Желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:52, реферат

Краткое описание

Жергілікті желі соңғы кезде компьютердің сәнді қосымшасынан бірден көп компьютері бар кез келген компанияның міндетті әрі өте қажетті құралына айналды. Аппаратуралар мен программалық құралдардың жетілуі қарапайым желіні кез-келген қолданушы орната алатын және қолдана алатын дәрежеге жеткізді. Сондай-ақ, желі ортасын орнату мен осы ортада жұмыс істеу және оған қызмет көрсету мүмкіндіктері толық әрі түсінікті тілде жазылған әдебиеттердің көптігі, Wіndows жүйелік ортасында желіде жұмыс істеу мүмкіндіктерінің дамыған әрі қарапайым болуы да бұл мәселенің тез шешімін табуға әкеп соқты.

Содержание

Негізгі бөлім: Компьютерлік желі……………………………………3
Желілік программалық қамсыздандыру……………4
Windows XP ОЖ – ң желісі……………………………5
Ауқымды компьютерлік желі………………………..6
Интернетпен байланыста физикалық принципі…8
Электронды пошта……………………………………..9-10
Қорытынды: Клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.................15
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................16

Вложенные файлы: 1 файл

Желі.Электрондық пошта.docx

— 51.52 Кб (Скачать файл)

 

Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық  хабарларды жеткізу (off  line) мүмкіндігімен  шектелген бүкіләлемдік желіге ену  кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін  қамтамасыз ететін on line режимі пайда  болды.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру  қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын — кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет  өз көлемін жыл сайын екі  есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.  (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта  жұмысын ұйымдастырып, электрондық  хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

 

Интернеттен басқада ауқымды  желілер бар:

Fidonet — эксперименталь  желі, қолданушы – энтузиасттар  құрған;

Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)

 

6. Интернетпен байланыста физикалық  принципі.

 

Тікелей ауқымды желімен  байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдер  арқылы байланысады.

Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды.

Сондықтан клиент  компьютерде  Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып  тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.

Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:

 

 

Модем арқылы байланыс.

 

Модемдер жай телефон  арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды  жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды  қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модеммен жабдықталған кез  келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.

Қарапайым модемге қарағанда ADSL  модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде  береді.  Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL — байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін)  7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).

 

Аумақтық  (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.

Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін  қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.

 

Ұялы  байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.

ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен  жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан  екінші орынға ауысып отыруына байланысты.

 

Интернеттің көрсететін қызметі.  Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:

 

    • Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
    • Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
    • Әлемдік тор (WWW)
    • Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);
    • Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
    • Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
    • (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
    • Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

 

7. Электронды пошта.

 

Қазіргі электрондық пошта  кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат  жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон  құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді  тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді  естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ  мұнда екі жақтағы абоненттердің  бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі  жазбаша жеткізілетіндіктен, оны  сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке  беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың  бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне  бірнеше минут ішінде міндетті түрде  жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.

 

Электрондық пошта жүйесі:

    • қолданушы агенті — әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
    • тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
    • жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

 

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.

 

Тасымалдау  агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

 

Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға,  таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.

 

Электронды  пошта (ағылш. Емаіл, е-маіл яғни елецтроніц маіл) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

 

Маіl бағдарламасының  мәтіндік интерфейсі

 

