Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 22:54, лекция
Электронды есептеуіш машина 50-шы жылдан бастап кең қолданыста болды. Басында олар мемлекеттік ғимараттарда және ірі фирмаларда қолданылатын өте үлкен және қымбат құрылғылар болды. Электронды есептеуіш машинаның формасы мен көлемі микропроцессор деп аталатын жаңа құрылғыны дайындау барысында таңғаларлықтай өзгерді.
1.Микропроцессордың өңдеуді ұйымдастырушы бөлігі
Электронды есептеуіш машина 50-шы жылдан бастап кең қолданыста болды. Басында олар мемлекеттік ғимараттарда және ірі фирмаларда қолданылатын өте үлкен және қымбат құрылғылар болды. Электронды есептеуіш машинаның формасы мен көлемі микропроцессор деп аталатын жаңа құрылғыны дайындау барысында таңғаларлықтай өзгерді.
Микропроцессор (МП) – бұл сандық мәліметтерді өңдеу үшін және сол өңдеу процесін бірнеше интегралды сұлбаларда басқару үшін бағдарламалы-басқарулы электронды сандық құрылғы.
Микропроцессор – программа жадында сақталатын, мәліметтер өңдеуді басқаратын функционалды тұйықталған құрылғы. Микропроцессорлардың (МП) пайда болуы интегралды электрониканың дамуының арқасында мүмкіндігі артты. Ол кішкентай және орташа интеграциялық деңгейден үлкен және өте үлкен интегралды микросхемаларға өтуге мұмкіндік берді (БИС и СБИС).
Бұл ДК-дің орталық блогы. Ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған.
Микропроцессор компьютердің миы болып есептеледі. Оның негізгі бөліктері: арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.
Арифметикалық-логикалық құрылғы-да сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.
Басқару блогы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді.
Процессордың сипаттамасын тактілік жиілігі мен разрядтылығы айқындайды.
1 Мгц тактілік жиілік процессордың секундына 1 миллион қарапайым операция орындауына парапар. 3,2 Ггц тактілік жиілік секундына 3,2 млрд операция орындауына парапар.
Процессор өңдеу кезінде оған келіп түскен деректерді сақтауға арналған ішкі жад ұяшықтары - жад регистрлері деп аталады. Процессордың жад регистрінде 8 байт дерек орналаса алатын болса, оны 64 разрядты процессор деп атайды. Ол бір тактте 8 байт деректі өңдей алатынын көрсетеді.
Қазіргі процесссорлар 64 разрядты процессорлар.
Микропроцессор — жүйелік тақтаның ең маңызды құраласы, ол деректерді тікелей өңдейді, атап айтқанда, бөлектелген деректермен арифметикалық және логикалық амалдарды орындайды. Микропроцессор - бір немесе бірнеше үлкен интегралды кестеде орындалған, берілісті өңдейтін бағдарламалық құрылғы; көліктердің автоматты басқару агрегатында қолданылады.
Микропроцессор бір мезгілде қатарынан 8, 16 немесе 32 биттік деректерді өңдей алады. 8 биттік процессор бір мезгілде небары бір бит дерекпен ғана жұмыс істей алады. 16 биттік процессор бір мезгілде 2 байт, ал 32 биттік процессор — 4 байт өңдейді.
Жалпы алғанда 16 биттік компьютер 8 биттік жүйеден жылдамдырақ жұмыс істейді, ал 32 биттік компьютер 8 және 16 биттік үлгілерден жылдамырақ. Микропроцессор, жады және периферия құрылғылардың арасында дерек беру үрдісі шина арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы процессорлардың көпшілігінде 32 биттік шина қолданылады, яғни бір мезетте 32 биттік дерек беруге болады. 64 биттік шиналы компьютер де болады, бірақ олар әлі кең тарай қойған жоқ.
Информация о работе Микропроцессордың өңдеуді ұйымдастырушы бөлігі