Электрондық оқыту әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2014 в 19:02, реферат

Краткое описание

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, компьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік интернет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Электрондық оқыту әдістері
Білімді бағалау әдістемелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Электонды оқулық.docx

— 32.71 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
    1. Электрондық оқыту әдістері
    1. Білімді бағалау әдістемелері

 

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 

   «E-Learning» дегеніміз бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.

   Интернетте бұл  жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері  мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, компьютерлер және де басқа  білім беру үдерісіне қатысушылар  пайдаланатын өзіндік интернет  ретінде қызмет етеді. Олардың  әрқайсысының өз логині мен  паролі болады. Жүйеге кіргенде  пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне  кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге  – копьютерлік бағдарламалар  бойынша оқуға, басқарушыларға –  қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға  – өз балаларының оқу жетістіктерімен  танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік  өзара әрекеттестік жағдайында  білім беру үдерісіне қатысушылардың  жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең  негізгісі, барлық үйренушілерге  тең мүмкіндік берілетін оқытудың  жаңа парадигмасы болып табылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

             Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы

   Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине,бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Осыған орай, жаңа қабылданған «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. Жаңа бағдарламаның ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ,бағдарламада білім беру саласына электрондық оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған.

   Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады.

   Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

   Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

   Электрондық оқыту жүйесі барлық білім беру мекемелері, мұғалім, оқушы және олардың білім беру ортасында ауысып отыруы туралы мәліметтерді сақтайды.

   Қорыта айтқанда, электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:

Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;

Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу,т.с.с)

«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;

Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі-LMS;

Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі-LCMS;

Тестіні басқарудың ішкі жүйесі-TMS;

Дамытуды басқару ішкі жүйесі-DM;

Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,

Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.

 

                                             Жоба туралы

   e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

   Мақсаттары:
  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету;

                                            Педагогтар үшін

   Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар e-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Электрондық оқыту жүйесін пайдалану оқытушыға біліктілігін арттыруға, оқу жүктемесін мерзімді орындауға және қажетті есептерді автоматты түрде туындатуға мүмкіндік береді. Е-Learning жүйесінің интерфейсі қарапайым және қолайлы. Бұл ретте оқушылармен де, және әріптестермен де араласуға мүмкіндік беретін арнайы құралдардың бар болуы болжанады. Пікір алмасуды, тәжірибелі педагогтан кеңес сұрауға, үздік оқушыға ақыл-кеңес беруді және үлгермейтіндерге көмек беруді – осының барлығын e-Learning-те жасауға болады. Әрбір оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек бағаны ғана қоймай, және статистикалық деректерді талдаудың негізінде әрбір оқушының оқу үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар e-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

                                         Әкімшілік үшін

   Нормативтік-құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттаманы әзірлеу, персоналдың кадрлық есебі, мектептің сабақ кестесін әзірлеу – осының барлығын автоматтандыруға, жақсартуға және жылдамдатуға болады. e-Learning электрондық оқыту жүйесі кадрларды басқаруға, оқушылардың жеке істерін жүргізуге, тестілер мен бақылау жұмыстарын өткізуге, мектепті, оқу процесін басқаруға мүмкіндік береді. Осылай, білім беру мекемесінің әкімшілігі артық қағаз жұмысынан толықтай құтылады. Ол – басшылыққа педагогтік ұжымды басқаруда және білім сапасын жақсартуда аса маңызды міндеттерді топтастыруды ұсынады. Оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуына мектептің деңгейі, көптеген қызықты және пайдалы жаңалықтарды енгізуі, педагогтармен бірге мектептің жалпы дамуы, әкімшілік пен педагогикалық құрамы қызметінің бағалауы байланысты. e-Learning-те білім беру мекемесінің әкімшілігі оқушылардың оқу үлгерімі мен қатысуына мониторинг жүргізе алады, педагогтардың жұмысын бақылап және оқушылардың ата-аналарымен және басқару органдарымен мектептің өзара іс-қимылын жақсарта алады.

