Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 11:39, курсовая работа

Краткое описание

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған.

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті.doc

— 241.50 Кб (Скачать файл)

Ежелгі  Грекия мен Рим мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

"Геродот мүсіні"

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім  жоққа шығара алмайды. Олар өздерін  «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен үшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметгік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын бетгері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты үлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бүлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мэдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, қүтырған бүқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бүл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады.

 

Әлемнің жеті кереметі

Олар – ақыл-ойдың алып ескерткіштері

Мысыр пирамидалары Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлемі жағынан  ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

Галикарнас  кесенесі Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған.

Мавсол патша  мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері  қазір Лондондағы Британ мұражайы мен  Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

Артемида ғибадатханасы Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған  
Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған. 
 

Ғибадатхана үйінділері

Артемида  храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.

Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызжы орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.

Ғибанатхана туралы

Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болады. Ғибадатхананың ауданы- 110* 55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.

 

Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

 

Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.

   

 

Родос Колосы

Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.

Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.

Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың  жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет  қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.

Мүсінді құюды  Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске  тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан  сусып төгілген жамылғының бір ұшы  жерге жетіп, оң қолын маңдайына  тигізген қалпы қиырға қарау керек  болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.

Отыз алты метрлік  зор мүсінге иығана деңгейлес  темір арқалықпен бекітілген үлкен  үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.

Алып мүсін  айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен  өрілген жасанды төбемен бірге  көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім  көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.

Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.

Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ  ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді  кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында  жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында  Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.

Информация о работе Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті