Дербес компьютердің құрылымы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 16:05, реферат
Краткое описание
ДК — сыртқы құрылғылары Ақпаратты енгізу құрылғылары. Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады. Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады.
Вложенные файлы: 1 файл
Дербес компьютердің құрылымы
ДК — сыртқы құрылғылары Ақпаратты
енгізу құрылғылары. Клавиатура ақпаратты
енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең
көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден
тұрады. Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей
блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық
пернелер, олар перне тақтаның сол жағына
орналасқан. Ол клавиатураның негізгі
бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын,
орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер
және басқа да символдар орналасқан. •
функционалдық пернелер, бұл символдық
пернелердің үстіндегі жолға орналасқан.
Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен
белгіленген. Функционалдық пернелер
компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға
арналған. • Цифрлық пернелер немесе калькулятор
блогы, олар символдық пернелердің оң
жағына орналасқан. • Курсорды экран бетінде
басқару пернелері. Олар арқылы экранда
символ орналасқан орынды анықтайды. Бұлардан
басқа бірнеше арнайы пернелер орналасқан.
1. Entеr немесе енгізу пернесі. 2. Бос орын
пернесі. Бұл пернелердің ішінде ең ұзын
перне, ол символдардың бір-бірінен ажыратып
жазуға пайдаланылады. 3. Backspase пернесі.
Бұл перне курсордың алдындағы символды
өшіруге пайдаланады. 4. Shift пернесі. Бұл
жазба әріптерді баспа әріптерге және
керісінше өзгертуге пайдаланылады. 5.
Caps Look пернесі. Егер оны бір рет басып қойса,
баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны
екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.
6. Delete пернесі. Бұл перне меңзердің оң
жағында тұрған символды өшіреді. Жарық
(световое) қалам – ұшында жарық сезгіш
детектор бар, кәдімгі қаламға ұқсас құрылғы.
Егер осындай қаламды диплей экранына
жақындатып тигізсе, онда жанасқан жерде
координат бас нүктесі орналасқан тік
бұрышты координат жүйесі пайда болады.
Қаламды экран бетімен орын ауыстырса
сурет пайда болады. Графикалық планшет
қағаз бетінде сурет салғандай дисплей
экранында сурет салуға мүмкіншілік береді. Сканер — қағаздағы
көріністі дисплей экранына түсіруге
арналған құрылғы, ол арқылы сурет, график,
текстерді сканерлеуге (енгізуге) болады.
Сканер көрністі машина кодына ауыстырып,
компьютер жадына жазады. Басқару құрылғылары. Мышь (тышқан).
Қазіргі кездегі компьютерлерге ақпараттарды
енгізуге арналған маникулятор Мышь құрылғысымен
жабдықталған. Тышқанның екі түрі болады:
үш батырмалы және екі батырмалы. Екі батырмалы
тышқан жиі пайдаланылады, себебі, ортаңғы
батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда
жылжитын объектіні басқаруға арналған
рычагты манипулятор. Джойстик қораптан
және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты
немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар
болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды
басу арқылы компьютерге басқару әрекетін
береді. Ақпаратты шығару құрылғылары. Мониторлар тексті
және графикалық ақпаратты экранға шығаруға
арналған. Олар түрлі түсті, монохромды
болып келеді және екі режимнің біреуінде
жұмыс жасайды: текстік және графикалық.
Текстік режимде монитордың экраны шартты
түрде бөлек бөліктерге бөлінеді, таңба
орындарына көбіне әрбіреуінде 80 символдан
(таңба орны) болатын 25 жолдан тұрады. Әрбір
таңба орнына кодтау кестесінің алдын-ала
берілген 256 символының біреуі шығарылуы
мүмкін, сонымен қатар кестені, диаграмманы
және рамкіні салу үшін қолданылатын псевдографикалық
символдар да қолданылуы мүмкін. Графикалық
режим экранға графиктерді, суреттерді
және т.б. шығаруға арналған. Бұл режимде
әр түрлі шрифтермен текстік ақпаратты
да шығаруға болады. Бұл режимде монитор
экраны монохромдық монитор үшін жарық
немесе күңгірт болатын нүктелерден, ал
түрлі түсті монитор үшін бірнеше түстің
біреуін қабылдайтын нүктелерден тұрады.
