Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:20, лекция
Әртүрлі компьютерлер арасында информациялық байланыс ұйымдастырылмай шешілмейтін есептерге тоқталайық.:
- информацияларды өте үлкен қашықтықтарға беру (жүздеген, мыңдаған километрге);
- өте қымбат тұратын информациялық, программалық және аппараттық ресурстардың бірнеше компьютерлерін бірігіп пайдалану Бұл ресурстар - өте қуатты процессор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді лазерлі принтер, мәліметтер базасы, программалаық жасақтамалар және т.б.
- сыйыспайтын флоппи-дискілермен (5,25 және 3,5 дюймді) жұмыс істегенде бір компьютерден екіншісіне мәліметтерді ауыстыру;
- үлкен жобамен бірігіп жұмыс істегенде, яғни орындаушылар жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез-келген уақытта алып отыру мүмкіндігі болуы керек.
Мәліметтерді жөнелту жылдамдығы бойынша:
Жөнелту ортасының түрлері бойынша:
Желінің көлеміне қарай классификациялануы.
Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих групп) бір операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметгерді атқаратын (мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер белгіленеді.
Бөлімдердің жергілікті желілері (Локалъные сети отделов) жеке бір бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары жұмыс топтарына қарағанла бірнеше есе көп болуы мүмкіп. Желілік кызметтер жеке белгіленген компьютерліх серверлерге бөліне алады. Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін пайдаланады. Бүл желілерді классикалық жергілікті желілер деп атауға болады. Аймақтық жағынан олар бір екі ғимаратты яғни аздаған аумақты алады.
Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттык және программалық қамсыздандыру, әртүрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдср желілерінің айналасында жергіліктендіріліген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.