Оптикалық талшық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 10:35, дипломная работа

Краткое описание

Тікелей байланыс желілерін цифрландыру, жоғарғы жылдамдық, арналардың жақсы өтімділік қабілеті мен анық сенімділігіне қол жеткізеді. Қазақстан Республикасының желілерінде цифрлық тарату жүйесінің (ЦТЖ) енгізілуі басқа таратқыш жүйелерінің арасындағы артықшылығымен түсіндіріледі. Олар келесідей: бөгеуліктерге жоғары тұрақтылығы, қашықтыққа байланыс жолындағы таратқыш жүйесінің дербестігі, ЦТЖ арналарының параметрлерінің тұрақтылығы, дискретті сигналдарды өткізуге арналардың өткізу қабілеттілігінің тиімділігі, жіберілген сигналдардың оңай математикалық жолмен өңделуі, жоғары экономикалық көрсеткіштері.

Вложенные файлы: 1 файл

оптикалы0 талшык.doc

— 1.09 Мб (Скачать файл)

Әдеттегідей өзен түбін тереңдету, өңдеу және траншеялық жабу құрылысы тәсілінен айырмашылығы, горизонталь-бағытталған бұрғылау әдісі траншеясыз болып табылады. Оның өндіріс жұмыс аймағындағы табиғи жағдайына еш әсері жоқ.

Горизонталь-бағытталған бұрғылау машинасы көбіне электрондық пульттік басқару оператор орны және бұрғылау штанг жиынтығы мен бұрғылау құрылғысы бар өздігінен жүретін машина түрінде таныстырылады. VERMER бұрғылау жүйесі көмегі арқылы диаметрі 500мм және ұзындығы 400м-ге дейін (топырақ сапасына тәуелді)  түрлі жер асты құбыр төселулерін жүргізуге болады. Траншеясыз құбырөткізгіш өтулерінің жол, өзен асты құрылысы бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:

Өзен түбінен көлбеулі бағытталған  бұрғылау, мысалға су кедергісі бір  жағалаудан басталатын және қарама-қарсы жағалаудан алдын ала белгіленген нүктеге шығады. Алдымен кішірек диаметрлі бағыттаушы скважина бұрғыланады. Бұрғылау траекториясы бұрғылау колонасына орналасқан бергіштің радио сигнал бойынша бақыланады. Бұрғылау процесі кезінде айналмалы бастиек көмегі арқылы скважина қабырғаларын тығыздау болады. Айналмалы ұштың алдынан топырақты қопсытатын және бір уақытта бұрғыланған скважинаның қабырғаларын бекітетін биологиялық қауіпсіз сұйықтық (бентанин)  бөлініп шығады. Сұйықтықтың қысымы бұрғылау машинасымен реттеледі.

Скважинаның кеңейтілуі. Алғашқы бұрғылау біткеннен кейін бұрғылау ұштары басқа да кеңірек саптарға ауыстырылады. Осылайша каналдың кеңейтілуі бізге керекті өлшемге дейін кеңейтілуі жүзеге асады. Кеңейту саны жергілікті өзен ландшафт кеңдігі және түпкілікті шарттарына тәуелді.

Полиэтилендік скважина құбырын созу. Бұрғылауды тарту кезінде скважина диаметрі одан үлкенірек бұрғылау насаткаларымен кеңейтіледі және бір уақытта полиэтилендік құбыр тартылады. Горизанталь –бағытталған бұрғылау әдісі келесі бірнеше артықшылары бар:

-өзен түбіндегі, теміржол астындағы  немесе автомобиль жол астындағы  көлбеу бағытталған бұрғылау  әдісімен жасалатын құбыр төселуі  дәстүрдегі әдіспен салыстырғанда  үш есе арзанырақ.

-гидрологиялық процестер бұзылмайды, жұмыстар жағалау бөлігінен жоғары 100м қашықтықта жүргізіледі.

-жағалауларды бенкіту жұмыстарын  өткізуді қажет етпейді.

