Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 13:23, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.
Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі.docx

— 59.42 Кб (Скачать файл)

В) URL

  • 6.Желіге қосылған компьютерлерде қандай адрес тұрақты болады?

А) URL адресі

Ә) ІР адресі*

Б) DNS адресі

В) SRL адресі

  • 7.Ақпаратты сақтау сервердің қандай функциясын орындайды

А) сыртқы

Ә) ішкі*

Б) ортаңғы

В) ешқандай

  • 8.Провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын

қамтамасыз ететін құрылғы?

А) сканер

Ә) монитор

Б) модем*

В) процессор

  • 9.Көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер

А) ақпараттар сервер*

Ә) клиент – сервер

Б) Pentium 2/350 МГц

В) модем

  • 10. Керекті парақты іздеп табу қай адреспен анықталады

А) SRL адресі

Ә)  URL адресі

Б) IP адресі

В) DNS адресі

Тест №3

  • 1.Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға

А) сервер

Ә) протокол

Б) провайдер*

В) модем

  • 2. Web сайт жасауға арналған программалау тіліне гипермәтіндік белгілеу тілі

А) HTML*

Ә) HTTP

Б) Pascal

В) Java

  • 3. Желінің компьютермен байланысы қанша кабель арқылы жүреді?

А) 6              Ә) 3                 Б) 2                В) 4

  • 4. Желінің ақпараттық компонеттері

А) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, байланыс арналарынан, байланыс тетіктерінен тұрады*

Ә) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, тек электрлік тетігінен тұрады

б) компьютер түрлерінен, байланыс арналарынан, механика тетіктерінен тұрады.

В) компьютер түрлерінен, олардың құрылғыларынан, саймандар тақтасынан тұрады.

  • 5. Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?

А) ия

Ә) жоқ*

Б) кейде

В) дұрыс жауабы жоқ

  • 6. Электронды почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма?

А) ия*

Ә) жоқ

Б) кейде

В) дұрыс жауабы жоқ

  • 7. Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны

А) сайт*

Ә) адрес

Б) торап

В) парақ

  • 8. Интернеттің дамуы мен таралуы қанша бағытта жүреді?

А) 4        Ә) 3*               Б) 2           В) 5

  • 9. “URL  адресі табылмай жатыр” деген хабарлама нені білдіреді?

А) ондай адрес жоқ дегенді білдіреді

Ә) адрестің қажетсіздігін білдіреді

Б) ол әлі аяқталмаған, қате терілген дегенді білдіреді*

В) жауаптар арасында дұрысы жоқ

  • 10. Бір – бірімен қашықта, мыңдаған шақырымда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді байланыстыратын жабық желі түрі

А) корпоративтік желі*

Ә) ауқымды желі

Б) жергілікті желі

В) компьютерлік желі

Осы сабақтың соңында оқушылардың тест жұмыстары тексеріліп, бағаланады.  Үшінші «Кубизм» әдісі бойынша кубтың алты қырындағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылаймыз.

  1. Компьютерлік желі неше түрге бөлінеді және әр түрін сипаттаңыздар?
  2. Желімен байланыс жасау түрлерін атаңдар?
  3. Ауқымды желі қанша даму кезеңіне бөлінеді?
  4. Желілермен жұмыс жасаудың тиімділігі қандай?
  5. Элекрондық пошта неге қажет?
  6. Электрондық адресті құрғанда қандай символдарды қолданады?

Нәтижесінде оқушылар тарауды жақсы меңгергенін, компьютерлік сауаттылықтары дамығанын, ақпараттық мәдениетінің қалыптасқанын көруге болады. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың  желілер байланысы, электрондық пошта, жалпы компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясын жақсы меңгергенін көрсетті. Бірақ оқушылар желі топологиясын, байланыстың түрлерін, ұялы байланыс жөнінде түсініктерді әлі де кең түрде қарастыруды қажет етті. Оқушылардың барлығы тестті «4», «5» деген бағаға тапсырып, білім сапасы 100 % көрсетті.

ҚОРЫТЫНДЫ

Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл курстық жұмыстың мақсаты – оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйретеді.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын  қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады.  Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Ал сіздің бірнеше компьютеріңіз болса, немесе қашықтағы компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады.  Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
  • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
  • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
  • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Симонович С. Евсеев Г. Алексеев А.  «Специальная информатика».  Учебное пособие.
  2. Мұхамбетжанова С. Т. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – телекоммуникациялық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми-әдістемелік негіздері». 2006 ж.
  3. Информатика негіздері. № 4, 2006 ж.
  4. Е.Қ.Балапанов,  Б.Б.Бөрібаев,  А.Б.Дәулетқұлов.  «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ.»   242 – 380 бет.  2003 ж.
  5. Информатика образование. Журнал. № 4, 2006 ж
  6. Н.Ермеков, Ж.Караев, Н.Стифутина. «Информатика 7,8 класс.» – Алматы: Жазушы, 2000, — 192 стр.
  7. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
  8. Электрондық оқулық.

 


Информация о работе Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі