Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2014 в 20:34, реферат
Компьютерлік вирустар – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталды. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады
Мақсатына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:
Жалпы информация қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайда болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.
Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалыр қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады:
Детекторлар;
Докторлар (фаг-программалар);
Ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар);
Доктор-ревизорлар;
Сүзгі программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар);
Вакциналар (иммунизаторлар);
Вирустың әсерін жоятын антивирустік программаларды негізгі үш топқа бөлуге болады:
Файлдағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сақтайтын антивирустік программалардың негізгі жұмысы – сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне вирус енсе, онда олар бір-біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын белгіленіп жазылып қойылған сипаттамаларды вирустан мұқият сақтау қажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсерінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің өзгертуіңізден де болуы ықтимал. Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды.
Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бір кемшілігіне тексеруге көп уақыттың кетуі мен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс үлкейтетінін жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.
Детектор-программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа ол дәрменсіз болып келеді.
Доктор-программалар немесе "фагтар" вирус жұққан программалар мен дискілерді "вирус" әсерін алып тастау, яғни "жұлып алу" арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор-программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы тұралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор-ревизорлар – доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді қана анықтап қоймай, оларды автоматты түрде "емдеп" бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әр адамның өзіне байланысты болады.
Вакцина-программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысын әсер етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайда, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Кейде дискеттерден қатты магниттік (винчестерлік) дискіге – Мб не одан да үлкен көлемді каталог пен файлдарды көшіріп жазуға тура келеді. Оларды алдын ала дискетке көшіру үшін көптеген дискеттің қажет етілетіні сөзсіз. Дискеттер санын азайту және дискетті үнемдеу мақсатында информация көлемін 10-70 пайызға не одан да көп масштаб бойынша түрлі форматта қысып хазатын және оны ашып, бұрынғықалпында келтіретін көптеген қызметші программалар бар. Мұндай програмалларды архивтеуші (архиватор) деп те атайлы. қазіргі кезде қолданалып жүрген архивтеушілер көп, м ысалы, ARJ, RAR, WІNZІP, WІNRAR және т.б.