“Киімдер дүкені” бағдарламасының баяндалуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:10, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі:Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдына қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.

Содержание

Кіріспе ………4-5
І-тарау.Киімдер дүкенінің автоматтандырылуының теориялық негіздері...6-15
1.1
Мәліметтер қорының жалпы түсінігі және МҚБД.

1.2 Программаға арналған негізгі шарттар мен оны орындау жолдары
ІІ-тарау. “Киімдер дүкені” бағдарламасының баяндалуы………………....16-25
2.1 Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар
2.2 Delphi программалау тілі.
Қорытынды........................................................................................................26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ……..27
Қосымша............................................................................................................28-37

Вложенные файлы: 1 файл

курс.DOC

— 522.00 Кб (Скачать файл)

 

Table  алғаннан кейін бізге  мынадай сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен  МҚБЖ таңдап алуға болады, содан кейін Paradox7-ні таңдап алдым.

 

Сурет-1- кестені құру

 

Жоғарыдағы берілген сурет-1-де программаны іске қосудың жалпы кестесі көрсетілген. Яғни ең алдымен Delfi-6 Borland – Tools – Database Desktop- File – New – Table арқылы жаңа кесте құрамыз. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін берілген есептің шарты бойынша керекті мәліметті толтырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Сурет-2 өрісті толтыру

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key – “*”символы, егер бұл өріс бойынша біріншілікті кілт қою керек болса.

Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол 255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.

Validity Checks -   бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 1.2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

 

1.2-кесте

Required Field

Бұл идентикаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.

Minimum

мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Maximum

Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Default

Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.

Picture

Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны ( ##-##-## ).

Assist

Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.


 

Кесте қасиетін беру

“+”-Autoincerement, 1 мөлшерге өсіп отыратын ұзын бүтін сан. Тек оқуға арналған. Өшірілген кезде қалған өрістердің мәні өзгермейді.

“A”-Alpa, жолдық өріс.

“S”-Short, қысқа сандар тізбегі.

“D”-Date, Мезгілді көрсетеді.

“L”-Logical, логикалық өріс.

“I”-Long integer, ұзын сандар тізбегі.

Енді төмендегі терезеге назар аударсақ, одан біз кестедегі өріске берілген қасиеттерді көре аламыз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Сурет-3 тауарлар кестесі

 

                           Сурет-4 жеткізулер  кестесі

 

 

                            Сурет-5 сатылым кестесі

 

                                     Сурет-6 жеткізушілер кестесі

 

Table Lookup- көру терезесі

Table Lookup – бұл бөлім берілген  кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Бұл терезеде драйверлер мен пвседонимдерді қолдана аламыз.  Table Lookup таңдап алғанда терезеде Define-анықтау кнопкасы ғана көрініп тұрады.

Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысында керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.

Жаңа индекс құру үшін Define- анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.

Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі  кестелердің арасында бүтін сілтеме  байланыстарды қамтамасыз ету  үшін қолданылады. Егер екі кестенің  арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал екіншісі – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.

BDE Administrator – да мәліметтер қоры  драйверлерін және жалған аттарын  құру және көру.

Delphi қолданбасы деректер базасына  қатынауды BDE арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге  қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

BDE Administrator программасы түрлі типтегі BDE мәліметтер қорының жаңа драйверлерін көруге, құруға, түзетуге мүмкіндік береді.

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бір қолданушылық режимде жұмыс істейді. Standart драйверлері үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және Path – деректер базасына жол.

Бұл программа терезесі екі беттен тұрады:

Databases-мәліметтер қоры және Configuration- конфигурация. Сол жақ панельде  мәліметтер қорының жалған аттарының бұтақшасын көре аламыз. Кез келген бір жалған атты ерекшелеп, оң жақ панельде Definition драйвері сипаттамаларын көре аламыз. Paradox  мәліметтер қоры үшін Standard драйвері қолданылады және минималь сипаттамалары: Type-драйвер аты, Path- мәліметтер қорына жол. Path параметрлерін ерекшелеп көп нүктелі кнопканы көреміз. Ол кнопканы басқанда жаңа каталогын таңдауға мүмкіндік беріледі.

 

 

 

 

ІІ-тарау.“Киімдер дүкені” бағдарламасының баяндалуы.

2.1 Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын жобалар құру

Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қарапайым жоба жасап көрейік:

Бұл кестедегі жобадағы компаненттер мен МБ-дағы мәліметтер базасындағы кестелердің байланысы және де сол компанентерге қолданылатын қасиеттер көрсетілген.

