Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 11:18, реферат

Краткое описание

Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибелерін заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз» – деп атап көрсеткен

Содержание

І. Кіріспе.
II. Мультимедиялық мүмкіндіктерді меңгерудің маңыздылығы.
III. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары.
IV. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 17.79 Кб (Скачать файл)

Компьютердің мультимедиялық  мүмкіндіктері 
                                   Жоспар: 
І.      Кіріспе. 
II.            Мультимедиялық мүмкіндіктерді меңгерудің маңыздылығы. 
III.            Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары. 
IV.            Қорытынды. 
Кіріспе

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. 
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибелерін заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну. ҚР Президенті  Н.Ә Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында  «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз» – деп атап көрсеткен. Яғни жаңа білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – оқыту технологияларын жетілдіру, оны ізгілендіру және демократияландыру. 
Қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр. 
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Оларды таңдау кезінде технологияның оқушының жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс. Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Осындай процесс барысында оқушылар білім алып, оны іс-жүзінде қолданып ғана қоймай, сол ортадағы қосымша мәлімет көздерімен қажетті деген құралдарын өздері таңдап ала алады. 
Қоғамымызда компьютер маңызды әрі көрнекті орын алып отырған осындай сәтте компьютерлік технологияларды оқыту жүйесінде пайдалану еліміздің болашағын барлық ғылым салаларында жаңа идеяларды ұсынып, оларды жүзеге асыра алатын сауатты ұрпақпен қамтамасыз ете алады.         Қазіргі заманғы ақпарат алмасудың жоғары жылдамдығы, жан-жақтан түсіп жатқан түрлі форматтағы мәліметтер ағыны білім беру саласындағы мамандарды да мультимедиялық құралдарға мұқият зер салуға шақырады. 
Мультимедиялық мүмкіндіктерді меңгерудің маңыздылығы. 
     “Мультимедия дегеніміз не?” – деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады. Ұсынылып отырған зерттеу аясына лайықтап айтар болсақ, мультимедия – білім беру саласындағы слайд, видео  және аудио үлгідегі мәліметтерді оқушының оңай қабылдап, жадында мықтап сақтауына жағдай жасайтын құрал. 
Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді,   мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе.

Заман талабына сәйкес компьютердің  өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері  көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын  компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану. 
Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мүғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. 
Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады. 
Сондықтан күнделікті сабақта біз танымдық қабілет пен біліктілікті қалыптастыру мақсатында және информатика пәнінде компьютерді тиімді қолдану, дыбысты жазу және ойнату, PowerPoint бағдарламаларын жетік білу мақсатында оның мүмкіншіліктерін пайдалану жолдарын қарастырдым. 
Мультимедиялық оқыту  құралдары  (педагогикалық құрал)    Мультимедиялық оқыту  бағдарламалары 
·Компьютер 
·Интерактивті тақта 
·Мультимедиялық проектор 
·Видео және аудиомагнитофон 
·Ғаламторға шығу мүмкіндігі 
·Электрондық оқыту бағдарламалары 
Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды: 
·компьютерлік анимациялар 
·иллюстрациялық қатар 
·дыбыстық қатар 
·видеофрагменттер 
·гипермәтін мен гиперсілтемелер.

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері 
l  Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу 
l  Суреттер енгізу 
l  Дыбыстар кірістіру 
l  Видеолар кірістіру 
l  Анимациялар құру 
Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған. 
Бұл қосымша құрылғылардың көмегімен:  

 

Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесе кестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға); 
Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға; 
Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға; 
Әр түрлі пәндер бойынша мультимедиалық сабақтарды көріп оқуға; 
Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиалық ойындар ойнауға болады. 
Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану мысалдары 
Соңғы кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын мағлұматтарды жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сол себепті де әр сабақта  мұғалім  өзі ізденіп, балаларды жалықтырмайтындай  іс-шара жасай отырып, оларды да ізденушілікке , зерттеушілікке ұмтылдыру басты міндет. Өйткені  ізденбей тек қана дайын  мағлұматты  ғана пайдаланатын оқушының білімі тек жаттанды түрде болуы мүмкін. 
Мультимедиялық құралдар білім берудің  қазіргі заман талаптарына сай оқушының қажеттіліктері мен оқып-үйрену ерекшеліктерін ескере отырып икемдеп түрлендіруге зор мүмкіндік береді. Сапалы жасалып, дұрыс қолданылған мультимедиялық оқу құралдары оқушының пән мазмұнын игеруін әлдеқайда жеңілдететіні сөзсіз. 
Компьютерде мультимедиалық  құрылғыларды пайдалануға арналған  Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты,  PowerPoint-ты қарастырдым. 
Ойнатқыш 2 ге бөлінеді. Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған. 
Power Point  программасының информатика сабағын өткізуде пайдалануға болатын көптеген мүмкіндіктері бар. Олар: слайдтар жасау, анимациялар құру, кесте, диаграмма, суреттер, мәтіндер кірістіру мысалдарын қарастыруға болады. 
Бұл үшін компьютермен оқытудың мынадай мүмкіндіктерін пайдалана алсақ, аталған мәселелер шешімін табады деп ойлаймын: 
-         сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру; 
-          интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу; 
-          сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру; 
-         арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру; 
-         әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік беру т.б. 
Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. 
7 сыныптарға «Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану», «Дыбысты жазу және ойнату», «Power point бағдарламасы »тақырыбында  сабақтар өткіздім. 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушылар мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірістіріп, дыбысты жазу және ойнату бағдарламаларын байланыстырып, интерактивті тақтада флипчарт жасау білімдері кеңейтеді. 
Міндеттері: 
Word қа мәтін енгізіп, суреттер салуды немесе дайын суреттер қоюды, солай құттықтау парағын жасау. 
Әр түрлі тақырыпта слайдтар жасау. 
Дыбыстар енгізіп, оны ойнатуды үйрену. 
Оқушылар топпен жұмыс істеуге берген тапсырманы бірігіп орындауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға  өз ойларын қортындылап, жинақтау. 
Білім алу барысында мультимедиялық технологияны қолдану. 
Білім алуда мультимедиялық технологияны енгізу 
Ереже бойынша,  ақпаратты қабылдауға  ыңғайлы  болу үшін мультимедиялық  презентацияға тән сюжет, сценарий және ұйымдастырылған құрылымы  болады.   Егер оқушылар есту арқылы келген ақпараттың әсерінен кейін оқығанын пайдалана алу мүмкіндігіне ие болса, бұл мультимедиялық құралдар тиімділігінің тағы бір көрінісі 
Мультимедиялық құралдар арқылы оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыруға және қабілеттері, бейімдері әр түрлі оқушыларға берілер ақпаратты қалауына сәйкес ұсына алуға мүмкіндік беретін бірден-бір ыңғайлы, қолайлы оқыту әдісі болып саналады. 
Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты: үйрете жүріп, үйрену.

Қорытынды

Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады. Бұл зерттеу мидың ақпаратты қалай өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша ықпал жасады.  Осы зерттеу мультимедиялық құралдарды оқыту мақсатына пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін көрсететін бірнеше қағидаларды айқындады. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту барлық мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып жатқан (қолданылатын) оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын алары айқын. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық оқыту құралдары оқушыларды сабаққа ынталандырудың және оқытудың ең маңызды құралы болып саналады. 
Пайдланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж. 
2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9. 
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

 


Информация о работе Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері