Интерактивная доска

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:59, курсовая работа

Краткое описание

Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
І . Интерактивті тақта.
1.1 Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері......................................................
1.2 Интерактивті тақтаның түрлері, оның бағдарламалық жасақтамалары...
1.3 Интерактивті құралдар, олардың ерекшеліктері..........................................

ІІ. Орта мектептерде тақтаны қолдану мен АctivStudio бағдарламасында жұмыс жасау.
2.1 Орта мектепте интерактивті тақтаны қолдануың маңызы.........................
2.2 Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның АctivStudio бағдарламасын қолдану.............................................................................................................
ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая интерактивті тақта.doc

— 2.42 Мб (Скачать файл)

Құю құралын таңдап алып, жаңа түспен беттің тақырыбында әрбір сөзді бояңдар. Абайлаңдар, әріптің үстінде шертіңдер, басқаша жағдайда түс барлық бетке құйылып кетеді. Түс аздап қана өзгереді, таңдап алынған түске байланысты.

12. Мәтінді беттегі ескертуде  сақтау 

Ескерту бетінде басыңдар. Терезеде Мұхиттардың тізімін жазыңдар:

Атлант мұхиты

Тынық мұхиты

Солтүстік Мұзды мұхиты

Антарктида мұхиты

Үнді мұхиты

Егерде  терезеде картаны анық көрсетпесе, оны  терезенің оң жақ жоғары шетіне қойыңдар. Терезенің шетіндегі батырмаларды пайдаланып, қажет болса терезенің көлемін өзертіңдер.

Беттегі Ескерту терезесін жабыңдар. Флипчартты сақтаңдар, бұл мезетте Ескерту автоматты түрде сақталады.

13. Флипчарт бетіндегі  Ескертуге мәтін қосу 

Флипчарттағы Презентация кезінде бетке Ескерту қоюға болады. ACTIVstudio Ескерту терезесіне қойылған баптауларды сақтап қалады. Бірінші мұхиттың атын белгілеп алып, «Бетке қосу» батырмасын басып терезедегі Ескертудің төменгі жағына қосыңдар.

Мұхиттың аттарын картадағы дұрыс орындарына қойыңдар.  ACTIVstudio бағдарламасын жабыңдар. Флипчартты сақтамаңдар, себебі ондағы жазулар беттің келесі беттерінде де пайда болады.

 

 

 

 

 

№6Лабораториялық жұмыс

Сілтемелер

1. Жұмыстың басталуы 

ACTIVstudio-ны іске қосыңдар және  Менің флипчартымнан Флипчарт 6 ашыңдар. Бетті таңдап 9 бет құрыңдар. Қайталап  сақтаңдар Флипчарт 7 атымен сақтаңдар.

2. Сілтеме объектісін  анықтау үшін  веб-браузерді қолдану

Негізгі құралдар тақтасынан  «Арнайы құралдар» батырмасын шертіңдер. Арнайы құралдар тақтасынан Веб-браузер батырмасын шертіңдер. ACTIVstudio-ның Веб-браузері іске қосылады. Адрес жолында www.nasa.gov/home теріп, пернетақтадан ENTER батырмасын шертіңдер. NАСА веб-сайты іске қосылуы керек.

«Сілтеме» батырмасын шертіңдер және «Мәтін объектісін URL ретінде қосу» таңдаңдар. Флипчарт  бетіне сілтеме мекен жайы қосылады. Браузерді жабыңдар.

3. Іс-әрекеттерді активтендіру

Флипчарт бетінде батырманың оң жақ батырмасын шертіңдер. Егер де тақтада жұмыс жасайтын болсаңдар, оң жақ батырманы басу үшін, алдымен ACTIVpen-ді қажетті жерге апарып, қаламның батырмасын шертіңдер. Оң жақ батырманы шерткенде флипчарт бетінен:

Тез таңдау құралының тақтасын

немесе жанама менюді көре аласыңдар.

Бұл оқыту бағдарламасында Тез таңдау құралының тақтасын  өшіріп қойған дұрыс. Егер де Тез таңдау құралының тақтасын көрмеген болсаңдар, онда оң жақ батырманы шертіп, келесі параграфты іске қосыңдар.

Басты менюден – Студияны баптау – Құралдар тақтасы және «Тез таңдау құралының тақтасын» таңдау командасын орындаңдар. Бетте оң жақ батырманы шертіп, контексті менюден «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын белгілеңдер. Сілтемелер жұмыс жасау үшін «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын іске қосу керек. Меңзерді адрес жолына орналастырсаңдар, таңбаның өзгергенін байқауға болады. Бұл сілтеменің активті екенін білдіреді. Ол жерде шертсеңдер веб-бет браузері ашылады. Браузердің оң жақ шеттегі + таңбасын шертсең, қайтадан ол жерден шығасыңдар.

4. Іс-әрекеттерді деактивтендіру 

Сілтемелер бетке қойылғанда  сенің қалаған жеріңде орналаспауы мүмкін. Ал осы мезетте сілтемелерді қою өте қиын, себебі NACA сайты сілтемеге басқан сайын қосыла береді..

Флипчарт бетінде қаламның оң жақ батырмасын шерт, жанама  менюден «Іс-әрекеттерді активтендіру» командасын таңда. Енді сілтемені беттің кез келген жеріне қоюларыңа болады.

5. Сілтеме объектілерінің  стилін редакторлеу 

Іс - әрекеттер активтендірілмеген жағдайда, мәтін түсін және көлемін редакторлеуге болады.

Кез келген мәтінде алып онда екі рет шертіңдер.

Мәтінді редакторлеу құралын таңдап алыңдар.

Мәтінді редакторлеу құралы тақтасынан  «Барлығы» батырмасын басып, веб-сайт NАСА сөзін ашық жасыл түспен және 48 көлеммен редакторлеңдер. Мәтінді редакторлеу құралын жабыңдар. Флипчарт бетінде батырманың оң жақ батырмасын шертіп жанама менюді ашып «Іс-әрекеттерді активтендіру» жолын таңдаңдар. Енді меңзерді мәтінге қойып, сілтеменің жұмысын тексерейік.

6. Флипчарт бетінде веб-сайт  кескіндерін қолдану 

Веб-сайт NАСА кескінін табу үшін, өздерің жасаңдар, NАСА сілтемесін шертіп, вебсайтты ашыңдар. Жердің кескінін табу үшін, келесі адрестен іздеңдер: http://grin.hq.nasa.gov/IMAGES/SMALL/GPN-2000-001138.jpg

Бұл суретті сақтаудың әдістері:  

- Компьютерде сақтаңдар

- Флипчарт бетінде орналастырыңдар 

- Камера құралын қолданыңдар.

Біз әрбір әрекетті жеке қарастырамыз.

7. Суретті флипчартта  қолдану үшін сақтау 

Суретті браузерден компьютерде сақтауға болады. Батырманың оң жақ батырмасын шертіп «Суретті қалай сақтау» командасын таңдаңдар. Суретті ACTIVstudio бумасына сурет ретінде сақтаңдар. Кітапхана Ресурсын ашыңдар. «Басқа бумадан іздеу» батырмасына басыңдар. «Бумадан іздеу» терезесінде суретті орналастыратын орын қарастырыңдар. ОК батырмасын шерткенде сурет кітапхана ресурсына орналастырылады. Бұл мезетте сурет флипчарт бетіне орналастырылады. Ал біз суретті алудың басқа жолдарын қарастырамыз. Сол себепті кітапхана Ресурсын жабыңдар.

8. Браузерден бетке орналастыру

Қайтадан веб-браузерді іске қосыңдар. Фотография веб-браузерде болуы керек. Басқа жағдайда адресін көрсетіңдер. Орналастырып болғаннан кейін меню пайда болады. «Объектіні қосу» жолын таңдаңдар, сурет бетте пайда болуы керек. Беттегі суретті өшіріңдер.

9.  Фотоаппарат құралын  пайдалану 

Интернет-браузерді ашып, толық суреттің көрінетіне көз жеткізіңдер. Негізгі құралдар тақтасынан Фотоаппарат құралына басыңдар. Пайда болған менюден «Аймақ» жолын таңдап алыңдар. Браузер терезесінде  көптеген төртбұрыштар және Фотография құралдар тақтасы  пайда болады. Бөлінетін аумақты суреттің қажетті аймағын белгілеп алыңдар. Фотография құралдар тақтасында  оң жақ батырманы басыңдар. Бұл суретті флипчарт бетіне көшіріп алады. Браузерді жабыңдар. Суреттерді жылжытып орналастырыңдар.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кездегі шащаң жүріп жатқан жаһану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында  «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

  Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық   прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран »  болып табылады.

 

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.         

 Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.
  2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ». Ел президентінің халыққа жолдауы , Астана – 2006 ж.
  3. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі   « Информатика негіздері »
  4. 2008 ж.-№ 4      Ж. Садыбекова
  5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
  6. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану
  7. « Информатика негіздері » 2008 ж.-№ 5  
  8. ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. Алматы, 1998ж.
  9. Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев, Н.Н: Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М. 2001;
  10. 30-33бб.
  11. В.А. Каймин. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 2004; №12; 1-44 бб.
  12. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы  Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан,2003 ж.
  13. Қ.Қабдықайырұлы, Монхов В.М., Оразбекова Л.Н, Әбілдаева Т.Ә., Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы – А, 1999 ж.
  14. Оразбаев Ж. Жаңа оқыту технологиясы. Билология, география және химия 2001 Беркінбаева Г. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. /Қазақстан мұғалімі/2003ж.
  15. Құсайынова Л. Жаңа сабақ технологиясы. Қазақстан мектебі 2003 ж.
  16. Г.Д.Дылян, Э.С.Ратобыльская, М.С.Цветкова «Модели управления процессами комплексной информатизации общего средного образования» М., 2005

Информация о работе Интерактивная доска