Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 16:19, курсовая работа
Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану – заман талабы. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телеқатынас, электрондық оқулықтар даярлау. Отандық бiлiм беруде ақпараттық-қатынастық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр. Бұлардың студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол. Осыған байланысты тақырыптың өзектітілігі де анықталған.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………..
4
1
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1
Оқытудың ақпараттық технологияларының негізгі түсініктері мен анықтамалары……………………………………………………………….
6
1.2
Физика оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалықнегіздері………………………………….
15
1.3
Физика оқытуда ақпараттық технологияны қолданудың дидактикалық принциптері………………………………………………………………….
27
1.4
Физиканы оқытуға арналған бағдарламалық-педагогикалық құралдар...
36
2
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1
Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері……………………...
45
2.2
Физикадан вертуалды зертханалық жұмыстарды жасауда Macromedia Flash бағдарламасын қолдану әдістемесі………………………………….
51
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………
59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………...
60
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………… |
4 | |
1 |
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ |
|
1.1 |
Оқытудың ақпараттық
технологияларының негізгі түсініктері мен анықтамалары……………………………………………… |
6 |
1.2 |
Физика оқытуда
ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық- |
15 |
1.3 |
Физика оқытуда
ақпараттық технологияны қолданудың дидактикалық
принциптері………………………………………………… |
27 |
1.4 |
Физиканы оқытуға арналған бағдарламалық-педагогикалық құралдар... |
36 |
2 |
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ |
|
2.1 |
Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері……………………... |
45 |
2.2 |
Физикадан вертуалды зертханалық жұмыстарды жасауда Macromedia Flash бағдарламасын қолдану әдістемесі…………………………………. |
51 |
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………… |
59 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………... |
60 | |
КІРІСПЕ
Қоғамды ақпараттандыру, есептеу техникасының құралдары мен ақпараттық технологияларды адам өмірі мен қызметінің барлық салаларына кең түрде енгізуді алға қояды. Ол қоғамның барлық құрылымдарын өзгертеді және білім беру жүйесіне үлкен ықпал етеді.
Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану – заман талабы. ХХІ ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телеқатынас, электрондық оқулықтар даярлау. Отандық бiлiм беруде ақпараттық-қатынастық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр. Бұлардың студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол. Осыған байланысты тақырыптың өзектітілігі де анықталған.
Жұмыстың өзектілігі: Macromedia Flash программалау тілінің көмегімен қолданушыға 7 сынып «Физика» оқулығының зертханалық жұмыстарына арналған педагогикалық бағдарламалық құрал жазылыды, әр зетханалық жұмыстарды мысалдар келтіру арқылы көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыста 7 сынып «Физика» оқулығының зертханалық жұмыстарына арналған педагогикалық бағдарламалық құрал жасап оны сабақта қолдану мәселесі қарастырылған. Мақсатқа жету үшін диплом жазушы алдына келесідей міндеттерді қойған:
Жұмыстың жаңашылдығы: 7 сынып «Физика» оқулығының зертханалық жұмыстарына арналған педагогикалық бағдарламалық құрал жасалынып шығуы.
Жұмыстың нәтижесінде, кез-келген студент немесе оқытушылар, талапкерлер, оқушылар кез келген уақытта вертуалды зертханалық жұмысты пайдалана алады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде Жаңа ақпараттық технология құралдары туралы жалпы мағлұмат.
Екінші бөлімде Жаңа ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолданудың әдістемесі.
Қорытындыда дипломдық жұмысты жазу барысында қол жеткізген жетістіктер, ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері және оны қолдану аймағы көрсетілген.
1 ЖАҢА АҚПАРТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
1.1 Оқытудың ақпараттық технологияларының негізгі түсініктері мен анықтамалары
«ЖАҢА Ақпараттық технологиялар» түсінігінің базалық бөлігі болып табылатын ақпарат түсінігінің көмегімен әлемнің ақпараттық көрінісіне еніп көрейік. Қазіргі заманғы ақпараттың қоғамның педагогы «ақпарат» терминінің мағынасының маңыздылығы туралы оның түсінікке ие болуы қажет.