Осы жобаларды жасай отырып, “ Объект инспекторы ” көмегімен компаненттерге қасиет бере аламыз:

 

Компонент

Қасиеттері

Мәні

Table1

Database Name

Тауарлар

Table Name

1tab

Active

True

DataSourse1

Dataset

Table1

DBGrid1

DataSourse

DataSourse1


 

Жаңа жоба ашып формаға BDE кітапханасынан Table компанентін орналастырамыз. Сонымен қатар Data Access бетіне мәліметтер көзі болатын DataSourse компанентін орналастырайық. Бұл компаненттер жобаны орындау барысында көрінбей тұрады, сондықтан форманың кез келген жеріне орналастыруға болады. Кестедегі мәліметтерді көру үшін DBGrid компанентін Data Control бетінен алып, формаға қою керек.

Біздің курстық жұмыс бойынша форма саны 5, яғни Form1, Form2, Form3, Form4, Form5.

Алғашқы жобаның мәндерін орындау үшін бірнеше қосымшалар енгіземіз. Объектілер инспекторы бетіне форманың On Create оқиғасына мынадай мән береміз:

procedure TForm2.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=true;

end;

Тура осындай формасының OnDestory оқиғасына мынандай өңдеуші енгіземіз:

procedure TForm2.FormDestroy(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=false;

end;

Бұл өзгерістер программаны жүктегенде кете мен мәліметтер қоры арасындағы байланыс орнап, программа тоқтаған кезде байланыс ажырап отырады. Бұл егерде сіз желіде жұмыс жасап отырсаңыз, мәліметтер қорының жобалау кезінде бос болуын қамтамасыз етеді.

Барлық орналастырған формамызды бір –бірімен байлаыстырамыз. Ол қасиетер бөлімінде орындалады. Form1 бұл жерде негізгі болса, қалған 4 формамыз бағынышты.

                                     Сурет-7 қасиеттер кестесі

 

 

Әр бір формаға өзімізге қажетті компаненттерді орналастырамыз.Соларға жеке тоқталар болсақ, Form1-де MainMenu және Image компаненттері орналасқан. Image компаненті сурет қоюға арналған.

Қалған барлық формаларға бірдей компаненттерді орналастырамыз.Олар: Table, DataSourse, DBGrid.

Form2-де, жоғарыдағы суреттен байқасақ, тауарлар жайлы мәліметтер берілген:

                                     Сурет-8 негізгі кесте

 

                                     Сурет-9 тауарлар кестесі

 

 

Ал үшінші формада, яғни Form3-те толық кесте бойынша жеткізу туралы мәліметтері көрсетіледі:

 

                                     Сурет-10 жеткізілім кестесі

 

Form4-да, яғни төртінші формада тауардың қашан және қандай нөмірмен сатылғаны жөнінде мәліметтер енгізілген:

 

 
                                     Сурет-11 сатылым кестесі

 

Үшінші формада, яғни Form5-те жеткізушілер жайлы мәліметтер берілген:

                                     Сурет-12 жеткізушілер кестесі

 

 

Бұл құрылған барлық формалардағы мәліметтерді сұрыптауға болатындығын айта кеткен жөн. Мәліметтерді сұрыптау арқылы табу өте қолайлы. Мысалы, егер сізге тек қана бір ғана тауар туралы, не болмаса басқа да мәлімет қажет болса онда оны шығару өте жеңіл.Сұрыптауды қасиеттер бөлімінен таба аламыз:

                                     Сурет-13 қасиеттер кестесі

Іздеген мәліметімізді қасиеттер бөліміндегі Filter деген жерге жазамыздағы, содан кейін Filtered-ке TRUE, яғни ақиқат мәнін береміз. Нәтижесінде сұрыпталған мәліметтер шығады. Мысал алар болсақ, керекті тауарды тез тауып алу үшін керек.

Сонымен қатар, кесте толтырған кезде өзімізге, әсіресе көп қайталанатын, мысалы, топтардың жиі қайталанатындығын біле тұра оны жеңілдету үшін мынадай әрекеттер жасаймыз:

Жалпы мәліметтер базасының негізгі мақсаты – көптеген ақпараттарды жинап, оларды архивтеп, дер кезінде қолданушыға тауып беру.Бұл курстық жұмысты әрі қарай күрделендіре беруге болады.Ең алдымен оның мақсатын, қалай жұмыс жасау керектігін түсініп алған жөн.

Осы курстық жұмысты жасау арқылы, мен көптеген ақпарат алдым.Жалпы мәліметтер қоры, DELFI  жөнінде көптеген мәліметтер алдым.Бұл маған көп көмек берді.Енді мен еркін жұмыс істей алатындығыма сенемін.

 

                                     Сурет-14негізгі  кестенің коды

 

2.2 Delphi программалау жүйесі

Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы код редакторы және объектілер инспекторы.

Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.

Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.

Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.

Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша , компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.1.3  Өнімнің негіз\

Delphi – бұл бірнеше маңызды  технологиялардың комбинациясы:

Информация о работе “Киімдер дүкені” бағдарламасының баяндалуы