Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 10:28, лекция
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда Visual Basic ортасы және олармен жұмыс істеу тәсілдері таныстырылған.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Private Sub Command1_Click()
Dim x As Single, y As Single
x = InputBox(x, "x="): Label1.Caption = x
y = 3 * x + 5: Label2.Caption = y
End Sub
Private Sub Command2_Click()
End
1.11-сурет. Нәтиже енгізілген форма
Ескерту. Формада тек Label1 объектісін орнатып, оны У мәнін енгізуге болады. Сол сияқты, формады End командасына арналған Command2 басқару элементін орнатпау да мүмкін. бұл кезде программа жұмысын тоқтату командасы аспаптар панелінің End түймесін шерту не Run-End командасы арқылы беріледі.
Программаны сақтау, ашу.
Проектіні дайындап болғаннан соң форманы File-Save Form As… командасы арқылы сақтап қою керек. Сақтау үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол VB
(C:\Program Files\DevStudio\VB)
бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы VB терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда сақтағаны жөн. ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Жаңа бума құру тәсілі:
Егер проект ішінде бірнеше форма құрылған болса, проект аты сұралатын терезе шықпауы да мүмкін. ол кезде алдымен қалған формаларды сақтау, одан әрі File-Save Project As… командасын беру керек.
Ескерту. Қосымшаның барлық бөліктері проектіде сақталатындықтан Сақтау терезесінде алдымен форманы, одан соң проектіні сақтаған жөн. форма мен проектіні бірдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.frm, Func1.vbp. Бірақ форманы басқа проектілерде де пайдалану мүмкін. сондықтан оларды түрлі атау арқылы сақтаған дұрыс.
Сақтау командасы берілген соң проект терезесінде жақшалар ішінде жазылған (VB алғашқы рет меншіктеген) атаулар сәйкес жаңа атауларға алмастырылып қойылады.
Сақтаулы проектіні ашу үшін File-Open Project командасын беру керек. Көрінген терезеден қажетті буманы ашып, проект атауын екі рет шертсе болғаны.
Формада фигуралар салу.
Код терезесінде арнайы операторлар арқылы графикалық кескіндер салатын не көрсеткішті қаламұш ретінде пайдаланып, түрлі суреттер сызуға болатын процедуралар құруға болады.
Мысал. Формаға ақ түсті шеңбер және қызыл түсті тік төртбұрыш салу керек.
Private Sub Form_Paint()
ScaleMode = 2
Circle (180, 100), 60, RGB(255, 255, 255)
Line (10, 10)-(100, 60), RGB(255, 0, 0), BF
End Sub
Процедураның орындалу нәтижесі 1.13-суретте көрсетілген.
1.13-сурет. Формаға салынған ф
VB’те форма және онда орнатылған объектілер өлшемі пиксель арқылы есептеледі. Ал, графикалық кескін салу мүмкіндігін жоғарылату үшін нүкте орнатуда бірлік өлшемі үшін пиксельдің 1/20 бөлігі болатын твип (twip) бірлігі пайдаланылған. Жоғарғы процедурада масштаб (ScaleMode) пунктке ауыстырылды (оны пиксельге ауыстыру үшін масштабты 3 – ке тең етіп алса болғаны).
Процедураға енгізілген Circle (Шеңбер), Line (Сызық) – Бейсиктегідей операторлар, айырмашылығы – түс кодын жазуда. VB’те пайдаланылатыны – RGB (EGA, VGA типті бейнеадаптерлі мониторларда қолданылатын түстер қоспасы). Түстер мәндері (кодтар) 0....255 аралығында болатын бүтін сандардан алынады: ақ түс – (255, 255, 255), қара түс – (0, 0, 0), ашық қызыл түс – (255, 0, 0), т.с.с. (Жалпы, фигура түсін орнату коды: RGB (қызыл, жасыл, көк).)
Форма бетінде көрсеткіш арқылы қисық сызық сызу да мүмкін. Ол үшін форманы екі рет шертіп, код терезесін ашқан соң оқиға типтерінің тізімінен MouseMove (Тышқанды қозғалту) оқиғасын тандау керек. Терезеде көрінген осы оқиға процедурасы ішіне
If Button = 1 Then
Line – (x, y)
End If
командасы енгізілсе болғаны (х, у - көрсеткіш орналасқан арғымдық координаттар нүктесі).
Процедура іске қосылған соң (F5) тышқанның сол жақ түймесін басып, көрсеткіш арқылы кез келген қисық сызықты фигураны сыза беруге болады (Button1=1 тышқанның сол түймесін, Button = 2 оң түймесін басу шарттары).
Алғашқы рет түйме басылған кезде, форманың сол жақ жоғарғы бұрышынан көрсеткіш орнатылған нүктеге дейін түзу сызық кесіндісі автоматты түрде сызылып қойылады. Қисықты жеке бөліктерге бөліп сызу мүмкін емес. Ол үшін форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесінен MouseDown (Тышқанды басу) оқығасын тандау керек. Көрінген процедура моделі денесіне Pset (x, y) операторы мен CurrentX, CurrentY айнымалыларын енгізу жеткілікті (current –ағымдық):
Shift As Integer, X As Single, Y As Single)
CurrentX = X
CurrentY = Y
DrawWidth = 2
Pset (x, y)
End Sub
Private Sub Form _ MouseMove (Button As Integer, _
Shift As Integer, X As Single, Y As Single)
If Button = 1 Then
Line – (x, y)
End If
End Sub
Private Sub Form _ Paint ()
ScaleMode = 2 : DrawWidth = 2
Line (100, 30) – (150, 200)
End Sub
(Программа іске қосылған кезде, (F5) VB алдымен MouseDown процедурасын шақырады. Жүйе процедураларға инициалдау процедурасын және SaveX, SaveY айнымалыларын автоматты түрде қосып қоюы мүмкін (олар VB екінші рет қосылып, программа іске қосылғанда көрінеді). Соңғылары жаңа нүктелерді сақтау үшін пайдаланылады. (DrawWidth = 2 пикельмен берілген сызық қалыңдығы; Х, У ағымдық нүкте координаттары)).
Программа іске қосылған соң, форма терезесі көрінеді. Windows’тағы стандартты Paint графикалық редакторы терезесінде фигура сызу әдісі сияқты, көрсеткіш (қаламұш) арқылы онда кез келген фигураны сыза беруге болады (мысалы, 1.14 – суреттегі сияқты. Суретте жалауша таяғы Line операторы арқылы сызылған). Тек мұнда сызық бөлігін өшіру, фигураны жылжыту не масштабтау мүмкін емес. Ол үшін код терезесіне қосымша арнайы процедуралардың енгізілуі тиіс. Олар кітапта қарастырылмаған.
1.14-сурет. Көрсеткіш арқылы сурет салынған форма
1.14-суретте көрсетілген
форма белсендірілген соң Alt+
Жоғарыда көрсетілген сияқты, программа (программалық код) бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін.
Ескерту. Процедуралардың тақырыптары астан сызу белгісі (_) арқылы ажыратылып, екі қатарға жазулы. Жалпы VB бір жолға 1023 символға дейін сыйғыза алады. Бірақ олар экранда көрініп тұруы үшін әр қатарға 60 – 80 символ енгізіп, бірнеше қатарларға бөліп жазған дұрыс. Жолда көрінбейтін оператор бөлігін екінші қатарға жазу үшін соңына бір символдық бос орын, одан әрі астын сызу белгісін енгізіп, каретканы қайтару (КҚ, Енгізу) клавишін басу керек.
1.3. Таймер
Таймер – құрылған программа арқылы Windows жүйелік сағатына қол жеткізуге болатын көрінбейтін секөнт өлшеуіш объектісі. Жүріп тұрған цифрлық сағатты формада көрсетуге болады:
Объект |
Қасиет |
Орнатылатын мән |
Label1 |
Caption |
Бос өріс |
Font |
TimesKaz,18 | |
Aligment (туралау) |
2-Center (орталықтан) | |
Timer1 |
Enabled |
True |
Interval (аралық) |
1000 |
Private Sub Timer1 _ Timer()
Label1.Caption = Time
1.15-сурет. Формада жүріп
Сағаттың Interval қасиетінің мәні үшін 1000 орнатылады. Ол әр секөнт сайын жүйелік сағаттың ағымдық секөнтін көрсетеді (1сек = 1000 миллисек).
Процедураға енгізілген Label1.Caption = Time командасы іске қосу режимінде Windows’қа енгізілген жүйелік ағымдық уақытты оқып, оны Label1 объектісінің Caption қасиетіне меншіктейді (Label1 өрісіне жазады).
Time – Visual Basic’тің стандартты функциясы.
Программа жұмысын тоқтату үшін аспаптар панелінің End (Соңы) түймесін шерту керек.
Ескерту. Формада ағымдық уақытты код терезесіне енгізілген Print time$ әдісі арқылы шығаруға болады. Мұнда келесі уақыт келесі қатарға жазылады.
Сонымен, осының алдындағы мысалдарда Visual Basic’те орындалуы мүмкін үш түрлі әрекеттер көрсетілді: функция мәнін есептеу; формада қолдан фигура салу; формада жүріп тұрған сағатты орнату. Келесі тарауларда Visual Basic’ті пайдаланып, мәзірлер орнатылған терезе құру, мәзірлермен жұмыс; берілгендер қоры кестесін құру және т.б. қосымшалар құру тәсілдері көрсетілген. Осылардың өзі Visual Basic’тің мүмкіндіктерінің орасан зор екеніне көз жеткізетіні сөзсіз.
Immediate терезесі.
VB орталығанда іске қосу командасы берілген кезде көрінетін Immediate (Тез) атаулы терезе бар (1.16-сурет). Оны экранға шығару үшін View – Immediate Window командасын беруге болады. Терезені Дұрыстау не Толықтыру терезесі деп те атайды.
1.16-сурет. Immediate терезесі
Терезеде әдеттегідей
арифметикалық өрнек мәнін
Мысалы:
1) ? 5.4+7/2
8,9
2) For k = 1 to 4: Print k+3 : Next КҚ
4
5
6
7
3) For k = 1 to 1000 : Beep : Next КҚ
Жүйенің әр Beep командасын орындауы кезінде компьютерден дыбыс естіледі (Immediate терезесін басқа түрде пайдаланудың бір тәсілі 2.8 – тақырыпта көрсетілген).
Объектілер иерархиясы. Әдіс
1.3 – тақырыпта арнайы қасиеттері
бар форма және формада
Form1.Command1.Font.Size=14
түрінде жазылуы мүмкін. Мұндағы иерархияның бірінші объектісі – форма (Form1), екінші объект – формада орнатылған Command1 түймесі, үшінші объект – түймеде пайдаланылатын шрифт (Font). Команда – осы объектіге енгізілген Size (өлшем) айнымалысына 14 мәнін меншіктеу. Яғни, объектілер арасында қойылатын нүкте кез келген иерархиялық объектіге сілтеме.