«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда «істің жағдайы туралы хабарлама, танысу, бір нәрсе туралы мәлімет» деген мағынаны білдіреді. Кейінірек ақпараттану аталған кибернетиканың пайда болуы және дамуымен бұл сөз жаңа мағыналар қатарына ие болды. Қазіргі уақытта күнделікті өмірде ақпарат сөзінің астарында құрылымды, ұйымдар сипаттайтын белгілі бір жүйе туралы білімдерінің, мәліметтердің жиынтығы деген мағына жатыр. Бірақ қазіргі заманғы ғылым «ақпарат» сөзінің тұрмыстағы мағынасы (білім, хабарлама, жаңалықтар) негізделе алмайды. Ғылыми түсінік «ақпарат» сияқты фундаментальды түсініктің нақты ғылыми анықтамасы болуы қажет. Осы уақытқа дейін ақпараттың маңыздылығы жайында анықтаманың мағынасы жайында таластар болып жатады. «Ақпарат» түсінігіне әр түрлі уақыттарда әр түрлі өте көп әр түрлі анықтамалар берді. ХХ ғасырдың 90 жылдарында И.В. Марусева ұсынған нұсқасына тоқталып өтейік, оған сәйкес, ақпарат –материалдық жүйелердің сигналдық әсерлесуінің өлшемі. Ақпараттың осы анықтамасына сүйеніп, И.В. Марусева ақпараттың процестердің өзіндік ерекшеліктерінің белгілерін талдайды, ақпараттық сипатқа ие емес процестерден айырмашылығын көрсетеді.
Ұзақ уақыт бойы ғылымды зерттеудің негізгі объектісі ретінде орнықты, тұрақты жағдайдағы жүйелер ретінде орнықты, тұрақты жағдайдағы жүйелер болды. Мұндай жүйелерде өзгерістердің себебі ішкі күштердің әсері немесе энергияның алмасуы болып табылады.
Материалдық жүйелердің өзара әрекеттесетін әртүрлі механизмдермен қатар, олардың нәтижелерін де сипаттауға көмектесетін бірнеше сипаттамаларды енгізейік. Мұндай сипаттамаларға күш, қозғалыс мөлшері қозғалыс мөлшерінің моменті, температура және т.с.с. түсініктері сәйкес келді.
Өзара әрекеттсудің әмбебап сипаттамасы энергия болып табылады. Бір жүйенің басқа жүйемен өзара әрекеттесуінің нәтижесі энергияға, сонымен қатар жоғарыда аталағна сипаттамаларға мүлдем тәуелсіз болатын өзара әрекетердің кластары да бар. Егер байланыс техникасында әртүрлі сигналдар мен хабарламаларды беру кезінде алатын өзара әсерлеуді сипаттау үшін нәтижелердің жетіспеушілігі - оларды біріктіретін ортақ кемшілік екенін байқауға болады. Жаңа сипаттама қажет, яғни ол ақпарат болып табылады. Мысалы телефон ақпаратының әрекет принципін қарастырайық. Ақпараттың кірісіне әртүрлі ұзындықтағы электр импульстары келіп түседі, шығысында - қағаз лентада әріптер мен сөздер басылып шығады. Кірістегі импульстардың әрекеттсу нәтижесі олардың энергиясына, керенуіне, ток күшіне және т.с.с тәуелді болады. Олар келетін импульстардың аппаратқа қандай тізбекпен келіп түсетініне тәуелді болады.
Сондықтан
келетін импульстардың
Сонымен «ақпарат»-материалдың жүйелердің (сигналдық әрекеттесудің) өзара ерекше класының өлшемі. Бұл кластың өзара және түрлеріне келесідей белгілер тән:
Бұл анықтамаларға нені сыйғызамыз?
Біріншіден және жансыз табиғаттың әр түрлі жүйелерін орын алатын байланыс және хабарламалармен алмасу техникасында, сигналдардың өзара әрекеттесу жалпы және кең әлемінде ақпарат алмасу процестерін сығызады.
Екіншіден, анықтама, ақпарат-кем дегенде екі материалдық жүйенің өзара әрекеттесудің өлшемі, сипаттамасы екендігін көрсетеді. Сондықтан да ақпараттың мөлшері өзара әрекеттесетін жүйелердің қасиеттеріне тәуелді (Кітапта немесе қандай да бір хабарламада қанша ақпарат бар екенін), Қандай өзара әрекеттесетін жүйе үшін екені атап өтпестен көрсету организмнің дамуының түрлі жүйелерінде әртүрлі формаларды классификациялауға мүмкіндік береді. Ақпараттың қарапайым формалары, бір жүйе екенін жүйенің процестерін басқа жолмен бағыттайтын өзара әрекеттесудің басқарудың формалары болып табылдаы (мысалы, «табиғи сигналдар,» немес «инстинкт», тұқым қуалаушылықпен берілетін ақпарат»: тағамды көрген кезде сілекейдің бөлінуі, үннің шығумен гүлдің ашылуы). Осы қарапайым мысалдарға ақпараттың маңыздылығы өазара әрекеттесудің өлшемі ретінде орындалады. Тірі орагинзмдер дамуының жоғарғы кезеңдерінде ақпарат неғұрлым күрделі фомада орындалады. Жоғарғы жануарларда ішкі әлемнің сигналдары тек қана әрекетке ояну ғана емес, сондықтан бірге, ары қарай қолдану үшін есте, сонымен бірге, ары қарай қолдану үшін есте сақтауға қызмет ете алады.
Жануарлар тыңдағанда, иіскегенде ((немесе адам хабарлама, хат оқығанда мидың клеткалары мен қоршаған орта арасында өзара әрекеттесу орын алады, бұл сигналдық, сыртқа бірден кқрінбейтін, көзден тасаланған өзара әркеттесулер. Сондықтан ақпарат өзінің жоғарғы дамыған формасында қандай да бір білім, хабарлама түрінде көрінеді, сингналдың өзара әрекеттесу өлшемі ретінде оның маңыздылығы жасырылады және анық білінбейді.
Бірақ шын мәнінде мида сақталып тұрған ақпараттың мәні тірі организмнің (адамның) әрекеттерін бағыттау, өзгертуге қорытындыланады. Сондықтан мұнда да ақпарат өзара әрекеттесудің өлшемі болып табылады.
Ақпарат формаларын қарастырайық.
1. Берілген символдардың терілуі ғана болып табылатын, ал берілген хабарламалардың мазмұны және олардың мүмкін қолдануы маңды емес ақпарат статистикалық ақпарат деп аталады. Ол қабылдағыштың қасиеттеріне тәуелді емес. Солай бола тұра қабылдағыш мінсіз деп есептеледі және ол үшін әрбір символдар жиынтығының айырмашылығы бар, бірақ бірдей мағынаға ие болады.
2. Қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қолданылатын ақпараты мақсатты ақпарат деп атайды. Мұндай ақпарат дұрыс немес бұрыс шама (дезинформация) болуы мүмкін, жіберілген хабарлама шын немесе жалған ақпарат қасиеттеріне тәуелді, яғни жеке жағдайда жаңа хабарлама келгенше қабылдағышта қандай ақпарат болғанша байланысты хабарламадағы дұрыс және бұрыс ақпаратты айыру қабілетіне тәуелді.
3. Білім көлемін, зат туралы мәліметтерді (оған қоса, қандай да бір мақсатқа негізделген, қашан және қалай болашақта қолданылатыны белгісіз) кеңейтетін ақпарат мағыналы ақпарат деп аталады. Мұндай ақпарат жедел қолдануға арналмаған, білім қоры жетіспей қолданыла алмайтын басқа форманы қабылдау үшін жағдай жасайтын – мақсатты ақпаратқа қызмет етіп жинақталады.
Мағыналы ақпарат ақпарат алушыдан (қабылдағыштан) сәйкестілердің қорын (сигналдар мен әрекетердің, түсініктердің қорын (сигналдар мен әрекеттердің арасында және т.с.с) өзгертеді.
Ақпарат алу барысында алғашқы және өзгеретін мәліметтер қорын (сәйкестердің) тезарус деп алатын қандай да бір жалпыланған сөздік немесеанықтамалық ретінде елестетуге болады. («тезарус»-грек тілінен «қазына»). Тезарус деп тек қана сөздердің мағынасы ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы байланыс көрсетілген сөздіктер деп атайды. Мағыналы ақпараттың мөлшерлігінің өлшемі ретінде, келіп түскен ақпараттың әсерінен қабылдағыштың тезарусының өзгеруі қабылданған, яғни мағыналы ақпараттың мөлшері қабылдағышқа, оның тезарусына тәуелді. Егер қабылдағыштың тезарусы тым кедей болса, хабарламадағы ақпараттың мөлшері нөлге тең болуы мүмкін.