-горизонталь бұрғылау әдісі  экологиялық қауіпсіз болып табылады.

-жекелей алғанда бұрғылау және  скважинаның қабырғаларын белгілеу  кезінде улы емес бентонидті сазбалшық негізінде арнайы өңделген бұрғылау сұйықтықтары қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

 

 

4.1 Еңбек қорғау бойынша жалпы мәліметтер

 

Қазақстан Республикасының азаматтарының  құқықтарын іске асыру үшін Қазақстан  Республикасы Жоғары Кеңесі қаңтардың 22-сі күні 1993 жылы «Еңбекті қорғау» туралы заңын күшіне енгізді.

Осы заң – қызметкерлердің еңбекті  қорғау құқығын қамтамасыз етуге  бағытталған, өндірістегі жазатайым  жағдайлар мен денсаулыққа зақым  келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және меншіктік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды [6].

Өнеркәсіптік факторлардың (физикалық, химиялық) бағалануы еңбек жағдайы бойынша өлшеу қорытындылары негізінде орындалады. Бұл өлшемдер кемінде 10 негізгі өнеркәсіптік объектілердің жұмыс орнында алынатын өлшемдер. Ауданы 100 м2 кем болатын ғимараттарға 3 жұмыс орнында өлшеу жұмысын жүргізуге рұқсат беріледі.

Өнеркәсіптік факторлардың деңгейіндегі өлшемдер белгілі бір ереже, методика бойынша орындалады. Технололгиялық регламентке сәйкес жұмыс процесінде физикалық, химиялық факторлардың өзгеруі  орындалуы керек, жеке және ұжымдық  қорғаудың қалыптасуы процесінде орындалып, медициналық құжаттардың формасына сәйкес протоколдармен тіркелуі қажет.

Зерттелетін өнеркәсіптік факторлардың нақтылы деңгейінің көрсеткішінің  ауытқу көлемі жағына көбеюі жұмыс  орнында жағымсыз өнеркәсіптік факторлардың бар болуының куәсі болып табылады.

Әрбір зиян өнеркісіптік факторлардың түрі белгілі бір мамандық қауіп  класына  сәйкес келеді. Барлық зиянды факторлардың ортақ көлемдерінің қосындысы  жоғары бола алмайды және де өнеркәсіптік объектісінің мамандық қауіп класының көрсеткіші болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және деңгейі бойынша  карта бірлестіктің әрбір өнеркәсіптік объектісіне жасалады. Онда еңбек  қауіпсіздігі мен деңгейінің жағдайын бағалануы, бағалары және жарақат қауіпсіздігі кіргізіледі.

Еңбек деңгейінің нақты бағалануы ең жоғарғы маманды қаупі класының негізінде жасалады.

Бұл ұсыныстар ұжымдық  шартқа енгізу үшін негіз болып табылатын жұмысшылардың  зиянды еңбек ету шарттарының  компенсациялары мен жеңілдіктерді  орналастыру (тарифтік қойылымға қосымша  төлем ақы, қосымша еңбек демалысы, қысқартылған жұмыс күні, тегін сүттің үлестірілуі, емдік - профилактикалық тамақтандыру). Рекомендациялары бойынша мекемедегі еңбек шарттарын жақсарту  және сауықтандыру, жеке және ұжымдық қорғаныс  құралдарын қолдану, күзет бойынша, қауіпсіздік және жұмысты ұжымдастыру бойынша шаралар өңделінеді.

Картаның мәліметтері негізінде  өндіріс объектілерінің еңбек қауіпсіздендірілуі мен шарттары бойынша мекеменің  еңбек күзеті және шарты бойынша  аймақтық органдармен бекітілген қауіпсіздік  құжатын құрайды. Мекеменің қауіпсіздік құжатының реті мен шартын енгізу арнайы жағдайында реттеледі.

Аттестациялаудың нәтижесі туралы ақпарат мекеменің әр жұмысшысына  жеткізіледі. Құжаттар қатаң түрдегі  есеп беру құралдары болып табылады және 45 жыл уақыт аралығында сақталуы тиіс [1].

 

4.2 Санитарлы нормалар және ережелер

 

Зиянды факторлардың жұмыскерлерге  тигізген әсерінің салдары олар кәсіби сырқатқа әкеліп соғады. Мамандық класс  қаупі жарақаттану деңгейі бойынша  өндірістік объектідегі соңғы 3 жылдағы  өндірістік жарақаттану динамикасымен есептелген орта көстеткіш негізінде қауіп коэффициенті (ҚК) анықталады. Мамандық класс қаупі өндірістік объектідегі зерттелген құралдардың сертификациялану деңгейінен шығатын құралдар, машиналар, механизмдердің техникалық  жағдайына тәуелді болуына байланысты анықталады. Әрбір өндірістік құралдар, машиналар, механизмдердің сертификаттарының болуы нормативті құжаттардың дұрыс жүргізілуі мен  талаптарын орындалуы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды. Бұл жағдайда мамандық класс қаупі минимальді деп есептеледі.

Үлгіде орнатылғандай сертификатсыз  құралдар, машиналар, механизмдер үшін жарақат қауіпсіздігін бағалау - сертификациялық дайындық  шаралары метрологиясы бойынша және жергілікті стандартизациялар органдарымен келісілуі және өңделуі негізінде жүзеге асады.

Жоғарыда көрсетілгендей шаралар  болмаған жағдайда мемлекеттік байқау және бақылау органдарымен құралдар, машиналар, механизмдер эксплуатацияларын  тоқтату немесе жұмысшылардың денсаулығына қауіп төндіретін бүтіндей өндірістік объекті тоқтату қажеттіліктері туралы сұрақ  қаралады [3].

Шу, діріл

 

Шу - әрбір жиіліктегі дыбыстардың  қосылуы. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі адамның назар аудару және еңбек  қабілеттерін төмендетіп, жарақаттар мен кәсіби аурудың себептерінің бірі болып саналады. Шудың адам ағзасына тигізетін зияндарының дәрежесі төменгі оның негізгі факторларымен анықталады:

- Шудың деңгейі мен дыбыстық  күші;

- Шудың жиілік спетрі;

- Шудың ұзақтығы.

Жұмыс орнындағы шу деңгейін талдау мақсаты болып адам өмірінің күнделікті және жыл сайынғы жұмысы кезінде ағзасының саулығына, бірқалыпты еңбек қызметіне қауіп-қатер төнбеуіне ғылыми түрде шу деңгейін анықтау болып табылады.

Жұмыс орнында шу деңгейін нормалау үшін бөлмедегі шу көзінің  саны, түрі және жалпы шу деңгейінің мөлшері жеке қарастырылады. Өндірістік орындарда шу деңгейін өте аз мөлшерге төмендету қиын болғандықтан оны әр түрлі әдістермен қолға алуға тура келеді.

Жұмыс орнындағы шу сипаттамасының мөлшері МЕСТ 12.1.003 – 83 қарастырылады. Тұрақты шу кезінде жұмыс орнындағы шу сипаттамасының нормасындағы дыбыс деңгейінің қысымын L (дБ) әр түрлі ортагеометриялық жиіліктерде 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 (Гц) анықталынады.

Өндірістік кәсіпорындарының жаңа жобасын жасаған кезде немесе тұрғын үйді жобалағанда, адам көп мекендейтін жерлерде, яғни бөлмеде қойылатын жабдықтардың, құрылғылардың шу деңгейі акустикалық есеппен есептелінеді [4].

Шудың адам ағзасына зиянды әсер етуі оның жұмысқа деген қабілетін  төмендетеді, тіпті кейде ағзаның  функционалдық күйін өзгертеді. Шу жұмыс істеушілердің тез шаршауының бірден бір себебі болып келеді, кейде ол бастың  айналуына және басқа да күтпеген жағдайлардың болуына алып келеді. Шудың үнемі әсер етуі кәсіби ауру – құлақтың нашар естуіне алып келуі мүмкін.

Ғимараттың техникалық бөлмесінің шуылы мен дірілін төмендету үшін қондырғыларды, аппараттарды және құралдарды нормативті құжаттарда қарастырылған арнайы фундаменттерде, амортизациялаушы төсеніштерде орнату қажет. Шудың пайда болу көзі болып табылатын ЭЕМ (электронды есептеуіш машина), пернелі машиналар және басқа да қондырғылар орналасқан өндіруші ғимараттардың едені мен қабырғалары дыбыс басушы материалдармен қапталуы керек [3].

Зертханалық, аналитикалық және өлшеуіштік бақылауды жүргізетін жұмысшылардың  жұмыс орнындағы дыбыстың деңгейі 60 дБ-ді, ал ЭЕМ (дисплейсіз) операторларының бөлмелеріндегі дыбыстың деңгейі 65 дБ болуы керек.

Дірілдің операторға кері әсерін МЕСТ 12.1.012-90 нормасына дейін жеткізу  үшін келесідей амалдар жасау  керек:

  • дірілдеуші қондырғыны басқаруды амортизациялау;
  • дірілдеуші қондырғыны қашықтан басқару құрылғысын орнату;
  • демпфирлеуші және тепе-теңдеуші құрылғыларды орнату;
  • қондырғыларда дірілден оқшаулаушы және дірілді басушы құрылғыларды орнату;
  • жұмыс орнын дірілден оқшаулаушы құрылғыларды қолдану ;
  • жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

Осы нормалар, яғни ғимараттағы дыбыс  қысымының рұқсат етілген деңгейі  4.1 -кестеде көрсетілген нормадан аспайтындай болуы қажетті шарт болып табылады [2].

Біз осы кестеге қарап, өз ғимаратымыздың дыбысының деңгейін анықтай аламыз.

 

Кесте 4.1 – Рұқсат етілген дыбыстық қысым деңгейі.

Ғимарат

Белсенді жолақтардың орташа статистикалық  жиіліктері, Гц

Дыбыс деңгейі, дБ

63

125

250

0,5 кГц

1 кГц

2 кГц

4 кГц

8 кГц

Машиналық бөлме

83

74

68

63

60

57

55

54

65


 

 

       

Бөлмеде  шу деңгейін есептеу

 

Бөлмеде бір шу көзі болған жағдайда, дыбыс деңгейінің қысымы есептелінген нүктеде келесі формуламен табылады:

 

,                                                                    (4.1)

 

мұнда LP – шу көзіндегі дыбыс деңгейінің қуаты, дБ;

            х –  есептік нүкте мен  жабдықтың арасындағы ұзындық  r мен жабдықтың максималды габаритті көлемінің lмакс арақаты-     насының коэффициенті, х=1;

            Ф – бағыттаушы факторы. Шу көзіне Ф=1 аламыз;

             S – есептік нүкте мен жабдықтың көлемі м2.

2lмакс < r теңдікке сәйкес болғанда шу көзінің көлемін келесі формула арқылы анықталады:

 

Кеңістікте – S=4πr2 ;

             В – бөлме тұрақтысы м2;

             Есепті операторлық бөлмеге жүргіземіз. Бөлмеде бір шу көзі. Акустикалық шу көзі мен есептік нүкте арасы r=3 м құрайды, ал жабдықтың максималды габаритті мөлшері lмакс= 1,5 м.

Есеп жүргізетін аудан S=18,84.

Енді бөлменің тұрақтысын анықтаймыз:

 

B=B1000μ                                                                                                  (4.2)

 

мұнда  B1000 = V/k – 1000 Гц ортагеометриялық жиілік үшін бөлменің тұрақтысы, бөлменің көлемі бойынша V, м3, k-бөлме типін ескеретін коэффициент,  μ – жиіліктік көбейткіш. Бөлменің V=72 көлемі үшін B1000 5.2-кесте бойынша анықтаймыз. Ол келесі мәнге тең болады B1000 = 3,6.

Информация о работе Оптикалық талшық