                                         Оқушылар үшін

   e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар. Егер оқушы ауырып қалса немесе мектепке келе алмаса, ол енді жүйе арқылы барлық тапсырманы үйде орындай алады. Осылай балалар мектептің бағдарламасынан қаламын және түсінбегендіктен төмен баға алып қаламын деген қорқынышсыз сабағын жалғастыра алады. Сонымен қатар оқытушылар балаларға тілегіне қарай қажетті электрондық оқу материалын, сабақтың электрондық болжамасына сілтемені бере алады. Алайда ІТ-технологиялардың жетістіктері тек жеке жағдайларда ғана емес сонымен қатар карантин, барлық оқушыларға сабақ болмаған жағдайда көмектеседі. e-Learning жүйесі арқылы оқушылар пайдалы ақпаратты қарап, уақытын жоғалтпай оқытушылармен, сынып жетекшілермен және бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады. Қарапайым, жеңіл, заманауи! Өзімен ондаған ауыр кітап алып жүру қашанда ыңғайлы емес. Бүгін барлық пәндер бойынша тұрақты түрде жаңартылатын өзекті контент жеткілікті. Сонымен қатар үздік мұғалімдер үлкен жетістіктерге жетуге, көп білімді игеруге көмек көрсететін жеке бағдарлама, жеке әдістемелік құралдарды әзірлейді. e-Learning-те барлық электрондық білім беру ресурстары жүктеледі және жаңартылады. Әрқашанда қолда, әрқашанда қолжетімді! Ынталандыру – ең үздік дос. Оқушылардың жеке жетістігін электрондық журналмен электрондық күнделікте қарауға болады. Сонымен бірге жүйенің ішінде ақпараттың құпиялығы сақталады, сыныптастардың ешқайсысы оқушының алған бағасын көре алмайды, алайда оқушыларға бір бірімен қарым-қатынас жасауға және жетістіктерін талқылауға – әрқашанда мүмкіндік бар. Үлгерімі туралы ақпаратты қараудың қолайлығы аптаға, айға және тіпті бір жылғы статистиканы қараудың мүмкіндігімен расталады. Мерзімінде оқу жоспарын орындау қажеттілігі мұғалімдерді асықтырады және оқушыға қалғандарын тез игеруге көмектеспейді. Қандайда болмасын пәннің сабақтарына қалу оқушының тек қана үлгерімін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Статистика растағандай, бала қанағаттанарлықсыз баға алған кезде азап шегеді, өзімін өзі тұйықталады, берілетін сабақты түсінуге және артықшылығын бағалауды тоқтатады. Сондықтан атап айтқанда e-Learning жүйесінде әрбір оқушыға оқытушымен қарым-қатынас жасау, сұрақтар қою және оған жедел жауап алу мүмкіндігі салынған, мысалы, үй тапсырмасын орындау уақытында. Қосымша сабаққа қатысу үшін сабақтан кейін қалудың қажеттілігі жоқ. Барлығы тез, барлығы – онлайн!

                                               Ата-аналар үшін

   Өзінің баласының үлгерімі және қатысуы туралы дәйекті ақпараттарды жедел алу. Балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселелері бойынша қатынасуға арналған орта. Е-Learning жүйесі ата-аналарға үйден шықпай және жұмыстан қол үзбей өзінің баласының үлгерімі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Электрондық оқыту жүйесінің арқасында ата-аналардың оқытушылармен қарым-қатынасуға, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды білуге, мектептің және өзінің баласының өміріне белсенді қатысуға мүмкіндігі бар. Енді әрбір ата-ана тікелей сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға және баланың тәрбиесі және біліміне қатысты педагогтармен кеңесуге болады. e-Learning SMS-хабарламаның жәберілімін және қажетті мұғаліммен тікелей байланысуды қосады. Сіздің балаңыз мектептің барлық сабағына қатысып жүрме? Қандай пәнмен ынтамен шұғылдану керек? Осының барлығын ата-аналар ұлының немесе қызының болашақтағы жетістіктері үшін бақылай алады. e-Learning-те барлық пәндер бойынша бағаларды электрондық түрде қарауға мүмкіндігі бар. Енді күнделікті немесе дәптердегі екілікті тығу әлдеқайда қиын. Бұл – жүйеге кіру үшін тек тиісті логин және пароль алған ата-аналар қарай алатын ресми ақпарат. Тағыда ата-аналар баласының оқу орнына келуін бақылай алады. Электрондық оқыту жүйесі ата-аналар балалары бос жүрмегендігіне, сабаққа қатысуда екендігіне алаңдамауына көмектеседі. Ата-аналарға автоматтандырылған түрде «Жалпы білім беретін мектептерге алу үшін құжаттарды қабылдау» және «Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар және тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақтануды беру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтерін алуға болады.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?

   Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімші, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

   Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

   Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

Информация о работе Электрондық оқыту әдістері