Электронды поштаның жалпы  дамуы көпқолданушылық жүйелердегі  қолданушылардың локальді ара-қатынысының  дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар маіл бағдарламасын қолдану арқылы бір  мейнфрейм (үлкен компьютер) шегінде  бір-біріне хабарлама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға  хабарлама жіберу мүкіндігі болды  – ол үшін машина атының көрсеткіші және машинадағы қолданушы аты қолданылады. Мекен-жай(адрес) фоо!жое түрінде  жазылады. Электронды поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттарды жіберудің құрылуы кезінде шықты. ҰҰЦП-адрес қолданған жағдайда қолданушы  бірнеше аралықтағы машиналардан кейінгі  қолданушыға дейін өзіне бағдар қосады (мысалы, гате1! Гате2! Фоо!жое - арналған хат, гате1! Гате2! машиналары арқылы фоо машинасына). Мұндай адресаттың кемшілігі болып, қолданушыға машина адресатының нақ жолын білуі керектігі табылады. ДНС атты үлестірмелі ғаламдық жүйені пайда болуынан кейін, адресті көрсету үшін - ұсер£ехампле.цом домендік аттары қолданыла бастады (ехампле.цом машинасындағы ұсер қолданушысы). Мұнымен қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бастады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ (тек әкішілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс машиналарына емес, пошталық серверге келетін. Сол жақтан қолданушы әртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алатын (қазіргі уақытта үлестірімдердің арасында ПОП3, Ымап, Мапі, веб-интерфейстер). ДНС-ң пайда болуымен қатар бір мезгілдері поштаны жеткізіп тастау бағдарламаларының резервті жүйесі ойлап табылды, ал пошталық адрестегі домендік ат нақты компьютер аты болудан қалды және пошталық адрестің қарапайым фрагменті болып саналады. Доменнің қызмет көрсетуіне көптеген серверлер жауап бере алады ал бір доменнің қолданушыларының арасында ортақ ештене болмауы қажет. Сонымен қатар, басқа да электронды пошта жүйелері бар: Нетмаіл - Фидонет желісінде, Х.400-Х.25 желісінде. Оларға интернеттен және пошталық шлюз арқылы қайта жүзеге асырылуы мүмкіндігі беріледі. Поштаның маршрутизациясы үшін Х.25 желісіндегі ДНС-де арнайы ресурсты жазу қарастырылған.

Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым  жағдайлары

 

СМТП(ағылш. Сімпле маіл трансфер протоцол - поштаны жіберудің қарапайым  хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған  электронды поштаның алмасу хаттамасы  болып табылады. Жалпы қабылданған  реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің  ережелерін анықтау үшін ДНС -ті қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының  қолдануымен түйіншектер арасында жіберіледі(ағылш. Маіл Трансфер Агент;мысалы, сендмаіл, ехім4, пастфіх, Міцрософт  Ехцһанге Сервер, Лотұс Доміно т.б.). Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде  жүйелердің тәртібі қатал түрде  стандартизацияланған, ол үшін СМТП хаттамасы  қолданылады. Пошталық жүйе және қолданушылардың  қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай  тәртіптелмейді және озбырлы болуы  мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай  жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, МДА  деп аталады (ағылш. маіл деліверy агент, поштаны жеткізу агенті). Басқа  пошталы жүйелерде МДА және МТА  бір бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды  жүзеге асыратын бағдарлама, МҰА(ағылш. маіл ұсер агент) деп аталады. Кей  жағдайда, мыс, веб-интерфейсте болмауы  мүмкін.

 

Пошта маршрутизациясы

 

Пошталық сервер, поштаны  алған соң (локальді негізден немесе басқа серверден) поштаны өңдеу  үшін спецификалық ережелер барма екенін тексереді, егер спецификалық ережелер болмаған жағдайда, серверге пошталық домен локальді болып келеме екені  тексеріледі. Егер келсе, онда хат өңдеуге  кіріседі. Егер хат домені локальді болмаса, онда пошта маршрутизациясының процедурасы қолданылады. Маршрутизация кезінде алушының адресінің тек доменді бөлімі ғана қолданылады. (яғни @ символынан кейін тұрған бөлім). Алушы домені үшін бүкіл МХ-жазулар ізделінеді. Олар приоритеттің кемуі ретінде сұрыпталады. Егер пошта серверінің адресі МХ-жазуларда көрсетілген түйіршектердің біреуімен сәйкес келсе, онда МХ-жазудағы түйіршік приоритеттеріндегі кіші приоритетті барлық жазулар алынып тасталынады, ал жеткізілуі бірінше жауап беру түйіршегінде жүзеге асырылады. Егер МХ-жазу домен үшін табылмаса, онда кейбір серверлер поштаны А-жазу арқылы жеткізуге тырысуы мүмкін. Егер де домен туралы жазу болмаса, онда отлуп(жеткізудің мүмкінсіздігі жөнінде хабарлама) қалыптасады. Бұл хабарлама жіберушінің бос өрісімен қалыптасады. «кімге» өрісінде бастапқы хаттың жіберушісі көрсетіледі. Бос «кімге» өрісі пошталық серверді үзіліссіз келетін қате туралы хабарламадан қорғайды – егер сервер бос қайта адреспен хатты жеткізе алмайтынын анықтаса, онда ол оны жояды.

Информация о работе Желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай