағы белгілі бір реттілік анықталады);
- білім мен білікті пысықтау тәсілдерін проектілеу және кері байланысты ұйымдасытру (тапсырмаларды, бақылау сұрақтарын, моделдеуге арналған тапсырмаларды, жауаптарды талдау әдістерін іріктеу, қате жауаптарға қарсы өз ойларын ортаға салу білігін қалыптастыру, көмек (help) құрастыру);
- мәтінді , суретті, кестелерді, сызбаларды, видеоқатарларды құруды эгрономика талаптарына сай ету; эгрономиалық көзқарас жағынан әр сабақ үшін модульдердің компоновкасын қарастыру.
Әр модульге максималды
түрде енеді: