Жоба құрудың негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 11:40, реферат

Краткое описание

Жоғарыдағы сипатталған мәселелерді шешу үшін компьютерде оларды өңдеуге арналған программалық құрал қажет. Ең басты мәселе – жобалау. Айқын жасалған жоба болмайынша техникалық жобаны бастауға болмайды.
Жобалаудың бірінші кезеңі – кәсіпорын талаптарына анализ жасалу керек. Ол үшін эксперттік сұраулар негізінде барлық көкейкесті және потенциальды қажеттіліктерді анықтау керек.

Вложенные файлы: 1 файл

Мәліметтер қорын жобалау.doc

— 67.50 Кб (Скачать файл)

Қалыпты формалар функционалдық тәуелділік түсінігіне негізделген. Функционалдық тәуелділік (ФТ)- бір қатынастың А атрибуттың әр мәнге сол қатынастың В атрибуттың тек бір мәні сәйкес келетін атрибуттың арасындағы байланысты айтады.

А атрибутты детерминант деп аталады. Детерминанттар құрама болу мүмкін, яғни бірлік атрибуттар емес, екі немесе одан да көп атрибуттардан тұратын группалар (топтар) болады.

Функционалдық тәуелділіктің 3 түрі бар: толық, бөлшектелген және транзитивті.

Атрибут В А детерминанттың атрибуттар жиын бөліктерінен тәуелсіз болатын тәуелділікті толық функционалды тәуелділік деп атайды.

Атрибут В А құрама детерминанттың тек бөліктен тәуелді болса, онда ол бөлшектенген функционалды тәуелділік деп аталады.

Егер А, В және С атрибуттар үшін А-В жэне В-С шарт орындалса және кері тәуелділік жоқ болса, онда мұндай тәуелділік транзитивті деп аталады. Транзитивті функционалдық тәуелділіктер толық тәуелділіктің бірігуі.

Аномалиялар бөлшектелген және транзитивті функционалдық тәуелділіктерге әкеледі. Сондықтан қатынастарды калпына келтіру- бұл әр алынған қатынаста тек  бір   толық, функционалдық тәуелділік болатындай етіп, берілген қатынасты олардың бірігуіне өзгерту етіп, берілген қатынасты олардың бірігуіне өзгерту.

Теориялық тұрғыдан қарағанда қалпына келтіру процесі заттық аймақтың барлық атрибуттары бар қатынас арқылы басталу керек. Оны бір үлкен кесте ретінде көрсетуге болады. Деректер бұл кестеде қайталанып тұратыны анық.

Әр қалыпты форма алдыңғы қалыпты форманың талаптарына түгелдей қанағаттандырады және оған қоса қосымша талаптарды шығарады (ұсынады).

1-ші қалыпты форма. Қатынас 1-ші  калыпты формада тек сол уақытта  ғана болады, егер оның барлық  атрибуттары атомарлық мәндерге  ие болса.

2-ші қалыпты форма. 2-ші қалыпты  формаға сәйкес болу үшін, қатынаста  бөлшектелген функционалдық тәуелділіктер болмау керек, яғни әр - кілттік емес атрибут құрама кілттің бөліктерінен емес, оның өзінен тәуелді болу керек.

3-ші қалыпты форма транзитивті  тәуелділікті жоюды талап етеді. Практикада ол бір қатынастың  кілттік емес атрибуттың арасында  тәуелділіктер болмау керек деп түсіндіріледі.

Бойс-Коддтың қалыпты формасы әр детерминант мүмкін (ықтимал) кілт болуын талап етеді.

4-ші қалыпты форма. Қатынаста  атрибуттың арасында көп мәндес  тәуелділіктер болмау керек.

5-ші қалыпты форма практикада  қолданылмайды.

 

Деректер қорының физикалық үлгісін жобалау

  • Физикалық жобаны жасауға дейін мәліметтер қорының логикалық үлгісін құру қадамда жиналған қатынастар туралы ақпаратты жақсы меңгеріп, анализдеу керек. Бұл ақпарат мәліметтер сөздігінде және DBDL тілінде жазылған қатынастардың анықтауында болуы мүмкін. Логикалық деректер үлгісінде әр белгіленген қатынас келесі этаптардан тұрады: қатынастың аты;
  • жақшаға кіргізілген қарапайым атрибуттардың тізімі;

- алғашқы кілттерді жэне (егер  ондай болса) альтернативті (АК) жэне  сыртқы (FК) кілттерді анықтау;

- кез келген сыртқы кілт үшін сілтемелік түтастылықтың талаптарын анықтау.

Әр атрибут үшін деректер сөздігінде келесі ақпарат болу керек:

  • мәліметтер типі, атрибуттың үзындығы және рұқсатылған мәндерге әр талап ететін шектеулер көрсетілген атрибуттың доменін анықтау;
  • атрибуттың үнсіздіктен алатын мәндер ( міндетті түрде емес);
  • келтірілген атрибут үшін NULL мәнін рұқсат ету;
  • келтірілген атрибут есептелетін атрибут бола ма, егер болса, онда оның есептелу жолын көрсету.

Деректер қорының кестелерінің жобаларын жазылу кезінде мен домендерді анықтау, үнсіздіктен алынатын мәндерді және NULL мәнінің болуын анықтау үшін SQL тілінің операторларын қолданамын (қосымша В).

 


Информация о работе Жоба құрудың негізгі кезеңдері