Горизонталь және вертикаль бағыттағы
нүктелер саны рұқсат ету мүмкіндігі деп
аталады. Монитордың рұқсат ету мүмкіндігі
экранның өлшеміне тәуелді емес. Мониторда
рұқсат ету мүмкіндігі үлкен болатын графиктік
режим жасау үшін монитор жұмысын басқарып
отыратын адаптер немесе видеоплата керек.
Адаптерді таңдарда рұқсат ету мүмкіндігіне
қатысты өз сұранысыңызды, дербес компьютерге
жалғау тәсілін (жүйелік және локальдік
шина арқылы) ескеру керек. Кескінді экран
бетін шығару үшін процессор алдымен суретті
адаптердің жадысына немесе видеожадыға
жазады. Принтерлер –
ақпартты қағаз бетіне шығаратын құрылғылар.
Олар монохромды және түрлі-түсті болып
бөлінеді. Ақпартты қағазға түсіру тәсілдеріне
байланысты олар ромашкалық немесе литерлік,
матрицалық, сия бүріккіштер, термографиктік
және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.
Литерлік принтерлердің жұмыс жасау принципі
механикалық баспа машинкасындай. Олардағы
символдар тізбегі шектелген, және олар
графиктік ақпаратты шығара алмайды. Басу
жылдамдығы онша үлкен емес – бір бетке
5 минуттан 80 секундке дейін, бірақ шуыл
деңгейі біршама жоғары. Матрицалық принтерлердің
жұқа металл инелерінен тұратын баспа
ұштары болады. Ұштары басылатын қағаздың
бойымен қозғалады, ал стерженьдер қажет
уақытта боялған лента (бір тондық немесе
түрлі-түсті) арқылы қағазды соғып тұрады.
Бұл принтерлер текстілік ақпаратты да,
графиктік ақпаратты басады, ал бір бетті
50 секундтен 60 секундқа дейінгі жылдамдықпен
басады. Ең кең тараған 9 және 24 баспа инесі
бар принтерлер, бірақ 48 инесі бар принтерлерде
бар. Сия бүріккіш принтерлер кескінді
арнайы тамшылар арқылы қағазға бүркіп
істелінетін арнайы сиялардың ұсақ тамшылары
арқылы қалыптастырады. Термографиктік
принтерлер кескінді қағазға түсіру үшін
қыздыруды пайдаланады. Термографиктік
принтерлерді тура қыздыру және жылу тасымалдау
принтерлері деп бөледі. Тура қыздыру
принтерлері үшін арнайы химиялық қабаты
бар қағаздар қолданылады. Қыздырылған
нүкте мен қағаздың байланысқан жерінде
химиялық реакция болады және нүктенің
түсі өзгереді. Түрлі-түсті баспалар жасайтын
бұл принтерлерді тіптен дыбыссыз деуге
болады, бірақ арнайы қағаз бен бояйтын
лента жұмыс құнын жоғарылатып жібереді.
Лазерлік принтерлер жұмыс барысында
ксерография принципін қолданады: кескін
қағазға арнайы барабан арқылы түседі,
яғни бояу бөлшектері электрленіп тартылады.
Басушы барабан компьютердің командалары
бойынша лазер көмегімен электрленеді.
Бұл принтердің басу сапасы өте жоғары.
Рұқсат ету мүмкіндігі 1 дюймға 300-600 нүкте.
Басу жылдамдығы 1 бетіне 15-тен 5 секундке
дейін. Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды
қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер
қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық
типке және планшеттік типке (қағаз парағы
жазық столда жатады) бөлінеді. Аудиоплата
(sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы.
Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға,
жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері
бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан
басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар
қажет. Басқа есептеу жүйелерімен байланыс
жасау құрылғылары– жарық қаламұшының
әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы.
Экранға жақындатып кескінді қозғауға
болады, сондай-ақ компьютерге кейбір
орындауға арналған командаларды беруге
болады. Модем – телефондық канал бойынша
бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз
ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері
бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын
және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы
жалғанатын болып бөлінеді. Модемдер бір-бірінен
мәліметтерді тасымалдаудың максимал
жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен
(1 бод=1 бит/сек) өлшенеді. Факс-модем –
Жүйелік блок модемнің мүмкіндіктерін
қамтитын және басқа факс-модемдер мен
факстік кескіндерді алмастыратын және
қарапайым телефакстық аппараттар арасында
да мәлімет тасымалдайтын құрылғы. Желі-адаптері
– компьютерді жергілікті желіге қосатын
құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған
басқа компьютерлер арасында ақпарат
алмастыра алады. ДК құрылымының функциональді-логикалық
негізі Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ)
немесе компьютер – бұл ақпаратты шығаруға,
өңдеуге және жинақтауға арналған программалар
мен техникалық құрылғылардың жиыны. Ең
көп тарағаны, кез-келген жұмыс орнында
құруға ыңғайлы, көлемі шағын есептеуіш
машинасы дербес компьютерлер. Компьютердің
жүйелік блогы ДК ең аз конфигурациясының
құрылымы үш компоненттен тұруы керек:
жүйелік блок, дисплей және клавиатура.–
бұл құрылғы, өзінің құрылымында ДК-нің
негізгі техникалық компоненттерін қамтиды:
микропроцессор, жедел жады, тұрақты жады,
адаптерлер және бақылаушылар, коммуникациялық
порттар, қатты дискіге жинақтағыш, иілгіш
дискіге жинақтағыш, компакт–дискіге
жинақтағыш, қоректену блогы. Жүйелік
блоктың сырты темір корпуспен қапталған,
алдыңғы бетінде Power тоққа қосуға арналған
айырғыш және Reset компьютерді қайта жүктеуге
арналған батырмалары орналасқан. Ішкі
құрылысы құрылғылардың жиынынан тұрады,
онда жүйелік плата (материнская), сыртқы
жады және қоректену блогы құрылғыларға
арналған бөліктер. Аналық (материнская)
плата. Бұл диэлектрлік материалдан жасалған
пластина, онда мыналар орналасуы тиіс:
микропроцессор, BIOS модулі, жедел жады
модулі, жүйелік шина, ресурс ұлғайту ұяшығы,
кварцты резонатор және көмекші микросхемалар.
Сопроцессор – жылжымалы үтірлі санды
өңдеуге мүмкіншілігі бар құрылғы. Мұндай
сандармен есептеулер жүргізгенде әр
амал үшін микропроцессордың көмегімен
бірнеше оншақты амалдардың моделі жасалады.
Машиналық графиканы және басқа жағдайларда
жылжымалы үтірлі санды үдемелеп қолданылса,
ғылыми есептеулер үшін компьютерді қолдану
тиімділігін төмендетеді. Сопроцессордың
көмегімен амалдарды орындау жылдамдығын
5-15 есе арттыруға болады.
Процессор (ағылш. central processing unit, CPU - Орталық есептеуіш
бөлім)
1) программаға сәйкес операцияларды орындауға арналған компьютердің негізгі құрылғысы, қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өндеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді;
2) мәліметтерді өңдеу кезінде кейбір алдын ала есептеу жұмыстарын немесе ұйымдастыру қызметін атқаратын машиналық программа.[1]
Процессорды компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің
есептеу жылдамадығы осы процессорға
байланысты. Өндірісте процессорды Intel
және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі
ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore
деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан
жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған
сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды.
Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа
екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар
такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен,
платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен
әр түрге бөлінеді.
Машиналардың маркалары мысалға
(BMW 525i, Mercedec600) сяқты процессорлардың да
номерлері бар. Celeron D 330 немесе Pentium 4 640.
Процессор (микропроцессор)-компьютердің
ең үлкен микросхемасы. Процессор ондаған
миллион транзисторлардан тұрады. Процессордың
негізгі ішкі схемасы-арифметика логикалық
құрылғы, ішкі жады және кэш жады, барлық
операциялармен жұмыс жасау схемасы, сыртқы
шинаны басқаратын шина (сыртқы әлеммен
байланысу схемасы).
Процессордың разрядтылығы.
Сыртқы шина арқылы процессорға ақпарат
түседі-мәліметтер және командалар. Бұлар
арифметика логикалық құрылғыда өңделеді.
Процессордың схемаларының разрядтылығы
қаншалықты көп болса соншалықты ақпаратты
тез өңдейді.
Процессордың жиілігі (frequency).
Разрядтылықтан басқа процессорда маңызды
қызмет атқаратын ол тактылық жиілігі.
Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц
ол секундына миллион такт болады. 100 МГц
- секундына жүз миллион такт болып есептеледі.
Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті
есептейді. Сондықтан тактылық жиілік
қаншалықты жоғары болса, процессор түскен
мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін
болад
Информация о работе Дербес компьютердің құрылымы